Клебсиеллалар - Грамтеріс шеттері дөңгелектенген жуан таяқшалар, мөлшерінің өзгеруіне байланысты капсуласыз клебсиеллалалардың мөлшері-0,3-0,6,5-6,0 мкм, ал капсулалы клебсиеллалалардың, көбінесе K.pneumoniae, мөлшері-3-5 5-8 мкм, спора және талшықтарды түзбейді, штаммдардың жартысында кірпікшелер болады. Жуан полисахаридтті капсулалар айқын көрінеді. Төменгі температуралардың, өттің, антибиотиктердің, мутагендердің сарысудың, фаггтардың әсерімен капсулалы формаларын бөліп алуға болады. Жалғыз немесе жұптасып орналасады. Клебсиеллалар әрдайым адам мен жануарлалардың терісі мен шырышты қабаттарында анықталады. K.pneumoniae - ауруханаішілік және аралас инфекциялалардың қоздырғыштары болып табылады. Факультативті анаэробтар,, хемаорганотроф, өсу температурасы 12°С дан 41°С дейін, оптимумы 35-37°С, рН 7,2-7,4. Симмонс ортасында өсуге қабылеті бар, яғни жалғыз көміртек көзі ретінде натрии цитратың қолданады (K.rinoscleromatisтың басқалары). Тығыз қоректік ортада лайланған клегейлі колония түзбейді. О з е н бактериялары 2-4 сағатта жайылған-жинақы қатар болып, р и о с к л е р о м а – жинақы, п н е в м о н и я- ілмек тәрізді орналасады. ЕПС- да бірқалыпты лайланып, кейде бетінде қабықша пайда болады.
Клебсиеллалар көмірсуларды қышқылға немесе қышқылмен тұзға дейін ферменттейді, нитратты нитритке айналдырады. Желатинді сұйылтпайды, индол мен күкіртсутегін түзбейді, уреазды активтілікке ие, кейбірде сүтті ұйытады. Риноскелерома қоздырғышының биохимялық активтілігі төмен. О-және К-антигендері болады. Негізгі патогенді факторы фагоцитозды тежейтін К-анитигендері және эндотоксин болып табылады. Пневмония клебсиеллалары, қосымша термолабильді энтеротоксин өндіреді, олар біріншіден ақуыз, екіншіден әсер етуі бойынша ішек таяқшасының энтеротоксиніне ұқсас.Клебсиеллез көбінесе аурухана ішілік инфекция ретінде кездеседі, инфекцияның көзі ауру адам немесе бактериотасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жолмен жұғуы мүмкін. Жиі тағам, ауа-тамшы, қарым-қатынас арқылы жұғады, көптеген антибиотиктерге тұрақты.
Дезинфекциялық заттарға сезімтал, қоршаған ортаның әсеріне тұрақы.
Патогенезі және клиникасы K.pneumoniae ішек инфекциясына ұқсас ауру шақырада. 1-5 тәулікке дейін ауру созылады. Клебсиеллалар тыныс алу жолдарын, буынның, мидың қабынуы, конъюнктиваның жынысты-зәршығару ағзаларының қабынуын, сепсис, операциадан кейінгі асқынулар тудырады, аурудың Генеризацияланған сепитико-пиемиялық түрі кейде өлімге алып келеді.
