Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Осиінді бұлғақты механизм мен газтаратушы механизмдер бойынша диагностикадан өткізу және реттеу жұмыстары




Тәжірибелік жұмыс

«Қосиінді бұлғақты механизм»

Қозғалтқыштың қосиінді бұлғақты механизмінің құрамына- қозғалтқыштың негізі жатады. Атап айтсақ: цилиндрлер блогі, цилиндрлер, цилиндрлер блогінің басы, картер түбі, сақинасы бар және піспекті саусақтары бар піспектер, бұлғақ, иінді білік, маховик.

1 Шығыр және цилиндрлер қалпақшасы Цилиндрлер шығыры. V-тәрізді қозғалтқыштардың цилиндрлер шығыры (1-сурет) массивті құйылған тұрқыдан (3) тұрады, тұрқының сыртына және ішіне механизмдер мен жүйелер орнатылады.

1- сурет. V-тәрізді қозғалтқыштың цилиндрлер шығыры: а- жалпы көрініс; б- артынан қарағандағы көрінісі.

Шығырдың төменгі бөлігінде, (4) көлденеңінде картердің құйылуы орналасқан, иінді біліктің мойынтіректеріне (6) арналған тіректі ұялар орналасқан. Мұндай құймаларды көбіне картер шығыры (5) (блок-картер) деп атайды. Цилиндрлер шығырының ортасында, таратушы біліктің тіректі мойынына арналған сырғанау мойынтіректерін орналастыратын тесіктер (7) бар. Шығыр қуысының жазықтығы иінді біліктің өсімен өтуі мүмкін немесе өске қарасты төмен ығысқан болуы мүмкін. Майдың резервуары ретінде қолданылатын штампталған түп, картер шығырдың төменгі жағына бекітіледі. Шығырдағы каналдар бойынша түптегі (поддон) май үйкелісте болатын қозғалтқыш бөлшектеріне беріледі.

V- тәрізді қозғалтқыштардың (ЗИЛ-130, ЗМЗ-5311, ЯМЗ-238 және басқалар) цилиндрлер шығырының беріктігін арттыру үшін оның жазықтығын ағытпалы етіп жасайды және оны иінді біліктің өсінен төмен етіп орналастырады. Құйылған цилиндрлер шығырында қозғалтқышты сұйықтық пен суытуға арналған шығыр қабырғалары және құралмалы гильзалардың (2) сыртқы қабырғалары арасында жазықтық 8- ге сай келетін (1,б-сурет) көйлекше орналасқан. Цилиндрлер шығырының екі жағынан да екі канал 1 (1, а-сурет) орналасқан. Осы аталғандар арқылы сұйықтық суытушы көйлекшеге беріледі. Цилиндрлер шығырының алдыңғы бөлігіне таратушы тісті доңғалақтардың қақпағы, ал артқы бөлігіне ілінісу муфтасының картері бекітіледі.

Цилиндрлер шығыры сұр шойыннан құйылады (ЗИЛ, КамАЗ, МАЗ и ВАЗ автомобиль қозғалтқыштары) немесе алюминий қорытпасынан (ГАЗ-З110 «Волга», «Москвич 21412» автомобильдерінің қозғалтқыштары) құйылады.

Қозғалтқыштың жұмыстық циклі, цилиндрлердің жұмыстық беттерімен пайда болған (2- сурет) және тұйықталған кеңістікте жүзеге асады, ол өз алдында піспек қозғалысын бағыттаушы және цилиндрлер шығырының қалпақшасы піспек және піспекті сақиналардың тығыз астасу және олардың арасында пайда болатын үйкеліс күшінің шамасын азайту мақсатында цилиндрлердің ішкі қуысын дәлдіктің жоғары дәрежесімен және тазалықтың жоғары дәрежесімен өңдейді. Сондықтан да оны цилиндрлер айнасы деп атайды. Цилиндрлер айнасына ұсақ (ромб тәрізді) тор орналастырады, ол майлау материалын жақсы ұстап қалуға мүмкіндік береді.

Цилиндрлерді шығырдан (1) бөлек алынып- салынбалы гильза ретінде жасайды немесе суытушы көйлекше (2) қабырғаларымен біртұтас ретінде құйып жасайды (2, б-сурет). Алынып -салынбалы гильзаларды «құрғақ» гильзалар (5), әрі олар жондырылған шығырға престелген (2, а-сурет), және ауыспалы «сулы» гильзалар 7(2, в—д -сурет), суытушы сұйықтықпен сыртқы жағынан шайылатын деп ажыратылады.

Цилиндрлердің жоғарғы бөлігі, жұмыстық қоспаның жануы кезінде қатты қызады және жанған өнімнің қышқылдық әсеріне душар болады, сондықтан цилиндр шығырының жоғарғы жағына немесе гильзаның ережеге сәйкес қысқа ендірме (3) престелінеді. Құрғақ гильзалар ұзындығы 40—50 мм (ЗИЛ- 4331, ГАЗ-З110 «Волга», ГАЗ-5312 және т.б. автомобиль қозғалтқыштарында) болады. Ендірме З-ті (2, д-суреті) жоғары тозу мен коррозияға төзімді легірленген шойыннан өндіреді.

Сулы гильзаны орналастырғанда оның үйіндісі (6) (2, в-сурет) ағытпа жазықтығынан 0,02—0,15 мм-ге дөңестеніп тұрады. Ол цилиндр қалпақшасы және шығыр арасында, үйінді төсемені (4) қысу арқылы гильзаны тығыздау үшін арналған (2, а-сурет). Гильза төменгі жағынан екі резеңкелі сақинамен тығыздалады (8) (2, г-сурет) (ЗИЛ-4331, ЯМЗ- 236, КамАЗ-740 және т.б. қозғалтқыштар) немесе мыс төсемемен (9) (2,д-сурет), гильзаның төменгі белдеме жанында (ГАЗ, «Москвич» және т.б. автомобильдер қозғалтқыштарында) орналасады.

2-сурет. Қозғалтқыш цилиндрлерінің сұлбасы: а- құрғақ гильза; б- құрғақ қысқа ендірмемен; в-д- сулы гильзалар.

Қозғалтқыштарда сулы гильзаларды қолданудың маңыздылығы олардың жақсы жылу өткізгіштігінде болып табылады, нәтижесінде жұмысқа жарамдылық және цилиндрлі піспекті топтың бөлшектерінің жұмыс мерзімі артады, қозғалтқыштың жөндеуіне байланысты шығындар азаяды.

2 Піспекті топ және бұлғақ. Піспек жұмыстық жүріс ырғағында газдардың қысымын өзіне қабылдап, яғни, қозғалысты бұлғақ арқылы иінді білікке береді. Піспек үш бөліктен тұрады: (3-сурет) түп (5), етек (7) және піспекті сақинаға арналған шиыршықтары ойылып жасалған, сондай-ақ цилиндр айнасы бетімен жанасатын тығыздағыш бөлігінен (6) тұрады.

3- сурет. Піспектер: а- карбюраторлы қозғалтқыштар; б- КамАЗ- дизелі; в- ЯМЗ- дизелі.

Карбюраторлы қозғалтқыштардың көп тарағаны өндірісте жеңіл болуымен жазық түбі айқын (3.а- сурет) бедерленген. Түп (5) және тығыздағыш бөлігі, (6) яғни, піспек басын құрайды, мұнда компрессионды және май ысырғыш сақиналар (3) орналасады. Сақиналардың саны иінді біліктің айналу жиілігіне және қозғалтқыштың түріне байланысты. Піспек қалпақшасы мен цилиндр қабырғасының арасындағы саңылау 0,4- 0,6мм аралығында болады.

Цилиндрдегі піспектің қозғалысын бағыттаушы болып етек, (7) ол көлденең қимасында конус тәрізді қимаға ие болып табылады. Ішкі жағынан ол суытушы қабырғалар және құйылмаларға ие — бөбешік (2) піспекті саусаққа арналған тесігі бар (8) (3. в-сурет). Кейбір қозғалтқыштарда піспек түбінде бір жағынан Т- немесе П-тәрізді жылулық жырашықтар кесілген. Олар піспектің қызуы кезінде кептеліп қалмауын ескертіп отырады. Оның етегі және цилиндр айнасы арасындағы саңылау піспектің оңай қозғалуы үшін қажет. Қалыпты жылулық күйде (80—95 °С) қозғалтқыштардың әртүрлі моделдерінде саңылау 0,04—0,08 мм-ге тең болады.

Піспекті сақиналар жану камерасын тығыздағанда және піспек, цилиндр және жырашық бөлшектерінің мықты бітелуін қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ жұмыстық қоспаның жануы кезінде жылудың көп көлемі піспекпен қабылданып және одан піспекті сақиналар арқылы бұрылып аластатылады. Піспекті сақина (4-сурет) өзіндік құлып аталатын тегіс, саңылауы бар серіппеге ұқсайды. Аталған құлып арқылы сақинаны піспекке орнату мүмкіндігі туады және ол қозғалтқыштың жұмысы кезінде қызудан бөлек өз бетінше ұлғая алады.

4-сурет. Піспекті сақиналар: а- піспекті сақиналар түрлері; б-піспекте сақиналардың орналасуы.

Піспекті сақиналар- компрессионды және май ыссырғыш деп бөлінеді. Компрессионды сақиналарда 1 (4, а-сурет) піспектің жырашығына биіктігі бойынша анықталған (0,02—0,07 мм) саңылауы болуы шарт. Цилиндрде орналасқан піспекті сақиналар құлыптағы үлкен емес саңылауға дейін қысылады және тығыз түрде цилиндр түбіне қысылады, ол қозғалтқыш картеріне майдың және цилиндр айналма бетіндегі майдың жану камерасына түспеуін қамтамасыз етеді. Цилиндрдегі артық майды май ысырғыш сақина (2) картер түбіне ысырып тастайды.

Піспекті сақиналарды легірленген шойыннан, ал үлкен динамикалық жүктемеге ие қозғалтқыштарды арнайы болаттан жасайды. Жоғары компрессионды сақинаның тозуға төзімділігін арттыру үшін кеуекті хромдау технологиясынан өткізеді, ал қалған басқа сақиналарды жұмысқа бейімділігін арттыру үшін сынап немесе молибденнің жұқа қабатымен қаптайды. Шойыннан жасалған май ысырғыш сақинада (2) компрессионмен бірге майдың ағуына арналған тесіктер бар. Майды піспектің ішіне кіргізу үшін арналған сақина болады. Піспектің жырашығын екі немесе үш қатар қылып тесік жасайды. Кейбір қозғалтқыштарда болаттан жасалған алынып-салынбалы май ысырғыш сақиналар болады. Осы аталған ЗИЛ-130 қозғалтқыштың әр піспегінде үш компрессионды сақина және бір құралмалы май ысырғыш сақина қолданылады. Құралмалы сақина екі болаттан жасалған сақиналы дискіден (3) және екі кеңейткіштен: өстік (4) және радиалды (5)-дан тұрады. Сақиналардың ішкі цилиндрлік беттеріндегі қайралулар (8) піспектің түбінен жоғары қарай орналасуы керек. Төменгі компрессионды сақинаның (6) сыртқы беті кішірек конусқа ұқсас, ал қалған жақтары төмен қарап орналасқан. Ол піспек-цилиндр қосылысын жақсы қымтауға мүмкіндік береді. Көпшілік қозғалтқыштарда май ысырғыш шойынды және екі жоғарғы компрессионды сақиналарда құлыптағы саңылау 0,25-0,60 мм болады, ал төменгі сақинада — 0,15- 0,40 мм, ал май ысырғыш сақинаның сақиналық дискісіндегі құлып саңылауы 0,8-1,4ммге дейін жетеді.

Піспекті саусақ піспекті бұлғақтың жоғарғы қалпақшасымен топсалы түрде байланыстыруға арналған. Саусақтар арқылы көптеген жүктеме беріледі, сондықтан оларды соңынан цементтелген немесе жоғары жиілікті тоқпен өңделген, легірленген болаттан жасайды. Піспекті саусақ 6 (5-сурет) піспек (2) және бөбешіктерге (3) соңымен тірелетін, бұлғақтың жоғары қалпақшасынан өтетін және өте жақсы өңделген, сыртқы беті бар қуыссыз құбыр болып табылады.

Саусақтар бұлғақпен байланысына қарай малтымалы және бекітілген болып бөлінеді. Малтымалы піспекті саусақтар өте кең таралған, өйткені олар бұлғақтың жоғарғы жағында орналасқан төлке (7) және бөбешіктерде жақсы айналатындығымен ерекшеленеді. Піспектің бөбешік қайрауларында орналасқан стопорлы сақиналар (5) піспекті саусақтың өстік орынын ауыстырылуын болдырмайды. Болат және алюминий қоспаларының сызықты кеңею коэффициенті әртүрлі болғандықтан, жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта және піспектің бөбешіктерінде әртүрлі тықылдар болуы мүмкін. Бұл құбылысты болдырмау үшін бөбешіктердегі саусақты 0,01-0,02 мм тартып орналастырады.

Бұлғақ иінді біліктің қос иінімен піспекті біріктіреді және жұмыстық жүріс ырғағында піспектегі газдардың қысымын беретін жүктемені иінді білікке, сондай-ақ, көмекші ырғақтарда (кіргізу, сығу, шығару) керсінше иінді біліктен піспекке жүктеме беру қызметін атқарады. Қозғалтқыштың жұмысы кезінде бұлғақ өте күрделі қозғалыс жасайды: ол цилиндр өсімен қайтара қозғалыс жасайды және піспекті саусақ өсіне қарасты тербеліс жасайды. Бұлғақ (5-сурет) қос таворлы қимаға ие өзек (9), жоғары қалпақша (8), төменгі қалпақша (1)3, және қақпақтан (12) тұрады. Бұлғақтың өзегінде (9) малтымалы піспекті саусақтың мәжбүрлі түрде майлануы үшін өтпелі тесік май каналымен бұрғыланады. Бұлғақ легірленген немесе көміртекті болаттан жасалады. Ережеге сәйкес, төменгі қалпақша (13) бұлғақ өсіне перпендикуляр қуыс жазықтықта орналасуы тиіс. Егер төменгі қалпақша мәнді өлшемдерді иемденіп, цилиндр диаметрінен үлкен болса, (ЯМЗ қозғалтқыштарында), қалпақшаның қуыс жазықтығын көлбеу етіп жасайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2911 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2294 - | 2065 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.