Лекции.Орг


Поиск:




Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастыру əдiстерi




Көзқарас, түсiнiк, сенiмдi қалыптастыру үшiн тұлға-ның ақыл-ойын қалыптастыру əдiстерi қолданылады. Бұл əдiстер сенiм, қажеттi құлықтың эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылар педагогикалық əсерден тыс қалып отырса, онда қойылған мақсатқа жету процесi өте баяу жүредi. Терең сезiм оқушы-лардың ойы айқын, əсерлi бейнелерге аударылғанда ғана пайда болады. Тəрбиеленушiлердiң тəрбие iс-əрекетiне белсендi араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана əдiстер өз мақсатына жетедi.

Əрбiр əдiстiң өзiндiк сипаты жəне қолдау аумағы болады. Педагогтың деңгейi жоғары болған жағдайда бұл топтағы əдiстер жүйелi əрi басқалармен бiрлескен түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай ана-ғұрлым қиын, сөздiк-эмоционалдық əсер етушi əдiстерi мынадай: əңгiмелеу, түсiндiру, этикалық кеңес, диспут жəне көрнекi тəжiрибелiк əсер ету əдiсi,

өнеге-өрнек келтiру. Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы əңгiме – бұл адамгершiлiк мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрiнiсi. Сезiмге əсер ету əңгiмелерi тəрбиеленушiлердi моралды жəйттердi бағалауға, олардың мəнiн түсiнуге

көмектеседi. Этика тақырыбындағы əңгiме бiрнеше қызмет орындайды: баланың бiлiм деңгейiн көтеру, басқа адамдардың тəжiрибесiн баланың тұлғалық, адамгершiлiк тəжiрибесiн байытуға бағыттау.

Этикалық əңгiменi өткiзудiң жағдайлары:

1. Əңгiме оқушының əлеуметтiк деңгейiне сай келуi керек.

2. Əңгiме көрсетпе-көрнекi құралдармен бiрге жүрiлуi қажет.

3. Қоршаған ортаның эмоциялы əсерi əңгiменiң мəнi мен мазмұнына сай болуы керек.

4. Əңгiме кəсiптiк деңгейде өткенде ғана тартымды болады.

5. Əңгiме тыңдаушыларды толғандыруы мiндеттi.

Түсiндiру - тəрбиеленушiге эмоционалды - сөздi əсер ету əдiсi. Түсiндiрудiң əңгiмелеуден айырмашылығы -берiлген топқа немесе нысаналы əсер етуде. Бұл əдiстi қолдануда педагог ұжым мүшелерiнiң тұлғалық сапасына, сыныптың бiлiм ерекшелiктерiне сүйенедi. Бастауыш сынып оқушылары үшiн түсiндiрудiң қарапайым тəсiлдерi мен құралдары қолданылады: ''Былай iстеу керек'', ''Барлығы осылай iстейдi'' т.с.с. Бұл əдiс мынадай жағдай-ларда қолданылады: а) қылық формасы немесе жаңа моралдық сапаны қалыптастыру жəне бекiту үшiн; б) болған iске

тəрбиеленушiнiң дұрыс қатынасын орнық-тыру үшiн.

Мектеп тəжiрибесiнде түсiндiру адам психикасына енiп, iс-əрекеттiң себептерiн тудыратын жəне тұлғаға жалпы əсер ететiнiн сендiруге сүйенедi. Сендiру тəрбие-ленушiге белгiлi бiр шешiм қабылдату жағдайында пайдаланылады. Сендiру басқа тəрбие əдiстерiнiң əсерiн күшейту үшiн қолданылады.

Этикалы сұхбат тəрбиешi мен тəрбиеленушiлердiң пiкiр алысуға екi жақты кiрiсуiн керек ететiн жүйелi жəне бiрiздi əдiс түрi. Сұхбаттың (беседа) əңгiмеден айырмашы-лығы – сөйлеушiнi тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым-қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай əңгiме моралды, этикалы, тəрбиелi мəнi бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты – адамгершiлiк түсiнiк-терiн тереңдету жəне бекiту, бiлiмдi жалпылау жəне нақтылап орнықтыру, адамгершiлiк көзқарастары мен нанымдар жүйесiн қалыптастыру.

Этикалы сұхбатқа нақты деректер, оқиғалар, сыныптағылардың қылықтары себепшi болады. Мұндай сұхбаттасу оқиға ''iзiнше'' немесе кейiнiрек, балалар өз қылықтарының жақсы не жаман екенiн ойластырып түсiнген соң өткiзiледi.

