Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс. Доғаны токпен нәрлендіргіштердің негізгі парамегрлері




Доғаны электртогымен нәрлендіргіштердің жұмысы бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Бұл көрсеткіштер нәрлендіргіштің нақты жұмыс ережесінде анықталады және анық ереже жұмысына қатысты қаралады. Анық жұмыс ережесіне – нәрлендіргіштің бос жүрістегі жағдайы, жұмыстық жүктемемен жұмыс істеуі, тікелей түйістірілген жағдайы жатады.

Номиналды ток — нәрлендіргіштің есептелген пісіру тогы оның номиналды тогы болып саналады. Электрдоғасын нәрлендіргіштсрдің номиналды тогы элсктр тогын беретін машиналарға тән параметрлік қатарға сәйкес жасалады. Көпшілік жағдайда нәрлендіргіштердің номиналды тогы 50-1000 А аралығында болады.

Пісіру ток шамасын реттеу шегі пісіру тогының минимальды жөне максимальды шамаларын корсетеді. Әдетте максимальды ток шамасы номинальды ток шамасымен көрсетіледі. Максимальды токтың минимальды токқа қатынасы — реттеу еселігін береді. Реттеу еселігі үш, кейде одан да жоғары алынады.

Бос жүріс кернеуі нәрлендіргіште пісіру тогы (жүктемелік ток) болмаған жағдайда, нөрлендіргіштің сыртқа шығатын қосылыстарындағы кернеу шамасы. Бос жүріс кернеуінің доғаны бастамалық жалындату және қайталап жалындату шарттары үшін анықтамалық мәні бар. Нәрлендіргіштің тағайындалған мақсатына орай бос жүріс кернеуі 30—120 В аралығында болады.

Шартты жұмыстық кернеу – нәрлендіргіштің сыртқа шығатын байланыстарындағы шсіру кезінде (жүктемелі жағдайда) көрсетілетін кернеу, пісіру тогына түзу сызықты функциялы тәуелділікте деп шартты анықталады. Номиналды пісіру тогы 600 А-ға дейінгі нәрлендіргіштер үшін шартты жұмыстық кернеу төмендегі теңдеумен анықталады:

 

Uж =20+0,04Iп (13)

Жоғары қуатты машиналар үшін шартты жұмыстық кернеу 44 В және одан да жоғары болып келеді.

Пайдалы әсер коэффициенті нәрлендіргіштің өзіне тән энергия шығынын көрсетеді:

(14)

мұндағы Nд— доға қуаты;

Nж — электр желісінен алынатын қуат.

Әртүрлі нәрлендіргіштер үшін пайдалы әсер коэффициенті ауқымды шекте өзгереді, ол 45—98 % аралығында болады.

Қосылу ұзақтығы. Жүктеменің уақыт бірлігінде өзгеру сипаты бойынша пісіру жабдықтарының мынадай жұмыс режімдері болады: үздіксіз, қысқа мерзімді және қайталамалы-қысқа мерзімді.

Үздіксіз жұмыс режімінде температура өзінің орнықты мәніне дейін көтеріледі, бірақ шекті мәннен аспайды. Қысқа мерзімді жұмыс режімде температура жұмыс барысында орнықты режімге жетпіп үлгермейді, ал үзіліс кезінде температура қоршаған орта температурасына дейін салқындайды. Пісіру процесінде жиі кездесетін режім қайталамалы-қысқа мерзімді режім, бұл кезде температура орнықты режімге дейін көтеріліп үлгермейді, ал үзіліс кезінде қоршаған орта температурасына дейін салқындап үлгермейді. Қайталамалы-қысқа мерзімді жұмыс режімін салыстырмалы қосылу ұзақтығы (ҚҰ) деп сипаттауға болады

Қ Ұ төмендегі формуламен анықталады:

ҚҰ = (15)

 

Цикл ұзақтығы жұмыс tж және үзіліс tүмерзімімен анықталады. Цикл уақытын әдетте 5 немесе 10 минут деп алады (10 минут жоғары қуатты нәрлендіргіштер үшін). Бір орынды (постты) нәрлендіргіштерде көпшілік жағдайда ҚҰ=60—65 %, ал көп орынды нәрлендіргіштер үшін — 100 % дейін болады.

Үзіліс кезінде пісіру жабдығы тоқтатылмайды (сөндірілмейді), ол бос жүрісті жүктемемен жұмыс істей береді. Сондықтан бұл жағдайда жүктеме ұзақтығы (ЖҰ) деген сипаттаманы қолдануға болады:

 

ЖҰ =

мұндағы tбж –бос жүріс уақыты.

Мұндай режімді кезектеспелі режім деп атайды. Бос жүріс кезіндегі энергия шығыны қазіргі кездегі аппараттарда жұмыс режіміндегі шығынмен салыстырғанда өте аз, сондықтан ҚҰ мен ЖҰ арасында айырмашылық жоқ деп қарастыруға болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 634 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2456 - | 2270 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.