Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лекцияның мәтіні




Структуралық лингвистика. XX ғасырдың алғашқы жартысында дүниеге келген лингвистикалық мектептердің ен көрнекті және кең тарағандарының бірі - структуралық лингвистика деп аталатын бағыт. Бұл мектеп салыстырмалы-тарихи тіл біліміне оның бір бұтағы жас грамматикалық мектепке қарсы бағытта туып, қалыптасты.

Структуралық лингвистиканың немесе структуралық әдістің дүниеге келуінің ішкі-сыртқы себептері бар. Ең негізгісі — XX ғасыр ғылымы дамуында пайда болған жаңа бағыт. XIX ғасыр ғылымының негізгі сипаты тәжірибе арқылы бақылаудан туған фактілерді есепке алу, сипаттау болса, XX ғасыр ғылымы олардың өзіндік мәнін ішкі зандылықтарын, зерттеліп отырған объектінің құрылым ерекшелігін, оны құрайтын элементтердің ара-қатынасын, бір-бірімен байланысып, бір-біріне тигізетін әсерлерін ашуға тырысады.

Үстіміздегі ғасырдың бас кезінен бастап философия, жаратылыс тану, әдебиет тану, тарих, эстетика, психология, социология, этнография сияқты бірсыпыра ғылымдарда өз пәнін өзара шарттас, біріне-бірі тәуелді элементтерден тұратын күрделі біртұтас құрылым деп санап, оны осы тұрғыдан зерттеу талабы күшейеді. Бұл тіл біліміне де әсер етті. Сонымен бірге, жалпы ғылымның, оның жаңа түрлері — кибернетиканын, математикалық логиканың дамуы, электрондық машиналардың пайда болуы, оны тіл біліміне қолдану талабының өсуі, тілдің практикалық қызметінің бірден-бірге күрделене түсуі структурализм бағытының тууына себепші болады. Структурализмнің тууының ішкі, таза лингвистикалық себептері де жоқ емес. XIX ғасырда дүниеге келген салыстырмалы-тарихи тіл білімі басты назарды тіл туыстастықтарын ашу, тілдің түп төркінін, шыққан тегін сияқты мәселелерге аударды да, нормативтік грамматикаға жеткілікті мән бермеді, оны тек мектеп окулығы дәрежесінде ғана қалдырды. Тілдің өзіндік сипаты, ішкі құрылысы қандай? Тілдік элементтер бір-бірімен қалай байланысады? Олардың байланысында қандай зандылықтар бар? дегендер тәріздес сұрауларға тұжырымды жауап болмады.

XIX ғасырдың аяқ кезінде қалыптасып, едәуір беделге ие болған жас грамматизм бағыты жемісті істері болғанымен тіл білімінің өрісін тарылтты. Тілдік элементтердің бірлігін, тіл тұтастығын тануға “атомизм” концепциясы да кедергі болды. Логикалық талдау, теориялық терең тұжырымдар жасау, ғылыми абстракция дегендерге жас грамматистер онша мән бермеді. Олардың берік ұстаған эмприкалық концепциялары, А. А. Реформатский айтқандай, “кім тілдік материалды көп жинайды” деген “спорттық” жарыс туғызды.

Осындай олқылықтар XX ғасырдың бас кезінде айқындала түсті. Сөйтіп жаңа арна іздестіру қажеттігі туды. Ізденіс нәтижесі ретінде структурализм әдісі пайда болды. А. А. Реформатский: “Меніңше, тіл ғылымындары структурализм-лингвкстикалық ойдың даму барыснан келіп шыққан заңды құбылыс”—деп жазады. Мұндай пікірлерді өзге ғалымдар да айтады.

Әрине, структурализм бірден пайда болған жоқ. Оның алғашқы соқпағы В. Гумбольдт, Ф. де Соссюр, И. А. Бодуэн де Куртенэ еңбектерінде салынды. Структуралистер өз зерттеулерінде осы ғалымдардың, әсіресе де Соссюрдің еңбегіне сүйенеді.

Қазір структурализмнің көпшілікке танылған үш мектебі бар: Прага (Чехословакияда), Копенгаген (Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада).

1. Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар:

1. Структурализм мектептерінің барлығы да жас грамматистердің атомизміне, психологизміне қарсы тілді ішкі элементтері бір-бірімен байланысты, тұтас жүйе, құрылым деп санайды. Тіл білімінің міндеті — тілдің құрылымын зерттеу дейді. Бұл бағыттың структуралық лингвистика деп аталуы да сондықтан. Жас грамматистер тілді зерттеуде тек дифференциациялық принципті қолданса, тілдік элементтерді бір-біріне байланыссыз жеке-жеке зерттесе, структуралистер тілдік элементтерді бір-біріне байланыста, тұтастықта қарайтын интеграциялық принципті қолданады. Тілдің құрылымдық элементтерін зерттеуде лингвистикалық сипаттау методикасын қолдануға шешуші мән береді.

2. Үш мектептің үшеуі де құрылымдық, құрамдық элементтерге жіктелушілік және олардың бір-бірімен ішкі байланысы тілдің ең негізгі қасиеті, тіл білімінің негізгі міндеті — тілдің сол қасиетін зерттеу, тілдің құрылымдық элементтері арасындағы байланысты талдау — тіл білімінің тек өзіне ғана тән, оныц бірден-бір объектісі деп біледі.

3. Структурализм мектептерінің барлығы да Ф. де Соссюрдің ізімен тілді таңбалар жүйесі деп санайды.

4. Структурализм мектептері синхрония, диохрония проблемасына да мән береді. Синхрондық зерттеу — тіл жүйесінің ішкі механизмін ашуда шешуші роль атқарады деп, оны бірінші орынға қояды (прагалықтардан басқалары).

2. Бұл аталған төрт түрлі мәселеде көзқарастары бір арнаға тоғысқанымен, әр мектептің ерекше шұғылданған, өзінше шешкен жеке проблемалары да болды. Ондай ерекшеліктерді байқау үшін олардың әрқайсысына қысқаша шолу жасайық.

Прага мектебі. Бұл мектеп өзіндік бағыты бар лингвистикалық үйірме ретінде 1926 жылы қалыптасқан. Оны қалыптастырушы чех ғалымы профессор В. Матезиус (1882—1945). Үйірме құрамында Б. Гавранек, Б. Транка, В. Скаличка, орыс эмигранттары С. Карцевский, Р. Якобсон, Н. Трубецкий, т. б. болған.

Үйірме 1929 жылдан бастап “Прага лингвистикалық үйірмесінің еңбектері” деген жинақ шығарып тұрады. Мектептің теориялық программасының мазмұны “Прага лингвистикалық үйірмесінің тезисі” деген атпен осы жинақтың бірінші томында жарияланады.

Бұлар лингвистиканың негізгі объектісі — тілдің құрылым жүйесі мен тілдік элементтердің қызметін зерттеу дегенді баса айтты. Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек, тіл дегеніміз — функцияналды жүйе, белгілі бір мақсат үшін қолданылатын тілдік таңбалардың жүйесі, тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабатынан — фоноло-гиядан, морфологиядан, синтаксистен, лексикадан да табу және олардың әрқайсысьшын. өзіндік сипаттарым ай-қындау деп санайды. Тілдік элемепттердіц қызметін бі-рінші орынға қоятындықтарына карап бүл мектепті Прагалық фунщияналды лингвистика деп те атайды.

Адамдардың ойлауға, сезімге, еркін білдіруге психи-калық қабілеттілігі тілдің үш түрлі қызметін — коммуникативтік, білдірушілік айту, қаратпалылық қызметтерін туғызды. Бұл қызметтерге тілдегі хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдер және сөйлеу актісіндегі тілдік таңбалардың құрылымы сай келеді дейді.

Функцияналдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы әр түрлі проблемамен айналысты. Солардың ішінде олардың жақсы зерттеп, айтарлықтан табысқа жеткен саласы — фонология. Фонологияны олар функцияналды лингвистиканың ең жетекші пәні деп санады. Бұл мәселеде прагалықтар Бодуэн де Куртенэніц фонема туралы ілімін басшылыққа алып, оны ілгері дамытты. Бұл салада әсіресе Н. С. Трубецкойдыц атқарған ролі, ғылыми табысы елеулі болды. Ол өзінің “Фонологияның иеті” (бұл еңбек автор қайтыс болғаннан кейін 1939 жылы пг>.:іс тілінде басылып шықты, 1963 жылы орыс тіліне аударылды) деген еңбегінде әр түрлі тілдердің екі жүзге жуық фонологиялық жүйесін сипаттайды. Фонетика мен фонология тіл білімінің тең дәрежедегі екі саласы: фонетика сөйлеу дыбыстарын, фонология тіл дыбыстарын зерттейді. Фонологиялық кегізгі объектісі — фонема, ол — тілдін, ең кіші фонологиялық бөлшегі. Сөйлеу дыбыстары — фонеманың материялдық символдары. Фоне-ма бір сөзді екінші сөзден беліп танытады, лексикалық, грамматикалық мағыкаларды ажыратып танытатын фо-нологиялық оппозициялардың жиынтығы фонологиялық жүйе деп аталады. Оппозиция фонологияда шешуші роль атқарады. Фонема сол оппозицияның бір мүшесі. Таза лингвистикалық пән — фонология, фонетика олай емес дейді. Бірақ фонетиканы лингвистиканың қарауынан біржола шығарып тастамайды. Фонологиялық элементтердің функцияларын талдағанда, фонетиканың да пайдасы бар, фонетика — тіл дыбыстарының физикалық-филологиялық сипаттары туралы ілім, ал фонология тіл дыбыстарының функциялық, мағына ажыратқыштық жағымен шұғылданады деп санайды. Бүлардың пікірінше, фонемалардың сөз мағынасын түрлендіру, сөз өзгерту функциясы — фонологияның ең негізгі мәселесі. Прагалықтар структурализм әдісін морфологияны, синтаксисті зерттеуге де қолданды. Бұл салада олар морфеманы, морфологиялық оппозицияны қарастырумен ғана тынды. Бұлар әдеби тіл теориясы мәселесіне де көп назар аударды. Әдеби тіл нормасы, тілдік, поэтикалық стиль, сөйлеу мәдениеті мәселелерін зерттейді.

Прага мектебі тілдік әлементтердің арақатынасын зерттеуде, алдымен, сол қарым-қатынас көрсеткіштерінің (элементтердің) өзіндік сипатына ерекше мән беру керек, қарым-қатынас пен сол қарым-қатынасқа түсетін материя мен формалар өзара байланысты болатындығын естен шығармау керек дейді.

Прага мектебі синхрондық зерттеудің мәнділігін айта отыра, синхрония мен диахрония арасында жақындаспайтын алшақтық бітіспейтін қайшылық жоқ, дихрондық зерттеудің жүйені бұзбайтыны, функцияны жоққа шығармайтыны былай тұрсын, қайта бұл екеуін (тілдік элементтердің жүйесі член функциясын) ескеріп отырмайынша, диахрония өз міндетін толық атқара алмайды, бұл синхрондық зерттеуге де қатысты. Егер синхрондық сипаттау тілдік эволюцияны, бір жүйені екінші жүйе ауыстырып отыратынын ескермесе, өз міндетін жақсы атқара алмайды деп қарайды. Сөйтіп, бұл мәселеде функциялық мектеп де Соссюрге қосылмайды, мұнысы дұрыс та.

Прага структуралистері тіл—дүние танудың құралы, ол мәдениетпен, көркемөнермен, әдебиетпен тығыз байланысты, тілді өзімен-өзі тұйықталып жатқан автономиялы дүние деп санау дұрыс емес, сондай-ақ тіл жүйесін бір қалыптан аумайтын, өзгермейтін синхрондық қана жүйе деу де қате, жүйе де үнемі өзгеріп отырады дегенді айтады. Мүның өзі Прага мектебінің басқа структурализм мектептеріне қарағанда көп мәселені дұрыс шешкенін көрсетеді.

Прагалықтар өздеріне дейінгі, әсіресе жас грамматикалық бағыттың табыстарына ұқыпты қарады, өздерін оның мұрагеріміз деп есептеді. Бұлар көптеген мәселеде де

Соссюр тұжырымдарына түзетулер енгізіп, оны дамыта түсті, сөйтіп, бірақ мәселеде XX ғасыр лингвистикасына елеулі үлес қосты. Прага мектебі беделді лиигвистикалық бағыт ретінде елуінші жылдарға дейін өмір сүрді. Оның ықпалы қазіргі Чехословакия және басқа да біраз елдер лингвистикасында күн бүгінге дейін елеулі.

Копенгаген структуралық мектебі. Бұл мектеп өкілдері өздерін компоративистикалық бағыттағылардан бөлектеу үшін гректің глосса деген сөзі негізінде глоссаматик деп атады. Осы атау арқылы олар өздерінің тек тіл біліміне ғана тән мәселелермен айналысатын, тілдің ғылымдар аралық объектілеріне жуымайтын зерттеушілер екендіктерін байқатқысы келді.

