Дәрілік өсімдіктер түрлері. Қолданбалы және теориялық әдістер.
«Дәрілік» өсімдіктер адамзат дамуының алғаш-қы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбейуіне қарай, адам осылардың кейбіреуле-рінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы – орман мен дала болды. Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.
Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктер-дің шипалық қасиеті белгілі болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген. Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім бойынша «емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен иісі аурудың сипатына сай келуі тиіс» дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен, бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет. Халықтық меди-цинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы – шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де жинаған. Мысалы, қазақтар-дың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін ашқан. Оның құрамында емдік эфирин за-ты табылды. Шырғанақтан алынатын майды қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұ-рын жемісінің қайнатылған тұнбасын аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан тоқтатуға пайдаланған.Қазақстан жерінде тұзды көлдер, батпақты сорлар көп-теп кездеседі. Жаздың ыстық күндері ол жерлерде қос тігіп, ас, сусын ала келіп емделетін. Ұзынша науа тәріздес етіп жерді қазып, ауру кісіні жатқызып, үстін батпақпен көміп тастайтын. Дәл осындай халықтық қағидаға сүйенген ем орындарының бірі Жаңа-Қорған санаторийінің жанын-дағы «Борықтыкөл» емдеу орталығы еді. Радикулит, ревматизм ауруларын емдейтін бұл санаторий республикадан тыс жерлерге де белгілі болған. Халық аңызы батпақтың емдік қасиетін алғаш ашқан аңшы оғынан жараланған киік деседі.Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені, дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сау-да керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі, дәрмене жусан Қазақстанның оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.Халық медицинасы арқы-лы дәрілік шөптердің тізімі-нің ішінде атақты женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот (радиола розовая). Немесе оны халық «алтын тамыр» деп те атап кеткен. Алтайдың халықтық медицинасында «алтын тамыр» адамның жұмыс қабілетін арттыратын дәрі ретінде пайдаланылып келді.
Кейінгі жылдары ғалым-дар алтын тамырдың құра-мындағы экстракттың ағ-заның (организм) дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек-сосуд системасын жақсартып, жоғарғы нерв жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан қысымының реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады.
Қазақстан бойынша семізот (алтынтамыр) туысының он бір түрі кездеседі. Оның ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің ғана шипалық қасиеті бар. Бұл өсімдік Алтай, Тарбағатай және Жоңғар тауларының біраз жерінде ғана өседі. Кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыс-тары мен экспедициялық және далалық практика кезіндегі бақылау жұмыстары бұл өсімдіктің өсу аймағы едәуір тарылып кеткенін көр-сетіп отыр. Жергілікті жерлерде алтын тамырды жинаушылар көбейіп кеткен. Өкініштісі, кейбіреулер бұл тамаша өсімдікті пайданың көзі етіп алған. Мұндай жүйесіз жинаудан табиғатқа да, адамға да келер пай- да жоқ. Қызғылт семізот - тан жасалынған дәріні ор- нымен пайдаланбаса, ол кейбір адамдардың қан қы-сымын арттырып жібереді. Бұдан қайғылы жағдайға ұшырау қиын емес. Біздің Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр, немесе марал тамыр (рапонтик). Бұл да шипалық өсімдіктер тізіміне халықтық медицина арқылы енген өсімдік. Алтайлықтар көктем кезінде бұл өсімдікті маралдар тұяғымен қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған, осыдан «марал тамыр», «марал шөп» деп атап кеткен. Мақсырды халық ертеден бері «алтын тамыр» және женьшень сияқты әл беретін дәрі ретінде пайда-ланып келді. Халық меди-цинасында пайдаланылға-ны жөнінде алғашқы дерек 1897 жылдан белгілі. Осы жылы Сібірді зерттеуші, белгілі ғалым Г.И.Потанин император географиялық қоғамының тапсырмасы бойынша Монғолияның солтүстік батысына саяхат жасаған.
Тақырып 6. ТМД елдеріндегі өсімдіктердің табиғи ресурстары және оларды тиімді пайдалану.
Елімізде табиғатты қорғау ісіне жасалып отырған қамқорлық бұрынғы КСРО Конституциясынан да айқын көрініс тапқан. Негізгі Заңның 67-статьясында: «СССР азаматтары табиғатты аялауға, оның байлықтарын қорғауға міндетті» — делінген.
1. Табиғатты қорғау барысындағы игі шаралар Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында-ақ қолға алынып, В.И. Лениннің қолы қойылған бірқатар Декреттер қабылданғаны белгілі. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі казіргі жағдайда табиғатты қорғауға және оны тиімді пайдалануға үлкен мән берген-ді. Оның айқын айғағы ретінде кейінгі жылдары жарық көрген жер, су, орман туралы заңдардың негіздері және табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде нақтылы жасалынған істерді айтуға болады. Ал 1980 жылы КСРО Жоғарғы Советінің үшінші сессиясында «Атмосфералық ауаны корғау туралы» және «Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану туралы» Заңдардың қабылдануы — кеңестік нұсқаулардың тікелей жалғасы, оның нақты жүзеге асырылуының белгісі.
2. Табиғат адамдардың барлығына ортақ. Ол бір үлкен көрікті музей іспеттес. Сондықтан да табиғат музейінің қойын-қонышы мұра ескерткіштерге толы. Табиғат сүюші адамдар ескерткіш деген сөзді естігенде әркімнің көз алдына халық тарихына, оның аңыз - әңгімелеріне байланысты туған ескерткіштер келеді. Мысалы, Түркістандағы атақты Ахмед Иассауи мавзолейі, Тараз қаласының маңындағы Айша бибі мазары, Аякөздегі Қозы-Қөрпеш пен Баян-Сұлу бейіті және тағы басқалар.
Табиғаттың осы бір мол тарту сыйына мөп - мөлдір 38 мыңнан астам көлдер мен су қоймаларын, 11 мын өзенді, 21,6 миллион гектар жасыл жапырақты ну орманды, өсімдіктердің 5 мыңнан астам түрін және қосмекенділердің 12, бауырымен жорғалаушылардың 52, балықтың 150, құстың 485, сүтқоректілердің 158 түрін атауға болады.
Қазақстанда сұлу Көкше, Баянауыл, Қарқаралы Қызыларай, Кент таулары, Бурабай, Жасыбай көлдері, Алтай ормандары, жер жанаты атанған, тау - тасына дейін жасыл желекті, бау-бақшалы Жетісу жерлері бар. Қай жерге барсақ та табиғаттың қайталанбас сұлу көркін, баға жетпес байлығын көреміз. Бірақ табиғаттын бұл қазынасы сарқылмайтын қор емес, онын өміршеңдігі, өсіп-өнуі, жасанып - жандануы аялы алақан қамкорлығын күтеді. Ғылым мен техниканың шарыктап өсуі, ауыр индуетрияның және алып құрылыстардың қанат жаюы, халықтың көбеюі, тың және тыңайған жерлерді игеру, міне, осылардың бәрі табиғатқа өз әсерін тигізеді. Сондықтан табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен қатар дамытып жетілдіруде, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, санын калпына келтіруде мемлекеттік қорықтардың рөлін айтып жеткізу өте қиын.
Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты — қорғап отырған табиғи комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу. Бұл мәселені шешу қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге тікелей байланысты іс.
Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың ішінде бес қорық — Ақсу - Жабағьшы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Маркакөл т. б. бар. Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарын ашу.