Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Туберкулез эпидемиологиясы

Кесте

Жасы 1 минуттағы тыныс алу жиілігі, рет
15-20 20-25 25-30 30-35  

Ересек адам 1 минөтте өкпесінсн 6-7 л ауаны өткізеді. Алмасатын ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты. Адамның бойы неғұрлым биік және салмақты болса, соғұрлым оның өкпесі арқылы ауа көп өтеді. Мысалы, ұзын бойлы адамда бұл мөлшер 1 минутте 8 л болса, аласа бойлы кісіде 4,5 л.

Бірақ бұл заңдылықты балаға аударуға болмайды, ауа балаға ересек адамнан көбірек қажет. Тіпті 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л, кейде 7 л ауа өтеді. Мұндай ұзақ мерзімді гипервентиляция (лат. гипер+ вентиляция -желдету) баланың дем алуының ерекшелігіне жатады. Осыған байланысты балалардың организмінен бу ретінде судың көптеп шығуы, бүйрек, тері арқылы көмір қышқылыпыцң сыртқа айдалуы байқалады.

Ересек кісіде тыныштық кезінде 3-4 % көмір қышқыл газы айдалатын болса, балаларда пайыздық мөлшері соғұрлым аз, мысалы, 5 жастағы балада - 1,7%. Дененің көрсеткіштері кеміген сайын сыртқа айдалатын көмір қышқыл газының мөлшері төмендейді. Бұл балалардағы гипервентиляцияға байланысты. Ал денеден айдалатын көмір қышқыл газының жалпы мөлшері, дененің 1 кг салмағына шаққанда, балаларда ересек адамға қарағанда көп болады.

3.Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дәрежедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мендем шығаруға жауапты екі бөлімнен тұрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газының концентрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның қандағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газның тыныс орталығына әсері екі түрлі жолмен іске асады: а) нейрондарды қоректендіретін қанның құрамының тікелей әсері; б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Бұлардан басқа да рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуінің де маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы және қабырға аралық еттер мен диафрагмада орналасқан арнайы барорецепторлар тітіркенеді. Оларда пайда болған импульстер орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына баратын импульстер тоқталады, нейрондардың қозғыштығы артады да, қайтадан дем алу басталады. Тыныс орталығы бұзылса, дем алу тоқталып, тіршлік те жойылады.

Ақпарат көздері: http://kazmedic.kz,

http://dov.kz

http://zhastar.info)

 

 

Туберкулез - Бұл ауа-тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру және aғзағa туберкулез бактериялары түскенде дамиды.Ең алдымен өкпе, кейде басқа органдарды да зақымдайды.
Жұқтыру көзі туберкулезге шалдыққан адам болып табылады.микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр».

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.2011 жылы 29 қыркүйекте №907 бұйрығымен бекітілген:

- № ТБ 01/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезбен ауыратын науқас картасы);

- № ТБ 03/е- нысанды медициналық құжаттама (Облыста қалада, ауданда) туберкулезді тіркеу журналы;

- № ТБ 04/ е- нысанды медициналық құжаттама (Зертханалық тіркеужурналы)

- № ТБ 05/е - нысанды медициналық құжаттама (Қақырықты ТМБ-ға микроскопиялық зерттеу жолдамасы)

- № ТБ 06/е - нысанды медициналық құжаттама (туберкулезге микробактерияның культурасын емдеуге жолдама)

- № ТБ 06А/е- нысанды медициналық құжаттама (ТМБ культурасының туберкулезге қарсы препараттарға сезімталдығын анықтауға жолдама)

- № ТБ 09/е - нысанды медициналық құжаттама (науқастарды ауыстыру жолдамасы);

- № ТБ 11/е- нысанды медициналық құжаттама (IV санат бойынша ем қабылдап жүрген туберкулез науқастарын тіркеу журналы);

- IV санатты №ТБ 01/е - нысанды медициналық құжаттама (карта);

- № ТБ 12/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезге қарсы препараттарды тіркеу);

- № ТБ 14/е- нысанды медициналық құжаттама (Науқастың емделуге берген келісім карта);

- № ТБ 17/е - нысанды медициналық құжаттама (Культуралық зерттеулерді зертханалық есепке алу журналы)

- № ТБ 18/ е - нысанды медициналық құжаттама (ТМБ дәріге сезімталдығын тестілеу қортындыларының зертханалық журналы)

- № ТБ 19/е- нысанды медициналық құжаттама (Туберкулезге қарсы препараттар қозғалысының сөре картасы);

- № ТБ 20/е- нысанды медициналық құжаттама (жөнелтпе құжат);

Ауру қоздырғышы –. Кох бацилласы.Оны 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады. Жоғарғы қауіп топтары: туберкулезбен ауыратын пациенттері- бұл ТБ / АИТВ бар пациенттер, инекциялық есірткілерді тұтынушылар, аз қамтылған адамдар, белгілі тұрағы жоқ адамдар, бас бостандығынан айыру орындарында қамауда отырғандар және босап шыққандар.

Туберкулез эпидемиологиясы

Инфекция көзі ауру адам, жануарлар.

Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді – қан және лимфа арқылы. Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады.

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді. Бірінші ошағы — өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы — Гон ошағы деп атайды. Гранулема, лимфоангит, лимфоаденит бүл біріншілік туберкулезды ошақ пневмонияға акеледі. Осы ошақтан қоздырғыш гематогенды және лимфогенды жолмен басқа мүшелерге тарайды. Егер иммунитет жоғары болса- гранулема дәнекер капсуласына оралады, осы ошақта туберкулез таяқшасы анабиозға ұшырайды, сақталады. Алиментарлы жолмен жұққанда туберкулез таяқшасы ішек лимфа бездерін зақымдайды. туберкулез қазақша Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар: Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы Тыныс органдарының туберкулезі Жүйелермен органдардың туберкулезі Микробиологиялық диагностика Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды. Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады. Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді(қышқыл қосады және сілтілі). Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады. Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді. Экспресс-әдіс –Прайс микродақылдар әдісі. Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері. Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан сарсуы т.б. Зерттеу тәсілдері: микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік) микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу) биологиялық серологиялық (сирек қолданылады) аллергологиялық (Манту, Пирке сынақтары) Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР)

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1890 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

АУРУДЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР:

Іске қосатын фактор – иммунитеттің әлсіреуі. Толыққанды, үйлесімді тамақтанбау.

- ауыр аурулардың қатар жүруі (АҚТҚ, қант диабеті, ойық жара аурулары және басқалары);

- суық тигізу;

- зиянды әдеттер;

- созылмалы күйзелісті жағдайлар.

Туберкулез түрлері

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болады, сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері: дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді. Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны некроз ошағы деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна (қуыс) пайда болады. Осы қуыста туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

 

Жіктелуі

1.Туберкулез интоксикациясы:

А) ерте туберкулез интоксикациясы;

 

Б) кеш туберкулез интоксикациясы;

 

2. Тыныс алу ағзаларының туберкулезі:

 

А) біріншілік туберкулездік жиынтық;

 

Б) өкпенің ошақты туберкулезі;

 

В) өкпенің инфильтративті туберкулезі;

 

Г) туберкулездік бронхоаденит;

 

Д) туберкулездік плеврит;

 

Е) жоғарғы тыныс жолдарының туберкулезі;

Туберкулез интоксикациясы – ерте және кеш туберкулез интоксикациясы болып екіге бөлінеді. Ерте туберкулез интоксикациясында микобактериялар организмге енгенмен, әлі белгілі бір ағзаға шоғырланып үлгермеген, балада жалпы жағдайының бұзылу белгілерімен байқалады: бала тез шаршағыш, мазасыз, ұйқысы бұзылған, басы жиі ауырады, көп терлейді, салмағын қоспайды, субфибрильді температура байқалады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Қан анализінде: лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Аталған белгілер 1-4 айға дейін созылады, дер кезінде анықталып, ем жүргізілсе, бала айығып кетеді. Кейде созылмалы туберкулез интоксикациясына немесе таберкулездің басқа түріне айналып асқынады. Аталған ерте туберкулез интоксикациясының белгілері туберкулез виражынан кейін 6 -12 айдан өткесін де байқалса, ол созылмалы туберкулез интоксикациясына айналған..

Біріншілік туберкулездік жиынтық — туберкулездің бұл түрінде инфекция өкпе тканін зақымдап, туберкулездік қабыну ошағы (Гон ошағы) пайда болады. Сонымен қатар, қабыну процесі өкпе лимфа түйіндерін де қамтиды.

Аурудың белгілері интоксикация белгілерінен басталады:алғашқыда жоғары температура (38-39 С), кейіннен ұзақ уақытқа созылатын субфебрильді температураға айналады. Осымен қатар тыныс алу ағзалары тарапынан өзгерістер анықталады: сирек, құрғақ жөтел, өкпенің зақымданған тұсында перкуторлық өкпе дыбысының тұйықталуы, тыңдап көргенде- дем алысының, өкпе дыбысының әлсіреуі, сирек естілетін құрғақ сырылдар.

Рентгенограммада: өкпедегі қабыну ошағы және үлкейген лимфа түйіндерінің қатайғанын – петрификаттар мен кальцинаттарды көруге болады. Қанда лейкоцитоз, лимфопения, эозинофилия, өте жоғары ЭТЖ 35-40 мм/ сағатына анықталады. Манту белгісі оң нәтиже көрсетеді. Уақытында диагноз анықталмай, дұрыс ем жүргізілмесе, асқынулары – плевритке, кавернозды, инфильтративті, милиарлы туберкулезіне пайда болады.

 

Туберкулездік бронхоаденит – туберкулездің балаларда ең жиі кездесетін түрі, өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінің қабынуымен сипатталады. Ауру жоғары температура, жалпы жағдайдың өзгеруі және интоксикация белгілерінен басталады. Рентгендік тексерісте үлкейген өкпе- бронх лимфа түйіндеріне көре аламыз.Нәтижесінде қабыну процесінің беті қайтып, лимфа түйіндерінде кальцинаттар қалады.

 

Өкпенің ошақты туберкулезі. Өкпеде, бірнеше сегменттерде, диаметр 1см- дей қабыну ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Клиникалық белгілнрі әлсіз білінгендіктен, тек флюрографиялық тексеріс кезінде анықталады.

Өкпенің инфильтративтік туберкулезі Өкпедегі экссудативті қабыну өзгерістерімен сипатталады: пневмония,тұмау белгілеріне ұқсас басталғандықтан, ажырату қиын болады. Диагнозды толық анықтау үшін рентген тексеріс пен Манту белгісіне сүйенеміз.

Туберкулездік плеврит.. Туберкулездің бұл түрі көбінесе аллергияға бейім балаларда кездеседі. Басталуы жедел, дене қызуы 38-39 С баланың көкірегі, бүйірі шаншып ауырады.Зақымданған жағындағы көкірек клеткасының қозғалысы қалық болады. Осы жағында перкуссия арқылы толық тұйық дыбыс анықталса, аускультация арқылы өкпе дыбысын ести алмаймыз. Рентгенограммада — өкпе ткані көрінбейді.

Туберкулезге адамның барлық ағзалары шалдығады. Туберкулезге шалдыққан мүше көбірек қабынады, осыған байланысты туберкулезді бірнеше түрге: өкпе, без, плевра, тамақ, сүйек-буын, ми қабығы, ішек, көз және т.б. ағзалар туберкулезі деп бөледі. Балалар арасында ең көп тарағаны - без туберкулезі, одан кейін жиі кездесетіні - өкпе туберкулезі.

Лимфа безінің туберкулезі (ЛБТ).

Бала организміндегі ішкі және сыртқы бездер қорғаныштық рөл атқарады. ЛБТ балаларда өте жиі ұшырасады, сондықтан оны балалар туберкулезі деп атайды. Мұндай жағдайда қолқаның, кеңірдек маңайындағы, өкпенің түбіріндегі лимфа бездері қабынып, ісінеді. Бұл бездер кейде бір-біріне қосыла ісініп, үлкейіп кетеді. Егер дер кезінде емделмесе, ісік жақын жатқан тыныс жолдарына шауып, баланың дем алуын қиындатады, одан әрі ауруына айналады. Ауру басталған кезде ешқандай белгі бермеуі мүмкін, ал ұлғайған кезде баланың денесі ауырлап, организмі ауырғандай белгі береді. Туберкулез таяқшасына өте сезімтал ағза - нерв жүйесі болғандықтан, ауру басталған кезде баланың мінез-құлқы өзгеріп, мазасызданады.

