Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




(syllabus)

Пәні «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы»

 

модульдің шифрі

пәннің модулі

 

Мамандық 5В030100- «Заңтану»

5В030300- «Құқық қорғау қызметі»

Оқу нысаны Күндізгі

 

Пәннің коды 12.00.01

Курсы I Семестр- 1

 

Барлығы 3 кредит

 

 

Дәріс-30 сағат Семинар 15 сағат

 

СОӨЖ- 23 сағат

СӨЖ – 67 сағат

 

Емтихан 1 cеместр Еңбек көлемі 135 сағат

 

 

Астана - 2013

Студенттерге арналған оқу силлабус келесі мамандық бойынша жоғары оқу орынға арналған 5В030100 - «Заңтану», 5В030300- «Құқық қорғау қызметі»_

(коды және атауы)

 

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы типтік бағдарламаға негізделген.

 

Силлабусты дайындаған мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы А.Қ. Спанов

 

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы отырысында талқыланды.

«__» тамыз 2013 ж. Хаттама № ____1____

 

Кафедра меңгерушісі __________________________ А.Ж. Наурызбай

 

(қолы, тегі, аты, жөні)

 

Ұлттық құқық жоғары мектебінің

оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды

 

 

«__» тамыз 2013ж. Хаттама № __1___

 

 

Мазмұны

 

1. Оқытушы туралы мәліметтер

2. Курстың пререквизиттері

3. Курстың постреквизиттері

4. Пәннің жалпы сипаттамасы

5. Типтік оқу бағдарламасы

6. Дәрістің тақырыптық жоспары

7. Семинар сабақтарының жоспары

8. Пәннің мазмұны

9. Дәріс сабағының мазмұны

10.Семинар сабағының мазмұны

11. СОӨЖ орындау және тапсыру кестесі

12. СӨЖ тапсырмасы тізімі

13. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
14. Қамтамасыз ету картасы 15. Белсенді тарату құралдары
16. Аралық бақылаудың сұрақтары 17. Емтихан сұрақтары
18. Глоссарий
19. Оқу пәнінің бақылау түрлері
20. Білім бағалаудың жалпы шкаласы

 

1. Оқытушы туралы мәліметтер:

 

Спанов Айбек Кабылбекович – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының аға оқытушысы. Заңгер.

Қазақ гуманитарлық заң университеті, ұлттық құқық жоғары мектебі факультеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы. каб.226. Жұмыс телефоны – 70-30-26

 

Ғылыми қызығушылығы: диссертациялық жұмыстың тақырыбы «Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамды жетілдіру шарты ретінде».

Ғылыми мектебі: Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының ізденушісі. Ғылыми жетекшілер ҚР ҰҒА, з.ғ.д., профессор Баймаханов М.Т., з.ғ.д., доцент Шапақ У.

 

2. Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты оқыту басталғанға дейін оқушылардың орта жалпы білім қажет. Беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық және тарихи білімдері болуы керек. Қазақстан тарихы, қоғамтану, философия, әлеуметтану, саясаттану пәндерін оқып үйрену қажет

3. Курстың постреквизиттері:

Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінен алған білім шетелдердің конституциялық құқығы, рим құқығы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқық мәселелері пәндерін оқуда кеңінен қолданылады, терең білім алуға жағдай жасайды.

 

4. Модульдік пәннің жалпы сипаттамасы:

Заңдық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайлықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады.

Барлық заңдық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады: теориялық-заңдық, тарихи-заңдық, салалық-заңдық, қолданбалы-заңдық.

Теориялық заңдық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді.

Тарихи заңдық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси және құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.

Мемлекет және құқықтың пайда болу және даму заңдылықтарын оқып-үйрену әрбір заңгердің дүниетанымына, кәсіби деңгейіне әсер етеді.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы пәні шет елдердің мемлекеттік-құқықтық институттарының тарихын зерттеу барысында төрт тарихи кезеңге бөліп қарастырады: Ежелгі дүниедегі мемлекет және құқық (б.э.д.ІҮмың.ж.-б.э. Үғ.), орта ғасырдағы мемлекет және құқық (Үғ.-ХҮІІ-ХҮІІІғғ.), жаңа дәуірдегі мемлекет және құқық (ХҮІІ-ХҮІІІғғ.-ХІХғ. аяғы), жаңа ғасырдағы мемлекет және құқық (ХХ-ХХІ ғғ.). Бұл кезеңдерге бөлу мемлекет және құқық маңызды бөлігі болып табылатын адамзат қоғам дамысының төрт дәуіріне сай келеді. Осы кезеңнің әр қайсысы әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік-құқықтық үрдістерінің өзгермелілігімен, құбылмалылығымен және күрделілігімен сипатталады.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихының пәні дегеніміз жылнамалық кезектілігімен нақты-тарихи кезеңдердегі жеке елдердегі мемлекет және құқықтың пайда болуының, дамуының және қызмет етуінің жалпы және ерекше заңдылықтарын зерттеу болып табылады. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы пәнін зерттеу үшін келесі әдістер тобы қолданылады:

-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері;

-жеке ғылымдық зерттеу әдістері.