K. ozaenae мұрынның шырышты қабатын және оның қосалқы кеңістігінде, атрофиясын шақырада, қабыну барысында жағымсыз иісті бөлінді бөлінеді. K. rinoscleromatis мұрынның шырышты қабатын ғана. емес, трахеяны, бронхты, жұтқыншақты, аңқаны жарақаттайды, осы жағдайда жарақатталған ұлпада, шеміршек тәрізді инфильтратқа алып келетін арнайы гранулема пайда болады. Ауру созылмалы түрде жүреді, трахеяны, аңқаның кепгелінің (обтурациясының) нәтижесі өлімге алып келеді.Микробиологиялық диагностикасында ең қолайлысы бактериологиялық тәсіл. Зерттелетін материалдар: ірің, қан, ликвор, нәжіс заттардың жуындысы және т.б. болып табылады. Дифференциалды-диагностикалық ортада К-2 (мочевинамен, рафинозамен, бромтимол кегімен), бір тәуліктен кейін, сары, немесе жасыл-сарыдан ауа көкке дейін, үлкен, жылтыр, клегейлі колониялар өсіп шығады. Одан кейін Пешков ортасына егіп, бактериялалардың қозғалғыштығын және орнитиндекарбоксилаза бар екендігін анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларда болмайды. Соңғы идентификацияны биохимиялық қасиеттері және тірі дақылды К-сарысумен агглютинация реакцияның көмегімен серотопан анықтау арқылы жүргіземіз. Бөлінген дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын тексереді. Клебсиеллездың диагностикасында кейбір жағдайда стандартты О-клебсиеллезды антигенмен немесе аутоштаммен агглютинация реакциясын және КБР жүргізеді. Антидененің титрынің төрт есе өсуінің диагностикалық маңызы бар.
Алдын алуы және емдеу әдістері
Клебсиеллездарды стационарларда емдейді. Ішектің жарақаттаррында антибиотиктер қолданбайды. Сусызданған жағдайда (энтеротоксиннің әсері) пероральды немесе парентеральды жолдармен газды ергінділер қолданады. Генерелизацияланған жағдайда және созылмалы түрлерде антибиотиктерді қолданады (антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейін), аутовакциналар; иммунитетті көтеруге бағытталған қызмет жүргізіледі (аутогемотерапия, пирогенотерапия т.б.).
Арнайы алдын алу жоқ, жалпы профилактикаға санитарлы-гигеналық ережелерді қатаң сақтау жатады
Микоплазмалардың морфологиялық сипаттамасы.
Микоплазмалар- жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болуы мүмкін. Микоплазмаларды Берги жіктелуі бойынша жеке топқа жатқызады. Олардың өлшемдері әртүрлі: бірнеше микрометрден 125—150-ге нм дейін. Ұсақ микоплазмалар бактериальді сүзгі арқылы өткендіктен оларды сүзгілі форма деп атайды Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, әртүрлі субстраттарда табылған.Адам және жануарлар ағзасында патогенді және шартты-патогенді түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолодарын, зәр шығару және ОЖЖ зақымдайды. Адам үшін патогенді Mycoplasma pneumonia, ал шартты-патогенді - Mycoplasma hominy және Т- топтары.Микоплазмоз — бұл өткір және созылмалы инфекциялық ауру, ауру қоздырғышы бактериялардың, грибоктардың және вирустардың арасындағы бос орынды алатын микоплазма атты микро ағзалар.
Адам ағзасында 14 түрлі микоплазма өмір сүруі мүмкін. Оның ішінде тек үшеуі патогенді болып табылады. Ол: несеп жолының қоздырушысы болып табылатын Mycoplasma hominis және Mycoplasma genitalium, және тыныс алу жолдарының қоздырушысы болып табылатын Mycoplasma pneumoniae.Микоплазмалар шарты түрде патогенді микро ағза болып табылады. Олар бірқатар ауру тудыруы мүмкін, алайда, сирек жағдайларда оны дені сау адамның бойынан а анықтауға болады.
Микоплазмоздың түрлері
Қоздырғышына қарай мынандай түрлері бар:
Респираторлық микоплазмоз әдетте ӨРА немесе пневманияның ауыр түрі ретінде жүреді. Ол ауа тамшысы арқылы жұғады. Белгілері: дене қызуының жоғарылауы, тамақтың қабынуы, тұмау, пневманияға өткен жағдайда өкпе қабынуының барлық белгілері көрінеді, яғни тоңазу, дене қызуының жоғарылауы, ағзаның жалпы тозуының белгілері
Жыныстық-несеп жолы микоплазмозы — бұл жыныстық, сирек жағдайларда тұрмыстық жолмен берілетін несеп жолының ауруы.