Глоссаматикалық бағытты қалыптастырушы және оған дем беруші Дания лингвисі профессор Луи Ельмслев (1899-1965). Бұл мектептің теориялық негізін белгілеген алғашқы еңбек—Ельмслевтін 1928 жылы жарияланған «Жалпы грамматиканың негіздері» атты кітабы. Глоссаматиктер 1933 жылдан бастап Прага мектебімен бірлесіп, «Тіл білімі жөніндегі еңбектер» атты журнал шығарып тұрған. Журнал структуралистердің халықаралық органы деп жарияланды. Осы журналдың бірінші санында жарияланған глоссаматик Виго Брондальдің “Структуралды лингвистика” деген мақаласы мен Ельмслевтің кейініректе жарияланған “Лингвистикадағы структуралық талдау әдісі”, «Тіл теорияларының негіздері», “Тіл теориясына кіріспе” деген мақалаларында (бұлар орыс тіліне аударылған) глоссаматиканың негізгі ұстанған бағыттары кең баяндалған.

Глоссаматиктер алғашқыда де Соссюр тұжырымдарына сүйеніп, прагалықтармен пікірлес болғандарымен кепілі олардан біраз мәселеде жекеленді. Бұл мектептің негізгі принциптері мыналар:

1. Нақты тілдік фактілермен байланысы жоқ абстракт аксиомалық теория жасауды көздеу. (Ельмслев бұл бағыттағы өз теориясын “тілдің имманенттік алгебрасы” деп атады. Глоссаматиктер ондай теория жасай алған жоқ, жасау мүмкін де емес еді).

2. Лингвистикадағы маңызды мәселе — тілді таза қатынастардың құрылымы, схемасы деп санау, сол қатынастардың сипаттарын айқындау. (Қатынас иесі болып табылатын тілдік тұлғалар, формалар ескерусіз қалады. Бұл — мейлінше қате).

3. Тілдің әр түрлі ғылымға ортақ объект болатын тарауларын лингвистикалық пән емес деп жариялап, оларды тіл білімінің қарауынан біржола шығарып тастауды ұсыну. (Бұларша, фонетика лингвистиканың емес, физика, физиология ғылымдарының объектісі, семантика, логика, философия ғылымдарының объектісі, т. б. Тіл дыбыстары тілдің материалдық жағы болса, семантика тілдің идеялық жағы. Бұл екеуінсіз тіл жоқ. Сондықтан глоссаматиктердің бұл екі категорияны лингвистикалық пән емес деп жариялаулары — тілді материясы мен мазмұнынан айыру деген сөз).

4. Зерттеу жұмысынан салыстырмалы-тарихи әдіс дегенді біржолата аластау керек, тілдер туыстастығы деген ғылыми проблема емес, оның орнына тілдердің жалпы, универсалды грамматикасын жазумен шұғылдану керек деу (бұл да сыңар жақ пікір, тіл білімі үшін структуралық та, салыстырмалы-тарихи әдіс те қажет, әрқайсысының өз объектісі, алға қойған өзіндік мақсаты бар).

5. Тілді объективтік өмірден басқа ғылымдардан бөліп жекелеп қарау, (олар қай ғылымның болса да ғылымдар аралық саласы оның басқа салаларына қарағанда анағүрлым терең, анағұрлым жан-жақты шешілетінін ескермейді).

6. Зерттеу ісінде индуктивтік яғни жалқыдан жалпыға қарай зерттеу әдісін қолданбауды, дедуктивтік, яғни жалпыдан жалқыға қарай зерттеу тәсілін ғана қолдануды ұсыну. (Көптеген ғалымдар қажетті жеріне қарай бұл зерттеу тәсілдерінің екеуі де қолданылуы керек деп санайды).

7. Құрылымды дерексіз таза қарым-қатынастар схемасы, торы деп түсіну. (Структуралық мектеп деп аталғандарымен прагалықтар мен глоссаматиктердің құрылым дегенді түсінулері бірдей емес, прагалықтар оны өзара байланыста, шартты қатынаста тұратын тұлғалардан құралған бірлік, тұтастық дейді. Бұл мәселеде дұрыстық прагалықтарда).

8. Де Соссюрдің ізімен синхрондық зерттеуге шешуші мән беріп, оны тілдік жүйелік сипатын зерттеудегі бірден-бір тәсіл деп санау.

