Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Конституциялық құқықтағы ерекше заңдылық сипатқа ие қайнар көздерге




A) ҚР Конституциясы

B) конституциялық заңдар

C) ратифициаланған халықаралық шарттар мен актілер

25.Конституциялық құқық бойынша ерекше сипаттағы қайнар көздерге:

A) саяси партиялардың жарғылық құжаттары

B) банктердің ішкі қызметін реттеудегі қабылданатын құжаттар

C) Парламент Палаталарының қаулылары

D) Парламент Сенатының Регламенті

E) Орталық Сайлау комиссиясының актілері

26.Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар:

A) Республика заңдарынан басымдығы болады

B) ҚР аумағында қолдану үшін арнайы заң қабылдау талап етілмеген жағдайда тікелей қолданылады

C) қолдану тәртібін Конституциялық Кеңес бекітеді

D) Республика заңдарынан басымдығы болмайды

E) ұлттық құқық жүйесінде маңызы жоқ

F) конституциялық құқықтың қайнар көзі болып табылады

27.Конституциялық құқық институтына кіреді:

A) нормалар жүйесі

B) конституциялық құқықтық нормалар топтары

C) бір текті конституциялық қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы

28.Конституциялық құқықтың жүйесіне кіреді:

A) Адам және азаматтардың құқықтық мәртебесі

B) ҚР Парламентінің құқықтық мәртебесі

C) ҚР конституциялық құрылыс негізері

29.Конституциялық құқық жүйесін құрайды:

A) азаматтық құқықтың жалпы қағидалары

B) конституциялық-құқықтық объектілер

C) конституциялық-құқықтық қатынастар

D) конституциялық құқықтың субъектілер

E) конституциялық-құқықтық нормалар

F) конституциялық-құқықтық институттар

G) конституциялық құқық қағидалар

30.ҚР конституциялық құқық жүйесі:

A) мемлекеттік органдардың конституциялық жүйесі

B) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері

F) ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі

31.Конституциялық құқық ғылымы ретінде танылады:

A) ғалымдар көзқарастарының жүйесі

B) конституциялық принциптер жүйесі

C) конституциялық құқықтық нормалар туралы конституциялық білімдер жүйесі

32.Конституциялық құқық ғылымының зерттеу әдістері:

А) формальды-логикалық

В) тарихи

С) салыстырмалы

 

 

F) Референдумға байланысты Орталық комиссиясының нормативтік актілері

G) ҚР сайлау туралы конституциялық заңы

8.Референдум өткізу бастама құқығы:

А) ҚР Парламенті депутаттары

В) ҚР Үкіметі

Е) ҚР Президенті

9.ҚР Президенті референдум бойынша келесідей шешім қабылдайды:

А) референдум өткізу туралы

В) амнистия туралы

С) референдум өткізу туралы бастаманы қайтарып жіберу

10.ҚР Президентінің референдум өткізу туралы Жарлығында келесі мәселелер болуы керек:

А) референдум өткізу мерзімі

В) референдумға шағарылатын сұрақтын мәтіні

С) референдум өткізуді ұйымдастырудың басқа да сұрақтары

11.ҚР референдум өткізу бойынша дайындықты ұйымдастырады:

Е) референдумның аумақтық комиссиясы

F) референдумның Орталық Комиссиясы

G) референдумның учаскілік комиссиясы

 

1.Мемлекеттік органдардың белгілеріне жатады:

С) мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асырады

F) мемлекет белгілеген тәртіпте құрылады, қызмет етеді

H) мемлекеттік-өктем өкілеттіктерді иеленеді

2.Өз өкілеттігі шегінде мемлекет атынан билік жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар:

В) Үкімет.

Е) Парламент.

G) өзге де мемлекеттік органдар

3.Атқару билігіне кіретін мемлекеттік органдарға жатады:

С) Үкімет.

Е) министрліктер мен агенттіктер

H) әкімдіктер

4.Республика Конституциясы бойынша өкілді органдар болып табылатын мемлекеттік органдар:

А) Парламент.

D) облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астана) мәслихаттар

G) аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттар

5.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес біртұтас мемлекеттік билік жүзеге асырылады:

А) заң шығару тармағына бөліну арқылы

В) атқару тармағына бөліну арқылы

D) сот тармағына бөліну арқылы

6.Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік органдары бір-бірімен байланысады:

А) өзара іс-қимыл жасау қағидасына сәйкес

С) тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы

D) тежемелік жүйесін пайдалану арқылы

7.Биліктің бөлінуі қағидасына қарай мемлекеттік органдардың түрлері:

А) заң шығару органы

D) атқарушы органдар

G) сот органдары

8.Республика заңдарының іске асырылуын, орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар:

В) Үкімет.

