Акушерлік және гинекология кафедрасы
Рекет алгоритмі
ОҚКЕ станциясы
Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына
Аускультация жүргізу
№ | Дағдыларды бағалау белгілері | Әрекет алгоритмі |
Іш айналымын өлшеу. | Сантиметрлік лентаны жүкті әйелдің арқасымен айналдыра, іштің шығыңқы нүктесіне тығыз қойып, кіндік тұсында іш айналымын өлшейміз. | |
Жатыр түбі деңгейін өлшеу. | Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан жатырдың түбіне дейінгі биіктікті өлшейміз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасағаның жоғарғы қырына орналастырып қолдың қырымен ысырып жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз. | |
Ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу. | Ұрықтың келіп тұрған бөлігіне және бағытына байланысты әйелдің ішіне стетоскопты қойыңыз: егер ұрық басымен келіп тұрса жүрек соғысын позициясына байланысты кіндіктен төмен оң (ІІ позиция) немесе сол (І позиция) жағынан тыңдаймыз, егер ұрық жамбаспен келіп тұрса – кіндіктен жоғары оң (II позиция) немесе сол (I позиция) жағынан тыңдаймыз. | |
Ұрықтың ЖЖЖ қалыптылығы | Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігі= минутына 110-160 соққы. |
Станция ұзақтығы – 5 минут.
«Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Рекет алгоритмі
ОҚКЕ станциясы
Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу
№ | Дағдыларды бағалау белгілері | Әрекет алгоритмі |
1-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізу. | 1-ші тәсілді жатыр түбі биіктігін және жатыр түбіндегі ұрықтың бөлігін анықтау үшін жүргізесіз. Ол үшін екі қолдың саусақтарын бір-біріне бағыттап, бірақ жанастырмай алақанын жатыр түбіне қойып жүргізіңіз. | |
2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізу. | 2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясынжәне түрін анықтау үшін жүргізесіз. Ол үшін қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытып, алақанмен жатырдың бүйір бетіне алмакезек пальпация жүргізіңіз. | |
3-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізу. | 3-ші тәсіл ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасынанықтау үшін жүргізіңіз. Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырыңыз. | |
4-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргізу. | 4-ші тәсіл ұрықтың келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргіңіз. Бұл тәсілді жүргізу үшін емтихан тапсырушы жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтары кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтаңыз. |
Станция ұзақтығы – 5 минут.
«Астана медицина университеті» АҚ
Акушерлік және гинекология кафедрасы
Рекет алгоритмі
№_3_ОҚКЕ станциясы Арнайы гинекологиялық зерттеулер жүргізу
№ | Дағдыларды бағалау белгілері | Әрекет алгоритмі |
Залалсыздандырылған қолғапты кию. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау. | Залалсыздандырылған бір рет қолдануға арналған қолғапты екі қолыңызға да киіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау үшін екі қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен үлкен жыныс ернеуін ашамыз, онда қынап кіреберісін, қынап қабырғасының шырышты қабатының өңін, сыртқы несеп жолы саңылауы каналының, парауретральды және қынап кіреберісінің үлкен безінің шығару жолдарының жағдайын қараймыз. | |
Қынапқа екі жаққа ашылмалы айнаны енгізу. Жатыр мойнының қынаптық бөлігін және қынапты айнамен қарауды жүргізу. | Жатыр мойнын және қынапты айнамен қарауды жүргізіңіз: ол үшін екі жаққа ашылмалы айнаны оң қолға алып, сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарыменүлкен және кіші жыныс ернеуін ашамыз. Айнаны қынапқа жамбастың тік өлшемімен тереңдете енгізіп көлденең өлшемге бұрамыз. Жатыр мойнын және қынапты ашамыз. | |
Қынаптан екі жаққа ашылмалы айнаны шығарамыз. | Екі жақты ашылмалы айнаны жабамыз және көлденең өлшемнен тік өлшемге келтіре отырып, ақырын қынаптан шығарамыз,. | |
Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа салу. | Екі жаққа ашылмалы айнаны қолданылған құралдарға арналған лотокқа саламыз. | |
Қынапты бимануальды зерттеу жүргізу. | Қынаптық зерттеу жүргізіңіз. Ол үшін сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарыменжыныс ернеулерін ашамыз. Қынапқа оң қолдың екі саусағын енгіземіз, бірінші – қынаптың артқы қабырғасын басатын ортаңғы саусақты, содан соң сұқ саусақты енгіземіз. Сол қолды алдыңғы құрсақ қабырғасына ауыстырып және ұқыптап енгізілген оң қолдың саусақтарына бағыттап басамыз. Екі қолдың саусақтарын бір біріне жақындатып жатыр денесін және мойнын пальпация жасау керек. Ал жатыр қосалқыларын екі жақты (оң, сол) зерттеу үшін екі қолдың саусақтарын кезекпен жатыр бұрышынан жамбастың бүйір қабырғасына ауыстырыңыз. Оң kолдың саусақтарын қынаптан шығармас бұрын, қынап күмбезін және жамбастың ішкі жоғарғы қабырғасын пальпациялаңыз. | |
Қынаптан саусақтарды шығару және бөлінділер сипатын бағалау. | Қынаптан саусақтарыңызды шығарыңыз, бөлінділер сипатын қараңыз және бағалаңыз (қанды, іріңді, шырышты). | |
Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салу. | Қолғапты шешіп, оларды арнайы контейнерге салыңыз. |
Станция ұзақтығы – 5 минут.
«Астана медицина университеті» АҚ