Лекции.Орг


Поиск:




Мәселенің көздері педагогикалық практикадағы қиындықтар, шешілмеген жәйттер болып табылады. 1 страница




Ылыми зерттеудің тақырыбы анықталған мәселенің құрамдас бөлігі болып табылады және көптеген сұрақтардың шешімін табу үшін зерттеп дайындалады. Бұл дәйек бойынша ғылыми мәселемен танысу керектігі көрсетілген. Ғылыми мәселе ғылымның дамуы мен практиканың жағдайының арасындағы қайшылықтарды талдау негізінде қалыпқа түсіріледі.

Ылыми мәселелер өзі қарастырылатын жеке тақырыптардың мақсатын, нысаналары мен зерттеудің соңғы нәтижесін жалпы түрде анықтайды.

Ғылыми (немесе диссертациялық) жұмыстың тақырыбын таңдау үшін:

- Зерттеу сұрақтары бойынша әдебиеттер мен тәжірибелік көрсеткіштермен танысу;

- Осы мәселе бойынша қорғалған диссертациялар тізімін қарау және олардың республикалық және шет елдік ведомствалық кітапханалардағы сақталған авторефераттарын оқып зерттеу;

- Ғылымның басқа да саласындағы соңғы зерттеу жұмысының нәтижелерімен танысу;

-Зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын әдіс – тәсілдермен танысып, оларға өз бағасын беру;

- Жинақталған материалдарды талдау және қорытындылау;

- Зерттеуші өзінің ғылыми жұмысының тақырыбы, оның өзектілігі, мақсаты мен болжам нәтижесі бойынша жетекшісімен немесе осы салада зерттеу жұмысымен айналысатын мамандардан кеңес алуы;

- Мына ережелерді басшылыққа алу керек: Тақырыптың ғылыми-зерттеу институтының бағдарына сәйкес келуі; тақырыптың өзектілігі; тақырыптың жаңашылдығы; теориялық және практикалық маңыздылығы немесе оның орындалуының тиімділігі; тақырып бойынша зерттеу жұмысын берілген мерзімде іске асыру; зерттеудің міндеттерін шешуде жағдайдың және құралдардың болуы; зерттеу тақырыбының болашағы, оны іске асыратын әдістер немесе жаңа әдістерді дайындау мүмкіндігі болуы; Мәселенің деңгейін анықтау және бұл мәселе бұрын – соңды қарастырылған ба, жоқ па соны тауып көрсету, сондай – ақ оның жаңашылдығын дәлелдеу;

Педагогикалық ғылымның дамуы қажеттілігіне және практикасына деген сұраныстарға негізделініп дайындалатын ғылыми мәселелердің өзектілігіне тиянақты, жүйелі талдау жүргізу.

Сондықтан бүгінгі күнгі теория мен практика арасындағы негізгі әдетті қарама – қайшылықтар нәтижесінен ғылыми мәселе мен оған кіретін, қолданыстағы педагогикалық зерттеулер саласына шектеу келтіретін мәселелер аспектісі қалыпқа келтіріледі.

Айқындалған ғылыми мәселе өзінің көрінісін нақты бір ғылыми тақырыптан көреді.

Тақырыпты таңдау үрдісінің негізгі сәттері тақырыпты дәлелдеу барысында көрініс табады. Зерттеу тақырыбын дәлелдеу жорамалданған зерттеудің ғылыми өзектілігінен тұрады, сонымен қатар мынадай жалпы қисынды – мазмұндық алгоритммен қарастырылады: мәселенің маңыздылығы - әлеуметтік сұраныс – тәжірибенің сұранысы – ғылымның сұранысы – мәселенің зерттеліп, дайындалуы – зерттеу идеясы – зерттеу стратегиясы – зерттеу тактикасы.

Жұмыстың тақырыбы оның негізгі мәселесінің мазмұнын көрсетеді және өзіне соңғы нәтиже нұсқаулары мен зерттеу нысанасын енгізеді. Зерттеу тақырыбының айқындығы, нақтылығы, сыйымдылығы, қысқалығы, құрылымдылығы (байланыстылығы мен тақырыптылығы, яғни бірлік және мазмұнды тұтастығы), мәнерлілігіне,сай талаптармен құрастырылады.

Леуметтік-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырлары

Педагог жұмысына қажет түсініктер шеңберіне ең белгісіз, көп мағыналы және талас пікір тудыратындар ішінде «әдіснама»ұғымы бар.