6. 7. Дәрістің, семинардың тақырыптық жоспар

№ п/п Модульге бөлінуі Тақырыптары Оқу қызметінің түрлері және сағат көлемі
Барлық (сағаты) Дәріс Семинар СОӨЖ (модуль бойынша) СӨЖ (модуль бойынша)
               
I семестр
  1 Модуль Ежелгі дүниедегі және орта ғасырдағы мемлекет және құқық тарихы   Тақырып 1.Заң ғылымдар жүйесіндегі шет елдердің мемлекет және құқық тарихының пәнi, әдiсі мен орны          
Тақырып 2.Ежелгi Мысырдың мемлекетi мен құқығы          
  Тақырып 3.Ежелгi Шумер-Вавилондық өркениеттің мемлекеті мен құқығы        
Тақырып 4.Ежелгi Үндiнің мемлекетi мен құқығы        
Тақырып 5.Ежелгi Қытайдың мемлекетi мен құқығы        
Тақырып 6.Ежелгi Грецияның мемлекетi мен құқығы          
Тақырып 7.Ежелгi Римнің мемлекетi мен құқығы        
  2 Модуль Орта ғасырдағы феодалдық мемлекет және құқық тарихы Тақырып 8.Франк мемлекетi мен құқығы          
  Тақырып 9.Францияның феодалды мемлекетi мен құқығы        
  Тақырып 10.Англияның феодалды мемлекетi мен құқығы        
  Тақырып 11.Германияның феодалды мемлекетi мен құқығы        
  Тақырып 12.Ресейдің феодалды мемлекеті мен құқығы        
  Тақырып 13.Араб Халифатының мемлекетi мен құқығы          
  Тақырып 14.Қытайдың феодалды мемлекеті мен құқығы        
  Тақырып 15.Жапонияның феодалды мемлекеті мен құқығы        
  3Модуль Жаңа және қазіргі дәуірдегі мемлекет және құқық тарихы   Тақырып 16. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Ұлыбритания мемлекетi мен құқығы          
Тақырып 17. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі АҚШ мемлекеті мен құқығы        
Тақырып 18. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Франция мемлекеті мен құқығы          
Тақырып 19. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Германия мемлекеті және құқығы        
Тақырып 20. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Ресей мемлекеті және құқығы        
Тақырып 21. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Жапония мемлекеті және құқығы          
    Тақырып 22. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Қытай мемлекеті және құқығы        
Пән бойынша барлығы            
                 

 

8. Пәннің мазмұны

Шет елдердің мемлекет және құқық теориясы екі бөлімнен тұрады. Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы курсына 30 сағат дәріс арналады. Бірінші кезекте ежелгі және орта ғасырдағы мемлекеттердің мемлекеті мен құқық тарихы оқытылады, оған 16 сағат арналған, аяқталған соң студенттер 1 аралық бақылау тапсырады. Екінші кезекте жаңа және ең жаңа дәуірдегі мемлекет және құқық тарихы оқытылады. Бұл курсқа 14 сағат дәріс арналған, дәріс аяқталған соң 2 аралық бақылау өткізіледі.

 

Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы пәнінің оқытылатын бөлімдері Мақсаты Міндеттері Нәтижесі
Ежелгі және орта ғасырдағы мемлекеттердің мемлекеті мен құқық тарихы     Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы пәнi, әдiс-тәсiлдерi, кезеңдерi. Ежелгi және орта ғасырдағы мемлекеттердiң құрылысы мен құқығы қарастыру. 1.Шет елдердің мемлекеттері түсінігін және құрылысын ашып түсіну. 2.Шет елдер мемлекеттерін мәнін талдау. 3. Ежелгi Вавилон мемлекетiнiң құрылысы мен Хаммурапи заңдар жинағын сипаттау. 4. Ежелгi Үндiстан мемлекетiнiң құрылысы мен Ману заңдар жинағы ашып көрсету. 5.Ежелгi Грекиядағы Афина мемлекетiнiң құрылысы мен құқығы және Спарта мемлекетiнiң құрылысын қарастыру. 6.Ежелгi Рим мемлекетiнiң құрылысы мен 12 кесте заңдарын сипаттау. 7.Орта ғасырдағы Франция мемлекетiнiң басқару жүйесi және құқығы, Орта ғасырдағы Англия мемлекетiнiң басқару жүйесi және құқығы, Орта ғасырдағы Германия мемлекетiнiң басқару ерекшелiктерi мен құқық жүйесi, Орта ғасырдағы Араб Халифатының мемлекеттiк құрылысы мен құқық жүйесi   І аралық бақылу өткізіледі. Коллоквиумды ауызша және тест тапсырады. Студенттер шет елдер мемлекеттерінің құрылысын құқығын, кең түсінік алуы керек.
Жаңа және ең жаңа дәуірдегі мемлекет және құқық тарихы жаңа және ең жаңа дәуірдегі мемлекеттің құрылысы және құқығын қарастыру Жаңа дәуiрдегi және қазiргi замандағы Англия мемлекетiнiң құрылысы мен құқығы, Жаңа дәуірдегі және қазіргі замандағы Франция құқығының құрылысы мен құқығы, Жаңа дәуiрдегi және қазiргi замандағы Америка Құрама Штаттарының құрылысы мен құқығы, Жаңа дәуiрдегi және қазiргi замандағы Германия мемлекетiнiң құрылысы мен құқығын ашып жан жақты сипаттап қарастыру. ІІ аралық бақылау өткізу. Коллоквиумды ауызша және тест тапсырады.  

 

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 686 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2174 - | 2121 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.