Баланың ұйқысы қашады, жылай береді, өкпелегіш болып алады, ал кейбір балалар керісінше ойыннан қалады, көп ұйықтайды, үшінші біреулері күндіз қалыптан тыс көңілді болып көп ойнайды, ал кешке қарай көңілсізденіп, тез жатуға тырысады. Мектеп жасындағы балалардың сабақтарда бастары ауырып, сабаққа, еңбекке қабілеті төмендейді, зейінсіз болып, сабақ үлгірімдері нашарлайды. Ауру күшейе келе сырқат баланың тәбеті нашарлап, бозарып жүдей бастайды, кешке қарай денесінің қызуы 37-37,5оС-ге дейін көтерілуі мүмкін. Осы кезде баланың сыртқы бездері (тамақ, мойын, қолтық және т.б.) шошынып, ісініп кетеді /тарының немесе бұршақтың үлкендігіндей/.

 

 

Өкпе туберкулезі.

Бұл балаларда тұмаудан, және т.б. аурулардан кейін басталуы мүмкін. Ауру басталған кезде баланың тамаққа тәбеті нашарлап, мінез-құлқы өзгереді, ұйқысы бұзылады, өзі әлсірейді, тершең болады, сыртқы бездері шошиды. Сирек те болса құрғақ әрі қатты жөтеледі, дене қызуы көтеріледі 37-37,5оС, әсіресе кешке қарай. Балаларда өкпенің туберкулезге шалдығуы көкеттің қабынуымен байланысты болғандықтан ауру баланың кеудесінің ауыруы мүмкін. Мұндай жағдайда тынысы тарылып, ентігу пайда болуы ықтимал. Өкпе туберкулезінің балалар өміріне ең қауіпті түрі қан арқылы тарап, қос өкпені бірдей қабындыратын түрі. Ол жедел басталып, баланы тез жүдетеді, денесінің қызуы 38-39 о С-ге дейін көтеріледі, жөтелуі мүмкін.

 

Клиникасы.

екі аптадан артық жөтел;

әлсіздік;

дене қызуының көтepiлуi;

тершендік;

тәбеттің нашарлауы;

жүдеу;

шаршағандық;

қан аралас қақырықтын түсуі;

кеуде тұсының ауыруы

Жөтел құрғақ немесе қақырық бөлінуімен болады. Жөтел көбінесе түнде мазалап, ұйқы бермей, кеудеде ауырғандық тудырып, көгеру, құсумен бірге жүреді.

Қақырық – кілегейді, кілегейлі-іріңді және іріңді, иіссіз болады. Иісі басқа инфекция қосарланғанда болуы мүмкін. Қақырықтың негізгі мөлшері таңертең және кешке бөлінеді.

Қан қақыру (қақырыққа әртүрлі мөлшерде қан араласуы) – қабыну ошағында майда тамырлардың, капиллярлардың бұзылуына байланысты болады. Туберкулездің инфильтативті, ошақты және шашыранды түрлерінде болады.

Кеуде тұсының ауырғандық – туберкулезде тыныс алғанда және жөтелгенде мазалайды.

Қан аздық, арықтау – туберкулезде қан қақыру, қан кету болған жағдайда анемия дамиды. Қызба, терлегіштік, тәбеттің төмен болуы арықтауға және ағза зорығуына әкеліп соқтырады.

 

Ақпарат көзі. http://kazmedic.kz,

http://dov.kz

http://zhastar.info)

Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер

Туберкулезге қарсы дәрілерге туберкулез микобактериясының өсіп көбеюін тоқтататын және оның вируленттігін азайтатын дәрілер жатады. барлық түрінде туберкулезге қарсы дәрілер қолданылады, олар туберкулез микобактериясына бактериостатикалық әсер етіп, олардың өсіп-өнуін тоқтатады. Бірақ емдеу кезінде дәрілерге тұрақты микробтардың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін, сондықтан емді кешенді түрде бірнеше дәрілерді қосып жүргізу керек.

Туберкулезге қарсы дәрілер ретінде кейбір антибиотиктер /стрептомицин, рифампицин, канамицин, циклосерин/ және синтетикалық дәрілер /изониазид, фтивазид, этамбутол т.б./ қолданылады.

Барлық туберкулезге қарсы дәрілер екі топқа бөлінеді:

1) І –ші қатардағы препараттар (негізгі)

2) ІІ –ші қатардағы препараттар (резервтегі)

І қатардағы препараттарға туберкулез қоздырғышына белсенділігі жоғары, адамға уыттылығы /токсикалық әсері/ төмен дәрілер жатады. Ал ІІ –ші қатардағы препараттарға белсенділігі төмен, уыттылығы /токсикалық әсері/ жоғары дәрілер жатады. ІІ-ші қатардағы препараттар І-ші қатардағы препараттарға микобактериялардың тұрақтылығы пайда болғанда қолданылады.

І қатардағы препараттарға стрептомицин, рифампицин, изониазид, оның туындылары, этамбутол, пиразинамид жатады.

ІІ қатардағы препараттар - этионамид, капреомицин, офлаксацин, циклосерин, натрий парааминосалицилаты

Стрептомицин сульфаты кең спектрлі антибиотик. Туберкулез микобактериясына белсенділігі жоғары. Басқа туберкулезге қарсы дәрілермен қосып туберкулездің әртүрлі формасында қолданылады /антибиотиктер тақырыбын қараңыз/

Рифампицин /Rifampicinum/. Шығарылатын түрі: капсула 0,05; 0,15г

Кең спектрлі антибиотик, туберкулезге қарсы белсенділігі стрептомициннен күшті. Рифампицинге тұрақтылық тез пайда болады, сондықтан оны басқа туберкулезге қарсы дәрілермен /стрептомицинмен, изониазидпен т.б./ бірге қосып қолданады.