Көмескілік әдіснаманың анықтамасынан басталады. Бұл білім берудің нақтылы қажеттілігінен және оның даму тенденцияларынан емес, бір мағынада түсінілмейтін жалпы филасофиялық негіздерден туындайды. «Әдіснама» адам санасындағы бір абстрактылы, идеологиялық және әкімшілік құжаттардан, философиялық мәтіндерден алынған өмірден алыс сілтемелерге әкелетін, педагогикамен жалпы, педагогикалық теория және практикамен жеке алғанда әлсіз байланыстағы сөз.

Бұл – бастауы педагогика аумағынан тысқары жатқан түсініспеушілік. Қаралу деңгейне қарай әдіснаманы әр түрлі түсінеді. Кең мағынада оны теориялық және практикалық әрекетті құрудың ұстанымдары мен тәсілдері жүйесі, сондай – ақ, бұл жүйе туралы ілім. Басқаша, тағы да кең мағынадағы анықтамасы бойынша – бұл ғылыми таным мен әлемді қайта құру әдісі туралы ілім. Қазіргі әдебиетте ғылыми-зерттеу әрекетін құрудың ұстанымдары, түрлері және тәсілдері туралы ілім ретіндегі ғылыми танымның әдіснамасы туралы сөз болып отыр. Әдіснама туралы пайдаланулардың анық болмауы педагогика ғылымының ерекшеліктерін ескермей, біресе бірін, тағы бірде басқа анықтамаларын педагогикалық болмысқа көшіруден туындап отыр.

Философиялық, әкімшілік және әсіресе әдіснамалық түрлі ұғымдардың араласуы бұдан бұрынғы он жылдықтарда кеңестік зерттеуші педагогтарға жоғарыдағы биліктегілердің нұсқауларын «ғылымиландырумен» айналысуға тура келуінен болды, себебі тек кейбіреулер ғана мұндай нұсқауларға қайсыбір дәрежеде қарсы тұра алды. Сондықтан да педагогтардың біздің ғылымның әдіснамалық және теориялық мәселелеріне ерекше қызығушылығы болмады, осыдан, әдеттегідей, педагогикалық зерттеулердің сапасы төмен болып қала берді.

Бірақ осының бәріне қарамастан соңғы онжылдықта әдіснама мәнді дамуға ие болды. Ең алдымен, оның зертеушіге көмектесу, зерттеу жұмысы саласындағы арнайы іскерліктерін қалыптастыру бағыттылығы күшейді. Сонымен, әдіснама нормативтік бағыт алуда, оның маңызды міндеті зерттеу жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету. Практика жүзінде бұның қалай екенін қарайық. Ғылымның осы саласындағы өзгерістердің сипатын түсіну үшін ғылыми таным әдіснамасы дамуының жалпы барысын қарастыру қажет. Өткен ғасырдың өзінде зерттеуші алған нәтижесін өзі негіздеуі керек еді. Одан бұл нәтиженің білімінң осы саласында қабылданған ережеге сай екенін және оның ғылымының кеңірек жүйесіне қалай енетіні көрсетілуі талап етілді. Қазіргі уақытта бұл зерттеу іске асырылмай тұрғанда негізделуі қажет. Зерттеуші негізгі сүйенетін қағидаларды, зерттеу логикасын, болашақтағы нәтижені және бұл нәтиженің алу тәсілін белгілеу керек.

Әдіснаманың әдіснамалық білімнің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау үшін, әдіснаманың бірнеше деңгейлерін ажырату қажет. Олардың алғашқысының мазмұны – философиялық білімдер. Екінші дейгей – жалпы ғылымилық әдіснама. Үшінші деңгей – нақты пәнде, м ысалы, педагогикада қолданылатын зерттеудің әдістерінің ұстанымдарының және тәсілдерінің жиынтығы. Арнайы ғылымның осы саладағы ғылыми танымға тән мәселелерді сондай-ақ алдыңғы деңгейге қатысты, мысалы, жүйелілік тұрғыда, немесе модельдеуді педагогикаға қолдану сияқты сұрақтарды да қамтиды.

Әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа да зерттеулерді жүргізу мүмкін емес.