G) Министрліктер.

H) Әкімдіктер.

9.Мемлекеттік құрылым нысаны бойынша мемлекеттік органдардың түрлері:

В) біртұтас мемлекеттерде - мемлекеттік биліктің жоғары органдары

С) біртұтас мемлекеттерде - мемлекеттік биліктің жергілікті органдары

F) федералдық органдар

10.Республикада заңдар шығаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

С) Парламент.

F) Мәжіліс болмаған кезеңде Сенат.

H) өкілеттік беру негізінде - Президент

1.Қазақстанда президенттік институты енгізілді:

B) 1990 жылы 24 сәуірде

1991 жылы 16 желтоқсанда “Мемлекеттік тәуелсіздік туралы” заңмен

Қаз ССР-ң “Мемлекеттік егемендік туралы” Декларациясымен

1991 жылы 25 қазанда

F) “Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және ҚазССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңмен

H) ҚазССР Жоғарғы Советімен 1990 жылдың 24 сәуірінде.

2.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Президенті:

В) Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.
D) Республиканың Қарулы күштерін қолданады.
F) Күзет қызметін және Республикалық ұланды жасақтайды.

3.Республика Президентiнiң айырым белгiлерi:

А) байрағы

С) омырауға тағатын белгiсi

F) "Алтын қыран" орденi

4.Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі:

A) Конституцияның мызғымастығының кепілі әрі нышаны болып табылады
D) мемлекет басшысы болып табылады
G) мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлға болып табылады
5.Президенттің Республика аумағында ҚР Қарулы Күштерін қолдануға негіз болады:

А) мемлекеттін саяси тұрақтылығына тікелей қатер төнуі

C) мемлекеттің демократиялық институттарына тікелей қатер төнуі

E) мемлекеттің тәуелсіздігіне, аумақтық тұтастығына тікелей қатер төнуі

6.Қазақстан Республикасының Президенті Республика аумағында төтенше жағдай енгізеді:

В) республиканың демократиялық институттарына тікелей қатер төнген ретте

F) Республиканың саяси тұрақтылығына, азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген ретте.

H) мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте

7.Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайды:

А) ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасын.

С) Үкімет мүшелерін.

F) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хатшысын.

8.Қазақстан Республикасының Президенті құқылы:

В) Парламент қабылдаған заңды қайталап талқылау мен дауысқа салу үшін кері қайтаруға.

D) заң жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге

Е) Премьер-Министрді тағайындауға және босатуға.

9.Қазақстан Республикасы Президентіне тиесілі өкілеттіктер:

А) Қазақстан халқы Ассамблеясын құру.

С) республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдау

F) азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру
10.ҚР Президентін қызметінен кетіруге негіз болады:

А) мемлекетке опасыздық жасауы

Е) шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесуі

G) соғыс не қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кетуі

11.Республика Президентiнiң өкiлеттiгi тоқтатылады:

B) жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап

D) ол қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген жағдайда

G) ол қайтыс болған жағдайда

12.Республика Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн:

A) науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда

B) мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда

C) оның жүргізген саясаты экономикалық құлдырауға соқтырса

D) Парламент пен Үкімет арасында келіспеушіліктер болса.
E) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен.

F) Үкіметтің Сенатпен келісілген шешімінің негізінде.

G) медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссияның және Конституциялық Кеңестің қорытындысы негізінде

H) соғыс және төтенше жағдайларда

13.Президентті қызметінен кетіру бойынша түпкiлiктi шешiм қабылданады:

A) айып тағудың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Сот қорытындысы болған жағдайда

C) белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңестiң қорытындысы болған жағдайда

F) әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында

14.Президентті қызметінен кетіруге негіз болатын мемлекетке опасыздық жасау ретінде ұғынылады:

C) соғыс кезiнде жау жағына шығып кету

E) шет мемлекеттiң Республикаға қарсы дұшпандық әрекетiн жүзеге асыруына көмектесу

H) қарулы қақтығыс кезiнде жау жағына шығып кету

15.Қазақстан Республикасы Президентiнің өкiлеттiгiнiң ауысуы жағдайлары:

A) Президенттің қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы.

C) Президенттің қызметiнен кетiрiлуі.

F) Президенттің қайтыс болуы.

16.Республика Президентiнiң қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда оның өкiлеттiгi қалған мерзiмге ауысады:

B) Парламент Сенатының Төрағасына.

E) Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына.

H) Республиканың Премьер-Министрiне.