9. Де Соссюрдің ізімен сөйлеуді индивидуалдық деп санап, оны тілдік нормаға, узусқа қарсы қою. (Норма— материалдық форма, ал узус қоғам қабылдаған сөйлеу әдетінің, дағдысының жиынтығы. Тілді ішкі құрылымы жағынан алғанда, фигуралар мен функциялардың жиынтығы. Фигуралар—таңба жасауға қажетті материалдар. Функцияға тілдік тұлғалардың байланысы жатады дейді).

Дескриптивтік мектеп үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Оны лингвистикалық әдебиеттерде структурализмнің бір тармағы деп санайды. Мектепті қалыптастырушылар және АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884— 1939), Леонард Влумфилд (1887—1949). Бірақ структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған ролі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі — этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері, болып саналады.

Америка структурализмі дескриптивтік мектеп немесе дескриптивтік әдіс деп те аталады. Бұл әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмприкалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар, даму, тарих дегендер ескерілмейді.

Дескриптивтік мектеп—тілдік тектестерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелеріне ерекше мән береді.

Дескриптивтік мектеп ол баста таза практикалық, мақсаттан туған. Американың байырғы тұрғындары, сақталған жазба нұсқасы жоқ, даму тарихы, басынан өткізген дәуір кезеңдері белгісіз индеецтер тілдерін зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдіс жарамады. Бұл тілдердің қазіргі статикалық күйін түсіну үшін зерттеудің жаңа әдіс-амалын табу қажет болды. Ізденіс нәтижесінде структуралық әдістің тиімділігі айқындалды.

Дескриптивтік мектептің жұмыс әдісі мен принциптері салыстырмалы принципке сай келгенімен, көп мәселеде де Соссюр мен Копенгаген структуралистерінің концепцияларын басшылыққа алғандарымен, оның өзіндік ұстанған жолы, бағыты бар. Структурализмнің басқа мектептеріне қарағанда оның қалыптасқан, тұрақты зерттеу жүйесі бар. Кейбір ғалымдар дескриптивтік тіл білімін тілдің құрылымын сипаттаудың ең айқын тәсілін қалыптастырған мектеп деп санайды.

3. Америка структуралистеріне бірден-бір материал болған және сол әдістің дүниеге келуіне себепші болған индеецтер тілдерін ең алғаш зерттеген адам — Американың көрнекті лингвисі, белгілі антрополог Франц Бопп {1858—1942). Индеецтер тілдерінің сипаттама грамматикасына арналған еңбектерінде Ф. Бопп тілдердің сипаттама грамматикаларын жазу барлық тілге ортақ принципке негізделу керек дейтін концепцияға қарсы шығып, әр тілдің сипаттама грамматикасы “сол тілдің өз лексикасы” негізінде, дедуктивтік емес, индуктивтік әдіспен жазылу керек (жалпыдан жалқыға қарай емес, жалқыдан жалпыға қарай) дейді. Ф. Бопптың осы көзқарасын Леонард Блумфилд әрі қарай дамытты.

Леонард Блумфилд — Америка лингвистикасының ең көрнекті қайраткерлерінің бірі. Кезінде Америка лингвистикалық қоғамының президенті, бірнеше университеттердің профессоры болған адам. Америка индеецтері мен герман тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеген. Л. Блумфилдтің негізгі еңбектері — “Тіл зерттеуге кіріспе” (1914), “Тіл” (1933) деп аталатын кітаптары (Соңғы еңбек орыс тіліне 1968 жылы аударылды).

Л. Блумфилд өз зерттеулерінде бихебиоризмдік (мінез-құлық) психологияның концепцияларын басшылыққа алды. Бұл қазіргі Америка психология ғылымындағы керітартпа, идеалистік, механистік көзкарас. Бұларша, психология тек мінез-құлықты ғана зерттеу керек, ал мінез-құық дегеніміз — организмнің сыртқы реакциясының жиынтығы, реакция қоршаған орта туғызатын стимулдар арқылы механистік жолмен пайда болады.

Л. Блумфилд те өз ілімін механистік теория деп атады. Бихевиоризмнің механистік концепциясын сол күйінде сөйлеу процесін түсіндіруге қолданды. Сөйлеу әрекеті дегенді сөйлеушінің белгілі бір жағдайға байланысты туатын реакциясы деп есептейді.

Сөйлеу процесі бірнеше стимулдар мен реакцияларға бөлшектенеді, тіл арқылы қатынас жасау дегеніміз— стимулдар мен реакциялардың, әсер мен салдар туғызған себептердің жиынтығы деп түсіндіреді.