Мұндай сауаттылық мазмұнына әдіснамалық рефлексия ғылыми негіздеме жасауға, белгілі бір тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылықпен қолдана білу қабілеті енетіні әдіснамалық мәдениетті меңгертеді.

Бірақ әдіснамалық мәдениет тек ғылыми қызметкерге ғана тән емес. Жалпы алғанда, әдіснамалық мәдениет – қажетті бөлігі рефлекция болатын әдіснамалық білімдерге негізделген ойлау мәдениеті. Мұндай мәдениет ғылымға қалай керек болса, практикаға сондай қажет. Педагогикалық үрдістегі ойлау актісі бұл үрдістегі мәселелерді шешуге бағытталған және бұл жерде рефлекциясыз, яғни өз әрекеті туралы пайымдаусыз мүмкін болмайды.

Ғылым мен мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті арасындағы айырмашылық – біріншісі ғылыми педагогикалық білімдерді алады, «жасайды», ал, екіншісі оларды пайдаланады.

Мұғалім үшін әдіснамалық мәдениетті меңгеру дегеніміз – ол пеадгогиканың әдіснамасын білу және бұл білімді педагогикалық жағдаяттарды шешкенде пайдалана білу.Мәдениеттің бұл түрінің негізгі бөліктері: оқу-тәрбие үрдісін жобалау және негіздеме құрастыру; педагогикалық міндеттерді сезіну; даярлау және оны шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлексия. Бұл құрамдас бөліктер мұғалімнің кәсіби әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, оның шығармашылық тұлғасын сиапаттайды.

Бірақ ғалым мен мұғалім арасында бұл ретте өтілмейтін жиек жоқ. Жалпы, екеуіне педагогика саласындағы интеллектуалдық міндеттерді шешу ортақ болып табылады, ал ол үшін мәселені көре білу және оны фактілік материалмен сәйкестендіру болжам жасау және оны іске асыру нәтижелерін ойластырып көру, егер осылай болса, не болар еді деп, міндеттерді шешу жолдарын бірізді қадамдарға бөле білу іскерліктері қажет. Бұл ретте мұғалімнің әдіснамалық мәдениетінің ең маңызды белгісі - өз жұмысын талдау және жетілдіру үшін ғылыми-педагогикалық білімдерді пайдаланып көруі және қолдана білуі. Әдіснамалық сауаттылық – бұл жемісті жұмыстың алғышарты. Мұғалім өзі педагогика ғылым мен практикасының қандай байланыста, бұл байланыста педагогтың орны қандай, оның практикалық жұмысында зерттеу әдістері қандай орын алады. Әдіснамалық мәдениеттің басқа элементеріне міндеттерді сезіну және оларды шығармашылықпен шешу, әдістемелік рефлекция (өз жұмысын ғылыми тұрғыдан ойластыра білу) және оқу-тәрбие үрдісін жобалай алу қажет.Егер әрбір педагогтың, зерттеушінің және практиктің жетістігі ретіндегі әдіснамалық мәдиниетті емес, бүкіл педагогиканың әдіснамасы деп аталатын ғылыми саланы алсақ (әдіснаманың үшінші деңгейі), ғалымдағы көп жылғы талқылаулардан, пікір таластардан және нақты зерттеулік жазбалардан соң, біз мынадай анықтаманы беруімізге болады: педагогиканың әдіснамасы дегеніміз – педагогиканың теориялық негіздері мен құрылымы, педагогикалық болмысты бейнелейтін білімдерді алу тәсілдері мен зерттеу жұмысының сапасын бағалаудың бағдарламаларын логикасын және әдістерін негіздеудің ұстаныдары туралы білімдер жүйесі.

Тұтас алғанда ғылым сияқты ғылыми танымның бұл саласы екі қырынан көрінеді: білім жүйесі ретінде және ғылыми – зерттеу әрекеті жүйесі ретінде. Әрекеттің екі түрі бар - әдістамалық зерттеулер және зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету алынып отыр. Алғашқыларының міндеті-педагогика ғылымының практикамен байланысы түрінде даму заңдылықтары мен тенденцияларын ашу педагогикалық зерттеулердің тиімділігі мен сапасын арттыру, олардың ұғымдық құрамы мен әдістерін талдау. Зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету - әдістамалық білімдерді зерттеу бағдарламасын негіздеу мен оның сапасын бағалауға қолдану.

