"Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату-сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар.
Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.
Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу.
Л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің ар-намыс этикалық кодексінің негізгі құндылықтарын ашыңыз
Әлемнің «екінші ұстазы» атанған әл-Фараби бабамыз. «Адамға ең алдымен тәрбие берілуі тиіс: тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген екен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазіргі ұстанып отырған темірқазығы – білім мен мәдениетті және тәрбиені ұштастыра отырып ұлттық құндылықтар арқылы адамзаттық құндылыққа бет бұру. Расында, кәсіби білім, іскерлік қабілет пен тәжірибе маманның адамгершілік қасиетіне орай бір мезетте қоғам мен адамзатқа пайдасын да, сондай-ақ зиянын да тигізетін құралға айналуы мүмкін. Білім беру жүйесі жастардың бойына өз халқына, оның мәдениетіне деген сүйіспеншілік, отаншылдық пен толеранттылық және бейбітшілік дәстүрлеріне негізделген рухани-адамгершілік ұстанымдарын барынша сіңіруге ықпал етуі тиіс.
Бізде студенттердің атсалысуымен «ҚазҰУ-дің ар-намыс кодексі» қабылданған. Бұл кітапша университеттің кез келген оқытушысы мен студентінің қойын қалтасында жүреді. Өйткені, онда олардың оқу орнындағы дағдысы көрсетілген. Бірінші курсқа келгендер міндетті түрде осы ар-намыс кодексімен танысады. Университеттің ар-намыс кодексі – студенттерді сапалы білім алуға үндейтін дүние. Ал, сапалы білім шынайы бақытқа жеткізетін жол екендігі сөзсіз. Білімділік пен біліктіліктің басты негізі өз тіліңді, өз мәдениетіңді құрметтеуде және ғылымға жақын болуда жатыр.
Университетте этика бойынша факультеттік комиссиялар белсенді жұмыс атқарады. Корпоративті құндылықтарды қолдау бойынша басталған қозғалыс студенттер арасына да кеңінен таралып кетті. Бұған студенттердің өз бастамаларымен кең көлемде жүргізіп отырған академиялық алаяқтыққа және этикалық келеңсіздіктерге қарсы бағытталған акциялары мен басқа да түрлі іс-шаралар дәлел бола алады.
.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің ар-намыс этикалық кодексі
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттерінің қауымдастығы:
- Университеттің жоғарғы санатты жəне адамгершілігі аса жоғары мамандарды дайындау миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,
- Университеттік қауымдастықтың бірлескен мəдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кəсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы жəне отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті ретінде санай отырып,
- ҚазҰУ-да студенттермен, қызметкер- лермен жəне жоғарғы оқу орнының əкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым- қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып,
-ҚазҰУ студентінің аталып отырған ар- намыс Кодексін қабылдайды жəне оны қалтқысыз орындауға міндеттенеді.
1-бап. ҚазҰУ студенті Қазақстан Республика- сының Конституциясы мен заңдарына, ҚазҰУ Жарғысына, ішкі тəртіп Ережесіне, жатақ- ханада тұру Ережесіне жəне басқа да ҚазҰУ- дың нормативті актілеріне бағынады.
2-бап. ҚазҰУ студенті ұлттық мəдениет пен Қазақстан мемлекеттінің қалыптасу тарихын біледі жəне оларды қастерлейді, университет дəстүрлерін кіршіксіз сақтайды жəне оларды құрметтейді.
3-бап. ҚазҰУ студенті басқа студенттермен, оқытушылармен жəне ҚазҰУ əкімшілігінің өкілдерімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік жəне ұқыптылық танытады.
4-бап. ҚазҰУ студенті кез келген азаматқа оның шығу тегі мен ұлтына, əлеуметтік дəрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан, құрметпен қарайды.
5-бап. ҚазҰУ студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:
- Плагиат; - Алдау;
- Шпаргалка пайдалану, білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында көшіру жəне біреуден сұрау;
- Білімді бақылау процедурасынан бөтен тұлғаның атынан өту;
- Жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарын пайдалану;
- Пара беру; - Оқытушыны алдау жəне оны сыйламау;
- Сабақтарды жіберу жəне кешігу, оқу сабақтарына немесе олардың бір бөлігіне белгісіз себептермен қатыспау.
6-бап. ҚазҰУ студенті университет мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды жəне университет аумағында жүгенсіздік көріністерінің орын алуына жол бермейді;
7-бап. ҚазҰУ студенті университеттің кітапханалық-ақпараттық ресурстарына қамқорлықпен қарайды жəне бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.
8-бап. ҚазҰУ студенті ұқыптылықты сақтайды. Оның сыртқы түр келбеті этикалық жəне эстетикалық нормаларға сəйкес келеді.
9-бап. ҚазҰУ студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мəдени, адамгершілік жəне тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмты- лады, университеттің қоғамдық-мəдени, ғылыми жəне спорттық өміріне белсене атсалысады.
10-бап. ҚазҰУ студенті университетте жəне оның аумағынан тыс жерлерде де құқық бұзушылық əрекеттерге жол бермеуге тиіс.
11-бап. ҚазҰУ студенті тəртіп бұзуға бағытталған ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай- ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға жəне шерулерге қатыспауы тиіс.
12-бап. ҚазҰУ студенті университет мүддесіне қайшы келетін жəне ҚазҰУ имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген іс- əрекетке қатысудан бой тартады.
13-бап. ҚазҰУ студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын анықтаған сəтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай əрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе ҚазҰУ əкімшілігіне хабарлауға құқылы.