Емдік шаралардың қайсы жоспары барынша тиімді?
* вазопрессинді енгізу
* плазмаферез жасау гептрал
* өңештің баллонды тампонадасы
* эритроцитарлы массаны құю
* аминокапрон қышқылын енгізу
! 59 жастағы әйел, әлсіздік, эпигастрийдегі ауырлық сезім, айқын терінің қышуына шағымданады. Соңғы 1,5 жыл бойы терінің қышуы мазалайды. Тері және склералары сарғайған, тырнақ іздері бар. Іші кепкен. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен, ұшы үшкір. Спленомегалия.
Терінің қышуын емдеу үшін қолдану барынша тиімді:
* аллохолды
* хофитолды
* холензимді
* хологогумды
* холестираминді
! Қандай препарат бауырдың біріншілік билиарлы циррозымен ауыратын науқаста аурудың дамуын баяулатып, өмір сүру уақытын ұзартып, өңеш веналарының варикозды кеңеюі қаупін төмендетіп, бауыр трансплантациясына дейінгі уақытты ұзартуы
барынша мүмкін?
* гептрал
* хофитол
* урсофальк
* эссенциале
* холестирамин
! Интоксикация, тремор, гипотония, гипогликемия, гипоксемия, гипоксия, электролитті баланстың бұзылуы, ТШҚҰ-синдромы, протеолитикалық ферменттердің активациясы мынаған барынша тән:
* цитолитикалық синдромға
* холестатикалық синдромға
* жедел бауыр энцефалопатиясына
* дисциркуляторлы энцефалопатияға
* резорбциялық-некротикалық синдромға
! Созылмалы вирусты гепатиті бар 39 жастағы әйелдің қанында билирубин - 148 ммоль/л, тікелей билирубин – 102 ммоль/л, АСТ - 64 Б./л, АЛТ - 78 Б./л, сілтілі фосфатаза - 210 Б., холестерин - 5,2 мкмоль/л.
Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?
* ЛИВ-52
* карсилді
* легалонды
* урсофалькті
* эссенциалені
! Айқын интоксикациялық синдромы бар созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын ер адамның емдік шараларының жоспарына қосу барынша тиімді:
* 5% глюкоза, лактулозаны
* 2,5% глюкоза, Рингер ерітіндісі
* 0,9% NаCL ерітіндісі, К витамині
* 10% глюкоза, фолий қышқылы
* Рингер ерітіндісі, А тобының витаминдері
! Осмостық диареяның дамуымен жүретін мальабсорбция мынаған барынша тән:
* дисбактериозға
* Крон ауруына
* жаралы колитке
* жедел дизентерияға
* ішек туберкулезіне
! Дисахарозотапшылықты энтеропатиямен ауыратын науқасқа көрсетілген ферментті препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді?
* оразаны
* креонды
* фесталды
* лактейдті
* панзинормды
! Өңештің қатерлі ісігі кезінде төменде келтірілген екіншілік симптомдардың қайсысының анықталуы БАРЫНША мүмкін?
* дисфагия, диареяның
* птоз, миоз, энофтальмнің
* жұтынған кездегі ауыру сезімі, қыжылдаудың
* көп мөлшерде сілекейдің бөлінуі, ықылықтың
* төс артындағы толып тұру сезімі, метеоризмнің
! 72 жастағы ер адам, 10 күн үлкен дәреттің болмауына, барлық іш аймағындағы жағымсыз сезіміне, іштің кебуіне шағымданады. Қарап тексергенде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене бітімі астеникалық. Тері жамылғысы бозғылт, құрғақ. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кіндік және сол жақ мықын аймағы сезімтал. Құрсақ қуысының тартылу симптомы күмәнді.
Келесі көрсетілген жүргізу тәсілдерінің қайсысы БАРЫНША тиімді?