Жағымсыз әсері: аллергиялық реакциялар, диспептикалық бұзылулар, бауырдың, ұйқы безінің қызметінің бұзылуы, лейкопения, зәрді, қақырықты қызыл түске бояйды.

Қолдануға болмайды: бауыр, бүйрек қызметінің бұзылуы, жүктіліктің алғашқы айлары, препаратқа жоғары сезімталдық.

Изониазид / Тубазид/-Isoniazidum. Шығарылатын түрі: таблетка 0,1; 0,3г. Синтетикалық туберкулезге қарсы препарат.

Химиялық құрамы бойынша изоникотин қышқылының гидразиді. Изониазид туберкулез қоздырғышына белсенділігі жоғары, туберкулездің барлық түрлерінде қолданылады. Стрептомицин мен рифампициннен айырмашылығы ол микроорганизмдердің басқа түрлеріне әсер етпейді. Изониазид асқорыту жолынан жақсы сіңеді және организмнің барлық тіндеріне оңай өтеді. Әсер ету ұзақтығы 6 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады.

Жағымсыз әсері: бас ауыртады, бас айналтады, жүрек тұсын ауыртады, жүрек айнытады, құстырады, терінің аллергиялық реакцияларын, орталық және шеткері жүйке жүйесінің асқынуларын туғызады /ұйқысыздық, полиневриттер/, бауырға, бүйрекке токсикалық әсер етеді, ішкі бездердің қызметін бұзады. Асқынулардың алдын алу үшін Б тобының витаминдері

/пиридоксин, тиамин/ және глутамин қышқылы қолданылады.

Эпилепсияда, бауыр, бүйрек ауруларында, атеросклерозда, полиемиелитте қолдануға болмайды.

Фтивазид /Phthivazidum/. Шығарылатын түрі: таблетка 0,3; 0,5г.

Асқазанда ыдырап, изониазидке айналады. Уыттылығы /токсикалық әсері/ изониазидтен төмен, науқастар жақсы көтереді. Қолданылуы изониазидке ұқсас.

Пиразинамид /Pirazinamidum/. Шығарылатын түрі: таблетка 0,5г.

Басқа дәрілермен бірге қосып қолданылады.

Жағымсыз әсері: аллергиялық реакциялар, бауырды зақымдайды.

Этамбутол /Ethambutolum/. Шығарылатын түрі: таблетка 0,1; 0,4г.

Басқа дәрілермен бірге қосып туберкулездің әртүрлі түрінде қолданылады (рифампицинмен қосып өкпе туберкулезінде қолданылады).

Жағымсыз әсері: диспептикалық өзгерістер, көздің көру қабілеті нашарлайды, тері бөртеді, депрессия пайда болады, препаратты тоқтатқан соң 2-8 аптадан кейін біртіндеп кетеді.

Этионамид /Ethionamidum/. Шығарылатын түрі: таблетка 0,25г.

Туберкулездің әртүрлі формасында қолданылады.

Жағымсыз әсері: аллергиялық реакциялар, диспептикалық өзгерістер, ұйқы бұзылады, тәбетті нашарлатады, арықтатады. Қосымша әсерлерді азайту мақсатында никотин қышқылын, пиридоксин қолданылады.

Капреомицин /капастат/- Capreomycinum. Шығарылатын түрі: флакон 1г. Бұлшық етке 1г күніне 1 рет енгізіледі.

Туберкулезге қарсы қолданылатын антибиотик. І қатардағы препараттардың әсері болмағанда өкпе туберкулезінде қолданылады.

Жағымсыз әсері: бүйректі зақымдайды, уытты нефрит туғызуы мүмкін, құлақтың есту қабілетін нашарлатады, бауырдың қызметін бұзады, аллергиялық реакциялар, қанның құрамын өзгертеді.

Жас балаларға, екі қабат және емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Парааминосалицилат натрийі / Natrii para-aminosalicylas/ ПАСК

Шығарылатын түрі: ұнтақ; таблетка 0,5г; флакон 250; 500мл 3% ертінді.

Туберкулезге қарсы әсер ету механизмі сульфаниламидтерге ұқсас. ПАСК туберкулез микобактериясының өсуіне қажетті пара-аминобензой қышқылының антогонисі болып келеді. Тек туберкулез микобактериясына бактериостатикалық әсер етеді, басқа микроорганизмдерге әсер етпейді. Стрептомицинмен және изониазидтермен салыстырғанда туберкулезге қарсы әсері әлсіз. Сол себептен ПАСК және оның туындылары өз бетінше тағайындалмайды, басқа препараттармен бірге қосып туберкулездің әртүрлі түрлерінде қолданылады.

Жағымсыз әсері: аллергиялық реакциялар, диспептикалық өзгерістер, бауырға, бүйрекке, қалқанша безге уытты әсер етеді.

Бауыр, бүйрек ауруларында, қалқанша бездің гипофункциясында, ойық жараларда, жүрек кемшілігінде қолдануға болмайды.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ЕМЕС TYPI

Спецификалық:

- вакцина және БЦЖ ревакцинациясы

Спецификалық емес:

- салауатты өмір салты;

- тиімді тамақтану;

- дене шынықтыру белсенділігі;

- зиянды әдеттерден бас тарту.

 

Диогностика

Микробиологиялық диагностика

Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды. Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады. Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді(қышқыл қосады және сілтілі). Ниацин сынамасы. Ниацинды барлық микобактериялар тузеді және рибонуклеатидке айналдыратын фермент тузеді, бірақ туберкулез таяқшасы осы ферментті тузбейді. Туберкулез таяқшасы ниацин қөрек ортасында жинақтайды. Сондықтан ортада ниацин анықтау керек. Қөрек ортанын устінен 4%спирт және 10 % цианоген бромид қосамыз, ортада ниацин болса сары түс пайда болады. Аллергиялық әдіс. Манту сынамасы – вакцинаны еккенде, бір ай дан кейін жүргізеді. Тері астына туберкулин егеді, 42 сағ. кейін инфилтратты өлшейді. Осы сынама вакцинаның әсерінен түзелетін иммунитетті теқсереді. Экспресс-әдіс –Прайс микродақылдар әдісі. Туберкулездің микробиологиялық диагноз қою тәсілдері. Зерттеу заттары: қақырық, зәр, нәжіс, қан сарсуы т.б. Зерттеу тәсілдері: микроскопиялық (қарапайым, люминисценттік) микробиологиялық (таза дақыл бөліп алу) биологиялық серологиялық (сирек қолданылады) аллергологиялық (Манту, Пирке сынақтары) Экспресс (шұғыл) диагностика — ИФР (РИФ).ПТР (ПЦР)