Этикалы сұхбаттасудың нəтижелiлiгi бiрнеше маңыз-ды шарттарға байланысты:

1. Сұхбаттасудың проблемалы болғаны маңызды. Тəрбиешi шəкiрттерiн үйреншiктi емес сұрақтар қоюға ынталан-дырады, сол сұраққа жауапты оқушылардың өздерiнiң табуына көмектеседi.

2. Этикалы сұхбаттар алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған даяр сценарий бойынша өтпеуi тиiс. Оқушы-ларға өз ойларын баяндауға мүмкiндiк беру қажет, оларды басқалар ойларын сыйлауға, оған дұрыс көзқарас нышаны-мен қарауға үйрету керек.

3. Сұхбатты дəрiсбаянға айналдыруға болмайды.

4. Сұхбаттасу құралдары тəрбиеленушiнiң эмоционалды тəжiрибесiне жақын болғаны абзал.

5. Сұхбаттасу кезiнде барлық көзқарастар мен пiкiрлердi анықтап, оларды салыстыра бiлудiң маңызы зор.

6. Əңгiмеге дұрыс жетекшiлiк – тəрбиеленушiнiң оңды шешiмге өзбетiмен келуiне арқау.

Тəрбиеленушiлермен өткiзiлетiн жеке этикалы сұхбат тəрбиешiнiң жоғары кəсiптiк деңгейiн керек етедi. Мұндай сұхбат кезiнде психикалы тосқауыл туып кетпеуi лазым. Егер тəрбиешi жеке сұхбаттасуға жан-тəнiмен мəн берсе, онда оның үлкен табысқа жететiнi сөзсiз.

Пiкiрталастар - тəрбиеленушiлердi қызықтыратын əртүрлi тақырыптарға арналған қызу пiкiр сайысы. Мұндай тəрбиелiк əдiс орта жəне жоғары сыныптарда əртүрлi қоғамдық- гуманитарлық тақырыптарда қолданылады. Пiкiрталас негiзi - бұл пiкiр сайысы, ой күресi, ол арнайы дайындықты талап етедi. Пiкiрталас мақсаты – белгiлi бiр шешiм шығару емес, оның маңызы - балаларды процеске қосу əрi оны басқара жүргiзу. Педагог балаларға ойды жинақтауға, логикалы дəлелдерге сүйенуге, өз ұстанған бағытын ашып көрсете бiлуге көмектеседi.

Пiкiрталас - қиын əдiстердiң бiрi жəне ол педагогтан жоғары кəсiби бiлiктiлiктi, бiлiмдiлiктi талап етедi. Басқаларды үйрету үшiн тəрбиешiнiң өзi алдымен, шебер ұйымдастырылған пiкiр сайыстар мектебiнен өтуi керек. өнеге-өрнек – өте күштi тəрбие əдiсi. Бұл əдiс келесi заңдылыққа негiзделедi: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез əрi ешбiр қиындықсыз санада бекидi. Сонымен бiрге кiтаптағы, кинодағы бас кейiпкерлердi, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталман-дарды т.б. өнеге ету үлкен тəрбиелiк мəнге ие. Мысалы, бұл жағдайдың психологиялық негiзi ретiнде елiктеудi айтуға болады.

Елiктеудiң арқасында адамдар əлеуметтiк жəне адамгершiлiк тəжiрибе жинақ-тайды. Елiктеу - жеке адам iс-əрекетi. Кейде елiктеудiң аяқталып, шығармашылықтың басталатын кезiн анықтау қиынға соғады. Көбiнесе шығармашылық өзiндiк, ерекше елiктеуден болады. Өмiрде жақсы да, жаман да өрнектер бар. Оқушылардың назарын адамдар өмiрiндегi терiс қимылдарға аударып, соларды талқылап, дұрыс қорытынды шығаруға бағыттау қажет. Уақытында жəне орынды келтiрiлген мысалдар тəрбиеленушiнiң терiс қылықтардан аулақ болуына көмектеседi.

Əрине, тəрбиешiнiң өз өнегесiн, тəрбиеленушiлерге қатынасын, iскерлiк қасиеттерiн, жеке басының қадiрiн мысал етуi тəрбиенiң дұрыс жүргiзiлуiне əсерiн тигiзедi. Тəрбиешi өз тұлғасымен, қадiр-қасиетiмен жүйелi жəне бiрiздi əрекет жасаса, өзiн мысал етудiң оңды əсерi ұлғая түседi.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1026 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1146 - | 772 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.