Этиологиясы
Басты себебі - А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3-4-ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12-ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады. Бұдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен НВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғышы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының тромбозы. Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады. Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллигген, стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды.
Келесі жағдайлар гломерулонефриттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін:
- Қан айналым және лимфа жүйесіндегі бұзылыстар
- Көміртекті еріткіштердің әсері
- Отбасында қатерлі ісік ауруының болу тарихы
- стрептококтық, вирустық, жүрек инфекциялары немесе абсцестер.
Көптеген жағдайлар гломерулонефритті немесе оның пайда болу қаупін туындатуға қабілетті, оның ішінде:
- Амилоидоз
- антигломерулярлық мембраноздық антиденелердің жиналуына байланысты ауру (организмнің ауру қоздырғыштарына және генетикалық бөгде заттектер мен жасушаларға қарсы телімді қорғаныс факторы)
- қантамырларының аурулары, мысалы, васкулит немесе полиартериит
- Фокалды сегментарлық гломерулосклероз
- Гудпасчер синдромы (өкпенің альвеоларының және бүйректің гломерулярлық аппаратының базальдық мембраналарының зақымдануымен өтетін ауру)
- Ауырсынуды басатын құралдарды жиі қабылдау, әсіресе, НПВП (стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды)
- Шенлейн – ГенохПурпура бөрітпесі
- IgA – нефропатия
- Люпус – нефрит
- Мембраналық пролиферативтік гломерулонефрит
Клиникалық көрінісі
Гломерулонефриттің жиі симптомдары:
- Несептегі қан (несептің қошқыл, тот басқандай, қоңыр түске боялуы)
- Несептің көпіршікті болуы (несепте ақуыздың мөлшері көп болуынан)
- Беттің, көздің, тобықтың, табанның, аяқтың немесе іштің ісінуі
Сондай-ақ, тағы басқа симптомдары кездеседі:
- Іштің ауырсынуы
- Құсықтағы және нәжістегі қан
- Жөтел және ентігу
- Диарея
- Несеп жүрудің жиілеуі
- Қызба
- Жалпы өзін нашар сезіну, әлсіздік, тәбетті жоғалту
- Бүкіл дене немесе бұлшық еттің ауырсынуы
- Мұрыннан қан кетуі
Клиникалық көрінісі: жіті гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі - ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан). Кейде кабақтар аса ісінгенгенде көз жасы еріксіз ағады. Денесі болбыр толық адамдардың жалпы ісінуі сырттан карағанда кейде байқалмайды. Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезінеді. Науқастардың көбі сауығу кезіндегі зәрдің көптеп бөлінуіне, соншама сұйықтықтың жиналғандығына таңқалады.
Науқастардың көбі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді. Аурудың тез дамыған түрінде ентікпе мен қүрғақ жөтелдің болуынан оны кейде жіті пневмониямен шатастырады. Ентікпенің себебі - айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның тез жоғарылауынан болатын жүрек шамасыздығы. Жасы ұлғайған адамдарда жіті гломерулонефрит алғаш жүрек шамасыздығымен білінуі мүмкін. Науқастардың 80%-да өтпелі артериялық гипертензия болады. Артериялық гипертония дамуының басты себептері - натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы.Қабынып ісінген бүйрек капсуласы ның керілуінен, науқастардың көбі бел аймағының ауырсынуына шағымдананады.
Жіті гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айрықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады (егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жіті гломерулонефритті созылмалы гломерулонефриттен айырады. Олигуриямен қатар зәрдің түсі өзгереді. Әдетте зәрдің түсі қызғылт, жас еттің шайындысына үқсайды, ал реакциясы кышқыл болса, онда түсі қара қоңыр болады. Гломерулонефритке тән несептік синдромның басты белгісі - жұптасып жүретін протеинурия мен гематурия (микро-, сиректеу -макрогематурия).
Диагностика
Симптомдар баяу дамитын болғандықтан, несеп талдауындағы бұзылыстар басқа ауру кезіндегі қарапайым тексерісте кездейсоқ анықталуы мүмкін.
