Шағын жинақты мектептерде білім беру жүйесі қандай болу керек деген мәселе әркімді толғандырады. Американдық мұғалімдер ассоциясының вице-президенті А. Урбански «Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс. Осыған байланысты оқыту үрдісінде өте маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан – ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу» деген.
Біздің ойымызша, дамыту мен оқыту екі жақтық үрдісінің бір-біріне ықпалын ескере келе, шағын жинақты мектеп алдында тұрған негізгі міндет – ойлауды дамыту, негізгі ойлау әрекеттерін қалыптастыру арқылы оқу материалын саналы әрі сапалы меңгеруге үйрету және керісінше, мазмұнды да терең оқу материалын оқушылардың жан-жақты дамып жетілу құралына айналдыру. Бұл міндетті шешу мектеп ұстазына тек дайын білімді беруші емес, құр ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы болуын талап етеді. Сондықтан да, бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие үрдісі оқушыларды үш бағыт бойынша оқушылардың қабілеттерін анықтай отыра, бағыттап даярлаумен қатар төмендегідей мақсат-міндеттерді алдыға қояды:
-«cын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы негізінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
- өздігінен оқу материалын талдап, салыстырып, қорыта білуге үйрету;
-алған білімінің өмірге қажет екенін түсіндіру;
-зерттеушілік, ізденушілік қабілеттерін дамыту;
- өмірде болып жатқан үрдістерге өзіндік ой-пікір қалыптастыру.
«Сыни ойлауға» бұл американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деген негіз бар.
Мақсаты: барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұны сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Бұл технология несімен өзіне баурап алғандығын бірнеше сұрақ- жауап ретінде бергім келіп отыр.
«СТО-ды дамыту» технологиясы немен қызықтырады?
• Кез келген ұстазға сапалы сабақ беруге мүмкіндік беретіндігімен.
•Оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдістерінің /стратегияларының/ көптігімен.
• Оқу мотивацияларын өзгертуге пайдалы екендігімен.
«СТО- ды дамыту» технологиясының өзге технологиялардан қандай ерекшеліктері бар?
• Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының құрылымы /қызығышылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс/.
• Негізгі үш кезенінің маңыздылығы.
• Стратегиялардың психологиялық астары мен ерекшеліктері.
Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлануға үйретеді. Педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға, жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылуы,ізденуі. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздін міндетіміз – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда СТО жобасының көптеген стратегияларың қолданамын:
• Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау,арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру /ой қозғау, «инсерт» кестесі/
• Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс
/ эссе,шығарма, сауаттылықты ашатын хаттар т.б стратегиялар/
• әнгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу,
мәтіндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға /Венн
диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы/
• Қиялдау арқылы сүрет салғызу /сүрет салу стратегиясы/
• Кейіпкерге мінездеме беру өз ойын жазғызу /авторға, кейіпкерге хат жазу стратегиясы /
• Шығармада екі кейіпкердің қарама – қарсы элементтерін сипаттау /қарама-қайшы элементтер стратегиясы/
• Өлең шұмақтарын құрастыру / 5 жолды өлең, Рафт стратегиясы/
Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық,пәндік апталықтар мен пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.
Осындай жұмысты үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын үштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Қорыта айтқанда, оқушының шығармашылық қабілеті практикалық әрекеттері, іздемпаздығы арқылы дамиды.
Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуын ұқыпты қадағалап, тәжірибе негізінде жинақтап, өсу динамикасын бақылап, зерттеуге бастауыш сынып мұғалімдеріне мектеп психологының көмегі көп тиеді. Пихологпен диагностика жүргізіліп мониторинг жасалынып қорытынды шығарылады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадығалау, оқу процессінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық кабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар білім сапасына әсер етеді. Бұны өз тәжірибемнен байқадым / 3-жылдық мониторинг/
Лекция 6 (6 - апта, 3 сағат)