Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Р қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері.

Ылмыстық құқық пәні бойынша

Курстық жұмысы.

 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының

қылмыстық құқығы бойынша

қылмыстық құқық бұзышылықтың

түсінігі, белгілері, түрлері

 

 

Орындаған: Даулетов Н.

Қорғалған күні: _________

Баға:___________________

 

Алматы 2016 ж.

 

Жоспар

 

I. Кіріспе

 

II. Негізгі бөлім

2.1.Қылмыстық құқық бұзушылықтың түсінігі және оның әлеуметтік мәні.

2.2. Қылмыстық құқық белгілері.

2.3. Қылмыстық құқық бұзушылықтың түрлері және олардың айырмашылықтары.

2.4. Қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да құқық тық бұзушылықтардың айырмашылық түрлері.

III. Қорытынды

Осымша I.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбым « Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері ». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:

· Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

 

· Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

 

· Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

 

· Қылмыс және қылмыс құрамы

 

· Қылмыс құрамының түрлері

 

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің түсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.

Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:

Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша қылмыстық жауаптылықтың жалпы түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік берілген. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, мазмұны және қылмыс құрамының элементтерін екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.

Негізгі бөлімнің төртінші, бесінші тақырыптарында қылмыс және қылмыс құрамы және олардың өзара бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер екендігі жайлы, сондай-ақ қылмыс құрамының түрлерін жан-жақты қамтуға тырыстым.

Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері: Курстық жұмысымның мақсаты қылмыстық жауаптылықтың негіздерінің, мәнін, жүйесін, мақсатын, қағидаларын толығырақ ашып, толық мәліметтер беру.

Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, қосымша, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

Зерттеу пәні: Қылмыстық құқық.

 

 

Ылмыстық құқық белгілері.

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

Р қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың түсінігі мен белгілері.

Қылмыс қылмыстық құқықтың іргетастың категориясы болып табылады. Қылмыстық заңнамада негізгілерінің бірі болып қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын анықтау әрекетнің (процесінің) айтамыз. ҚР-ғы құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, заңмен қорғалатын ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар ретінде, табиғи құндылықтары мен бостандықтарының біріншілігі мен бөлінбейтіндігінен кейде қылмыс түсінігін деполитизациялау және дейдеологизациялау қажет. Сәйкесінше қылмысты топталуды оның қоғамдық қауіптілік деңгейіне сәйкес қайта қарастыру.Берілген ереже ҚР-ң 1997 жылғы ҚК-де көрініс тапты. ҚР-ң ҚК-ң 9-бабы: "Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті кінәлі түрде жасалған әрекет (әрекет және әрекетсіздік) қылмыс деп танылады". Мұндай заңнамалық анықтамалар бізді дамыған әлем елдерінің ҚК-ң ұқсас ережелеріне және құқық қолданушылық қызмет қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді.ҚР ҚК 9 б 1 б берілген қылмыс анықтамасында қылмыстың келесідей белгілері бөлініп көрсетілген: "Қоғамдық қауіптілік (қарсы әрекет), құқыққа қайшылығы, кінәлілік, жазаланушылық". Қоғамдық қауіптілік – қылмыстың материальдық белгісі, әлеуметтік мәнін ашатын қылмыс белгісі, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиянын келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын әрекет қоғамдық қауіпті деп танылады.Зиян әртүрлі болуы мүмкін: материалдық, психикалық, идеологиялық, физиологиялық, ұйымдық-басқармалық және т.б. ҚР ҚК 9-бабында қоғамдық қауіптілік кінәмен қатар әрекеттің объективтік заңдылығы ретінде анықталады.Қоғамдық қауіптілік тек қылмысқа ғана емес, басқа да құқық бұзушылықтарға тән. Қылмысқа қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі тән. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің деңгейінің анықтауда - қылмыстық сандық сипаттамасы сот тәжірибесі нақты жасалған қылмыстық әрекеттің барлық жағдайларының жиынтығынан шығады (кінә нысаны, мақсаты, әдісі, жағдайы, қылмыс жасау сатысы, зардап ауырлығы, қылмыс қатысушылардың әрқайсысына қылмысқа қатысу деңгейі мен сипаты және т.б.). Қылмыстық әрекеттің екінші міндетті белгісі болып оның құқыққа қайшылығы табылады. Оның мәні қылмыстық заңмен жазалау қатерімен тыйым салынуы. Қалай болғанда да қоғамдық қауіпті әрекет егер ол үшін қылмыстық заңда жауапкершілік көзделмесе қылмыс болып табылмайды. Солай бола тұра әрбір қоғамдық қауіпті әрекет қылмыстық болып табылмайды, ол қоғамдық қауіптіліктің жеткілікті деңгейіне ие болу керек. Қылмыстық заңға қайшылық қоғамдық қауіптіліктің заңды көрінісі деген жалпы қабылданған көзғараспен келіскен жөн. Сонымен қатар қоғамдық қауіптілік түсінігін заңда қайшылық түсінігіне залал келтіре отырып абсолюттендірудің қажеттілігі жоқ. Бұл бір-бірінен салыстыруды қажет етпейтін өзара байланысты түсініктер.Қылмыстың келесі негізгі белгісі болып кінәлілік табылады. Кәнілілік адамның іс әрекетіне және оның нәтижесіне қатысты қасақаналық не абайсыздықтың орын алуы. Республикамыздың қылмыстық теориясымен тәжірибесі субъективтік қабілеттілікті қабылдайды және объективтік қабілеттілікті кінәсіз жауаптылықты көздемейді. Кінәсіз жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды. Қылмыстың міндетті белгілері болып кінәлілік табылады, ол ҚК-ң Ерекше бөлімінің баптарының диспозициясында көрсетілген шектеулерді бұзғанда жаза қолдану қатерімен анықталады.Әрекет етіп жатқан қылмыстық заңнамада әртүрлі негіздермен қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату көзделген және бұл декримилизация еместігін көрсетеді.Соңғы белгісі жазаланушылық ҚК Ерекше бөлімінде барлық қылмыстар үшін жаза көрсетілгенімен анықталады.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ылмыс. 2) Теріс қылық. | 
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 889 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2320 - | 2074 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.