Математика2- класс
Тест №1
І тоқсан І нұсқа
І тарау. Жүз көлеміндегі сандар
Сандарды оқу, жазу, салыстыру
1. Мына сандардың ішінен 8, 40,10, 9, 20, 2, 1, 50, 7 – бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз.
а) 10,20,40,50
ә) 1,2,7,8,9
б) 9,8,7,2,1
2. 1 метрде қанша сантиметр бар?
а) 10см
ә) 100см
б) 1 см
3. Суреттегі сызықты ата:
а) түзу
ә) сәуле
б) кесінді
4. 5 онд = бірл.
а) 5
ә) 50
б) 10
5. Азайғыш 9, азайтқыш 3, айырманың мәнін тап:
а) 6
ә) 5
б) 4
6. Өрнектердің арасына тиісті таңбаны жаз: 18-10 * 8+10
а) <
ә) >
б) =
7. Мараттың 30 дәптері бар еді. Біреуін Айжанға берді. Маратта қанша дәптер қалды?
а) 31 дәптер
ә) 30 дәптер
б) 29 дәптер
8. Қосындының мәнін тап: 40+30
А) 60 ә)80 б)70
9. Суретте неше үшбұрыш бар?
а) 2
ә) 3
б) 1
10. Теңдеуді шеш: 6-х =3
а) х =3
ә) х =6
б) х =2
11. Ондықтары 6-ға тең болатын сандар қайсы? 96, 76, 69, 67, 86, 61, 16, 36,56
а) 96,76,86
ә) 16,56,36
б) 69,67,61
12. Бос орында қай сан тұрады? 90- = 10
а) 70
ә) 80
б) 90
13. Салыстыр: 90+1 * 90-1
а) >
ә) <
б) =
14. Амалды орында: (9-2) + 3
а) 4
ә) 9
б) 10
15. Ең кіші екі таңбалы сан неше ондық, неше бірліктен тұрады?
а) 1 ондық, 1 бірлік
ә) 1 ондық, 0 бірлік
б) 1 ондық, 9 бірлік
16. 43см = дм см
а) 40дм 3 см
ә) 4 дм 30см
б) 4 дм 3 см
17. а+4 Бұл қандай өрнек?
а) әріпті өрнек
ә) санды өрнек
б) теңдеу
18. Ең үлкен екі таңбалы сан қайсы?
а) 90
ә) 99
б) 10
19. а мен 30-дың айырмасын жаз.
а) 30-а
ә) а+30
б) а-30
20Сыйымдылықты немен өлшейді?
А) сағат ә) литр б) килограмм
Математика 2-класс.
Тест№1. І тоқсан ІІ нұсқа
І тарау. Жүз көлеміндегі сандар
Сандарды оқу, жазу, салыстыру
1. Салыстыр: 70-1 * 70+1
а) >
ә) <
б) =
2. Литрмен нені өлшейді?
а) сыйымдылықты
ә) уақытты
б) салмақты
3. 40 пен с-ныі қосындысын жаз:
а) 40+с
ә) с+40
б) 40-с
4. 9 онд. 9 бірл. = бірл.
а) 90 бірлік
ә) 99 бірлік
б) 9 бірлік
5. Теңдеуді шеш: 3+х=9
а) х=6
ә) х=9
б) х=3
6. Ең үлкен бір таңбалы санды белгіле:
а) 10
ә) 9
б) 1
7. 7 ондықтан және 2 бірліктен құралатын санды көрсет:
а) 27
ә) 70
б) 72
8. Амалды орында: (7-2) + 4
а) 5
ә) 9
б) 1
9. Бос орында қандай сан тұрады? 80+ = 100
а) 10
ә) 20
б) 30
10. Екі таңбалы сандарды кему ретімен жаз. 8,40,10,9,20,70,50,7
а) 10,20,40
ә) 9,8,7
б) 70,50,40,20,10
11. Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда не шығады?
а) азайғыш шығады
ә) айырма шығады
б) азайтқыш шығады
12. Мұратта 20 асық бар еді. Ол 4-уін Саматқа берді. Мұратта неше асық қалды?
