*Бронх демікпесі, жеңіл дәреже, өршу ТЖ I
*Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу ТЖ III
*Бронх демікпесі, орта ауырлықта,өршу, ТЖ II
*Бронх демікпесі, ауыр ағым, өршу,гормон тәуелді түрі, ТЖ I
*+Бронх демікпесі, орта ауырлықта, өршу, гормон тәуелді түрі,ТЖ II
!29 жастағы науқас тұсындағы белгісіз сипатты ауырсынуға, әлсіздікке, ұйқышылдыққа, жүрек қағуына, физикалық күш түскенде тершеңдікке шағымданады. Кешке қарай дене қызуы 37,3С дейін көтеріледі. Өткен айда науқас суық тиіп ауырған, басқа ешқандай аурумен ауырмаған. Пәтерінде жұмыссыз, туберкулезбен ауыратын қарт адам тұрады. Қан және несеп талдауы өзгеріссіз. Жүрек үстінен систолалық шу естіледі, ЖСЖ минутына 100 рет. ЭКГ PQ 0,26С.Қарынша ішілік өткізгіштік бұзылған.Диагноз:
*Өкпе туберкулезі
*Тұрақсыз стенокардия
*Жүрек ырғағының пароксизмалды бұзылуы
*+Миокардит
*Перикардит
!45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын.Диагноз:
*Реактивті артрит
*Рейтер синдромы
*+Подагра
*Псориаз
*Ревматиті полиартрит
!32 жастағы науқас, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, оң жақ бел аймағында сыздап аурсынуға, зәр шығаруының жиілеп ауырсынуына шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Анамнезінде- жиі
циститпен ауырған. Объективті қарағанда: дене қызуы 38С, аускультацияда-тыныс алуы везикулярлы, жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖЖЖ минутына 92рет, АҚ 120/80 мм.сн.бағ. Іші жұмсақ, оң жақ шап аймағында және оң жақ
қабырға доғасының деңгейінде іштің тік бұлшықеттінің сыртқы жиегінде ауырсыну байқалған. Пастернацкий симптом оң мәнді. Диагноз:
*бүйрек туберкілезі
*гломерулонефрит
*+пиелонефрит
*бүйрек амилоидозы
*бүйрек тас ауруы
!Науқас іштің жоғары бөлімінде, белді айналдыратын, майлы және ащы тағамнан кейін күшейетін ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Пальпацияда сол жақ қабырғалық омыртқа бұрышында ауырсыну, осы аймақты алақан қырымен соққанда ауырсынады.Болжам диагноз:
*+Созылмалы панкреатит, өршу
*Созылмалы белсенді гепатит, өршу
*Созылмалы калькулезді холецистит, өршу
*Созылмалы аутоиммуннды гепатит, өршу
*Созылмалы калькулезді емес холецистит, өршу
!Науқас И. 60 жаста. Жазылмайтын трофикалық жараға ем қабылдаған. Бір жыл бойы манинил қабылдаған. Терісі құрғақ, ісінулер жоқ. АҚҚ- 135/80 мм с.б. ЖСЖ - 82 минутына. Status lokalis: оң жақ табаны гиперемиялаған, аздап ісінген, аяқ бетінде дұрыс емес, мөлшері 4,5 х 6,1 см. жара орналасқан. Оң жақ табандағы перифериялық тамырлар пульсациясы әлсіреген. Қандағы глюкоза – 15 ммоль/л, тәуліктік глюкозурия - 29 г/л. Науқасты қалай жүргізген дұрыс:
*+Инсулинге ауысу
*Бигуанидтерге ауысуы
*Қатақ ем және рационалды физикалық жүктеме
*Секретагогты бигуанидтермен бірге комплексті қолдану
*Сульфонил мочевина препараттарының дозасын жоғарлату
!Науқас 58 жаста. Асқазан-ішек жолы (АІЖ) ауруларымен ұзақ жылдар бойы ауырады. Қанның жалпы анамнезінде анықталады:Нв- 72 г/л, ТК – 1,5, Эр- 2,6х1012/л, макроцитоз. Осы науқасқа емдеу шаралары:
*Хеферол 350 мг 2 рет/тәу.
*Фенюльс 150 мг-нан 2 рет/тәу
*Эритроцитарлық масса құю 200 мл
*+Цианокобаламин инъекциясы 500 мкг 2 рет/тәу.
*Аскорбин қышқылын 50 мг-нан 3 рет/тәу қабылдау.
!38 жастағы науқас отбасылық дәрігерге буындағы сыздап ауырсынуға, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, іші кебуіне шағымданып келді. Жалпы әлсіздік, тершеңдік, жүдеу байқалады. Нәжісі көп, тәулігіне 10 рет. Зерттегенде нәжісте көп мөлшерде бейтарап майлар, май қышқылдары мен сабын. Клиникалық талдауда анемия, лейкопения, гипоальбуминемия.Дәрігер тактикасы:
*Консервативті ем
*Амбулаторлы ем
*+Стационарлы ем
*Диз топқа зерттеу
*Шартты – патогенді флораға зерттеу
!55 жастағы науқас соңғы жылдары түнде 15 минутқа созылатын, төстің жоғарғы бөлігіндегі өздігінен қайтатын немесе нитроглицеринмен басылатын ауырсынуға шағымданады, АҚҚ - 120/80 мм сын. бағ., пульсі минутына 62 рет, ЭКГ тыныштықта патологиялық өзгеріссіз. Жүктемеге жоғары төзімділік блғанның өзінде физикалық жүктемеден соң сынама теріс. Ауырсыну ұстамасы кезінде ЭКГ-да кеуде әкетулерінде ST сегментінің жоғарлауы тіркелді. Емдеу тактикасы:
*Атенолол
*Эналаприл
*Нитроглицерин
*+Нифедипин
*Аспирин
!62 жастағы әйел жалпы тәжірибелік дәрігерге ұсақ буындарындағы механикалық сипаттағы, кешке қарай күшейетің ауырсынуға шағымданып келді. Объективті: саусақтарының дисталды буындары деформацияланған,
Геберден, Бушар түйіндері анықталдыБұл науқасқа не тағайындау қажет:
*Антибиотиктер
*+Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
*Ангиопротекторлар
*Кортикостероидтар
*Спазмолитиктар
!50 жастағы ер адам жалпы тәжірибелік дәрігерді үйіне шақырып жүректұсындағы ауырсыну, ентігу, ауа жетіспеу сезімі, жалпы әлсіздіккешығымданды. Тексеру нәтижесінде дәрігер науқастың жағдайының ауырекендігін анықтады: беті бозғылт, терісі ылғал, артериялық қан қысымы150/100 мм сынап бағанасына, пульс минутына 120 рет. Өкпеде ірі қөпіршіктісырылдар. Жүрек тондары тұйықталған. Анамнезінде 5 жылдан беріартериялық гипертония. Дәрігердің тақтикасы:
*Науқасты үйінде қалдыру
*Жедел жәрдем шақыру
*Күндізгі стационарда ем тағайындау
*Үйінде қалдырып, клиникалық көріністерді бақылау
*+Арнайы бригаданы шақырып, науқасты госпитализациялау
!Интерстициальді пневмонияға тән диагностикалық критерий:
*жергілікті белгілердің болмауы
*қызбаның болуы
*Инспираторлы ентігу
*+артралгия белгілері
*өкпеде жергілікті белгілері
!Ревматикалық миокардиті бар науқас ЭКГ-да PQ0,24-0,26-0,30 сек, кезеңді QRST кешенінің түсіп қалуы байқалады. Өткізгіштіктің бұзылу түрін көрсетіңіз:
*+Синоатриальді блокада II дәрежесі
*Атриовентрикулятлы блокада I дәрежесі
*атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі, Мобиц I
*Атриовентрикулярлы блокада II дәрежесі, Мобиц II
*Атриовентрикулярлы блокада III дәрежесі
!Науқас, 44 жаста, жүрек аймағында қатты соғу,ауа жетпеу сезіміне шағымданады («тыныс алудың қанағатсыздығы»). Аурудың симптомдары соңғы 3 айда басталған, екі күн бұрын алкоголь қабылдағаннан соң өршіп кеткен. Анамезінде, шылым шегеді, 10 жыдан аса уақыт алкоголь қабылдайды.Қарау кезінде: тотальді гипергидроз, аяқта ісіну, жүректің оң жақ шегінің ұлғаюы, гепатомегалия; жүрек аускультациясында: қосарлаған, топтық экстрасистола,ЭКГ-да негізделген (қарыншалық). Аурудың болуы мүмкін себебін көрсетіңіз:
*токсикалық миокардит
*ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз
*+алкогольді кардиомиопатия
*тиреотоксикалық кардиомиопатия
*гипертрофиялық кардиомиопатия
!45 жастағы науқас дене қызуының 40° дейін көтерілуіне,қалтырауға, терлеуге, кеуде аймағында ауырсынуға, ентігуге шағымданады.
