Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бір қоғамнан екінші бір қоғамға бейімделу мәні




Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, отырғандығы белгілі. Соған орай саяси жүйелерде өзгеріп, бір жай-күйден екінші қалыпқа ауысып, дамып тырады.

Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.

Саяси дамудың эвалюциялық және революциялық түрлері бар:

Эвалюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп, баяу дамиды.

Революциялық дамуда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен іске асуы мүмкін.

Әлеуметтану – қоғам дамуын дәстүрлі және қазіргі деп бөледі:

Дәстүрлік даму экономика әлсіз, аграрлық шаруашылықпен айналысады, отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған, халықтың көпшілігі сауатсыз, т.с.с.

Қазіргі қоғам индустриалды жоғарғы индустриалды қоғам болып есептелінеді. Ол рационализмге, ақыл-парасатқа, баяндылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға тырысады.

Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрі бар:

Құрылымдық бейімделу. Оған индустриаландыру, қазіргі нарықтық капитализмнің қалыптасуы, адамдардың сауаттылығы, жұмыс басты құрылымның түбегейлі өзгеруі, білікті мамандар, орта және әкімшілік қызметкерлер үлесінің көбеюі, т.с.с. жатады.

Азаматтық. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлеект басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған.

Саяси қатынасу. Азаматтарға қоғамның саяси өміріне қатынасуына кең жол ашылды. Мысалы: сайлау жасына келген сайлау және сайлануға құқықты болуы.

Қазіргі адам. Мемлеекттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адамның қалыптасуы.

Американың зерттеушісі А.Инкельсктің тұжырымы бойынша, қазіргі адамның мынадай ерекшеліктері болуы керек:

А) қандай мәселе болмасын оған әр түрлі қаруға болатынын, сншалықты пікір тууын біледі.

В) қоғамдық өмірді түсініп, ұғынғанда өткенге, бұрынғыға бағдар ұстамайды, қазіргі мен болашақты ойлайды.

С) индустриалды техналогианың қисынын біледі, белгілі түсінігі бар.

4. Саяси бейімделудің кезеңдері.

Дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға бейімделу тұжырамдамасының екі тұрпаты бар:

Өзіндік ішкі себептерден пайда болып, соған бейімделу. Мысалы: Ұлыбритания, АҚШ баяу даму нәтижесінде қоғамның баянды құрылысына өтуді басынан кешірді. Бұл (табиғи) болып саналады.

Өмір сапасы жағынан жоғарыдағылардың жолын қуушылар “қуалай дамушы” елдер болады.

Саяси бейімделу алғашында:

А) дамып келе жатқан елдердің батыс үлгісі бойынша демократиялануы.

Б) батысқа бейімделу “үшінші елдрдің” табысты әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жағдай жасады.

В) бұл елдер дамыған Батыс Еуропа елдерімен және АҚШ-пен белсенді қарым-қатынасының, ынтымақтастығының нәтижесі ретінде қабылданған.

“Қуалай дамуды” жүзеге асырудың басты амал-әдісі – Батыс мемлекеттерінің көмегінің арқасы деп есептеледі. Демократиялық жолда ең алдымен саяси тұрақтылыққа үлкен мән беріледі. Онсыз айтарлықтай әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге жету мүмкін емес.

Дәріс тезисі:

Демократия мемлекеттік құрылыс формасы мен тәртіп ретінде. Демократияның тарихи формалары: антикалық, классикалық және қазіргі.

Индивидуалистік, коллективистік және плюралистік демократия. Демократияның жалпы принциптері мен институттары. Тура және өкілетті демократия. Демократияның кемшіліктері мен құндылықтары. Демократия сабақтары. Қазақстандағы демократияландырудың негізгі кезеңдері және ерекшеліктері. Демократияның қазақстандық моделін қалыптастырудың проблемалары.

Саяси жүйені бейімдеу мәселелері. Саяси бейімделу ұғымы. Саяси бейімделу және тоталитаризмнен демократияға өту. Дәстүрлі саяси мәдениет және оны жаңалау проблемалары. Демократиялық саяси жүйені қалыптастыру саяси жүйелерді жаңалау процесінің мәні ретінде. Қазақстан қоғамын саяси жаңалау проблемалары.

Демократия деген сөз гректің "демос"— халық және "кра-тос" — билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді. Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1) мемлекеттің гұрпаты (типі) мен жалпы саяси жүйесі; 2) мүшелерінің тендігі, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; 3) қоғамдық құрылымның мұраты (идеалы) және соған сәйкес кәзқарастар.

Демократияның көпшілік таныған бірыңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлтгық, тарихи және т. б. ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.

1. Халықтьң заң жүзінде мемлекетгік биліктің бірден-бің баапауы саналуы. Ол мемлекетге ұйымдастырушы, конституциялық биліктін, халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Ол жоғарғы органдарға ез өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен| жөне референдум арқылы зандар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкол демократияға "халық үшін халық сайлаған халық билігін жатқызды.

Жоғарыда көрсетілген белгілермен катар демократиялық

принципке жүйелі турде мемлекеттің негізгі органдарын сайлау жатады. Ен, алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан соң төменгі өзін-езі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болғаны дүрыс. Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманнан демократияға азшылықтың көпшілікке багынуы жататын., Кейінірек мұндай бағыну шектелді, азшылықтың өз пікірі болуы,, онымен санасу керектігі мойындалды.

Қазіргі демократиялық процесте мынадай демократиялық рәсімдер де қарастырылған". барлық сайлаушылардың тең дауыс құқығы, сайлаудың еркіндігі, балама үміткердін, болуы, тізім бойьшша сайламау, демократиянң үздіксіз қоғамдық бақылау аясында болуы, мемлекеттің дау-дамай, шиеленістерді реттеудегі ықпалды тетіктерін табуы және т. с. с.

Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени, идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Онын, маңызды кепілдігіне әр түрлі демократиялық елдерде қалыптасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттер жатады. Сонымен, демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Халықтың билігі ретіндегі демократия көбіне утопиялық арман-аңсарды білдіреді. Кейбіреулер оған жақындайды, кейбіреулерге көкжиекте көрініп тұрғандай көрінеді, біреулерге оған жету жолы оңайырақ, кейбіреулерге қиынға түседі.

 

Әдебиет:

1. Мағзұмов М.Т.Саясаттану. - Өскемен, ШҚМУ, 2002. –3-11 б.

2. Кенжебаев М. Саясаттану негіздері. Алматы, 1995. 5-10б.

3. Политология: Учебное пособие. – А.Н.Булатова, З.Н.Исмагамбетова. –Алматы, 1998. – 6-12с.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-07; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1222 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2432 - | 2320 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.