* амбулаторлы емге жіберу
* хирургиялық бөлімге шұғыл жатқызу
* хирургиялық бөлімге жоспар бойынша жатқызу
* гастроэнтерологиялық бөлімге шұғыл жатқызу
* гастроэнтерологиялық бөлімге жоспар бойынша жатқызу
! Созылмалы аутоиммунды гастритте көрсетілген асқазан бөліктерінің қайсысы зақымдалуы БАРЫНША мүмкін?
* антральды
* фундальды
* кардиальды
* препилорикалық
* пилорикалық өзекше
! 34 жастағы ер адам, тамақтанғаннан 1,5 х 2 сағ кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауырсыну, түнгі ауырсыну сезіміне, іш қатуға бейімділікке шағымданады. Бір жыл бұрын асқазанның ойық жарасы перфорациясымен асқынған.
Асқазанның ойық жарасы төмендегі келтірілген бөлімдерінің қайсысында орналасу БАРЫНША мүмкін?
* асқазанның кіші иінінде
* асқазанның антральды бөлігінде
* асқазанның үлкен иінінде
* 12 елі ішектің пиязшығында
* асқазанның пилорикалық өзекшесінде
! 21 жастағы әйел психоэмоциональды жағдайда ауамен кекіру, қысылу сезіміне, тамақтан кейін эпигастрийде керу сезіміне, кекіруден кейін басылатын жүрек қағуына, ауаның жетіспеуіне шағымдары. Қарап тексергенде: іші кебулі. Рентгенде диафрагманың жоғары тұруы, асқазанда үлкен газдың болуы, тоқ ішектің сол жақ бұрышында көп мөлшердегі газдың жиналуы, ЭКГ-да, ЭФГДС, УДЗ-де құрсақ қуысында патология анықталынбады.
Төменде аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?
* аэрофагия
* пилороспазм
* ішектің тітіркену синдромы
* созылмалы беткейлік гастрит
* функциональды жарасыз диспепсия
! 32 жастағы әйел, тамақтан кейін ұйқы безі аймағындағы ауырлық сезімі, тез тою, ауамен кекіру, метеоризм, тітіркенгіштікке шағымданады. Өзінің жағдайын эмоциональді стресс пен тамақты көп қолданумен байланыстырады. Рентгеноскопияда: асқазаннан контрасты заттың баяу өтуі. ЭФГДС: қабаттары анық, аз мөлшердегі мөлдір аш қарындағы сұйықтық. Уреазды сынама теріс.
Төменде аталған қай препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* алмагельді
* омепрозолды
* ранитидинді
* домперидонды
* метронидазолды
! 38 жастағы әйелді, 4-5 айдан бері үлкен дәретке отырғаннан және газ шығарғаннан кейін азаятын іштің төменгі бөлігінің сыздап ауырсынуы, іш қату мазалайды. Об-ті: іштің барлық аймағында сипағанда жайылмалы сезімталдық және ішектің төмендеуші бөлігіндегі ауырсыну. Копрологияда шектен тыс шырыш анықталған. Тоқ ішектің рентгенологиялық зерттеуінде толымдылығы мен шығарылуы біркелкі емес, колоноскопияда – шырыштың жиналуы мен түюілуге бейімділік.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* смектаны
* перистилді
* домперидонды
* фосфалюгельді
* метоклопрамидті
! 29 жастағы әйел үлкен дәреттен кейінгі басылатын іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, іш қатуға шағымданады. Об-ті: тоқ ішек бойының ауырсынуы. Копрологияда көптеп шырыш анықталды, рентгенологияда – ішектің түйіліп, жиырылған және кеңейген аймақтарының кезектесуі, колоноскопияда – түюілуге бейімділік.
Тағам рационына қайсысын қосқан БАРЫНША тиімді?
* жарманы
* балық сорпасын
* құнарлы сүтті
* ет сорпасын
* сүт өнімдерін
! Ішектің өтуімен жүретін ішектің тітіркену синдромын емдеуде төменде көрсетілгендердің барлығы тиімді болуы барынша мүмкін, мынадан БАСҚАСЫ?