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1890 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

Тыныс алу жүйесін зерттеудің аспаптық және зертханалық әдістері

Спирометрия. Спирометрия— өкпенің тіршілік сыйымдылығының (ӨТС) және оны құрайтын ауа көлемдерін анықтайтын әдіс. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы — адамның максимальді дем алып, дем шығарғандағы ең үлкен көлемді ауа. Өкпенің көлемдері және сыйымдылығы көрсетілген, олар өкпенің функциялық жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар дем алу қозғалысы мен өкпенің көлемі және сыйымдылығының байланысын сипаттайтын пневмограмма көрсетілген. Өкпенің функциялық жағдайы адамның жасына, бойына, жынысына, физикалық дамуына және т.б. факторларға байланысты болады. Зерттелетін адамның тыныстық функциясын бағалау үшін, оның анықталған өкпе көлемдерін соған сай міндетті өлшемдермен салыстыру керек. Міндетті өлшемдерді формула немесе номограмма арқылы есептеуге болады. Олардың +/- 15 ауытқуы айтарлықсыздай деп есептейді. Спирометр құралы. Және спирометрияны жүргізу кезіндегі көрініс Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді анықтау үшін сулы немесе құрғақ спирометр қолданылады. Спирометрдың мунштугін спиртке матырылған мақтамен сүртеді. Зерттелуші максимальді дем алғаннан кейін спирометрге максимальді терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТС-ның көлемін анықтау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек. Әрбір қайталаған сайын спирометр шкаласын бастапқы сызыққа қойып отыру керек. Ол үшін сулы спирометрдің ішкі цилиндрінен тығынды алып, цилиндрді төмен түсіреді, ал құрғақ спирометрде өлшейтін шкаланы айналдырып, нөлдік белгіні сызықпен теңестіреді. Зерттелушіні тұрғызып, жатқызып және физикалық жүктемеден кейін де анықтайды. Әр түрлі өлшеу қорытындыларын бір-бірімен салыстырады. ӨТС құрайтын өкпе көлемдерін өлшеу үшін спирометрді үш жолды кранмен ауызға киілетін клапанды қондырғымен жалғастырған тиімді. Зерттелуші мұрынын мұрын мұрын қысқышпен жауып, ауыз қуысындағы клапанды қондырғы арқылы дем алады. Алдымен үш жолды кранды дем шығарған ауа атмосфераға шығарылытындай етіп орналастырады. Зерттелуші ауызға киілетін құрал арқылы дем алуға бейімделгенде, үш жолды кранды дем шығарған ауа спирометрге баратындай етіп орналастырады. Тыныстық қозғалыстар саны анықталады. Спирометр көрсеткішін спирометрге шығарылған дем шығару санына бөліп, тыныстық ауа көлемін анықтайды. Дем шығарудың резервті көлемін анықтау үшіе әдеттегі кезекті дем шығарудан кейін спирометрге терең дем шығаруды сұраймыз. Спирометр шкаласын дем шығарудың резервтік көлемін анықтайды. Анықтауды бірнеше қатар қайталап жасағаннан кейін, зерттеулердің орташа мәнін табады. Дем алудың резервтік көлемін екі тәсілмен анықтайды. Есептеу және спмрометрмен өлшеу. Есептеген кезде өкпенің тршілік сыйымдылығынан тыныстық ауа көлемімен дем шығарудың резервтік көлемі қосындысын шегеру арқылы табады. Екінші тәсілде спирометрге белгілі көлемде ауа ендіріледі де, қалыпты дем алғаннан соң зерттелушінің спиримтрден максимальді терең дем алуын сұрайды. Спиромтрдегі әуелдегі ауа көлемімен терең дем алғаннан кейінгі ауа көлемдері айырымы резервті дем алу көлеміне сай келеді. Қалдық көлемді анықтайтын тура әдіс жоқ болғандықтан, оны жанама әдіспен анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш ӨТС 25-30% құрайды деп есептейді. Тыныс алудың минуттық көлемін тыныштық күйде және жұмыс барысында анықтау. Тыныс алудың минуттық көлемі – ол 1 минут ішінде дем алған немесе дем шығаран ауа көлемі. Тыныштық күйде ересек адамның минуттық тыныс алу көлемі 6-8 л, ал жұмыс кезінде 120-140 л дейін жетеді. Минуттық тыныс алу көлемі өкпе вентиляциясын бағалауға мүмкіндік беретін өлшем. Өкпе вентиляциясын өлшеуге арналған жүйені жинақтайды. Зерттелуші аузына дезинфекцияланған ауызға киетін құралды киіп, зерттеу барысында клапанды қондырғы арқылы дем алыды. Зерттелушінің мұрнын арнайы қысқышпен қысады. Зерттеу барысында зерттелуші ауызға жабатын құрал арқылы дем алып үйренгенше 1-2 минутқа үш жолды кранды шығарылатын ауа атмосфераға кететіндей етіп қояды. Одан кейін үш жолды кранды деммен шығарылған ауа Дуглас қапшығына және осы уақыт арасындағы тыныстық қозғалыс санын санайды. Содан кейін үш жолды кранды жауып, Дуглас қапшығын газды есептегішке жалғап, қапшықтағы ауаны сол арқылы өткізіп, ішіндегі ауа көлемін анықтайды. 