Микоплазмалар 60–90 % жағдайда несеп жолының қабынуы кезінде пайда болады. Сондай-ақ дені сау адамдардың талдамасында микоплазмалар 5–15% жағдайда кездеседі. Бұл аурудың белгілері білінбей ұзақ уақыт сақтала алатынын көрсетеді. Алайда жүктілік, бала туу, жасанды түсік, тоңу, стресс жағдайларында микоплазмоздар белсенді болып, ауру өткір түріне енеді. Микоплазмоз пиелонефрит, простатит, уретрит, артрит, сепсис, жүктіліктің әртүрлі патологиялары, босанғаннан кейінгі эндометрит сияқты аурулар тудыруы мүмкін.
Ауыру статистикасы
Аталған аура бүкіл әлемге тараған, көбінесе әйел адамдар ауырады, көбінесе гинекологиялық аурулармен ауырған, жыныстық жолмен берілетін инфекциялармен ауырған немесе салақ жыныстық өмір сүретін әйелдер ауырады.
Жүкті әйелдердегі микоплазмоз
Соңғы жылдары жүкті әйелдердің микоплазмозы белең алды, себебі осы кезде әйел иммунитеті өте нашар болады, сондықтан ағзаға инфекция кіріп кетеді. Жүкті әйелдердің микоплазмозы түсікке, эндометритке алып келуі мүмкін.Микробтық жасуша – тұқым қуалаушылық және жаңа өңделулердің негізі ретінде. Тіршілік иесінің жасушалық және жасушалық емес формасының ұйымдасуы. Ядро құрылысы, оның тұқым қуалаушылықта атқаратын қызметі. Плазмидтер мен бактериалды хромасомалардың ұйымдасуының молекулярлық негіздері. Хромасомдардан тыс генетикалық детерминантаның сипаттамасы, олардың түрлері және қасиеттері. Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік туралы түсінік. Генотип және фенотип, геном туралы тусінік. Жасушалық метоболизмде гистондар және ДНҚ, РНҚ атқаратын қызметі. Мутация және рекомбинация (коньюгации, трансдукция и трансформация). Гендік ауытқушылықтың молекулярлық механизмі, генетикалық қадағалау. Мутагендер, олардың әсер ету механизмдерінің ерекшеліктерінің пайда болу классификациясы..). Қоректік орталар: қарапайым және күрделі, қоректік орта құрамы, оларды қолдану. Құрамы, белгіленуі, консистенциясы бойынша қоректік орта классификациясы. Ажыратып-балау орталары, негізгі және элективтік. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Стерильдеу әдістері: физикалық факторлардың әсер етуі, ультра күлгін сәулелері, радиациялық сәуле шығару, автоклавтау. Микроорганизмдердің тыныс алуы, тыныс алу түрлері. Аэробты және анаэробты тыныс алу жолдары. Энергетикалық алмасудың физиологиясы: энергияберуші үрдістерді жасушалармен қолдануы, олардың тиімділігі және орта шарттарына тәуелділігі. Субстрат ассимиляциясының негізгі жолдары: ақуыздар, майлар, көмірсулар, амин қышқылдары, көмірсутектер, спирттер, органикалық қышқылдар, минералдық компоненттер. Гликолиз және ашу. Кребс циклы, цикл жүйесіндегі ферменттер белсенділігін қадағалау. Ферменттер, олардың микроорганизмдер тіршілігінде атқаратын рөлі. Ферменттердің химиялық құрамы, әсер ету механизмі бойынша классификациясы. Конституитивті және индуциябелді ферменттер, эндогендік және экзогендік ферменттер, олардың сипаттамасы. Биокатализ механизмінде белсенді ортаның химиялық табиғаты. Коферменттер және дәрумендер, ферменттердің қалыптасуында кофактор және металдардың рөлі. Жасушада ферменттердің жиналуы. Орта компоненттерінің микроб жасушасына тасымалдануы: белсенді тасымалдау, диффузия. Мембраналық потенциал. Биологиялық жүйелердегі редокс-потенциалдар. Заттардың мембрана арқылы ауысуы. Мембраналық теңдік. Дониандық теңесу. Ферменттерді инактивтеу, ферменттердің белсенділігіне сәйкес рH және температура. Өсінді ортасы мен микроб жасушасының қарым – қатынасы, микроорганизмдердің өсуі мен биосинтезіне физико – химиялық және сыртқы физикалық факторлардың әсер етуі