Мұғалім мен ғалым әдістамалық білімдерді әр түрлі қолданады. Мұғалім шын мәнінде зерттеу жұмысымен айналысқысы келсе, жоғарыда әңгімеленген әдіснамалық мәдиниет жеткіліксіз. Ғылыми жұмыспен оқыту және тәрбие практикасы –әрекеттің әр түрлеріне жатады.

Педагогика әдіснамасының пәні ретінде педагогикалық болмыспен оның педагогика ғылымындағы көрінісі арасындағы байланысы көрсетіледі. Бүгінгі таңда ғалымдар маңызды көптеген мынандай сұрақтарға жауап іздеуде: педагогика әдіснамасымен айналысу дегеніміз не? онымен кім айналысуы керек? педагогикалык зерттеуді қалай әдіснамамен қамтамасыз ету керек? педагогикалық зерттеу құрылымында ғылымнан практикаға өту жолдарын қалай іске асыруға болады?

Біздің ойымызша, зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз ету белгілі бір білімдер жиынтығын, яғни жалпы философилық, сонымен қатар зерттеудің бағдарламасын, оның қисыны мен әдістерін, сонымен қатар ғылыми жұмыстың сапасын бағалауды негіздейтін педагогика саласын колдануды білдіреді.

Бұл білімдер зерттеудің әдіснамалық рефлексия үрдісінде жүйеленеді және ықпалдасады. Сондықтан, зерттеудің әдістамалық негізін анықтауда ізденуші жалпы философиялық әдіснамаға, жалпы ғылыми әдістама мен зерттеу әдіснамасының нәтижесіне сүйенеді. Кеңірек тоқталып өтелік. Философиялық әдіснама, яғни ғылымның деңгейлік құрылысы мен танымның жалпы үрдістері педагогика ғылымдарының ұғымдық аппараттарына сай конструктивті-сыни қызметіне, педагогикалық зерттеудің құрылымы мен мазмүнына, олардың әдіснамалық іргетасының тең болуына, педагогикалык зерттедің нәтижесін әлемдік көзкарастар ролін атқарады.

Жалпығылымдық әдіснама (зерттеудің жалпығылымдық әдістамасы мен түрлері) қойылымдық-бағдарлы, немесе осы деңгейде зерттеудің түбегейлі бағытын қамтамасыз ету, оның стратегиясы, оның нысанасы мен пәнін анықтау кұралының қызметін атқарады.

Педагогика саласында әдіснамалық зерттеудің нәтижесі болып, оның басқа да ғылымдармен байланысы туралы, педагогикалық факт туралы, педагогикалық теорияның қальптасуы туралы, жалпы және жеке құрастырылған педагогикалық зерттеулердегі педагогиканың нысаны мен пәні туралы, білім беру саласына байланысты ғылымның әдістері туралы білім саналады. Осындай зерттеулердің міндеті - педагогика ғылымындағы заңдылықтар мен тенденцияларды, оның практикамен байланысын, педагогикалық зерттеулердің сапасы мен тиімділігін арттыру үрдістерін айқындау, педагогиканың танымдық әдістері мен ұғымдық кұрылымын талдау.

Осы тұста нақты -ғылыми әдіснама педагогика ғылымына тән зерттеудің әдістер мен үрдістер жиынтығын талап етеді. Пәндік әдістеме -бұл белгілі бір ғылыми пәндерде қолданылып жүрген, қандайда бір ғылым саласына кіретін немесе ғылымдар түйісінде пайда болған зерттеулер мен рәсімдердің (шарттар) әдістері мен үрдістерінің жиынтығы.

Зерттеушілер (Ю.К. Бабанский, В.И. Журавлев, Я.С. Турбовской және
т.б.) педагогиканың нысанасы ретінде макронысаналардағы философтар мен
«түйіскен» ғылымдар өкілдерінің ұсынып отырған әдістамалық тәсілдерді,
құрылымды-қызметтік тәсіл (социологиядан),кұрылымдық (лингвистикадан), жүйелі (жаратылыстанудан) тәсілдерді бейімдеу мен ендіруді ұсынады.