* смектадан
* энтеролдан
* форлакстен
* имодиумнан
* полифепаннан
! Тоқ ішектің микробтық контаминациясы төменде көрсетілген әсерлердің себебінен дамуы барынша мүмкін, мынадан БАСҚАСЫ?
* сәулелік стриктура
* дуодено-еюнальды дивертикул
* Крон ауруына байланысты, обструкция
* хирургиядан кейінгі ішектік анастомозы
* асқазан-ішек жолының функциональді бұзылысы
! 63 жастағы әйелді, іштің ауыру сезімімен қосарласатын іштің өтуі, газ шыққасытын басылатын ауыру сезімі мазалайды. Ауруын 1 жыл бұрын ішектің қатерсіз ісігіне жасалған операциямен (анастомозымен) байланыстырады. Іші кепкен. Сутектік сынама (лактулозамен жүктегеннен кейін) оң. Ащы ішекті аспирациясын егу бактериалардың көп мөлшерде өсуін көрсетеді.
Пациентте дамыған синдромболуы БАРЫНША мүмкін?
* ілмекке алып келетін синдром
* жарасыз диспепсиялық синдром
* ішектің тітіркендіргіштік синдромы
* дисахаридазотапшылық энтеропатия
* ашщы ішектің микробты контаминациясы синдромы
! 51 жастағы ер адам, жиі іш өтуі, іштің ауыру сезімі, әлсіздік, 6 кг-ға дейін арықтауына шағымданады. Қарап тексергенде терісі құрғақ, іші кепкен, сутектік сынама оң. Рентгенологиялық зерттеуде дуодено-еюнальды дивертикул анықталған.
Төмендегі дәрілердің қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
* ферменттер мен витаминдер
* абсорбенттер мен ферменттер
* антибиотиктер мен витаминдер
* витаминдер мен нитрофурандар
* 5-амино-салицил қышқылының туындылары
! 41 жастағы әйел, қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс, ішінің ауыруы, метеоризм мазалайды. Жағдайының нашарлауын ұзақ уақыт бойы созылмалы аднекситке байланысты антибиотиктерді қабылдауымен байланыстырады. Объективті: іші кебу, мықын ішегінің терминальді бөлігін сипағанда шұрылдау. Нәжісті микробиологиялық зерттеу кезінде ішек таяқшасы, бифидо- және лактобактериялардың жалпы саны азайған, энтерококктардың титрі жоғары.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* бисептолды
* микосисты
* фуразолидонды
* эритромицинді
* ципрофлоксацинді
! 24-25 апталық жүкті әйелді соңғы 1,5-2 айда ішінің өтуі; күріш және сұлы ботқасын қабылдағасын іштің кебуі мазалаған. Балал кезінде де осындай симптомдарды байқаған. Об-ті: айқын метеоризм, мықын ішектің терминальді бөлігінің шұрылы. Копрологиялық зерттеуде: полифекалия, стеаторея.
Төменде көрсетілген емдеу әдісінің қайсысын тағайынаған БАРЫНША тиімді?
* ферменттерді
* пробиотиктерді
* антибиотиктерді
* темір препараттарынны
* аглютинді диета
! 30 жастағы ер адам, қанмен, шырышпен, іріңмен араласқан күніне 50 рет болатын сұйық үлкен дәретке, дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауына, айқын әлсіздік, ішінің ауыруна шағымданып ауыр жағдайда түсті. Эндоскопияда тік ішектің барлық бөлімдерінің кілегейлі қабатының айқын қабынуы, іріңді экссудация, спонтантты қанағу, микроабсцестер мен псевдополиптер байқалады.