Тағы гломерулонефриттің белгілеріне жататындар:
- Анемия
- Жоғары артериалдық қысым
- Бүйрек қызметінің төмендеуінің белгілері
Биопсия диагнозды растайды.
Кейінірек созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдары пайда болады:
- Нервтердің қабынуы (полинейропатия)
- Организмдегі сұйықтықтың іркілуінің белгілері, жүректің жәненің өкпе ауытқулы дыбыстарының пайда болуын қоса
- Ісінулер
Рентген-радиологиялық зерттеулерге жататындар:
- Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы
- Бүйректің УДТ (УЗИ)
- Кеуде қуысының рентгенографиясы
- Көктамыр ішілік пиелография (рентгендік зерттеу түрі, ол несепқаптың, несепағардың және бүйрек шумақтарының бейнесін береді)
Несеп талдауы және басқа бүйрек көрсеткіштері:
- Креатинин клиренсі
- Несеп микроскопиясы (несепті микроскоп арқылы зерттеу)
- Несепті тәуліктік ақуызды анықтауға талдау
- Несептегі несеп қышқылы
- Бүйректің концентрациялық қабілетін анықтауға тест
- Несеп креатинині
- Несептегі ақуыз
- Несептегі эритроциттер
- Несептің меншікті салмағы
- Несептің осмомолярлығы
Бұл ауру келесі қан көрсеткіштерінің өзгерістерін туындатуы мүмкін:
- Альбумин
- антигломерулярлық мембраноздық антиденелерді анықтауға тест
- антинейтрофилдік цитоплазмалық антиденелерді анықтау (АНЦА)
- антинуклеарлық антиденелерді анықтау
- қандағы несепнәр азоты және креатинин
- комплемент деңгейі
Емі
Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады.
Диетотерапия
Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз емдәм үсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне).
Этиологиялық ем
Егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жіті гломерулонефрит белгілі бір инфекцияның салдарынан күмәнсіз дамыса, мәселен жуық арада болып өткен стрептококктық инфекциядан кейін онда антибактериялық емді қолданады. Қолданатын антибактериялдық дәрмектер бүйрскке уытты әсер етпеуі тиіс. Көбіне қолданылатын — пенициллин 500 000 Б 4 сағат сайын 10-14 күн немесе оның жартылай синтезделген аналогтары, немесе эритромицин. Тонзиллоэктомия жасау үшін оның көрсеткіштері айқын болуы тиіс. Егер тонзиллоэктомияны жасау қажет болса, оны жіті гломерулонефриттің басталуынан 12 ай өткен соң жасауға болады.
Патогенездік ем
Стероидтық гормондар. Жіті гломерулонефритте стероидтық гормондар аса сақтықпен қолданылады. Стероидтар макрофагтардың фагоцитоздық қасиетін төмендете отырып, ағзаның иммундық комплекстерден тазартып тежейді және осының салдарынан жіті гломерулонефриттің созылмалыға айналуына септігін тигізеді деген пікірлер айтылуда. Егер антикоагулянтгық және антиагреғанттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады. Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады.
Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн. Глюкокортикоидтардың колдану көрсеткіштері:
Жіті гломерулонефриттің созылыңкы барысы, егер 2-3 аптадан
кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса немесе оның қайтуы баяу болса және протеинурияның азаюға бейімділігі байқалмаса;
бүйректің жіті шамасыздығының дамуы;
жіті гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Преднизолонның оптималді дозасы 1 мг/к. Тәуліктік дозаның барлығын 8.00-12.00 сағат аралығында ішкізген жөн. Бұл дозадағы емнің ұзақтығы 3-4 апта. Осы уақыт мерзімі өткен соң екінші күні преднизолонның дозасын бірден 2 есе кемітеді, содан кейін оның дозасын әдеттегі әдіспен, 3-5 күнде 2,5 мг-нан азайтып сүйемелдеу дозасына келтіреді (10- 5 мг). Ауруханадан шыққан кездегі преднизолонның дозасы 15-20 мг болуы тиіс.