17. ҚР Президентіне заң шығару өкілеттігі беріледі:

С) Президенттің бастамасы бойынша Парламет Палаталарының бірлескен отырысында.
Е) Парламенттің әр палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен.

G) бір жылдан аспайтын мерзімге
18.Республика Президенті заң күшi бар Жарлық шығарады:

А) Президентпен басымдылығы белгiленген заң жобасын Парламент заңмен белгіленген мерзімде қарамаса.

D) заң жобасын жедел қарау туралы талабын Парламент орындамаған жағдайда

H) басымдығы анықталып, жедел қаралу тиістілігі белгіленген заң жобасын Парламент бір ай ішінде қарамаған жағдайда

19.Республика Президентi актiлерiнiң нысандары:

B) жарлық

E) өкiм

G) заң, заң күші бар жарлық

20.Президент қол қоятын Парламент актiлерi, Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актiлерi алдын-ала тиянақталады:

A) Парламент Мәжілісінің Төрағасының қолымен.

C) Парламент Сенатының Төрағасының қолымен.

F) Премьер-Министрдiң қолымен.

21.Республика Президентiнiң жарлықтары шығарылады:

C) Республика Конституциясының негізінде.

E) Республика заңдарының негiзiнде.

H) Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшiн.

22.Республика Президентiнiң жарлықтарымен жүзеге асырылады:

A) мемлекеттiк билiк тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

D) оның актiлер шығаруын талап ететiн конституциялық өкілеттігін жүзеге асыру

G) өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдындағы жауаптылығын қамтамасыз ету

23.Республика Президентiнiң өкiмдерi шығарылады:

B) Конституцияның негізінде және оны орындау үшін.

E) заңдардың негізінде және оларды орындау үшін

G) Президент жарлықтарының негізінде және оларды орындау үшін.

24.Республика Президентiнiң өкiмдерiмен жүзеге асырылады:

A) әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелердi шешу

C) жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу

F) конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және босату

25.Республика Президентiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсетудi қамтамасыз етедi:

B) өзiнiң құзыретiне сәйкес Ұлттық қауiпсiздiк комитетi

E) өзiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентiнiң Күзет қызметi

H) Президентiнiң Iс Басқармасы.

25.Президентке қатысты республикалық бюджет есебiнен жүзеге асырылатын шаралар:

A) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн қамтамасыз ету.

D) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне қызмет көрсету.

F) Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiн күзету.

27.Республиканың экс-Президенттерiн қамтамасыз ету шаралары:

C) оған ел iшiнде тегiн жүрiп-тұру, тегiн медициналық, санаторий-курорттық емдеу қызметi көрсетiледi

E) оған Президенттiң лауазымдық жалақысының 80%-ы мөлшерiнде зейнетақы тағайындалады

H) оған пәтер, саяжай, жеке күзет, жүргiзушiсiмен бірге автомобиль берiледі

28.Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң мәртебесi:

A) өмiр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшесi болып табылады

E) қызметiнен кетiрiлгендерден басқасына экс-Президент деген атақ беріледі

G) Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстарына, Президенттiң ант беру рәсіміне қатысуға хақылы болады

29.Республика Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдар, мекемелер мен ұйымдар:

C) Қазақстан халқы Ассамблеясы.

F) Қауіпсіздік Кеңесі.

H) Жоғары Сот Кеңесі.

30.Республика Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктеледi:

А) Республика Президентiнiң қызметiн қамтамасыз ету.

С) Республика Президентiн елдегi iстiң жайы туралы уақтылы әрi толық хабардар етiп отыру.

F) Республика Президентiнiң шешiмдерiн сөзсiз және тыңғылықты орындау және олардың орындалуын бақылау.

31.Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі атқарады:

A) Республика Президентін күзету.

 

E) Президенттi арнайы байланыс құралдарымен қамтамасыз ету.

H) өзiнiң құзыретiне сәйкес Республика Президентi мен оның отбасы мүшелерiне тұрғын үй және көлiк қызметiн көрсету

32.Тарихи миссиясына байланысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне өмiр бойына тиесілі болатын құқықтар:

A) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк құрылыстың аса маңызды мәселелерi бойынша бастамалар жасау

E) Парламент пен оның палаталарының алдында, Үкiметтiң отырыстарында ел үшiн маңызды мәселелердi талқылау кезiнде сөз сөйлеу.

H) Қазақстан халықтары Ассамблеясын басқару, ҚР Конституциялық Кеңесiнiң, Қауiпсiздiк Кеңесiнiң құрамына кiру

33.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне ешкiмнiң тиiспеушiлiгi білдіреді:

B) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне ешкiмнiң тиiсуiне болмайды.