Осы патологияның асқынуына бәрі жатады мынадан Басқасы:
* ішектен қан кету
* тоқ ішектің стриктурасы
* тоқ ішектің перфорациясы
* тоқ ішектің дивертикуласы
* тоқ ішектің улы дилатациясы
! Ирригоскопиялық зерттеуде спецификалық емес жаралы колиттің бастапқы рентгенологиялық белгілеріне мынаның жатуы БАРЫНША мүмкін:
* псевдополипоздың
* гаустрациялардың жоқтығы
* тоқ ішектің ригидтілігі
* «дақылды» кілегейлі қабықшасы
* тоқ ішектің қысқаруы және жуандауы
! Ер адамды спазмоликтер және ауырсыздандыратын дәрілік заттармен иньекциядан кейін басылмайтын, эпигастрий және сол қабырға астындағы өте күшті, жылдам өршитін қатты ауыу сезімі, дене қызуының көтерілуі, тек ет тағамдарына емес, барлық тағам түрлеріне тәбетінің төмендеуі, сарғаю және тері қышуы мазалайды.
Сынықтардың себебі немен байланысты болуы БАРЫНША мүмкін?
* Ұйқы безінің ісігімен
* Сүйек тініндегі калий құрамының төмендеуімен
* Сүйек тініндегі кальций құрамының төмендеуімен
* Сүйек тініндегі фосфор құрамының төмендеуімен
* Ұйқы безі ісігінің сүйектерге метастаз беруімен
! Ер адамды майлы тағамдармен тамақтанғаннан кейін эпигастрий, сол және оң қабырға астындағы белбеу тәрізді ауыратын ауыру сезімі, нәжістің тұрақсыздығы мазалайды.
Көрсетілген қандай дәрілер тобын ферменттермен орынбасушы терапияға қосу БАРЫНША тиімді:
* Антацидтерді
* Прокинетиктерді
* Протонды помпа ингибиторлары
* Антихолинергиялық дәрілер
* Гистаминді рецепторлардың Н2 - бөгемелері
! 50 жасар әйел әлсіздікке, оң қабырға астында ауырлық сезіміне, қызыл иектің қанағыштығы, дененің қышуына шағымданады. 2 жыл бұрын гепатиттің сарғаю түрімен ауырған. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғыш, құрғақ. Бауыр қабырға доғасынан 2 см төмен шығып тұр, сипағанда сезімтал. Қанда шамалы анемия, түзу фракцияднан гипербилирубинемия, В және С вирусты гепатиттеріне ПЦР теріс, альфа-фетопротеин деңгейі 20Е/л.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты:
* Гистологиялық
* Иммунологиялық
* Морфометриялық
* Морфофункциональді
* Иммуногистохимиялық
! 28 жасар, жас әйел эндокринологта аутоиммунды гепатитпен қаралады. Соңғы 2-3 айда оң қабырға астында кезеңді сыздап ауыратын ауыру сезімі, аз ғана әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: сипағанда бауыр қабырға доғасында. Қанда: ТПОға қарсы антиденелердің, ТТГ жоғарылауы, вирусты гепатиттер маркерлары теріс.
Емдеуге қандай дәріні тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Легалонды
* Преднизолонды
* Кларитромицинді
* Альфа-токоферол ацетаты
* Аминокапрон қышқылын
! 53 жасар ер адам өңештің варикозды ұлғайған көк тамырларынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі, сарғаю пайда болды. Ішімдікпен әуестенген. Қарағанда: тері және көздің ақ қабығы сарғыш, телеангиэктазиялар. Іші кепкен. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, тығыз, ауыру сезіміді. Спленомегалия. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-36 мм/с. Жалпы билирубин 56 мкмоль/л, тура фракциясы салдарынан.
Қандай диагноздың болуы БАРЫНША мүмкін:
* Криптогенды бауыр циррозы
* Созылмалы алкогольді гепатит
* Созылмалы криптогенді гепатит
* Созылмалы дәрілік гепатит
* Алкогольдық этиологиялы бауыр циррозы
! Бауыр циррозы бар ер адамда ісіну – асциттік синдром пайда болды. 3 күндік төсектік режим, тұссыз диета және суды тәулігіне 1000мл дейін төмендету, ісінуді азайтпады.