Бұрын педагогиканың әдіснамалық негізі болып (диалектикалық-материалистік философия, экономикалық ілім болып ғылыми коммунизм табылды. Марксизм-ленинизм ілімі, біріншіден, материалистік диалектика, теория мен таным педагогикалық зерттеулердің әдістамалық тәсілдерін, олардың стратегиясын, зерттеу тәсілдерін таңдауды және оның соңғы нәтижесін түсіндіріп, анықтап береді. Осыдан мынандай қорытынды шығады, педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізі болып философиялық әдіснама, әдіснамалық тәсілдер, зерттеудің әдістері мен педагогикалық зерттеу нәтижесінің маңыздылығын ашу болып саналады. Ізденушілер осы білімдерді қайдан алады?

Біріншіден, магистратурада «Философия және ғылымның әдістамасы», «Педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық негіздері», «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» және т.б. пәндер оқытылады.

Зерттеудің әдіснамалык негізін дұрыс құрастыруда бұл да аздық етеді. Біздің ойымызша, педагогикалық зерттеудіқ әдістамалық негізі философиялық заңдарды,категориялар мен принциптерді, материалистік диаклектиканың әдістерін оқып түсінуді қамтиды. Педагогика үшін философиялық әдістаманын маңыздылығын көрсету мақсатында, диалектика әдістері мен принциптерінің, заңдар мен категорияларының өзара байланысы сипатталған педагогикадағы әдістамалық ілімнің дамуының ақпаратты-бағдарлы алаңын дайындадық

Педагогикалық зерттеудің келесі әдіснамалық негізі ретінде педагогикадағы әдіснамалық тәсіл мен принциптер көрсетіледі.

Зерттеушілер «тәсіл» ұғымын оның әдіснамалық мағынасына қарай, зерттеудің түбегейлі әдіснамалық бағдары ретінде, зерттеу нысанасьш қарастыратын көз қарас ретінде, жалпы зерттеу стратегиясын басқаратын ұғым немесе принцип ретінде көрсетеді,

Қазіргі таңда екі әдіснамалық тәсіл белгіленіп отыр: жаратылыстану

ғылымы мен гуманитарлық ғылымдық әдіснама. Расында, педагогикалық әдебиеттерде көптеген көзқарастарды, дүние танымдар мен парадигмаларды сипаттайтын алпыстан астам әдіснамалық тәсілдер белгіленіп отыр. Әдіснамалық тәсілдердің (тұлғалық-бағдарлы, білімділік, тұтастық, жүйелік, синергетикалық) көптігін көрсетіп отыр. Әзірше осы аталған тәсілдерді біз ұсынып отырған: мега-, макро, микро- келесі әдістамалық тәсілдер иерархиясына жатқызуға болады. Талдау деректері көрсеткендей, әдіснамалық принциптер «әдіснамалық тәсіл» ұғымы аркылы қарастырылады. Әдіснамалық принциптер мен тәсілдерді жеке қарастыру нұсқалары да бар, «Әдіснамалық тәсіл» мен» әдіснамалық принцип» ұғьмдарының сәйкес келуі де жиі кездеседі. Біздің ойымызша, әдіснамалық принциптер белгілі бір әдіснамалық тәсілдердің құрамына енеді, өйткені әдіснамалык принципке қарағанда әдіснамалық тәсіл кең көлемді ұғым, Бұл ұғымның растығын педагогика оқулығының авторларының соңғы жариялымдарынан таныса аласыздар.

Жоғарыда көрсетілген қисындар бойынша, зерттеудегі педагогика феноменінің мазмұны мен маңыздылығынан шығатын әдіснамалық тәсіл мен әдіснамалық принциптерді педагогикалық зерттеудің әдістамалық негізінің кұрылымына енгізуді дұрыс деп санаймыз.

Бүгінгі күні шеттілді білім берудің қазіргі теориясы мен әдістамасы, оның әдістамалық ұстанымдары, шеттілді білім берудің негізделген әдіснамалық тұжырымдамасы-»» осы тұжырымдаманы жүзеге асыратын тегеурін ретіндегі өзіндік әдістемелік принциптер жаңаша түсіндірілуде.

Әдістамалық оқу құралдарында зерттеудің қисынын құрастыруға (мәселе -тақырыпқа – пән - болжам - міндеттер) басты назар аударылады, бірақ та әдістамалық негізі ретіндегі оның ғылыми ақпаратының негізгі компоненті жоқ.