C) тұңғыш Президент мемлекетке сатқындық жасау жағдайларын қоспағанда, өз мәртебесiн жүзеге асыруға байланысты iс-әрекеті үшiн жауапты болмайды

E) тиiспеушiлiк оның үй-жайларына, қол жүгiне, көлiгiне, жазылатын хат-хабарларына... қолданылады

1.Республика Парламенті мәртебесі бойынша мынадай орган:

А) заң шығару қызметiн жүзеге асыратын орган

Е) Республиканың ең жоғары өкiлдi органы

H) тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан тұратын орган

2.Қазіргі Республика Парламентінің мәні:

А) Парламент өкілдік сипатқа ие, яғни ол Қазақстан халықтарының мүддесін көздейді, оның атынан өкілдік етеді

С) Парламенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі қызмет мақсаты – заң шығаруды жүзеге асыру болып табылады

G) Парламент тұрақты жұмыс істеу нәтижесінде заң шығару қызметінің үздіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді

3.Парламент Сенаты құралады:

А) әр облыстан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан

F) республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан

H) Республика Президенті тағайындайтын он бес депутаттан

4.Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жүзеге асырылады:

D) жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде

Е) тең және төте сайлау құқығы негізінде

H) жасырын дауыс беру арқылы

5.Сенат депутаттарын құру өзгешелігі:

А) Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде сайланады

С) Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады

F) Сенаттың он бес депутатын Президент тағайындайды

6.Парламент Мәжілісінің құрамы:

А) жалпы саны жүз жеті депутаттан тұрады

D) тоқсан сегіз депутаты партиялық тізім негізінде сайланады

G) тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды

7.Парламенттiң сессиясы өткiзiледi:

А) Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстары түрінде

D) Сенаттың бөлек отырыстары түрінде

F) Мәжілістің бөлек отырыстары түрінде

8.Палата төрағалары сайланғанға дейін Парламенттiң бiрiншi сессиясында төрағалық етедi:

А) бірлескен отырыста Республика Президенті

В) Сенат отырыстарында Республика Президентi

С) Мәжiлiс отырыстарында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

9.Республика Президенті Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады:

С) өз бастамасымен

Е) палаталар төрағаларының ұсынысымен

H) Парламент депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің

10.ҚР Парламентінің жұмыс органдары болып есептеледі:

С) Сенаттың тұрақты комитеттері.

D) Мәжілістің тұрақты комитеттері.

F) палаталардың бірлескен комиссиялары.
11.Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті тұрақты комитеттері құрылады:

А) заң жобалары жұмысын жүргiзу үшін

F) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарау үшін
G) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн

12.Парламент Палаталары арнаулы уақытша комиссиялар құрады:

А) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзуде

D) Үкімет мүшелерінің есептерін тыңдауда

F) Республика Президентін науқастануына байланысты қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатуда
13.Мәжіліс Бюросының құрамына кiредi:

С) Мәжіліс төрағасының орынбасарлары

F) Мәжілістің тұрақты комитеттерiнiң төрағалары

H) Мәжілісте өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері

14.Парламент Палаталарының төрағаларының өкілеттіктері:

В) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді

Е) Палаталардың үйлестiру органдарының қызметiне басшылық жасайды

H) Палаталар шығаратын актiлерге қол қояды

15.Мәжiлiс Төрағасының өкілеттігі:

А) Парламент сессияларын ашады.

D) Палаталардың бiрлескен кезектi отырыстарын шақырады.

G) Палаталардың кезектi және кезектен тыс бiрлескен отырыстарына төрағалық етеді.

16.Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ерекше қарауына жатады:

D) Бас Прокурорды ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру

F) Президенттiң ұсынуымен Жоғарғы Сот Төрағасын және судьяларын сайлау мен қызметтен босату
H) Президенттің Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру

17.ҚР Парламент Мәжілісінің ерекше құзырына жатады:

А) Парламентке енгізілген заңдардың жобаларын қарауға қабылдау.

E) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау.

G) Президенттің Республика Премьер-Министрін тағайындауына келісім беру.

18.Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз шешеді:

В) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады.

D) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлайды.

G) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды.

9.ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жататын мәселелер:

А) Республика Үкіметіне сенімсіздік білдіру.

В) Парламентке енгізілген заңдардың жобаларын қарауға қабылдау, қарау.

Е) Президентке мемлекеттік опасыздық жасады деп айып тағу.