40 литрлік Дуглас қапшығын 80 литрлік қапшыққа ауыстырып зерттелушінің арқасына бекітіп қояды. Зерттелушіге велоэргометр көмегімен 3 минут бойы жұмыс жасатқызады, оның барысында дем қапшыққа шығарылады. Жұмыс кезінде дем алу жиілігін санайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін, дем шығарғандағы ауа көлемін газды есептегіш арқылы анықтайды.. Пневмография— тыныстық қозғалыстарды тіркеу. Ол тыныстың жиілігін және тереңдігін анықтауға, дем алумен дем шығарудың ұзақтылығы қатысын білуге мүмкігдік береді. Сау ересек адам минутына 12-18 рет дем алады. Дене жұмысы кезінде дем алу жиілігімен тереңдігі өзгереді. Сондай-ақ тыныстық ырғақ өзгерісін жұтынғанда, сөйлегенде, тынысты уақытша тоқтатқанда және т.б. бақылайды. Пневмограф құралы Тыныс алу циклы бір-бірінің соңынан үзіліссіз жүретін екі фазадан тұрады: дем алу және дем шығару. Кеуде қуысының тыныстық қозғалысын тіркеу (пневмография) тыныстық қозғалыстардың ауалы жолмен жазатын рычажокқа берілуі арқылы іске асады. Алынған жазу пневмограммадан тыныс алу фазаларының ұзақтылығы, тыныстық жиілігі мен оның терңдігі және бұл көрсеткіштер адамның физиологиялық жағдайларына: тыныштықта, қозғалыста т.б. байланыстылығын білуге болады. Жалпы көп таған пневмограф ұзыншақ резенкелі камерадан, оны сыртынан қаптап тұрған маталы қапшықтан және онымен резенке түтік арқылы үзіліссіз байланысқан Марей капсуласынан тұрады. Кеуде қуысына манжетканы байлайды. Манжетканы үш жақтылы қосқыш арқылы марей капсуласымен жалғайды. Тіркеуші жуйеге аздап ауа ендіріп, кеуде қозғалыстарын тіркей бастайды. Кеуде қуысындағы қозғалыстар штативтен марей капсулпсына беріледі де, бір минуттағы тыныс қозғалыстары есептеледі. Сонан кейін орнатылған арнай қаламды кимографқа тигізіп, пневмограмманы жазуға кіріседі. Тыныштық күйдегі тыныс алу. Терең тыныс алу. Жуктемелік жұмыстан кейінгі тыныс алу (10-12 рет тұрғаннан кейінгі) Декларация кезіндегі тыныс алу. Жөтелу кезіндегі тыныс алу. Тынысты тоқтатқан кездегі тіркеме. Жиі үстірт тыныс алу. Рентгенопневмополиграфия Гректің pneuma ауа + poly көп + grapho жазу,салу деген сөзден шыққан. Бір пленкадағы көкірек клеткасының функциясын зерттеу мақсатында әр түрлі тыныс алу фазаларын түсіретін рентгенологиялық зерттеу. Рентгенопневмополиграфияның екіфазды түрінде бір пленкада екі снимок жасалады, ол тыныс алу мен тыныс шығару. Төртфазды рентгенопневмополиграфияда 4 түсірілім жасалады, ол жай тыныс алу, терең тыныс алу, жай тыныс шығару, терең тыныс шығару. Рентгенопневмополиграфия полиграфияның бір түрі. Ол рентгендік аппаратқа арнайы рентгенопневмополиграфиялық растрдың орнатылуына негізделген. Ол төртбұрышты (20*20 мм) реттеуіш қатарлардан тұратын қорғасынды пластинка. Қалыпты жағдайда рентгенопневмополиграммада ақ және қара төртбұрыштар кезектесіп орналасуы керек. Қалыпты жағдайдағы екі фазалы рентгенопневмополиграмма. Қара төртбұрыштар тыныс шығару фазасын көрсетсе, ақ төртбұрыштар тыныс алу фазасын дұрыс келіп тұр. Өкпе эмфиземасы кезіндегі түсірілім. Төртбұрыштардың оптикалық тығыздығы сәйкес еместігі көрінеді. Диафрагма мен қабырғалардың қозғалысы төмендеген. Сол жақ өкпенің жоғарғы бронхтарының өткізгіштігі төмендеуінің бастапқы сатысы. Өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі төртбұрыштардың оптикалық тығыздығының толық сәйкес емес екені көрінеді. Бронхофония. Бронхофония стетоскоп немесе фонендоскоппен сыбырлағандағы сөздерді есту арқылы жасалынады. Науқастан ызыңдаған, ысылдаған дыбыстары (ч,р) бар көрсетілген, яғни барлығы сөздерді сыбырлап айтуды сұраймыз (қырық төрт, бір шыны шай) фонендоскопты наукқастың салыстырмалы аускультация жасаған орындарынан қойып тындау керек. Сау адамдардан бұл сөздерді сыбырлап айтқанда өкпе үстінен түсінбейтін, анық емес сөздердің дыбыстары есиіледі. Бронхофония мен дауыс дірілін зерттеу әдістерінің физикалық негіздері бірдей. Өкпедк немесе өкпе қабы қуыстарында патологиялық үдерістер кезінде бронхофония күшееді, кейде оның әлсіреуіде мумкін. Бронхофонияның күшеюі өкпе тінінің тығыздалуы кезінде (өкпе қабынуы, өкпе туберкулезі, өкпе инфаркті) немесе өкпеде қуыс пайда болған (каверна, абцесс, ірі бронхоэктаз) шақта анықталуы мүмкін. Тығыз өкпе тіні дыбысты жақсы өткізеді, соған байланысты бронхофонияда күшейеді. Брохофонияның күшеюі каверна үстінен де анықталады, бұл жағдайда каверна қуысы дыбыстың өзі резонанс заңы бойынша күшейтеді және өкпе қуысы айналысындағы тығыз, реактивті қабынған өкпе тіні тығыз болғандықтан күшейген дыбыс құлаққа бронхофония, сонымен қатар компрессиялық ателектаз және ашық пневмоторакс кезінде анықталыды. Бронхофонияның әлсіреуі дауыс дірілінің әлсіреуіне сәйкес келеді (экссудатты плеврит, гемо, пневмоторакс, обтурациялық ателектаз). Рентгенологиялық зерттеу.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1521 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

Туберкулинодиагностика:Манту сынағы жүргізіледі – тері ішіне 2 туберкулин бірлігі енгізіледі.72 сағаттан кейін нәтижесі бағаланады.Егер папула диаметрі 4 мм жоғары болса Манту сынағы оң болып есептеледі.