Соңғы уақытта педагогикадан жазылған диссертациялардың сапасын бағалауға арналған басылымдарда олардың әдістамалық сараптамасына сипаттамалар берілген. Ғалымдардың анықтауы бойынша, әдіснамалық сараптамалар казіргі ғылыми тұжырымдамаларда қалыптасқан ғылымның даму жағдайынан туындайтын, зерттеу жұмысының нысанасын, ғылыми ізденістің негізгі бағыттарын, зерттеудің тірек ұстанымдарын белгілеуге мүмкіндік туғызады. Сондықтан, әдісамалық сараптама зерттеу мәселесінің өзектілігін, оның тақырыбын, нысанасы мен пәні негіздеуде, яғни мамандығына сәйкес өз зерттеуінің зерттеудің мәселелік кеңістігіндегі «орнын табу» кезеңінде қажет. Бұл жағдайда әдістамалық негіз зерттеу тақырыбының өзектілігін негіздеудегі жауапкершілікті көтереді, яғни философиялық әдіснама, педагогикалық әдіснаманың, сонымен қатар барлық зерттеу үрдісіндегі зерттеудің міндеттері шешу принциптерінің, әдіснамалық тәсілдерінің өте айқын емес көрінісі болып қалады.

Келтірілген ойлардан кейін педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізін құрастырудың қисынды тізбегі туындайды: мәселенің өзектілігі - тақырып – нысана- пән - мақсат - болжам - міндеттер - жетекші идея - әдістамалық негіз.

Біздің ойымызша, белгілі тақырып бойынша зерттеудің өзектілігі ретінде зерттеудің бөлімін жазудың әдістерін ашу керек.

Жариялым беттерінде педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізіне қатысты диссерттантарға айтылған көптеген сындар кездеседі. Мысалы, В.И. Журавлев өзінің «Педагогика в системе наук о человеке» монографиясының (1990 г) «От догматизма к творческой опоре педагогики на истины философии» бөлімінде: философияны қолдануда догматизм мен формализмнің жаркын көрінісі ретінде педагогтардың кандидаттық диссертациясында үйреншікті формуларар көрсетіледі. Кез келген диссертациялық зерттеудің авторефераттарында «Біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі философия болып табылады...» деген сөз жолдарын оқисыз.

Біз бұл сыншымен келісеміз, өйткені бізге қазіргі таңда материалистік диалектиканың категорияларын ой елегінен өткізіп, онын педагогикалық болмысты қайта кұруы мен бағалаудың негізін салудағы әсерін қадағалауымыз керек. Ғалымдар материалистік категориялар арасынан бірлі-жарым, ерекше, жалпылама, қажеттілік пен кездейсоқтық, мазмұн мен түр, маңыздылық пен құбылыс категорияларын атайды.

Әдіснамалық негіз өзіне зерттеу қүбылысын талдауға объективті ыңғай тауып, одан шығатын білім берудің теориясы мен практикасына үсыныстар мен қортындылар жасап, алынған нәтиженің ғылымы құндылығы мен дәлелділігі шынайы ғылыммен қамтамасыз ететін автордың зерттеу тұжырымдамасы мен көзқарас сипаттамасын енгізеді.

Әдіснамалық негізді жеткілікті анықтау үшін әдіснамалық дәлелдеу жүргізіледі. Ю.К. Бабанскийдің пайымдауы бойынша, дидактикалық зерттеудің әдіснамалық дәлелденуі автордың тұжырымдамасының қоғамдық-саяси негізінен, қабылданған педагогикалық мәселелерге сыни көзқарастан, зерттеу тұжырымдамасының философиялық негізін ашудан (мәселені тарихи-қисынды талдауы, зерттеу пәнін диалектикалық жүйелі-құрылымдық талдау, оның сипаттамасына тұтастай жақындау жолдары, осы аталған педагогикалық құбылыстардың даму көзі болып табылатын жетекші қарама-қайшылықтарды айқындау, зерттеліп жатқан педагогикалық құбылыстар мен үрдістерге қатысты заңды байланыстарды айқындаудың әдістамалық сипаттамасынан), аталған педагогикалық тұжырымдаманың (әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, кибернетикалық және т.б.) негізінде жатқан аралас ғылымдар деректерінен тұруы керек, Осыдан барып, педагогикалык зерттеудің әдістамалық дәлелілен қисынды тізбек шығады: педагогикалық (тарихи-педагогикалық) фактілерге, құбылыстар мен үрдістерді зерттеуге нақты әдістамалық тәсілдерді анықтау сияқты қорытынды шығады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1564 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

749 - | 748 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.