20.Парламент палаталарының лауазымды адамдарды қызметке тағайындау тәртібі:

А) тағайындау туралы шешім Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады

D) депутаттар ұсынылған кандидатты "жақтап" немесе "қарсы" пікірлер білдіруі мүмкін

G) отырыста кандидатқа сұрақтар қойылуы мүмкін

21.Заң жобасы Парламент Сенатында қабылданады:

A) Мәжiлiс депутаттары қарап, жалпы санының көпшiлiк дауысымен мақұлдағаннан кейін

E) Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен

G) заң жобасы Сенатқа түскен мезгілден бастап 60 күн ішінде

22.Заң шығару бастамашылығы ретінде ұғынылады:

В) Президенттің Парламент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi.

F) Үкіметтің Парламент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi.

H) Парламент депутаттарының Парламент қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi.

23.Заң шығару бастамасы құқығы тиесілі:

A) Республика Президентіне
B) Мәслихат депутаттарына

C) Парламент депутаттарына
F) Республика Үкiметiне

24.Парламент заңдар шығаруға хақылы:


C) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына қатысты
F) Мемлекет қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты
G) Бiлiм беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтiк қамсыздандыруға қатысты

25.Парламент қабылдайтын заңдардың түрлері:

A) Жай заң

D) Конституциялық заң

G) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң

26.Парламент қабылдаған заңдар Президенттің қол қоюына дейін алдын ала бекітіледі:

A) Парламент Сенатының төрағасының қолымен.

C) Парламент Мәжілісінің төрағасының қолымен.

F) Егер заң жобасын Үкiмет енгiзсе Премьер-Министрдiң қолымен.

27.Парламенттен қол қою үшін келіп түскен заңды Президент бір ай ішінде қарап:

B) заңға қол қойып оны жариялайды

E) заңды тұтастай қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады

H) заңның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшiн Парламентке қайтарады

28.Республика Президенті Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратады:

В) Сенат төрағасымен консультация алысқаннан кейін.

D) Мәжіліс төрағасымен консультация алысқаннан кейін.

F) Республика Премьер-Министрімен консультация алысқаннан кейін.

29.Парламентті және Парламент Мәжілісін таратуға болмайды:
А) Төтенше немесе соғыс жағдайы кезеңінде

F) Президент өкілеттігінің соңғы алты айында

H) Осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде

30.21 мамыр 2007 жылғы конституциялық реформа бойынша Парламенттің қызметін жетілдіруге қатысты Конституцияға енгізілген өзгертулер:

А) Республика Президенті Сенаттың он бес депутатын тағайындайтын болды.

D) Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын болды.

G) Мәжіліс депутаттарының жалпы саны жүз жеті депутат болып белгіленді.

 

1.Сенат депутаттығына кандидатқа қойылатын талаптар:

А) Жасы отызға толуы керек

D) Жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы болуы қажет

H) Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұруы қажет

2.Мәжіліс депутатты болып сайлану үшін қойылатын талаптар:

В) Қазақстан Республикасының азаматы болу

D) Жасы жиырма бестен кем болмау

F) Республика аумағында соңғы он жыл тұрақты тұру

3.Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары құқылы:

С) ғылыми қызметпен айналысуға

Е) оқытушылық қызметпен айналысуға

H) шығармашылық қызметпен айналысуға

4.Өкiлеттiк мерзiмi iшiнде Парламент депутатына қатысты қолдануға болмайтын шаралар:

А) тұтқынға алу, күштеп әкелу

F) сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдану

H) қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, тиiстi Палатаның келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тарту

5.Парламент депутатының өкілеттігі тоқтатылады:

В) Ол орнынан түскен немесе қайтыс болған жағдайда

Е) Сотпен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда

G) Сотпен қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда

6.Парламент депутаты мандатынан айырылады:

С) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен кезде

F) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген кезде

H) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде

7.Парламент Мәжілісінің депутаты мандатынан айырылады:

А) егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шыққан болса

В) егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шығарылған болса

F) депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан

8.Парламент депутатының өкілеттігі:

А) заңда белгiленген тәртiппен депутаттық сұрау салу

D) Палатаның үйлестiрушi органына сайлау және оған сайлану

H) сессияның күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер енгiзу

9.Депутаттық әдеп ережелерін бұзғаны үшін Парламент депутаттарына қолданылатын жазалау шаралары:

А) парламенттік мінеу

С) бір отырыс уақытына отырыс залынан шығарып жіберу

G) көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр ету

10.Парламент депутатының қызметін материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету шараларына жатады:

А) депутатқа мемлекеттiк тұрғын-үй қорынан тұрмысқа жайлы және жиhазбен жабдықталған тұрғын үй берiледi

Е) депутатқа Астана шегiнде автомобиль көлiгiмен қызмет көрсетіледі

G) депутатқа емдеу-сауықтыру қызметтері көрсетіледі

11.Парламент депутатының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету шараларына жатады:

