Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІ МАЗМҰНЫ

МЕКТЕП ЖҰМЫСЫ ЖОСПАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ, ОҒАН ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын, үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен
мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегеніміз белгілі бір
мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы
жұмысының негізгі бағыттарын дамытып және тереңдетіп, мектеп жұмысының барлығы
тәжірибесін есепке алу деген сөз. Бұл мұғалім, сынып жетекшісі, қоғамдық ұйымдар әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады. Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап, біріншіден, мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден, стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатын кешенділік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол мектеп қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді. Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, мектептегі өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлеспеушілікке апарып соғады. Мектептердің тәжірибесі көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да, басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді. Мектеп жұмысының тәжірибесінде жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық. Перспективалық жоспар мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады. Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:

1. Жоспарластырған мерзімдегі мектептік міндеттері.

2. Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің перспективасы.

3. Оқу-тәрбие үдерісін жаңалаудың, педагогикалық инновация енгізудің перспективасы.

4. Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.

5. Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (ПМБАИ, курстар, семинарлар, тренингтер және т.б.)

6. Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ақпараттық-коммуникациялық және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, дәрісхана безендіру).

7. Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту. Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші оқу тоқсаны) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теориялық һәм әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатындағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші оқу тоқсаны) директордың басшылығымен жоспар, жобасының құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде (үшінші оқу тоқсаны) жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындылықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртінші кезеңде (төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі. Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша жоспарлардың негізгі түрлері педагог, оқушы мен ата-аналар ұжымдарының әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып табылады.

МЕКТЕПТІҢ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІ МАЗМҰНЫ

Мектептердің жылдық жоспарларының түрлі нұсқаларын жинақтай келіп, жоғарыда жоспарластыруға қойылған талаптарды ескеріп, жылдық жоспардың мынадай үлгі жоспарын көрсетуге болады:

1. Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.

2. Мектеп ұжымының жалпы білім қорының жұмысын атқаруы. Жұмыс жоспарының бұл бөлігінде мектеп мөлтек ауданы анықталады, нақты мектептану мүмкіндігі ескеріледі. Мектеп оқушылардың жалпы орта білім алуына бағытталған шараларды жоспарластырады. ҚР ''Білім туралы'' заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар бойынша баланың құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету мәселелері де қамтылады. Педагогикалық ұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес-шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиіс.

3. Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие үдерісінің сапасын көтеру қызметі. Оқушы мен мұғалім қызметінің барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл бөлімінің көлемі барынша мол болады. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру һәм жіктеу болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мәдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметінің алуан түрлілігі оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың ''Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясына'' сәйкестігі.

4. Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстары. Мектептің ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудегі жұмыстары. Бұл жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық орталық бірлескен әрекетіндегі мектептің ұйымдастырушы орталық ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы һәм мектеп кеңесінің жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептік педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар үшін ашық есік күндері енеді. Ата-аналарды үйірме, секция, студия және т.б. қоғамдық жұмыстарды жетекшісі ретінде оқушылардың тәрбие жұмыстарына тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргізу де осы бағыттың мазмұнын құрайды.

5. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестаттау, олардың кәсіптік дайындығының деңгейіне баға беруде информатика мен ақпараттық-комуникациялық технология құралдарын пайдалану, мектеп ұжымының жалпы мектептік ғылыми-әдістемелік мәселелермен - семинар, конференция, педагогикалық оқу, әдістемелік кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткізу. Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жұмысын жолға қою. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері қызметінің мазмұнын айқындау. Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратуға басшылық жасау. Мектепте инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық инновацияны бағалау және енгізу.

6. Мектепішілік бақылау жүйесі. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы іс-әрекет бағдарламасы қарастырылады.

7. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мектептің материалдық құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу дәрісханаларын безендіру һәм қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен жүргізілетін сабақ жұмыстарын жетілдіру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен айналысудың материалдық-техникалық базасын нығайту. Мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Мектепті ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізудің бағдарламасы.

8. Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Жоспардың бұл бөлімінде мектеп кеңесі отырысының, педагогикалық кеңестің, өндірістік жиынның тақырыптары жазылады. Мектеп басшылары арасында міндет бөлісіледі, мектептің біртұтас жұмыс тәртібі, кезекшілік кестесі анықталады, оқу жүктемесі, сынып жетекшілігі, дәрісхана меңгерушілігі және т.б. бөлініп беріледі. Біртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметін іске асыру мектеп қызметінің тиімділігін арттырады. Қабылданған шешімдерді іске асыруда оған қажетті жүйені іске қосу, оның түрлі компоненттерінің өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру кезеңі қажет. "Ұйымдастыру" ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өткізілген сабақтың сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тәрбие үдерісінің немесе оның бір бөлігінің жағдайына берілген баға ретінде қолданылады. Екіншіден, ұйымдастыру ұғымы мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды іске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, жалпы тұтас педагогикалық үдерісті басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады. Зерделесек, адамның ұйымдастырушылық қызметі өзінің табиғатынан нақты жағдайда психологиялық-­педагогикалық білімдерді шұғыл қолдана алуға негізделген практикалық қызмет. Әріптестермен, оқушылармен тұрақты түрде өзара байланыста болу ұйымдастырушылық қызметке біршама танымалдық бағдар береді. Ұйымдастыру қызметін жетілдіруді жоспарлауда мектеп басшысы тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру, мектеп менеджерлерін дайындау жүйесі сияқты мектепішілік менеджмет идеяларын қолдану мүмкін.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Об игре актера в театре Мейерхольда | Менингиты. Синдромы поражения.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4844 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2442 - | 2196 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.