Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Түйнекті дақылдар




Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Solanales
Тұқымдасы: Convolvulaceae
Кіші тұқымдасы: Solanoideae
Тайпасы: Ipomoeeae
Тегі: Ipomoea
Түрі: I. batatas

 

Батат (лат. Ipomoea batatas) – шырмауықтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі. Екпе шырмауықтың бір түрі. Мұны кейде «тәтті картоп» дейді. Сабағы төселмелі болады, оның буындарынан жанама тамырлар шығады да, олар ірі-ірі түйіндерге айналады, жеуге жарайды. Бататтың 90 пайызға жуығы Азияда өсіріледі, сондықтан ол азиялық асханада кеңінен пайдаланылады. Бұл түйнек тамырлы өсімдік әлемдегі аса қоректік өсімдік өнімдерінің бірі болып табылады. Бұл картоптың жұмсағы әр түсті болуы мүмкін, мысалы, қызғылт сары. Кәдімгі картопқа қарағанда, батат аса пайдалы. 100 г бататтың – 84 ккал Бататтың құрамында крахмалдың, С дәруменінің, В дәруменінің, моносахаридтер мен каротиннің мөлшері аз емес.

Бататтың негізгі пайдалы элементі белоктар болып табылады, олардың антиоксидантты қасиеттері бар. Бататты әсіресе қан айналымы жүйесінің ауруларынан, ащы және тоқ ішектің қатерлі ісігінен зардап шегетін адамдардың қолдануына кеңес беріледі. Олар демікпеден, остеопороздан немесе ревматоидты артриттен қорғайды. Бұл қарт адамдарға немесе жүкті әйелдерге тамаша тағам.

 

 

Бал шығаратын өсімдік

Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Core eudicots
Сабы: Fabales
Тұқымдасы: Fabaceae
Кіші тұқымдасы: Faboideae
Тайпасы: Loteae
Тегі: Coronilla

Беде (Тrіfolіum) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Солт. жарты шардыңқоңыржай белдеулерінде, сирек Оңт. Америка мен тропиктік Африкада кездесетін 200-ге жуық түрі белгілі. Республиканың барлық жерінде, шалғындықтарда, ойпаң жерлерде, өзен, жол бойларында, тау бөктерлерінде өседі. Жиі тараған түрі – қызылбас беде (Т. pratense). Оның биікт. 15 – 50 см-дей, сабағы жұмыр, тамыры жуан болады. Жапырағы күрделі, 5 – 9 жапырақшалары бар. Гүлі ұсақ қызыл, қызғылт, сары не ақ түсті, шар тәрізді домалақ немесе сопақша келген шашақ гүлшоғырға топталған. Жемісі – бұршақ, оның 1 – 2, кейде 3 – 6 дәні бар. Мамыр – тамыз айларында гүлдейді. Бедені таза күйінде немесе еркек шөппен, бидайықпен, тарғақшөппен қосып себеді. Бұл жағдайда ол мол өнім береді әрі мал сүйсініп жейді. Б-нің құрамында протеин, каротин, витамин, азотсыз заттар, клетчатка, май, күл және фосфор көп болады, жылына 3 – 4 рет орылады. Беденің топырақтың сортаңданбауына,эрозияға қарсы күресте тигізетін әсері зор, сонымен қатар гүлдеген кезінде одан жақсы бал жиналады.

 

 

Бояу алатын өсімдік

Көгілдір немесе Аран өсімдігі (лат. Fumaria) – Көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. НегізіненЖерорта теңізі аймағында, сондай-ақ Еуразияның қоңыржай аймақтарында кездеседі. 55-ке жуық түрі белгілі. 1 түрі – Шығыс Африкада өседі.

Бұлардың көпшілік түрінің жапырақтары екі немесе үш рет тілімденіп, басқа өсімдіктердің жапырақ сағақтарына жабысып өседі. Гүлдері бұрыс, тепкісі болады, қызғылт, қара қошқыл, сирек ақ түсті. Жәндіктермен тозаңданады. Қазақстанда тастақты тау беткейлері мен шөлді жерлердегі малтатастар арасында, егістік жерлерде арамшөп ретінде, жол жағаларында өсетін 4 түрі бар. Аран мамыр айынан бастап күзге дейін гүлдейді. Көбіне бұталардың арасында, егіндіктерде, бақшаларда өседі.Дәріге шөбі пайдаланылады. Гүлдеп тұрған кезінде жиналып кептіріледі. Аранды халық ертеден шипалы санаған.

Жиі кездесетіні – дәрілік көгілдір (F. officinalis). Оның биіктігі 30 см-дей, бұтақтары аса көп емес, жарылған сабақтары болады. Жапырақтары бірнеше рет қандауыр-таспа тәрізді бөліктерге бөлінген. Тостағанша жапырақшалары жұмыртқа немесе қандауыр тәрізді, шеті тілімденген, күлтесінен 2 – 3 есе қысқа. Күлтелерінің ұзындығы 7 – 9 мм, күлгін қызғылт түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – бір тұқымды жаңғақша. Дәрілік Көгілдір – дәрілік өсімдік және оның құрамынан жүнді бояйтын бояу алынады.

Улы өсімдіктер

Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Alismatales
Тұқымдасы: Araceae
Кіші тұқымдасы: Aroideae
Тайпасы: Areae
Тегі: Eminium

Күшала (лат. Eminium) – шаяноттар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Азияның құмды жерлерінде кездесетін 5 түрі бар. Қазақстанда Мойынқұм (Жамбыл облысы) мен Қызылқұм шөлінде, Қаратаудажәне Тянь-Шаньның батысында өсетін 2 түрі бар: ит күшаласы немесе Леманн күшаласы (Emіnіum lehmannіі) мен Регел күшаласы(Emіnіum regelіі). Бұлардың ішінде көп тарағаны – ит күшаласы. Оның биіктігі 15 – 40 см, түйнекті өсімдік, жапырақ тақтасы үшбұрышты, қандауыр пішінді, ұзын сағақты (ұзындығы 7 – 12 см, ені 1,5 – 3 см). Гүл шығатын сабағының түп жағында мөлдір жарғақты қынабы болады. Қара күлгін түсті, ұзындығы 4 – 8 см собық гүлшоғыры сабағының ұшынан дамиды. Собығының сыртындағы жамылғысының ұзындығы 12 см, ені 3 см. Жамылғысының ішкі беті мақпалдай жұмсақ, қара күлгін түсті. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – ақ жидек. Түйнегінде алкалоидтар болатындықтан улы, сондықтан өсімдіктің түйнегін кеміргіштер жемейді. Ит күшаласы өте сирек кездесетін түр болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізіліп, ерекше қорғауға алынған.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2115 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2229 - | 1966 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.