Науқасты жүргізу тәсілінде БАРЫНША тиімді дәрі:
* Лазикс
* Урегит
* Триампур
* Гипотиазид
* Верошпирон
! Ащы ішек ауруларында ауыру сезімі орналасуы:
* Оң мықын аймағында
* Сол мықын аймағында
* Іштің төменгі ортасында
* Кіндік аймағында
* Эпигастрий аймағында
! 38 жастағы ер адам жатқанда, кеудені алдыға қарай еңкейткенде және тамақтан кейін күшейетін төс артындағы күйдіріп, ауыру сезіміне шағымданады.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға БАРЫНША тиімді?
* Эзофагоскопия
* Эзофагоманометрия
* Кеуде қуысының рентгенографиясы
* Күштеме сынамалаымен электрокардиография
* Құрсақ қуысының УДЗ
! 27 жастағы ер адам тағам қабылдағаннан 1,5-2сағаттан кейін пайда болатын эпигастридегі және түнгі ауыру сезіміне, ащымен кекіруге, лоқсуға шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, тілі ылғалды, түбі ақ жабындымен қапталған, пальпация кезінде – эпигастриде ауыру сезімі.
Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?
* Гастроскопия
* Ирригоскопия
* Эзофагоманометрия
* Асқазаннің рентгенографиясы
* Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ
! Ер адам 47 жаста эпигастридегі тұрақты сыздап ауыратын ауыру сезімі, ауырлық және кернеу сезіміне шағымданады, соңғы жарты жылда салмағының 15 кг төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары боз, аяқтарында ісінулер; пальпацияда эпигастриде ауыру сезім. Қан анализінде – эритроциттер 3,2 млн., Нв 112 г/л, ЭТЖ 10мм/с; жалпы белок 49 г/л. ЭФГДС – асқазан шырышты қабатының қатпарлары «ми иілімдер» тәрізді айқын қалындаған, майда нүктелі эрозиялар анықталады.
Көрсетілгендердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Санаторлы – курорттық ем
* Симптоматикалық ем
* Орын басушы терапия
* Хирургиялық ем
* Диетотерапия
! 52 жастағы әйел тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауырлық және дискомфорт сезіміне, ауыздағы ащы дәмге, мезгіл –мезгіл құсуға шағымданады. Объективті – толық, тері жабындылары қалыпты түсте, пальпация кезінде өт қабы тұсындағы нүктесінде сезімталдық анықталады.
Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?
* Гастроскопия
* Ирригоскопия
* Дуоденальді зондтау
* Бауырдың пункциянальді биопсиясы
* Құрсақ қусының УДЗ
! 48 жастағы әйел тамақтанудан, әсіресе көп мөлшерде және майлы тағам қабылдағаннан 40—90 мин кейін, сонымен қатар ауыр жүк көтергеннен және селкілдеп, жүргеннен кейін пайда болатын оң қабырғадағы ауыру сезіміне шағымданады. Кейде ауыру сезім ұзақ уақыт отырғанда пайда болады және күшееді. Өте жиі ауыру сезім қыжылдау, жүрек айну, тағам және ауамен кекірумен байланысты Қанда – лейкоциттер 10,2 мың., ЭТЖ 22 мм/с. Көрсетілген антибактериальді дәрілердің қайсысы БАРЫНША тиімді?
* Ампиокс
* Пенициллин
* Фуразолидон
* Левомицетин
* Метронидазол
! 29 жастағы ер адам қан және шырыш аралас, күніне 5-6 рет болатын жиі нәжіске, салмағының төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмендеген, тері жабындылары бозғылт, пальпаторлы – төмендеуші ішектің сол жартысының проекциясында айқын ауыру сезім анықталады. Қанда лейкоциттер 9 мың., ЭТЖ 28 мм/с.
Емдеу жоспарында тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Бифидумбактерин
* Карбонат кальция
* Солкосерил
* Салофальк
*Энтерол
! Ер адам, 50 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болады?