Перзентханада БЦЖ вакцинациясы жасалмаған балаларға БМСК мекемелеріне вакцинация жасалады және де 2 айға дейін вакцинация алдында туберкулинді сынама жүргізілмейді де 2 айдан асса – Манту сынамасының теріс нәтижесінде ғана.

Вакцинация жасалған және перзентханадан шығысымен бактерия бөлушімен қарым-қатынас жағдайына түсетін балаларды жаңа туылған нәрестелерді күту бөлімшеелерінде немесе сәбилер үйінде кем дегенде 2 ай бойы оқшаулау қажет (туберкулезке шалдыққан науқасты оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда).

Егер сәбидің анасы туберкулездің белсенді түріне шалдыққан болса,нәрестені 3 ай бойы химиопрофилактика жүргізу үшін оқшаулайды.Содан кейін 2 ТБ Манту сынамасы жасалады.Манту сынамасы оң нәтижелі болса,изониазидпен химиопрофилактика 6 айға дейін созылады.Манту сынамасы теріс нәтижелі болса,БЦЖ вакцинасы егіліп,анасынан иммунитет түзілгенге дейін тағы 2 ай бойы оқшауланады.

Егер анасындағы туберкулез босанар алдында анықталған болса,нәресте (мүмкін болса сәбидің жолдасы/плацентада) туа біткен туберкулезге тексерілуі тиіс.

БЦЖ ревакцинациясы:

- Дені сау ТМБ жұқпаған Манту сынамасы теріс нәтижелі 6 жасар (1-сынып) балаларға жасалады;

- Күмәнді реакциясы бар балаларға 2 ТБ Манту сынамасы 3 айдан кейін;

- Қайта жүргізіліп және оның нәтижесі теріс болған жағдайда БЦЖ ревакцинациясы жасалады;

- Ревакцинациясы БМСК мекемелерінің медицина қызметкерлері жүргізеді,Республика бойынша мектептерде бір уақытта 6 жасар оқушылар арасында оқу жылының 1ші айында ұйымдастырылады.

Пайдаланылған әдебиттер:

1. Справочник фтизиатра Н.А.Шмелева

В.Л.Эйниса

2. Скорая медицинская помощь Б.Д.Комарова

3. adilet.zan.kz

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/4695

Зертханалық зерттеу әдістері Қақырықты зерттеу. Қақырық деп жөтелу және қақыру кезіндегі ішкі тыныс алу жолдарынан бөлінетін патологиялық затты айтамыз. Шырышты қақырық әдетте түссіз немесе сәл ғана ақтау, тұтқыр болады. Сірлі, ұйыма қақырық түссіз, сұйық, көбікті болса ол өкпе ісінуіне әкеледі. Кілегейлі іріңді қақарық сары немесе жасыл түсті, тұтқыр, созылмалы бронхит, туберкулез т.б. аурулар кезінде байқалады. Нақты іріңді қақырық біркелкі, жартылай сұйық, сарғыш жасыл түсті болса, ол іріңді абцестің жарылған кезінде болады. Қанды қақырық өкпеден қан аққанда (туберкулез, рак, бронхоэктаздар) таза қан түрінде болуы мүмкін. Ол қан аралас түрінде де болуы мүмкін. Егер қан баяу бөлінсе, оның гемоглобині гемосидеринге айналады да қақырыққа қызғылт-қоңыр тот түсін береді, бұл крупозды пневмонияға тән. Қақырықта көзге көрінетін бөлек элементтерде болуы мүмкін Куршман спиральдері кішкентай тығыз ақ түсті ирелендеген жіптер тәрізді болады. Олар фибрин ұйындысы болып есептелінеді, ақшылдау және қызылдау ағаш тәрізді бұтақталған түзілістер, бұлар фибринозды бронхитте, кейде пневмониялар кезінде де байқалады. Өкпе тіні ыдырағанда қақырықта эластикалық талшықтар пайда болады. Гангрена кезінде олар көбінесе байқалмайды, себебі олар анаэробты флораның ферменттерімен ерітіліп кетеді. Эластикалық талшықтар иреңдеген екі контурлы, ұзындығы мен жуандығы біркелкі, дихотомиялық бұтақталған. Ол талшықтар өкпе көпіршіктерінің орналасуын сақтаған түрінде кездеседі. Олар қақырықтың кез-келген талшығында табыла бермейтіндіктен, зерттеуге оңай болу үшін оларды қоюландырады. Ол үшін қақырықтың бірнеше милиметріне біпдей немесе екі есе мөлшерде NaOH 10 процент ерітіндісін қосып, оны шырыш ерігенше қыздырады. Бұл жағдайда шырышпен бірге эластикалық талшықтардан басқа формалық элементтер де ериді. Суытқаннан кейін сұйықтыққа эозиннің 1 процент спиртті ерітіндісінің 3-5 тамшысн қосып, центрифуга арқылы тұндырады. Бұл кезде эластикалық талшық жоғарыда айтылған сипатын сақтайды және алқызыл түсті болып, айқын көрініс табады.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1521 Материал көшіргенде, KazMedic.kz сайтына сілтеме міндетті

Рентгенологиялық зерттеу. Тыныс алу органдарына рентгенологиялық зерттеулер жасалынады. Ал кейбір түсініксіз жағдайларда диагнозды дәлдеу үшін рентгонография. Томоргафия және бронхография әдістері қолданылады. Қалыпты жағдайда өкпе тінінде рентген сәулелері тоқтамайды. Сондықтан, экранда өкпе екі ақшыл алаң ретінде көрінеді, ішінде өзіне тән қан тамырлармен бронхылар орналасқан, өкпе түбірінде әсіресе айқын көрінетін түбі бар. Ірі және орташа бронхтар бұл жағдайда өз қабаттарының жай ғана көлеңкесімен шектелген ашық тілімдер болып көрінеді, ал қан тамырлар болса, ол қанмен толық болғандықтан үзіліссіз сызық тәрізді көлеңкелер тәрізді көрінеді. Егер бронхылармен қан тамырлар көлденең кемкінмен түссе, онда жай ашық дөңгелектер болып көрінеді. Зерттегенде ең ашық болып өкпенің төменгі бөліктері көрінеді, өкпе ұштарының ашықтығы төмендеу болады, өйткені олар қалың бұлшық еттермен жабылып тұрады.