а) 24 асық
ә) 16 асық
б) 15 асық
13. Суреттегі сызықты ата:
а) кесінді
ә) түзу
б) сәуле
14. 90 бірл. = онд.
а) 9
ә) 10
б) 90
15. Өрнек түрінде жаз. 28 және 8 сандарының айырмасы.
а) 20
ә) 28-8
б) 8
16. Суретте неше үшбұрыш бар?
а) -2
ә) - 3
б) -1
17. Салыстыр: 5 онд 7 бірл. * 6 онд. 0 бірл.
а) >
ә)<
б) =
18. Азайғыш 7, азайтқыш 2, айырманың мәнін тап.
а) 5 ә) 9 б) 7
19. Санды цифрмен жаз. 9 онд. 7 бірл.
а) 90 ә) 79 б) 97
20. 8 ондықтан және 3 бірліктен құралатын санды жаз:
а) 38 ә) 83 б) 80
Математика2- класс
Тест№ 1. І тоқсан, ІІІ нұсқа
І тарау. Жүз көлеміндегі сандар
Сандарды оқу, жазу, салыстыру
1. 7 онд = бірл.
а) 7 ә) 70 б) 10
2. Суреттегі бұрышты ата:
а) сүйір бұрыш
ә) тік бұрыш
б) доғал бұрыш
3. Азайғыш 18, азайтқыш 8, айырманың мәнін тап:
а) 18
ә) 8
б) 10
4. 50 мен а-ның айырмасын жаз:
а) а-50
ә) 50-а
б) 50+а
5. Теңдеуді шеш: 4-х=1
а) х=4
ә) х=1
б) х=3
6. Кему ретімен жазылған сандар қатарын тап:
а) 1,3,5,7,9
ә) 9,3,5,1,7
б) 9,7,5,3,1
7. Азайғыштан айырманың мәнін азайтқанда не шығады?
а) азайтқыш шығады
ә) азайғыш шығады
б) айырма шығады
8. Әкесі 38 жастағ баласы 30 жас кіші. Баласы неше жаста?
а) 30 жаста
ә) 8 жаста
б) 68 жаста
9. Суретте неше тіктөртбұрыш бар?
а) 2 ә) 3 б) 4
10. Мәнін тап: 60+ (3-1)
а) 63
ә) 62
б) 61
11. Бір таңбалы сандарды кему ретімен теріп жаз. 7,80,67,9,11,2,5,15,6.
а) 80,67,15,11 ә) 2,5,6,7,9 б) 9,7,6,5,2
12. Қасен 20 үйректің балапанын, 10 қаздың балапанын өсірді. Қасен барлығы неше құс өсірді?
а) 20
ә) 10
б) 30
13. Өрнектердің арасына тиісті таңбаны жаз: 27-10 * 7+10
а) >
ә) <
б) =
14. Санды өрнекті белгіле:
а) а+23
ә) 60-40
б) х+7=10
15. Литрмен нені өлшейді?
а) уақытты
ә) салмақты
б) сыйымдылықты
16. Мысалды шығар, мәнін тап. 100-20-30
а) 50
ә) 40
б) 60
17. 8 ондықтан және 3 бірліктен құралатын санды жаз:
а) 38
ә) 83
б) 80
18. Тура теңдікті көрсет:
а) 9+20 =20
ә) 20-7=27
б) 49-40=9
19. Салыстыр: 34+20 * 65-30
а) <
ә) >
б) =
20. 60+40-20 Амалдарды орында, мәнін тап:
а) 20 ә) 40 б) 80
№1тест жауабы:
№ | ||||||||||||||||||||
1 нұсқа | ә | ә | б | ә | а | а | б | б | а | а | б | ә | а | а | ә | ә | а | ә | б | ә |
2 нұсқа | ә | а | а | ә | б | ә | б | ә | ә | б | а | ә | б | а | ә | а | а | а | б | ә |
3 нұсқа | ә | ә | б | ә | б | б | а | ә | б | ә | б | б | б | ә | б | а | ә | б | ә | б |
Математика2- класс
Тест№2
І тоқсан І нұсқа