В) депутат Парламент қабылдаған құжаттармен қамтамасыз етіледi

D) депутат мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ресми таратылатын ақпараттық, анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледi

G) депутат Парламент пен оның органдарының ресми таратылатын ақпараттық және анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледi

 

1.Қазақстан Республикасында атқарушы билікті жүзеге асыратын органдар:

А) Республика Үкіметі

D) министрліктер, агенттіктер

F) әкімдіктер

2.Жоғарғы және жергілікті атқарушы органдардың қарым-қатынасы:

В) жоғарғы атқарушы орган жергілікті атқарушы органның қызметiне басшылық жасайды

D) жергілікті атқарушы органдардың заңдарды, Президент пен Үкiметтiң актiлерiн орындауын жоғарғы атқарушы орган бақылайды

H) жоғарғы атқарушы орган жергілікті атқарушы органдардың актiлерiнiң күшiн жоя алады

3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны:

А) Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады

С) ол атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды

G) Президентінің алдында, Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжілістің және Парламенттің алдында жауапты болады

4.Республика министрлiгiнің мәртебесі:

В) тиiстi мемлекеттiк басқару саласына басшылықты жүзеге асырады

D) заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады

G) Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады

5.Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi:

А) Үкімет Президенттiң өкілеттік мерзімі бiткенше iс-қимыл жасайды.

E) Үкімет жаңадан сайланған Президент алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады.

H) Үкiметтiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн ол өз мiндеттерiн атқара бередi.

6.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылу тәртібі:

В) Президент алдымен Мәжілістің келісімімен Премьер-Министрді тағайындайды

E) Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiм iшiнде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi

H) Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Президенті Үкіметінің құрылымын айқындайды

7.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кiредi:

С) Республиканың Премьер-Министрi

E) Премьер-Министрдің орынбасарлары

H) Әкімдер

8.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын құрайтын органдар:

В) Ішкі істер министрлігі

D) Сыртқы істер министрлігі

F) Өзге де орталық атқарушы органдар

9.Республика Үкiметiнiң құрамында болуға байланысты шектеулер:

А) Үкiмет мүшелерiнiң өкiлдi органның депутаттары болуға хақы жоқ.

F) Үкiмет мүшелерi оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға хақы жоқ.

G) Үкiмет мүшелерiнің кәсiпкерлiкпен шұғылдануға хақы жоқ.

10.Республика Үкiметiн құруға қатысты Президенттің өкілеттігі:

С) Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.

F) Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды.

H) Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады.

11.Республика Үкiметiнiң құзыретi:

А) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi

E) республикалық бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi

G) құқықтық саясатты іске асыруды қамтамасыз етедi

12.Үкіметтің Республиканың қауіпсіздігіне қатысты құзыреті:

С) Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады

Е) Республиканың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүзеге асырады

H) Республиканың мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады

13.Қазақстан Республикасы Үкiметiнің республикалық бюджет жөніндегі құзыреті:

В) республикалық бюджеттi әзiрлейді

D) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады

F) бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi

14.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің өкілеттігі:

А) Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды

Е) Үкiмет қаулыларына қол қояды

G) Үкiмет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде Президентке баяндап отырады

15.Үкімет мүшелерінің мәртебесі:

D) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады

F) өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербестiкке ие болады

H) өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн Премьер-Министрiнiң алдында жеке-дара жауап бередi

16.Қазақстан Республикасының Үкіметі жауапты болады:

С) Парламент Мәжілісінің алдында.

Е) Республика Президенті алдында.

H) Республика Парламенті алдында.

17.Үкiмет мүшелерінің орнынан түсуiне негіз болады:

В) Өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санауы

Е) Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспеуі немесе оны жүргiзбеуі.

G) Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы

18.Республика Үкiметi қаулылар шығарылады:

А) Республика Конституциясының негiзiнде және оны орындау үшiн

D) Республика заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшiн

F) Президент актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн

19.Премьер-Министрдiң өкiмдерi шығарылады:

С) Әкiмшiлiк-өкiмдiк сипаттағы мәселелер бойынша

F) Жедел сипаттағы мәселелер бойынша

G) Жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша

20.Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн жоя алады:

А) Республика Президентi.

Е) Республика Үкiметi.

F) Премьер-Министрдің өзі.