Анамнезінде: 2 аптадан бері науқас крупозды пневмонияға байланысты ем қабылдап жатыр. Соңғы күндері жағдайының нашарлауы, қалтырау, ентігу, дене қызуының көтерілуі қайталаған. Жалпы жағдайы ауыр, тұрақты ентігуге байланысты. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Объективті: оң жақ кеуде бөлігінің тыныс алудан қалыс қалуы.
Қабырғааралық кеңейген, шығыңқы. Перкуторлы: перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Өкпенің оң жақ бөлігінде тыныстың әлсіреуі.
Қанда- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы.
Науқаста қандай диагноз?
*Крупозды пневмония қайталауы
*Өкпе абцесі
*+Өкпе гангренасы
*Борнхоэктазиялық ауру
*Өкпе эмпиемасы
!Науқас қолын көтергенде, оқыс қимылдағанда туындайтын кеуде клеткасыда ауырсынуға шағымданады. Шамадан тыс физикалық жүктемемен байланыстырады.Қарау кезінде: өкпе тыныс алуға қатысады, 2-3 қабырға үстін пальпациялағанда гиперстезия, ауырсыну байқалады. Аускультацияда везикулалық тыныс.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
*қабырға сынығы
*+Қабырғааралық невралгия
*Құрғақ плеврит
*миалгия
*перикардит
!69 жастағы науқас, химия өндірісінде жұмыс жасайды, соңғы жылдары тұрақты жөтел, қиын бөліетін қақырық, аз физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағым айтады. 20 жыл бойы шылым шегеді. Қарау кезінде:
аускультацияда- өкпеде қатқыл везикулалық тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Т.Ж.-24рет 1мин. Жүрек тондары тынықталған. ТФК 70% төмен.
Науқаста қандай ауру деп ойлауға болады?
*Созылмалы бронхит
*бронхиальді демікпе
*Өкпе бронхоэктазы
*жүрек жетіспеушілігі
*+ӨСОА
!49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды.
Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері.
Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда «целлофан сықыры» тәрізді крепитация. Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай?
*созылмалы обструктивті бронхит.
*өкпе эмфиземасы
*+Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
*бронх демікпе
*жүрек демікпесі
!К. деген 18 - жастағы науқас, ауруханаға дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, сол жақ көзінің айналасы ісініп, есекжемге шағымданып түсті. Екі апта бұрын тісін жұлдырған. Соңғы күндері әлсіздік, тәуліктік өзгерісі 1°С жоғары дене қызуының жоғарлауы, бетінің ісінуі, есекжемді байқаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта диастолалық шуыл, тахикардия. АҚ 100/ 70 мм с.б. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауырдың шеті сипағанда байқалады. Бөлімшеде преднизолон салғаннан кейін көз айналасының ісіну мен есекжем азайып, қызуы төмендеген. Бірақ, 7 сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, ентігу, жүрек қағуы пайда болып, АҚ 80/60 мм с.б. дейін төмендеді. Сіздің болжам диагнозыңыз?
*жүйелі васкулит
*жедел лейкоз
*жүйелі қызыл жегі
*дәрілік ауру
*+инфекционды эндокардит
!Науқас, 30 жаста. Бас ауруына, бас айналуға, жүрек аймағында ауырсынуға, жүргенде тез шаршағыштыққа шағымданады.Бұл жағдайлар бала күннен байқалады. Қарау кезінде: дене қалпының пропорционалды емес (кеуденің жоғарғы бөлігі жақсы дамуы, төменгі жағы дұрыс дамымаған). Аяқта пульс әлсіз, толықтығы аз. ІІ қабырғааралығында және Боткин нүктесінде, ұйқы және бұғанаасты артерия үстінде систолалық шу, қабырғааралық артериялардың пульсациясының күшеюі. АҚҚ қолда — 170/100 мм сын.бағ., аяқта – 90/60 мм сынбағ..
АГ себебі не деп ойлайсыз:
*+Қолқа коарктациясы
*Бейарнамалы аортоартериит
*Қолқа саңылауының стенозы
*Лериш синдромы
*Рейно ауруы
!49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды.
Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері.
Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда «целлофан сықыры» тәрізді крепитация. Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай?
*созылмалы обструктивті бронхит.
