Бекітемін
Мектеп директоры
Сарсембаева А.Ж.
_________________
Жыл
НОМ» КММ
Оқу жылына арналған
МЕКТЕПІШІЛІК ТӘРБИЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың жауы,
ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
Л-Фараби
Арағанды 2016жыл
Мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
ü Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету.
ü Тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық принциптерін, оның қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету.
ü Тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағдарлануына, ана тілі мен қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету.
ü Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
ü Бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, бала тәрбиесі үшін олардың жауапкершілігін арттыруға ықпал ету.
ü Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңістік қалыптастыру, оның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету.
ü Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнерде және болмыста эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
ü Салауатты өмір салты дағдыларын тиімді меңгеру, дене дамуы мен психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Ықтық негіз және нормативті база
Қазақстан Республикасының Конституциясы
· Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
· Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» Заңы;
· Қазақстан Республикасында үздіксіз тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің Концепциясы;
· Тәрбие берудің Концептуальді негіздері.
Күтілетін нәтижелер
v Қазақстанда жеке тұлға іс-әрекетінің дұрыс уәждемелік-құндылықтық аясы;
v Білім алушы жастарда қазақстандық патриотизм, азаматтық өзіндік сана, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, толеранттық және рухани-адамгершілік қасиеттер қалыптастырудың артып отырған деңгейі;
v жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар арқылы мәдениет негіздері;
v ана тілі мен мемлекеттік тілге және этномәдениетке құрметті;
v тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда білім беру мазмұнының тәрбиелік әлеуетін күшейтуді;
v бала тәрбиесінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыруды, жастарды салауатты отбасын құруға дайындауды;
v білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамытуды;
v тұлғаның дамыған экономикалық ойлауын және кәсіби қалыптасуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына саналы қарым - қатынасын; табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын;
v экологиялық сауаттылығы мен мәдениетінің жоғары деңгейін; табысты әлеуметтенуді, өздігімен білім алуды және өзін-өзі жүзеге асыруды, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуін нығайтуға отбасы институтының саналы түрде қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен, мектептегі тәрбие жұмысы жан-жақты дамыған, рухани-адамгершілік қасиеттері бар, таңдау жасау жағдайында өздігімен шешім қабылдауға даяр, ынтымақтастыққа және мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты − Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерге белсенді қатысатын адам қалыптастыруға бағытталған.