Сөйлеудің ойлаумен, ұғыммен байланыстылығы ескерілмейді. Тіл қызметінде жеке индивидуумның мінез-құлқына, адам организмінің құбылыстарына, организмге сырттан болатын әр түрлі әсерлерге, түрткіге шешуші мән беріледі. Тілдің коммуникативтік қызметін мойындағанымен, оның іске асуын механистік жолмен түсіндіреді. Ал тілдің ойды қалыптастыру қызметін тіпті сөз етпейді.

Бұл тәріздес елеулі кемшіліктеріне қарамастан, Л. Блумфилд негізінен тілдердің қай-қайсысына болса да қолдануға жарайтын, тіл білімінің дамуына белгілі ықпалы болған жаңа әдісті қалыптастырып, сындарлы жүйеге келтірді. Ол тілді формалды сипаттаудың қажеттігін дәлелдеп, негіздеді, Блумфилдті әдетте, дескриптивтік, кейде Иель мектебі деп аталатын лингвистикалық бағыттың негізін қалаушы деп санайды. Оның ілімін 3. Хэррис, Б. Блок, Ч. Хоккет, Г. Троджер т. б. шәкірттері басшылыққа алып отырды.

Дескриптивтік әдіс өз дамуының жоғары сатысына 40—50-жылдары көтерілді. Л. Блумфилдтің көрнекті шәкірттерінің бірі 3.Хэррис 1951 жылы “Структуралық лингвистиканың әдістері” деген монография жазды. Бұл еңбек америка структуралистері зерттеулерінің жинақталған қорытындысы іспеттес. Онда дескриптивтік әдістің ең түйінді, өзекті мәселелері жан-жақты талданған.

Америка структуралистері өздерінің алдына жалпы лингвистикалық теорияны дамыту міндетін емес, тілдік элементтерді оңай және тез табу, олардың есепке алып, қандай контексте қолданылатынын айқындау міндеттерін қойды. Сондықтан кейбір лингвистер Америка структурализмі теориялық ілім емес, ол тіл фактілерін қалай сипаттаудың жөн-жобасы туралы тапсырмалардың, нұсқау, схемалардың, үлгілердің жиынтығы іспеттес дегенді айтады.

Дескриптивистер тіл — ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металиигвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі.

Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, менталингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды.

Микролингвистика сөздік сигналдарды сипаттайды, бірақ оны сипаттағанда металингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне, тілдің семантикалық жағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді.

Америка структуралистері зерттеудің негізгі методикасы ретінде дистрибуцияны алады. Латын тілінен алынған бұл терминнің бастапқы мағынасы — бөліп тарату. Бірақ тіл білімінде одан гөрі кеңірек мағынада қолданылады. Мұнда дистрибуция дегеннен белгілі бір тілдік элементтің сөйлеу процесінде қолданылатын орны, контекісі деген мағына түсініледі. Мысалы, фонема үшін контекст оның алды-артында келетін фонемалар болса, морфема үшін контекс оның айналасында келетін, яғни оны қоршап тұрған морфемалар болады.

Дескриптивтік талдаудың объектісі — сөйлеу тілі, сөйлеу процесіндегі тілдік материалдар. Ал көзделетін түпкі мақсат — сол ауызекі материялдарды талдау арқылы тілдің құрылымдық сипатын айқындау. Бұл мақсатка жету үшін әр қабаттың элементтері жеке-жеке айқындалып, есепке алыну керек, екіншіден, ол элементтердің дистрибуцияларын айқындау керек. Бұл әрекеттердің әрқайсысы екі реттен қайталанады: бірінші — фонемалық элементтерді бөліп, олардың дистрибуциясын ашу, екінші — морфологиялық элементтерді есепке алып, олардың дистрибуциясын айқындау.

Дескриптивистер әр қабаттың өзіне тән ең кіші элементтері болады: фонологиялық қабатқа — фонема, морфология қабатқа — морфема тон т.б. Фонема фонологияның, морфема морфологияның объектісі, фонологиядан фонемалардың қатынасын зерттейтін фонетактика, морфологиядан морфемалар қатынасын зерттейтін морфотактика дейтін пәндер бөлінеді, ал фонология мен морфологияға бірдей тән пән морфонология болу керек, мұның міндеті — морфемалардың фонемалар арқылы көріну жолдарын, ондағы заңдылықты зерттеу дейді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1186 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2513 - | 2360 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.