1.Конституциялық Кеңестің конституциялық бақылау қызметінің мәні:

A) Республиканың бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету

C) Конституцияның бұлжымастығын, яғни нормативтік актілерді қабылдау кезінде оның нормаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету

G) сайлаулар өткiзу кезінде конституциялық нормалардың мүлтіксіз органдалуын қамтамасыз ету

2.Конституциялық бақылауды жүзеге асырудың үлгілері:

C) жалпы юрисдикциялық соттардың жүзеге асыруы

E) арнайы құрылған сот органдарының жүзеге асыруы

G) сот жүйесіне жатпайтын арнайы құрылған органдардың жүзеге асыруы

3.Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнің мәртебесi:

A) Республика аумағында Конституцияның жоғары тұруын қамтамасыз етеді

D) Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және тәуелсiз болады

H) Конституцияға ғана бағынады, саяси және өзге себептердi негiзге ала алмайды

4.Конституциялық Кеңестiң құрамы және құрылу тәртібі:

B) жетi мүшеден тұрады - төрағаны және екi мүшесiн Президент тағайындайды

E) жетi мүшеден тұрады, оның екi мүшесiн Сенат тағайындайды

G) жетi мүшеден тұрады, оның екi мүшесiн Мәжiлiс тағайындайды

5.Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi сыйыспайды:

C) депутаттық мандатпен

F) кәсiпкерлiкпен айналысумен

H) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен

6.Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелеріне қатысты қолдануға болмайды:

A) оларды өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге болмайды

E) оларға сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды

F) қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды

7.Конституциялық Кеңес мүшелiгiне кандидаттарға қойылатын талаптар:

C) Республика аумағында тұратын отыз жасқа толған ҚР азаматы болуы

E) жоғары заң бiлiмiнің болуы

G) заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажының болуы

8.Конституциялық Кеңеске өтiнiш білдіруші субъектілер:

A) Қазақстан Республикасы Президентi

C) Сенат және Мәжiлiс Төрағалары

F) Премьер-Министр

9.Конституциялық Кеңестің өкілеттіктері:

A) Дау туған жағдайда Президенттiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi

C) Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.

.G) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.

10.Конституциялық Кеңес келіп түскен өтінішті қарауға қабылдаудан бас тартады:

C) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса

E) өтiнiш тиiстi субъектiден туындамаса

F) өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса

11.Конституциялық іс жүргізуге қатысушылар:

D) Республика Президентi, Премьер-Министрi

F) Парламент палаталарының төрағалары

H) актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар

12.Конституциялық iс жүргiзудi тоқтату жағдайлары:

B) субъектінің өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартуы

D) конституциялылығы талас тудыратын актiлердің күшiн жоюы

F) өтiнiштің Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпауы

13.Конституциялық Кеңес мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатыла тұрады:

C) оны қамауға алуға немесе қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе

E) денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы өз мiндеттерiн орындай алмаса

H) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болған деп танылса

14.Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылады:

A) орнынан түсуi туралы өтiнiшi қанағаттандырылса

D) қызметте болуының Конституцияда белгiленген мерзiмi аяқталса

G) Жоғарғы соттың ол жөнiнде заңды күшiне енген айыптау үкiмi болса

15.Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiнің қабылдану нысандары:

C) қаулы

F) қорытынды

G) жолдау

16.Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi:

A) қабылданған күннен бастап күшiне енедi

C) Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi

E) түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды

17.Конституциялық Кеңестің қосымша шешім қабылдау жағдайлары:

A) шешiмдерiне түсiндiрмелер беру туралы мәселе қойылса

E) шешiмінде жiберiлген редакциялық сипаттағы дәлсiздiктерді түзету қажет болса

F) шешiмiнде орын алған редакциялық сипаттағы қателердi түзету қажет болса

18.Конституциялық Кеңес алғашқы шешiмiн қайта қарайды:

A) өз бастамасы бойынша

D) қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгерсе

F) шешiм қабылданған сәтте Конституциялық Кеңеске белгiсiз болған, өтiнiштiң мәнi үшiн жаңа елеулi нәрселер ашылса

19.Конституциялық Кеңес шешiмдерінің қабылданy тәртібі:

C) Конституциялық Кеңес шешiмдердi алқалы түрде қабылдайды

E) Конституциялық Кеңес шешiмдi өз мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылдайды

F) шешiм қабылдау кезiнде дауыс тең бөлiнген жағдайда Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылады

20.Конституциялық Кеңес шешiмiне Республика Проезиентінің қарсылық енгізуі:

A) қарсылық Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде енгiзiлуi мүмкiн

C) қарсылық Президент шешiмнiң мәтiнiн алған күннен бастап он күн мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi

E) Президенттің қарсылығы Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiлуі мүмкін

1.Сот билігінің мәні:

В) сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады

E) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді

H) Конституцияның, заңдардың, өзге де актiлердiң, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi

2.Қазақстан Республикасы сот жүйесiнiң бiрлiгi қамтамасыз етіледі:

А) барлық соттар мен судьялар үшiн ортақ және бiрыңғай сот төрелiгi принциптерiмен

F) заңдарда судьялардың бiрыңғай мәртебесiн баянды етумен

H) заңды күшiне енген сот актiлерiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындаудың мiндеттiлiгiмен

3.Қазақстан Республикасының сот жүйесiн құрайды:

А) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

С) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар

E) мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi т.с.с.) соттар

4.Жергiлiктi соттарға жатады:

В) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар

D) аудандық соттар

F) қалалық және ауданаралық соттар

5.Мамандандырылған соттарға жатады:

А) әскери соттар

D) әкiмшiлiк соттар

F) кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi соттар

6.Облыстық соттың органдары болып табылады:

В) жалпы отырыс

E) апелляциялық сот алқасы

H) кассациялық сот алқасы

7.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мәртебесі:

А) жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады

E) заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында жергілікті және басқа соттардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады

G) сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi

8.Жоғарғы Соттың органдары болып табылады:

С) жалпы отырыс

F) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы

G) қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы

9.Қазақстан Республикасында судьялардың мәртебесі:

А) судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады

E) судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi

G) судья құрметтемеушiлiк заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады

10.Заңды қолданған кезде судья басшылыққа алуға тиiс принциптер:

D) бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайтындығы

F) айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi еместігі

H) заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайтындығы

11.Судьяға қатысты қолдануға болмайтын шаралар:

В) тұтқынға алу, күштеп әкелу

D) сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдану

G) қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, ҚР Президентiнiң (Сенаттың) келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тарту

12.Судьяның қызметi сыйыспайды:

С) депутаттық мандатпен

E) кәсiпкерлiкпен айналысумен

H) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен

13.Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру негіздері:

С) ҚР Президенттiгiне, Парламент не мәслихат депутаттығына кандидат болып тiркелсе

E) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе

G) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса

14.Судьяның өкiлеттiгi тоқтатылады:

E) қайтыс болса не соттың шешімі бойынша қайтыс болды деп жарияланса

G) iс-әрекетке қабiлетсiз не iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылса

H) оған қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде

15.Қазақстанда судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар:

А) жиырма бес жасқа толған Республика азаматы болуы

E) жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажының болуы

G) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған болуы

16.Республика заңнамасына сәйкес судьяға қойылатын талаптар:

А) ҚР Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға, судьяның антына адал болуға мiндеттi

D) сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне қарсы тұруға мiндеттi

F) судьяның адалдығына, әдiлдiгiне күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға мiндеттi

17.Заң мамандығы бойынша жұмыс стажына байланысты судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар:

В) Жоғарғы Соттың судьясы болу үшін - заң мамандығы бойынша кемінде 15 жыл жұмыс стажы немесе судьялық жұмыс бойынша кемінде - 5 жыл стаж.

.E) облыстық соттың судьясы болу үшін - кемiнде он бес жыл

G) аудандық соттың судьясы болу үшін - кемiнде екi жыл жұмыс стажы

18.Қазақстанда судьяларды тағайындау тәртібі:

В) Жоғарғы Сот судьяларын Республикалық Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесiне негiзделген Республика Президентінің ұсынуы мен Сенат сайлайды.

E) жергілікті соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша ҚР Президентi тағайындайды

H) мамандандырылған соттардың судьяларын Жоғары Сот Кеңесiнiң кепiлдемесi бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды

19.Жоғары Сот Кеңесiнің құрамы:

В) Жоғары Сот Кеңесі ҚР Президентімен тағайындалатын Төрағасы

D) Жоғары Сот Кеңесі хатшысы

G) Жоғары Сот Кеңесі басқа да мүшелері

20.Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі құрылады:

А) ҚР Президентінің соттарды қалыптастыру жөніндегі өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында.

С) ҚР Президентінің судьялардың тәуелсіздігі жөніндегі өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында.

E) ҚР Президентінің судьяларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктері жөніндегі өкілеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында.

21.Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің өкілеттіктері:

В) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді

E) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос орнына кандидатураны қарайды.

H) Жоғарғы Сот Төрағасының бос орнына кандидатураны қарайды.

22.Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасына, хатшысына және мүшесіне тиым салынады:

А) коммерциялық ұйымның басшы органының құрамына кіруге

D) коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіруге

E) саяси партиялардың басшылық қызметінде болуға

23.Әділет біліктілік алқасы:

А) бүгінде қ





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 969 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2493 - | 2164 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.