*өкпе эмфиземасы
*+Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
*бронх демікпе
*жүрек демікпесі
!Науқас, 30 жаста, прекардиалды аймақта қысып ауырсынуға шағымданады, ұзақтығы 5-7 мин, ешқайда тарамайды, тез жүргенде туындайды, өздігінен басылады.Қарау кезінде: төстің сол жақ шегі бойынша қатқыл систолалық шу, ЖСЖ 80 рет мин. АҚҚ 115/70 мм сы.бағ. ЭКГ: Q тісшесі II,III, AVF, V3- V6 тіркемелерінде терең. Эхокардиоскопияда: қарыншааралық перде 3см, экскурсия 0,3см, артқы қабырға 1см, экскурсия 1см, жүрек лақтыру көлемі 80%. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз:
*митралды қақпашаның ревматикалық стенозы
*рестриктивті кардиомиопатия
*+гипертрофиялық кардиомиопатия
*дилатациялық кардиомиопатия
*ЖИА, төменгі қабырғаның миокард инфаркті
!Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.
Сіздің диагнозыңыз:
*Ишемиялық инсульт
*+Кон синдромы
*Реноваскулярлы гипертензия
*Артериялық гипертензия
*Созылмалы пиелонефрит
!32 – жастағы науқас – ұзақ уақыт бойы шылым шегеді. Соңғы бір жылда төс артындағы және балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсынуға байланысты жүктемені нашар көтереді. Дәрігерге сол жақ балтырының ауырсынуы мен ісінуіне байланысты қаралған. ЛЛп-0,6 200м. дейін жүргеннен кейін ұстамалы ақсақтық пайда болады. Болжам диагнозы қандай?
*гиганттық жасушалық артериит
*бейспецификалық аортоартериит
*түйінді периартериит
*геморрагиялық васкулит
*+облитерлеуші тромбоангиит
!Науқас 80 жаста, клиникага жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылау кезінде науқаста кезеңді түрде эпилептикалық тырыспалар мен Чейн – Стокс тынысымен бірге есінен танып қалу эпизодтары анықталды. ЭКГ – да: Р тісшесі QRS комплексімен байланыспаған, Р – Р интервалының ұзақтығы = 0,80 с, R – R == 1,5к. ЖСЖ 35 рет минутына.
Болжам диагноз?
*Эпилепсия
*+Толық атриовентрикулярлы блокада
*Жүрекшелер жыбыры, брадикардиялық түрі
*Қарыншалар фибрилляциясы
*Синустық брадикардия
!Бронхоэктазиялық сырқаты бар 23 жастағы науқаста, 2 аптадан бері жағдайы нашарлаған, ентігу, қан түкіру, қызба, қалтырау болған.
Салқындаумен байланыстырады. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Өкпенің төменгі артқы перифериялық бөлігінде ірі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қол саусақтары «дабыл жарғағы» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрзді.
Қан анализінде-лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
Бұл сырқатты диагностикалау үшін қандай тексеру информативті?
*Рентгенография
*+Бронхография
*Спирография
*Томография
*Ангиография
!25 жастағы ер адам, баскетбол бойыша қалалық құраманың мүшесі, шағымдары: жаттығудан соң 10 мин пайда болатын ентігу мен ұстамалы жөтел пайда болуы, тыныштық жағдайында басылады. Сіздің диагностикалық тактикаңыз:
*+Физикалық жүктемемен сынама *Бронходилатациялық сынама
*бронхоскопия
*спирометрия
*пневмотахометрия
!20 жастағы ер адам, баскетбол бойыша қалалық құраманың мүшесі, шағымдары: жаттығудан соң 10 - 12 мин пайда болатын ентігу мен ұстамалы жөтел пайда болуы, тыныштық жағдайында басылады. Сіздің диагностикалық тактикаңыз:
*+Физикалық жүктемемен сынама *Бронходилатациялық сынама
*бронхоскопия
*спирометрия
*пневмотахометрия
!72 жастағы науқас көп жылдан бері ӨСОА зардап шегеді, жағдайы нашарлаған. Ентігу тұрақты, ұйқы кезінде горизонталды жағдайда күшейеді, в-агонистерімен нашар басылады.
Өкпеде құрғақ ысқырықты және бірен саран ылғалды сырылдар.
Спирографияда: ДФК 50% төмен. Дәрігер бронхолитиктермен сынама тағайындады.
Бронхолитикпен сынама қадай мақсатта тағайындалды?
