Морфологиясы. Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.Микоплазма – ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мемранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Микоплазмалар мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан ерекшелендіреді және қоздыратын патологиялық үрдістерінің патогенезіне тікелей әсер етеді. Қозғалатын және қозғалмайтын түрлері кездеседі. Минималды репродукцияланатын бірлігі – элементарлық денешіктері. Сонымен қатар микоплазмалар бүршіктену, бұтақталған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық бөліну жолымен, жіпшелерінің кокк тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Олар сопақша немесе шар пішінді болады. Біртіндеп ұзарып жіпшелер құрастыруы мүмкін. Прокариоттар ішінде геномының көлемі бойынша ең кішісі – микоплазмалар (риккетсия геномының 1/16 бөлігіндей). Микоплазма пенициллинге тұрақты. Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өсуін тежейді. Бірқатар ферменттік жүйелерінің болмауына байланыстымикоплазмаларды дақылдандыратын қоректік орталар міндетті түрде күрделі болуы керек. Олардың құрамына аминқышқылдары, нуклеин қышқылдарының алғашқы құраушы заттары, холестерин және т.б. заттар кіреді. 1,3% агары бар табақшаларда микоплазмалар тек қана микроскоппен өтпелі жарық арқылы қараған кезде көрінетін колониялар түзеді. Колониялардың түрі «қуырылған жұмыртқаға» ұқсас болады. Уреаплазмалардың колониялары одан да ұсақ, түйреуіш ұшы сияқты болады. Мимкоплазмаларды сорпада өсіргенде орта сәл лайланады, уреаплазманы өсіргенде орта өзгермейді. Жартылай сұйық агарда (0,3%) түтікше ұшы енген жолында ғана сәл «шаңдану» байқалады. Глюкозаны ферменттейтін микоплазмаларға (M.genitalium, M.fermentans) өсіру үшін қоректік ортаға глюкоза қосады, аргининді қорытатындарға (M.hominis) – аргинин, уреаплазмаларға – мочевина қосады. Микоплазма немесе уреаплазманың өскендігін бақылау үшін қоректік ортаға индикатор қосады. Глюкозаны ферментациялаған жағдайда қышқыл бөлініп ортаның рН қышқыл жағына қарай өзгереді, L-аргинин мен мочевинаны ферменттеген жағдайда аммиак бөлініп ортаның рН-шы сілтіліге өзгереді.Микоплазмалардың таза дақылын бөліп алу үшін Хайфликтің модификацияланған ортасын, SP-4 ортасын, β-глобулинді фракциясының гидролизатының негізінде жасалған қоректік орталарға себеді.
ОРЫТЫНДЫ
Клебсиеллездарды стационарларда емдейді. Ішектің жарақаттаррында антибиотиктер қолданбайды. Сусызданған жағдайда (энтеротоксиннің әсері) пероральды немесе парентеральды жолдармен газды ергінділер қолданады. Генерелизацияланған жағдайда және созылмалы түрлерде антибиотиктерді қолданады (антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін), аутовакциналар; иммунитетті көтеруге бағытталған қызмет жүргізіледі (аутогемотерапия, пирогенотерапия т.б.). Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигеналық ережелерді қатаң сақтау жатады. Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.Микоплазма – ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған