Лекции.Орг


Поиск:




Цилиндрлердегі және қарқындық желідегі лүпілдеулер




Зерттеулермен анықталғандай, айдау циклін іске асыру кезінде цилиндрде және қарқындық желіде мәжбүрлік (поршеньдық) те және еркін де қысым тербелістері пайда болады. Еркән тербелістері поршень жиілігіне қабатасатын ескере, көрсетілген процестерді жекелеп қарастырамыз.

Мәжбүрлік тербелістер. Берудің бір қалыпты еместігін септеулердің алынған нәтижелерін және нақтыланған әдістемесін пайдаланацилиндрдегі және қарқынды желідегі тербелу процестерінің талдауы жүргізілген. Қысқа және ұзын құбырлардағы процестерді жеке қарастырамыз.

(13.П11), 13.П16)-(13.П19) теңдеулерін сызықтыққа айналдырамыз және аламыз:

(13.29)

Мұнда Qм – цилиндрлерден шығатын лездік жинақтық шығын; - сызықтыққа айналдырылған сыйымдылық сипаттамасы; - дросседің кедергі коэффициенті; Q0 – сораптың тұрақтанған орташа беруі; - цилиндрлер мен коллектордың сыйымдылық сипаттамасы.

(13.29) теңдеулер жүйесіне лаплас түрлендіруін қолданғаннан кейін коллектордыі ақырңы қимасындағы қысым кескінін анықтауға болады. Түрлендіру өте үлкен болғандықтан жеке жағдайларды қарастырамыз.

кезінде, аламыз:

. (13.30)

(13.30) өрнегі профессор И.А.чарный алған нәтижеге ұқсас.

кезінде, аламыз:

 


 

13.12-кесте

Өздігінен әрекет ететін клапанды сораптардың сору режимдері

Сипаттама- лар Кавитациясыз сору Кавитациялы сору
«шектеулі» «дамыған»
  Сору сынбағалары Г0 > Ги және Г0 > Гг   Рп >[ Рп ] және Г0 > Гн     [ Рпи ]< Рп ≤[ Рп ] немесе Г0 < Гн   Рп ≤[ Рпи ] және Г0 < Ги   Рп ≤[ Рпг ] және Г0 < Гг  
  Режимдердің басталу себептері     Маңызды газ мөлшері   Маңызды қосалқы қысым   Цилиндрдегі жоғары жиіліктегі тербелу процестері   Поршеньнің маңызды үдеуі   Цилиндр блогіндегі маңызды гидравликалық шығындар  
  Цилиндрдегі ағымдық есепті газ мөлшері   Г0 Г0      

 

 


. (13.31)

Алынған қатынас қосалқы компрессор (ҚК) жоқ кезде сорап шығысындағы қысымды анықтауға мүмкіндік береді.

(13.31) өрнекке сәйкес, коллектордағы және цилиндрдегі сұйықтың серпімділігі лүпілді сөндіруші функциясын орындайды, бұл жоғары жиіліктегі тербелістерді өшіру үшін өте маңызды. Мысал ретінде 13.11-суретте ҚК жоқ кезде сорап шығысындағы қысымның эксперименттік және есептік тәуелділіктері келтірілген. Алынған нәтижелер қысымның бірқалыпты еместігінің дәрежесі мен коэффициентін шығындар квадраттарының қатынасы ретінде анықтаудың дұрыс еместігін айқындайды.

 

13.11-сурет. Шығысында ҚК болмаған кезде НБТ-600 сорабының цилиндрінде қысымның өзгеруі: 1, 2-сұйық серпімділігі ескерулі және ескерусіз есептеу; 3-эксперимент

(13.29) теңдеудің талдауы 5 және 6 телімдердегі (13.7-сурет) сұйықтың инертциялығынан туындаған қысым лүпілі ҚК сөндірілмейтінін көрсетті, бұл тағы да эксперименттер нәтижесімен және пайдалану тәжірибесімен келіседі.

Қысымның тербелістерін ұзын қарқындық құбырда, мысалы, 13.2-суретте көрсетілгендей, құрамына бұрғылау құбырлары, тұптік қозғалтқыш, жыныстарды бұзушы құрал және құбыр сырты кеңістігі кіретін, циркуляциялық жүйені қарастырайық. Қарқындық жүйенің 5 және 6 телімдеріндегі (13.2-сурет) гидравликалық шығындарды ескермегенде және ҚК қысымның азғана өзгерісін қабылдап, (13.П11), (13.П16)-(13.П22) теідеулерін сызықтық түрге келтіреміз.

(13.32)

мұнда Vн56 – 5 және 6 телімдердің сыйымдылық сипаттамасы.

Алынған жүйеге гидравликалық төртполюстік теңдеуін пайдаланумен Лаплас түрлендіруін қолдана, ұзын желілердегі қозғалыс теңдеуіне қатысты коллектордың ақырғы қимасындағы қысымның кескінін анықтауға болады.

Түрлендірудің өте үлкендігін ескере, әрі қарай жеке жағдайларды қарастырамыз.

Коллектерда 4, ҚК тамақшасында 6 сұйықтың инерциялығын және коллектор мен цилиндрдегі сұйықтың серпімділігін ескермеген кезде, аламыз:

, (13.33)

мұнда - толқындық кедергі.

Қарқынды желінің ұзындығы өскен сайын қысымның амплитудасы үнемі төмендейді, ол максимумына lн7 =10-15 м кезінде жетеді. Қарқындық желінің ұзындығы 1200-1500 м асатын, жеткілікті ұзындықта болғанда, қарқындық желі ұзындығын одан әрмен ұзартқанда тербелу процестерінің қарқыны іс жүзінде өзгеріссіз қалады.

ҚК жоқ кезде, яғни Vн7 =0 кезде, аламыз:

. (13.34)

Бұл жағдайда қарқындық желі қысқа және орташа ұзындықтағы кезінде қысым лүпілінің қарқынды сөнуі де, көп есе үлкеюі де мүмкін.

lн7 жеткілікті үлкен мәндері кезінде қысым амплитудасы Н.Е.жуковский формуласыбойынша анықталатын соққы қысымынікінен артпайды:

, (13.35)

мұнда с - соққылық толқынның сұйықта таралу жылдамдығы.

Қарқындылық желісіндегі еркін жоғары жиілікті тербелістер. Құрылымдық ерекшеліктердің және клапандардың фазалық бөліну бұрыштарының ықпалынан туындайтын, поршеньді сораптардың бірқалыпты еместігінің кенет өсуіцилиндрлерде және сорап шығысында жоғары жиілікті қысым тербелістерінің пайда болуына келтіреді. Қысым амплитудасын көп реттік төмендетуге арналған тәсілдерді айқындау мақсатында қарқындық желідегі процестерді терең зерттеу қарқындылық желі телімдерінің инерциялығы Вні пен серпімділігінің Vні қатынастарына тәуелді олар қысым амплитудасының өсуіне де, кемуіне де келтіруі мүмкін. Көрсетілген параметрлердің қатынастарына тәуелді қарқындық желі бір немесе екі қуыстық орынбасу сұлбасымен жүргізілуі мүмкін, қысым амплитудасы және лүпілдеу жиілігі 13.13-кестеде келтірілген қатынастар бойынша анықталады.

13.13-кестеге сәйкес, коллектордың және ҚК тамақшасының жеткілікті өту кеңдігінде, цилиндрдегі қысым амплитудасы оның өлшемдерімен және клапан параметрлерімен анықталады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 624 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

749 - | 708 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.