Ақпарат көзі: http://kazmedic.kz/archives/1521

Пайдаланылған әдебиттер:

1. adilet.zan.kz

2. №19 бұйрық Алматы 2014

3. Ішкі аурулар С.Қ.Асауова С.Қ.Валишваева

Мейірбике рөлі

Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері: жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінік. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету;

1) Кеуде торының ауруы -

Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:

·Дәрігерге айту

·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу

·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз

·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру

·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек

·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.

2) Жөтел құрғақ немесе қақырық бөлінуімен болады. Жөтел көбінесе түнде мазалап, ұйқы бермей, кеудеде ауырғандық тудырып, көгеру, құсумен бірге жүреді.

· Көмек: Науқасты төсекке жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

· 3) Туберкулез ауруымен ауыратын пациентке аса назар аудару қажет, олардың бронхтары жиырылуынан тұншығуы мүмкін. Мұндай кезде пациент тұншығады, көгереді, жан ұшырып, өз күйін жеңілдетуге тырысады. Мейірбике алғашқы дәрігерге дейінгі жәрдемді көрсете отырып, пациенттің бас жағы көтерілген төсекке ыңғайлы етіп отырғызуы, палатаға таза ауа жіберуі, пациентті жауратып алмай, оттегін жұтқызуы тиіс. Кеуде қуысына қыша қою, сондай-ақ аяғын қыша ваннаға салу жақсы әсер етеді.

·Келесі іс-әрекеттерді дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіңіз: көк тамырға эуфиллин 2,4, преднизалон, дексаметазон т.б. дәрілерді енгізу керек.

Спазмалитиктер – эуфиллин (1 мл 24% ерітінді де) бұлшық етке.

Жөтелге қарсы препараттар – жөтел өкпелік артериальдағы қысымды көтереді. Жөтелді төмендету және азайту үшін бромгексин, атровента және т,б тағайындайды және қосалқы дәрі ретінде атрофин сульфатын (1мл 0,1%) ерітіндісі тері ішіне өйіткені ол жөтел рефлексін төмендетіп бронхоспазымның жұмысын реттейді.

 

4) Жөтелу - тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.

Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда болады.

Көмек:

Құрғақ жөтел кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді тағайындаймыз.

Ылғалды жөтел кезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру және оны қолдану үйрету.

Қалта түкіргішін қолдану ережелері:

Материальды жабдықталуы: қалта түкіргіші, зарарсыздандырушы ерітінді.

Іс -әрекеттер кезектілігі:

1.Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру

2.Науқасқа таза құрғақ түкіргішті беру

3.Қақырықты зарарсыздандыру мақсатында оның ¼-не зарарсыздандырушы ерітіндіні қую.

4.Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп тастау керек, ал түберкулез ауруында – опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек.

5.Қолданып болған соң, қалта түкіргішті зарарсыздандыру керек (60 мин).

6.Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.

5). Қақырық бұл жөтелгенде бөлінетін, тыныс алу жолдарының патологиялық секреті. Қақырықтың мөлшері әр ауруда әртүрлі болады. Катаралды бронхит және пневмониялық кейбір формасында тәулік бойында қақырық 1-2 рет ғана бөлінеді. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді. Қақырық көбінесе иіссіз болады.

 

Туберкулез ауруының алдын алудағы мейірбике рөлі

Мейірбикенің туберкулезбен ауыратын пациенттермен жұмыс жасау ерекшелігі қандай?

Туберкулезбен ауыратын пациенттермен жұмыс жасайтын мейірбике өте аңғарымды және өте төзімді болуы қажет.Пациенттрерге жүргізілетін ем шараның маңыздылығын түсіндіруі қажет. Пациенттің жеке бас гигиенасын сақтауы кезінде мейірбикенің ролі ерекше болып табылады.

Мейірбикенің атқаратын қызметіне дәрігердің тағайындауын дұрыс орындау кіреді.Барлық дәрілерді пациент уақытылы қабылдауы қажет (тамаққа дейін,тамақтан кейін).Пациент дәрілерді мейірбикенің қатысуымен көзінше қабылдауы қажет.Мейірбике пациенттің дәрілерді уақытылы дұрыс қабылдауына жауапты.

Дезинфекциялық шараларды жүргізу кезінде ең маңыздысы қақырық және түкіргішті дезнфекциялау.Туберкулез кезінде дезинфекцияның тиімді түрі физикалық дезинфекция.2% сода ертіндісінде түкіргішті қақырықпен бірге 15 минут қайнатып,содан кейін ғана қақырықты су құбырына төгуге немесе топыраққа көміп тастауға болады.

Қайнату мүмкіншілігі болмаған кезде химиялық дезертінділерді қолдануға болады. Химиялық дез ертінділерге кіреді:хлорамин,натрий немесе калий тұзы,хлор-бета-нафтол және бензил-фенол.

3. Жеке бас гигиенасы ережесін сақтау – жуу құралдары мен ағын суды пайдаланып қолды, ыдысты жуу, бөлмеге ылғалды тазалық жүргізу және желдету.
4. Дұрыс тамақтана отырып (ет, сүт өнімдері, балық, дән тағамдары, көкөністер мен жидектерді асқа жеткілікті мөлшерде пайдалану), салауатты өмір салтын ұстану, тұрақты түрде денешынықтыру жаттығуын жасау, қалыпты демалыс, таза орта, темекі, алкоголь, есірткіден аулақ болу.
5. Жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану.
6. Ет пен сүтті міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу.
7. Қоршаған орта гигиенасы, мақсаты – анықталмаған және уақтылы ем қабылдамаған науқастардан ауруды жұқтыру қаупін төмендету:

1.үйді тұрақты түрде желдету;
2. айналаңдағыларға түкіру – жұқпалы аурудың тарауына ықпал ететін жағымсыз әдет екенін түсіндіру.

Туберкулезбен ауыратын пациент қоғамда және отбасында туберкулезді жұқтырудың алдын алу үшін төмендегідей жеке бас гигиенасын сақтауы қажет:

u



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Обработка и интерпретация результатов теста | Финансовая система России.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2957 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2183 - | 2123 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.