Зін-өзі тексеруге арналған тесттер
Төменде аталған ғаламдардың қайсысы ғылымға «Экология» ұғымын енгізді? а. Ч. Дарвин ә. Н. Вавилов б. Ю. Либих в. Э. Геккель г. В. Сукачев | |
Аталған факторлардың қайсысы абиотикалық факторларға жатады? а. Бәсекелестік ә. Адамның қызметі б. Паразитизм в. Температура г. Су қоймасының тереңдігі | |
Төменде аталған факторлардан абиотикалық факторларды атаңыз? а. Ылғалдылық, жарық, температура ә. Ормандарды кесу б. Ағзалардың бір-біріне әсері в. Батпақты құрғату г. Барлық аталған факторлар | |
Биомассаның ең үлкен тығыздығы қай ортаға тән? а. Сулы орта ә. Жер – ауа ортасы б. Топырақ ортасы в. Сулы және топырақ ортасы г. Жер – ауа және сулы орта | |
Аталған ғалымдардың қайсысы минимум заңын тужырымдаған? а. А. Тенсли ә. Ю. Либих б. В. Вернадский в. Г. Гаузе г. Ч. Дарвин |
Төмендегі аталған факторлардың қайсысы жасанды ластану көздеріне жатады? а. Вулкандар ә. Автомобильдің газдары б. Шаңды дауылдар в. Жер сілкіну г. Барлық аталған факторлар | ||||
Жануарлар бірлестігі қалай аталады? а. Зооценоз ә. Фитоценоз б. Биоценоз в. Биогеоценоз г. Биосфера | ||||
Әр түрлі ағзалардың арасындағы байланыстар қалай аталады? а. Жанама ә. Тікелей б. Биотикалық в. Бәсекелестік г. Қоректік | ||||
Су экожүйесі дегеніміз не? а. Көлдің биотикалық және абиотикалық компоненттерінің жиынтығы ә. Көлдің өсімдіктер бірлістігі б. Көлдің жануарлар бірлістігі в. Фитопланктон г. Зоопланктон | ||||
«Парниктік эффектің» пайда болу себебі қандай? а. «Озон тесіктерінің» пайда болуы ә. Көміртегі (II) тотығының концентрациясының артуы б. Фреондар мен метан қалдықтары в. Ауаның ылғалдылығының өзгеруі г. Дұрыс жауап жоқ | ||||
Бірінші реттік консументтерге қайсысы жатады? а. Шөп қоректілер ә. Жыртқыштар б. Қорек талғамайтындар в. Ет қоректілер г. Паразиттер | ||||
Ағзалардың қанша мекен ету орталығы бар? а. Төрт ә. Үш б. Алты в. Бес г. Екі | ||||
Бірдей уақыт аралығында қайталанатын ортаның өзгерістерін қалай атайды? а. Циклді ә. Хаосты б. Бағытталған в. Тұрақты г. Тұрақсыз | ||||
Адам популяцияларының саны мен тығыздығының артуы арқылы қалалардың өсуі мен дамуын қалай атайды? а. Антропогенез ә. Урбанизация б. Антропогенді қысым в. Антропогенді стресс г. Биокөптүрлілік | ||||
Географиялық зоналылық заңын тұжырымдаған кім? а. Ч. Дарвин ә. В. Сукачев б. Ю. Либих в. В. Докучаев г. А. Гумбальдт | ||||
Биосфераның биологиялық көп түрлілігі адамнан нені талап етеді? а. Араласпау ә. Тыныштық б. Жауапкершілік в. Араласу г. Көмек | ||||
«Биосфера» терминін ғылымға алғаш енгізген кім? а. Э. Зюсс ә. Ю.Либих б. Н. Вавилов в. С. Шварц г. В. Вернадский | ||||
«Парниктік эффект» негізінен қандай заттың атмосфераға шығарулуынан болады? а. Көмір қышқыл газы ә. Аргон б. Хлорсутегі в. Көмірсутегі г. Гелий | ||||
Қоршаған ортаның жағдайын бақылау, байқау, бағалау мен болжаудың комплексті жүйесі қалай аталады? а. Кадастр ә. Мониторинг б. Демпинг в. Экологиялық картографиялау г. Дұрыс жауап жоқ | ||||
Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы қай жылы қабылданды? а. 1991 ж ә. 1992 ж б. 1993 ж в. 1994 ж г. 1995 ж | ||||
Қорық дегеніміз не? а. Жеке табиғи объектілер (сарқырамалар, үнгірлер) ә. Жартылай қорғау режимімен сипатталатын территория б. Шаруашылық қызметінен мүлдем алынған территориялар немесе акваториялардың бөліктері в. Табиғатты сауықтыру және эстетикалық мақсатта қорғау үшін бөлінген территориялар г. Дұрыс жауап жоқ | ||||
Тест тапсырмаларының кілті.
Сұрақ № | Дұрыс жауабы | Сұрақ № | Дұрыс жауабы |
в | а | ||
в | в | ||
а | ә | ||
а | г | ||
ә | б | ||
ә | г | ||
а | а | ||
б | ә | ||
а | а | ||
ә | б | ||
а | |||
1. «Биологиялық ырғақ» деген не:
A. Ішкі мүшелердің қызметінің ырғағы
B. Тіршілік ету жағдайларының ырғақты өзгеруіне биологиялық құбылыстардың белгілі уақыт мерзімінде тең ауысып отыруы икемділігі
C. Тірі ағзалардың тіршілік ету жағдайларының белгілі уақыт мерзімінде тең ауысып отыруының қандай да болмасын өзгерістері
D. Тірі ағзалардың қарқынды және тыныш кезеңдерінің кезектесуі
E. Тірі ағзалардың мінез құлықтарына тәулік уақытының ауысу әсері
2. Тірі ағзаны қоршап тұрған және онымен тікелей әрекеттесетін табиғаттың бөлігін атаңыз:
A. Экологиялық фактор
B. Адаптация
C. Мекен ету ортасы
D. Экологиялық қуыс
E. Орман
3. Эволюция барысында ағзалардың мүшелердің, олардың функцияларының қоршаған орта жағдайына бейімделуі қалай аталады:
A. Экологиялық фактор
B. Адаптация
C. Мекен ететін орта
D. Экологиялық қуыс
E. Орман
4. Біраз түрлердің температура көтерілгенде, тер бөлінуінің қарқындылығы, мына адаптацияның механизміне жатады:
А. Физиологиялық
В. Мінез-құлқылық
С. Морфо-анатомиялық
D. Онтогенетикалық
Е. Биохимиялық
5. Қоршаған ортаның ұқсас жағдайларында бірігіп тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар популяцияларының үйымдастырылған тобын қалай айтады:
А. Биотоп
В. Биогеоценоз
С. Экотоп
D. Биоценоз
Е. Экожүйе
6. Белгілі бірлестікте сан жағынан басты болатын түр:
A. Донор
B. Доминант
C. Кодоминант
D. Консумент
E. Конкурент