Тақырып
| Талқыланатын сұрақтар
| Мақсат
| Сабақтың нысаны
|
І. Мемлекет және құқықтың пайда болуы
| Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары.
Мемлекеттің пайда болуы мен даму себептерінің маңызы.
Құқықтың қайнар көздерінің бір-бірінен айырмашылығы.
| Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын жеке-жеке қарап оларға сипаттама беру. Құқықтық қайнар көздерінің сипаттамасын анықтап бір-бірінен ажыратып көрсету.
| Сабақ дисскусиялық әдісі ретінде жүргізіледі. Онда студенттерге аудиторияда қосымша сұрақтар қойылады. Әр бір студент өзінің тақырыбы бойынша ой пікірін айта алады.
|
ІІ. Құқықтық норма және құқық қатынасының түсінігі және құрылысы.
| Құқықтық норманың түсінігі мен түрлері.
Құқықтық қатынастың субъектілері мен оның белгілері.
Құқықтық қатынастың маңызы және түрлері.
| Құқықтық норманың түсінігін ашып оның элементтерінің бір-бірінен айырмашылығы мен түрлерін сипаттау. Сонымен қатар құқық қатынасының маңызын ашып оның түрлерін анықтау.
| Студент доклад түрінде жазбаша реферат жазып оны семинар сабақ кезінде өзінің әріптестеріне бұл тақырыпты толық ашып көрсету керек. Студенттер яғни докладты айтып беріп жатқан студентке қосымша сұрақтар қойып отыруы керек.
|
ІІІ.Конституция- лық құқық негіздері.
| Конституциялық құқықтың маңызы.
Қазақстан Республикасы демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде сипаттама беру.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарын анықтау.
| Қазақстан Республикасында Конституцияның маңызын ашып оның құрылысын анықтап және қандай мемлекет болып табылатындығын көрсетіп, қандай билік органдарынан тұратындығын анықтау.
| Студенттерден сабақ сұрап болғаннан кейін олардан жазбаша бақылау алынуы керек. Студент тек қана ауызша емес сонымен қатар жазбаша да жауап беруі тиіс.
|
ІV. Әкімшілік құқық негіздері.
| Әкімшілік құқықтың пәні.
Мемлекеттік басқару органдары.
Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік, шаралардың түрлері және олардың қандай белгілерден тұрады.
| Әкімшілік құқықтың маңызын ашып және мемлекеттің басқару органдарын анықтап олардың бір-бірімен байланысы мен айырмашылықта-рын белгілеп және әкімшілік құқық бұзушылығының түсінігі мен жауапкершілігін анықтау.
| Студенттер семинар сабағында жауап беріп жатқан кезде тек қана біздің мемлекеттің әкімшілік құқық негіздерін ғана емес, сонымен қатар басқа елдер мен салыстырып оған жалпы сараптама жасап кетуі керек.
|
V. Еңбек құқығының негіздері.
| Еңбек құқығының маңызы.
Жеке еңбек және ұжымдық шартының жасалу тәртіптерінің ерекшеліктері.
Жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу тәртіптері.
Жұмыс уақыты және демалыс уақытының ерекшеліктері.
| Біздің еліміздің еңбек құқығының алатын орнын анықтау және еңбек шарттарының белгілері мен маңыздылығын ашып және басқа елдерден айырмашылығын салыстырып сараптау.
| Сабақтың жүргізу әдісін практикалық тұрғыда өткізу. Студенттер сабақтың мәнін және маңыздылығын тек теориялық жүйеде емес сонымен қатар практикалық жүйеде де білуі керек.
|
VІ. Азаматтық құқық негіздері.
| Азаматтық құқықтың маңызы мен жүйесі.
Азаматтық құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерді анықтау.
Азаматтық құқық қабілеті мен әрекет қабілетілігінің айырмашылығы.
Мәміленің түрлерін анықтау.
Азаматтық құқықтың объектілерінің түсінігі.
| Азаматтық құқықтың түсінігін ашып оның жүйесіне сипаттама беріп және құқықтық қатынасқа түсетін субъектілерін бөліп қарап оларды сипаттап кету. Азаматтық құқықтың объектілерін ашып қарау.
| Семинар сабағында тек қана студенттен сабақ сұрап қана қоймай, оның сабақтың қаншалықты түсінгенің анықтау үшін тестік тұрғыда жазбаша бақылау жүргізу керек.
|
VІІ. Қылмыстық құқық негіздері.
| Қылмыстық құқықтың маңызы мен жүйесі.
Қылмыс құрамы мен элементтері.
Қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, түрлері және маңызыдылығы.
| Қылмыстық құқықтың жүйесін бөліп қарап және қылмыстың элементтері мен құрамының түрлерін белгілеп,
Жазаның тағайындалу мақсаттарына сипаттама беріп кету керек.
| Семинар сабақ кезінде студенттен жазбаша немесе ауызша бақылау алынып олардың білімінің дәрежесін анықтап бағалануы керек.
|
VІІІ. Отбасы құқығының негіздері.
| Отбасы құқығының түсінігі мен қағидалары.
Некеге тұру және некені бұзу шарты және тәртіптері.
Ерлі зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің жалпы сипаттамасы.
Ата-аналардың өз балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін сипаттау.
| Отбасы құқығының қағидаларының маңызын ашып және біздің елімізде некеге тұру немесе некені бұзу кезіндегі шарттарының ережелерінің сипаттамасын ашып анықтау.
| Студент семинар сабағында сабақты тек қана теориялық тұрғыда ғана айтып қоймай оларға мысал келтіріп немесе өзінің қосатын ой пікірлері бар болатын болса оны аудиторияда айтып көрсету
|
ІХ. Қазақстан Республикасы-ның бюджет құқығы.
| Бюджет құқығының жүйесі.
Қазақстан Республикасының бюджеттің құрылымы.
Бюджеттің құқықтық реттелуі.
| Қазақстан Республикасында бюджет жүйесінің құрылымын ашып анықтап олар қандай заңмен реттеліп отыратынын көрсету.
| Студенттер семинар сабаққа белсенді қатысып отыру үшін олар сабақ жауап беріп жатқан студентке міндетті түрде сұрақтар қойып отыру керек.
|
Х. Қазақстан Республикасы-ның салық құқығы.
| 1) Салық құқығының түсінігі мен элементтері.
2) Қазақстан Республикасының салық жүйесі.
3) Салық қызметінің органдары.
| Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беріп сонымен қатар салықтың элементтерін анықтап оларды бір-бірінен ажырата білу.
| Студент семинар сабағында сабақтың мазмұнын тек қана берілген сұрақтар бойынша ғана шектеліп қоймай олардың жүйесінің маңыздылығын ашып білу керек
|
ХІ. Қаржы құқығының түсінігі.
| Қаржы құқығының маңызы.
Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілер.
Қаржылық құқық бұзушылық пен жауапкершіліктің мәнінің түсінігі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесін ашып олардың маңыздылығын ашу. Қаржылық құқық қатынасқа түсетін субъектілерді бір-бірінен ажыратып олардың құзыреттерін белгілеу.
| Студент қосымша тапсырма ретінде бұл тақырып бойынша реферат жазып оны семинар сабағында айтып және студенттердің берген сұрақтарына жауап беруі керек.
|
ХІІ. Мемлекеттің нысаны.
| Мемлекет нысанының мазмұны.
Мемлекеттің басқару нысанының түрлері мен сипаттамасы.
Мемлекеттің құрылымдық нысанының мазмұны мен түрлері.
Мемлекеттің саяси басқару жүйесінің нысаны.
| Қазақстан Республикасының құрылымдық нысанын ашып қарап оларды жіктеп көрсету. Біздің еліміз қандай нысан белгілеріне жататындығын және қандай нысан белгілерінен тұратындығын анықтау.
| Сабақты жүргізу барысында тек қана біздің мемлекеттің нысанын айтып қана қоймай, сонымен қатар басқа елдерінің нысандарын көрсетіп салыстыру. Студентке қосымша сұрақтар қою арқылы оның жауабына баға беру.
|
ХІІІ. Жер құқығы.
| Жер құқығының пәні.
Жер құқығының қағидалары.
Жерге меншік құқығын анықтап олардың түрлерін көрсету.
| Жер құқығының қағидаларын ашып олардың маңыздылығын көрсету. Жер құқығының субъектілерін көрсетіп олардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу.
| Сабақ тек қана ауызша түрде ғана емес сонымен қатар студенттен жазбаша бақылау алу арқылы жүргізіледі.
|
ХІV. Банк құқығының негіздері.
| Банк құқығының түсінігі.
Қазақстан Республикасының банк құқығының институттары.
Банкілік қатынастардың ерекшеліктерінің сипаттамасы.
| Қазақстан Республикасында банк жүйесін анықтап көрсету және қандай институттардан тұратындығын бөліп анықтап белгілеу.
| Сабақтың жүргізу барысында студент бұл тақырыпқа жауап беру ғана емес, сонымен қатар өзінің қосатың ой пікірін айта алуы керек.
|
ХV. Сақтандыру құқығының негіздері.
| Сақтандыру құқығына түсінік беру.
Сақтандыру құқығының түрлерін көрсету.
Сақтандыру құқығының субъектілері.
Сақтандыру шарты.
| Біздің еліміздің сақтандыру түрлерін көрсету және сақтандыру құқығының субъектілерін анықтап белгілеу, сонымен қатар сақтандыру шартының жасалу тәртіптерің көрсету.
| Бұл тақырып бойынша студенттерден тек қана теориялық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар практикалық тұрғысындағы маңыздылығын ашып сұрақтар қою арқылы жүргізіледі.
|