* ЭхоКС
* ЭФГДС
* Асқазан рентгенографиясы
* Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
* Спирография
! Әйел адам, 65 жаста, остеоартрозбен ауырады, ұзақ уақыт селективсіз стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) қолданады. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы СЕҚҚП кері әсерін алдын-алуға және тежеуге мүмкіндік береді?
* Протонды помпа ингибиторлары
* Н2 -блокаторлар
* Антибиотиктер
* Антацидтер
* М-холинолитиктер
! Ер адам, 45 жаста, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бөліміне арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, антацидтер және спазмолитиктер қабылдағанда басылмайтын, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, лоқсу, құсу, іш өту, дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Рентгенологиялық зертеуде терең «ниша», ойық жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды; ФГДС-да терең ойық жара анықталады, кратер жиектері биік, вал тәрізді. Жоғарыда айтылған жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?
* Ойық жара перфорациясы
* Перидуоденит
* Ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы
* Ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы
* Ойық жарадан қан кету
! Әйел адам, 25 жаста, әдеттегі мөлшерде тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында толу сезімі, аптасына бірнеше рет пайда болатын тез тою сезімі, кекіру, іштің кебуі, лоқсу, ұйқысыздық, әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Осы шағымдар жарты жыл бойы байқалады. Рентгенологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асқазанның моторлы – тасымалдаулы (эвакуаторлы) дискинезиясы анықталды, ФЭГДС – қалыпты. Мүмкін болатын диагноз қандай?
* Ойық жаралы ауру
* Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
* Созылмалы гастрит
* Созылмалы панкреатит
* Функционалды ойық жаралы емес диспепсия
! Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болтаны кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай синдромға тән?
* Темірмен жүктеме (перегрузка) синдромы
* Ішектің тітіркену синдромы
* Мальабсорбция синдромы
* Демпинг-синдром
* Мальдигестия синдромы
! Әйел адам, 32 жаста, ақшылқоңыр түсті, көпіршікті, май тәрізді, жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм, дене салмағының төмендеуі шағымдарымен қаралды. Шырышты қабаттың биопсиясында бокал тәрізді жасушалар санының көбеюі, эпителий аралық лимфоциттер санының жоғарылауы, бүрлердің атрофиясы, беткей және ойықтық (ямочный) эпителийдің лимфоциттермен инфильтрациясы анықталды. Анамнезінде арпа, сұлыдан жасалған тағамдарды қабылдай алмау (непереносимость). Осы науқасқа қандай ұсыныстар жасау қажет?
* Антибиотиктермен курстық терапия
* Ұн тағамдарын шектей отырып ем-дәмді ұстану
* Адсорбенттерді үнемі қабылдау
* 5-аминосалицил қышқылы препараттарын үнемі қолдану
* Холеретиктерді үнемі қолдану
! Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қатуға шағымданады. Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық өзгерістер жоқ. Дуоденалды сүңгілеуде (зондирование) В фазасының ұзаруы мен өт қабы өтінің көлемінің ұлғаюы анықталды. Өт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?
* Ойық жаралы ауру
* Созылмалы колит
* Созылмалы гепатит
* Созылмалы холецистит
* Өт шығару жолдарының дискинезиясы
! Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Қандай диагностика әдісі патологияны дәлелдеуге мүмкіндік береді?
* Вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау
* Қанның биохимиялық анализі
* Бауыр биопсиясы
* Бауырды УДЗ
* Радионуклидті сканирлеу
! Ер адам, 45 жаста, ұзақ уақыт ішімдікті көп қолданады. Қанмен құсуға шағымданады. Объективті: мәңгірген, сөзі түсініксіз, асцит, құрсақтың алдыңғы қабырғасының көктамырлары кеңейген, спленомегалия, АҚ-80/60 мм.с.б., ЖЖЖ - 110 рет мин. Науқасты жүргізу тактикасының келесі қадамы қандай?