Сабақтың тақырыбы:Әдеп ережелері,телефонмен сөйлесу,достық диалог,амандасу мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әр ортада өзін ұстай білуге, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру,кішіпейіл де қарапайым болуға тәрбиелеу,дүниетанымдарын кеңейту;
Көрнекілігі: Әдептілікке байланысты сөздер,суреттер, интеративті тақта,слайд,түрлі-түсті фломастерлер,А4 форматтағы қағаздар,стикерлер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысу.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Кіріспе
а). Қоғамыздың болашақ мұрагерлері қандай болуы керектігі туралы.
2. Негізгі орталарда өзін – өзі қалай ұстау қажеттілігі туралы
а). Үйде: Ата – анаға,аға әпкеге сіз деп сөйлеу керек,үлкенге құрмет,кішіге ізет,қамқорлық көрсету қажет.
ә). Көшеде: Дұрыс, сымбатты жүру, кез-келген үлкен – кішімен сәлемдесу, қарт адам кездессе көмектесу, орынсыз ысқырық, төбелеске жол бермеу.
б). Мектепте: Оқушыларға арналған ережелерді сақтау, жолдастарымен, ұстаздарымен сәлемдесу, мектептегі қоғам мүлкіне дүрыс көзқараста болу,
кезекшілік міндеттерін дұрыс орындау, сабақты бар зейінімен тыңдау,
сабақ үстіндегі бірыңғай талап ережелерін сақтау, ұстаздарын, достарын
сыйлау;
в). Қонақта: Қонаққа келген үйінің ішіне тесіле қарай бермеу, әр нәрсеге таңданып
орынсыз дүниелерді қайдан алғанын тексеріп сұрай бермеу, босқа
абыржымау, екеу – екеуден сыбырласып әңгіме айтпау, ерсі күлмеу, үн –
түнсіз, өзімен – өзі мұңайып отырмау, басқа қонақтардың, үй иесінің
пікірлерімен санасу, т. б.
г). Дастарханда: Кітап оқымау, әңгіме айтпау, тырнақты ауызға салмау, ұстамау,
басын ұстап қасымау, үлкеннен бұрын төрді иемденбеу;
ғ). Қалада: Жинақы, қарапайым киім кию, көліктер арасында арасында жол
ережелерін сақтау, автобуста үлкен адамдарға, балалы адамдарға
орын беру, т. б.
ІІІ. Телефонмен сөйлесу ержелері
Телефонға шақырған кісімен әңгіме бастамас бұрын ол кісінің ісіне кедергі келтірген жоқсың ба, онымен сөйлесуге уақыты бар ма соны анықтап ал.Телефонмен сөйлесу мүмкіндігінше қысқа болуы керек. Оның үстіне ұзақ сөйлесу желінің жүгін арттырады. Мысалы өзің біреуге хабарласқанда алғашқы 2-3 санды тергеннен-ақ жиі соғылған гуілді естіген кезің болған болар. Міне бұл желінің жүгі артуының бірден-бір белгісі.Телефонмен бос әңгімелесудің қажеті жоқ. Егер біреу қателесіп сіздің телефоныңызға хабарласса дөрекілік көрсетпей сыпайы ғана «кешіріңіз, сіз нөмірден қателесіп кеттіңіз» деп жауап берген дұрыс.Кейде телефонды таныстарыңызға хабарласпай баруға болмайтыны үшін ойлап тапқанын да естен шығармау керек
IV.Сәлемдесу,амандасу туралы мағлұматтар беру
Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуаныш- қа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді.
Әрбір адам «қайырлы таң»,«қайырлы күн»,«қайырлы кеш» деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілінде де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.
Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.
Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.
«Сізді шын жүректен құрметтеп, амандағынызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.
V. Сөзжұмбақ шешу
VI.Мақал-мәтелді аяқтау
1.Әдептілік белгісі —..................................
2.Әдепті бала — арлы бала,......................
3.Әдепсіз бала
Ауыздықтан атпен тең...................
4.Әдептің не екенін...............
5.Аға әдепті болса- іні әдепті.............
6.Сәлем-сөздің...........
7. Бір күн дәм татқанға,................
8. Адамына қарай сәлемі............
VII. «Жағдаяттар шешу»
.Математика сабағында Қайратқа сызғыш керек болды. Ол көрші отыратын Асанға: Ей,сызғышыңды берші-ей,- деп айғай салды. -Бұл әдептілік пе, әлде әдепсіздік пе? Қалай сұрау керек еді?
2.Қоңырау кезінде Болат партада тамақ жеп отыр. Класқа бір кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенін сұрады. Болат тамағын жеп,кітабын ақтарып, әлгі кісіге бұрылып қарамастан «білмеймін» деп отыра берді. -Болаттікі әдептілік пе? Сен не істер едің?
3.Адамдар жүретін жолдың дәл ортасында сабақтан тараған екі қыз сөйлесіп тұр. Тіпті өздерінің қайда тұрғанын ұмытып кеткендей. Ал адамдар оларды айналып, қысылып, әрең өтеді. Бір - екеуі ескерту де жасады. Оны қыздар жақтырмай, ренжіп те қалды. - Осы дұрыс па, балалар? Қандай ақыл айтар едіңдер? Әдетте сіз әдепті болуыңыз керек
VIII. Қорытынды
Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді. Сондықтан көп ойлап, жақсы сөйлей білейік. Сөйлеу әдептерін сақтайық! Әркез сөйлеу әдебін біліп жүрейік. Тіл адам баласының көңіліндегі ашу, махаббат, жұмсақтық, қаттылық, оқу, әдеп сияқты алуан түрлі құбылысты көрсетеді.Сол үшін тіліңіз шындықтан басқаға қозғалмасын. Біреуге тіл тигізіп, сөз тасып,өсек айтпаңыз.
Сынып сағатының өткізілетін күні:24.11.2016
Әдіскердің қ олы:
Мұғалімнің қолы: