Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ядролық қарусыз болашаққа




Таяуда Алматыда өткен «ХХ1 ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның аясында тұсаукесері болған Нұрсұлтан Назарбаевтің «Бейбітшілік эпицентрі» кітабы газет оқырмандары тарапынан үлкен қызығушылық туғызды. Жұртшылықтың Елбасының тың ықыласына орай кітаптың шағын бір бөлімін жұртшылық назарына ұсынуды жөн көрдік.

Батыс адамындағы қарапайым сана мифологиясының КСРО мен коммунистік блоктың ыдырауы жаппай бейбітшілікке қауіпсіздік пен қолайлылыққа жеткізеді деген алдамшы қиялы ащы түңілушілікке ұласты.

Дүние бір орында тұрмайды: ондағы тепе-теңдікті - оның бұзылуы, интеграцияны – дифференциация, конвергенцияны дивергенция алмастырып жатады және осы эволюция өзгермешілігі 20 ғасырдың 70-80-ші жылдары қалыптасқан біршама күш теңдігінен кейін оның бұзылу кезеңі келетіндігін байқатқан еді. Субъективтік кепілдер мен тұрақтылық агенттіктері де абсолюттік бола алмады: КСРО Президенті М.С. Горбачевтің биліктен мезгілсіз бас тарту жәйті, ең алдымен, КСРО-ның негізгі мұрагері ретіндегі Ресейде, ал одан соң кеңестен кейінгі өзге де республикаларда оның жолың қуушылар саяси тағдырының «жазмыштық» болжап болмаушылығын айқындап бергендей еді. Әлем кеңестен кейінгі кеңістіктегі оқиғалар өрбуінің мүмкін болатын барлық нұсқасын есептей алмады. Осынау неғайбылдық жағдайда жаңа мемлекеттердің бұдан былайғы тағдыры туралы толып жатқан әрқилы болжамдар қаптап кетті.

Әлемдік қауымдастыққа дамудың оңтайлы нұсқаларының іске асуына көне Достастық елдерінде барлық қажетті мемлекеттік құрылыс институттары түпкілікті қалыптасқанға дейінгі біршама орнықты кезеңге үміт арту ғана қалды.

Бұдан былай біздің аумағымызда, қандай да болсын қажеттілікпен және мүддемен түсіндірілуіне қарамастан, ешқашан атом және сутегі бомбалары жарылмайтын болады. Өйткені келесі ондаған ұрпақтың бойынан бас бермес реакция тізбегінің радиоактивті салдарлары тажал жаңғырығы болып естілуінің қасында ешқандай да, оның үстіне әскери сипаттағы қажеттіліктер түкке де тұрмайды.

Семей полигонының жабылуы атом тарихында мемлекет ерікті және біржақты түрде өз аумағында ядролық және термоядролық зарядтардың сынақ жарылысы жөніндегі бүкіл жұмыс кешенін тоқтатқан бірінші және бірегей оқиға болды.

Ядролық немесе сутегі жарылысы-бәрі бір. Маңыздысы-Қазақстан аумағында ешқандай, еш жерде және ешқашан атом жарылысына жол берілмейді. Семей полигонының жабылуы осыны білдіреді. Былайша айтқанда, бұл ақтық үкім және шағымдануға жатпайды.

Алайда шаруаның жартысы ғана істелген еді. Келесі жарылыстарды болдырмау ғана емес, сонымен бірге бұрынғыларының салдарын түзету қажеттігі түсінікті болатын.Өйткені сол сынақтардың салдарын, сайып келгенде біз ғана көрдік, басқаша болудың реті де жоқ.Ядролық қару бұдан былай кімге тиесілі болуы тұрғысында талас жетіп жатты,бірақ, қаншалықты менің есімде қалғанындай,өткізілген ядролық сынақтар мен олардың сандаған салдарының кімге тиесілігі туралы бірде-бір талас болған жоқ.

Ядролық қаруды ғана емес,сонымен бірге оған байланыстың бәрін де алғысы келетін ешкім табылмады.Атап айтсақ,Қарқаралы ауданы,соның ішінде Қарағайлы кенті,Семей ядролық полигонымен шектесетін экологиялық апат аудандарының тізіміне кіргізілмегенін қатты ашу-ызаның үстінде барып ашылған ащы шындық.Қарағайлы кентіндегі 1000 баланың 88-і дүниеге кінәратпен келеді,олардың басы былқылдап ісініп,көбісі жырық ерін болып,жыныстық тиесілігі белгісіз болып туады.

Содан бері 42 жыл өтті.Дегенмен зерттеулерде осы аймақтағы радиация деңгейі 1985 жылдан үш жыл бойы үш-төрт есе көбейіп тұрған.Оған полигон емес,Чернобыльдегі атом электростанциясының апаты әсер еткен.Атом электростанциясының радиоактивті қалдықтары желмен ұшып,Алтай өңірі,Солтүстік және Шығыс Қазақстан аймағы келіп қонып жатты. «Сондықтан 1985 жылдан бері аралықтағы Семей аймағындағы ауаның ластануына Чернобыль апаты кінәлі» деп дәйек келтірген ғалымдар.Ал генетикалық мутацияға келсек,осы мәселеге қатысты профессор Атшабаров мынандай мысалды алға тартады: «негізінен,генетикалық мутация радиация сәулесіне ұрынған алғашқы буында кездесуі керек.Алайда Семейде,әсіресе,полигон ошағы Абай ауданында мұндай жағдай кездеспеген» дейді сол кездегі зерттеулерге жүгінсек.

Қорыта келсек, осыдан 20 жыл бұрын Алматы қаласында митингте Олжас Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық,шығармашылық,діни ұйымдарына,советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне,халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне,Невада штатында(АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып,Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.Бүгінде полигон жабық, бірақ іздері қалды.Әлі де адамдар зардап шегуде.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 736 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2229 - | 1966 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.