*+бронхиальды демікпені диагностикалау мақсатында
*Ем мақсатында
*алдын алу
*өмір сапасын жақсарту
*Жүрек демікпесін диагностикалау мақсатында
!65 жастағы науқас, көп жылдан бері ӨСОА сырқаттанады, соңғы жылдары аз физикалық жүктемеде ентігу, тұрақты жөтел, әлсіздік байқалған.Қарау кезінде: тері қабаты бозғылт. Саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары «сағат әйнегі тәрізді». Өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, төменгі бқлігінде бірен саран ылғалды сырыл.
Т.Ж.-38 рет мин.ЖСЖ-102соққы 1 мин. АҚҚ 140/90мм.сын.бағ.
Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде: ДФК 60% төмен.Холинолитиктер ентігуді нашар басады.
Науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс?
А.преднизолон
*ипотропиум бромид
*Вентолин
*+спирива
*теофиллин
!Науқас 47 жаста, клиникаға жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылаудың алғашқы тәулігінде кенеттен есінен танып қалды. Пульс және қысым анықталмайды. ЭКГ – да: қарыншалар асистолиясына өтетін синустық ритм. Емі?
*+Дефибрилляция
*Лидокаин
*Симпатомиметиктерді жүрекішілік енгізу
*Көктамырға индерал
*Ганглиоблокаторлар
!Науқас К. 55 жаста үйінде қаралды. Жиі жүрек жиырылуы фонында 2 рет есінен танып қалған. ЖСЖ – 35 рет минутына, АҚҚ 100/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы 100 рет минутына, қарыншалар ырғағы 30 – 35 рет минутына, QRS комплексі – 0,16", деформацияланған. Миоглобин және Т тропонин жоғарылаған. Миокард инфарктісі анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған?
*Кардиогенді шок
*Атриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Венкебах периодтарымен
*+Толық атриовентрикулярлы блокада, Морганьи – Адамс – Стокс ұстамасы
*Идиовентрикулярлы ырғақ
*Синоаурикулярлы блокада
!19 жастағы жас адам, дәрігерге жүрек аймағында қысып ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде физикалық жүктемеде естен жағдайы болған. Ана жағынан туыстары арасында жас кезінде кенеттен болған өлім жағдайлары кездескен. Қарау кезінде: физикалық тұрғыдан жақсы дамыған, кеуде торның деформациясы жоқ. Тері қабаты түсі қалыпты. Аускультацияда жүрек ұшында өрескел систолалық шу естіледі, төс бойымен тарайды. АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. ЖСЖ 84 рет мин. ЭКГ патологиялық Q тісшесі І, aVL, V5, V6 тіркемелерінде анықталады. Эхокардиограммада қарыншааралық перде және сол жақ қарынша айқын гипертрофиясы. Бұл жағдайда кардиалгияның генезі қандай?
*+Коронарлы жетіспеушілік
*Бейарнамалы коронарит
*Тәж артериясының спазмы
*Қанда эндорфиндер төмендеген
*Тәж артерияларының атеросклерозы
!Науқас, 37 жаста. Шағымдары: әлсіздікке, дене қызуының 37,5ОС көтерілуі, физикалық жүктемеде аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну.Қарау кезінде: жүректің сол жақ шекарасының үлкеюі, бүйрек артериялары проекция аймағында систолалық шу естіледі. Пульс сол білек артериясында әлсіреген. АҚҚ оң қолында– 140/100 мм.сын.бағ., сол қолда анықталмайды, аяғында – 170/120 мм.сын.бағ.
АГ себебі не деп ойлайсыз:
*Бейарнамалы аортоартериит (Такаясу ауруы)
*+Бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясы
*Вегенер гранулематозы
*Шенлейн-Генох ауруы
*Қолқа коарктациясы
!11 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз:
*Өкпе артериясының ақауы
*Өкпе артериясының стенозы
*+тетрада Фалло
*митралды қақпақша пролапсы
*қолқа коарктациясы
!14 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз:
*Өкпе артериясының ақауы
*Өкпе артериясының стенозы
*+тетрада Фалло
*митралды қақпақша пролапсы
*қолқа коарктациясы
!25 жастағы науқас ер адам, басының ауруына, басының айналуына шағым айтып келді.
Анамнезінде: соңғы 2жыл бойы ауырады.Қан қысымы жиі көтеріліп, кризбен жедел жәрдемді шақырады. Гипотензивті дәрілермен криздік жағдайы әрең басылады.
Объективті қарағанда: Денне пішіні толықтау.Қан қысымы200/100мм.сын.бағ.ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары ритмді,анық.Іштің алдыңғы бетінде, кіндік үстінде тамырдың шуылы естіледі.Аурудың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?
*Инфузияық ренография
*+Бүйректің сцинтографиясы