Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бұлардан оқшау тұрған Құдайдың аяны бар (Lех dіvinа).




Мәңгілік заң ол Құдайдың ойынан шыққан жоспар, жаратылған Дүниедегі заттардың тәртібі, әрбір зат пен құбылыстың ішкі мақсаты (Аристотельдің тілімен айтқанда - энтелехиясы). Бұл заң тек Құдай мен әулиелерге мәлім. Адам да, әрине, саналы пенде ретінде болмыстың мәнгілік өміріне жартылай қатысты болуы мүмкін.

Табиғи заң адамның ақыл-ойдың иесі ретіндегі жақсылық пен жамандықты айыруынан шығады. «Жақсылыққа ұмтыл, зұлымдықтан аулақ бол» деген қағида - ол табиғаттан шығатын заң. Табиғаттың ең биік құндылығы - өмір. Олай болса, адам өз өмірін сақтауы керек, ол табиғи заңға жатады. Табиғи заңға еркек пен әйелдің қосылуы, балаларды тәрбиелеу, басқа адамдармен бірге өмір сүру, өзара адамдардың бір-біріне көмектесуі, істеген нәрселерімен алмасуы, бәрі де - табиғи, адамның ақыл-ойынан шығатын нәрселер.

Адамдардың қабылдаған заңдарына келер болсақ, олар - қылмысқа, зұлымдықтың қайсыбір түріне карсы бағытталған заңдар. Олар - адамның ақыл-ойының туындылары. Заңда қандай мақсатқа жетіп, оған жету жолында қандай құралдарды пайдалану керектігі көрсетіледі. Егер Августин заңдардың керектігін адамзаттың алғашқы тектік күнәсінан шығарса, Фома Аквинский оны табиғи қажеттіктен шығарады. Адамдардың шығаратын заңдары табиғи заңдардан өзінің қайнар көзін бастап, соларға сәйкес келуі керек. Ой арқылы табиғи заңдардан адамдардың кұқы құрастырылады. Ал соңғыдан оны нақтылау аркылы азаматтық құық пайда болады. Мысалы, табиғи заң - өмірдің құндылығы, оны сақтау керектігі. Одан «Өлтірме» деген адам кұқы пайда болады. Ал азаматтық құқта нақтылы түрде адам арам пиғылдың негізінде өлтірілді ме, әлде кездейсоқтық жағдайда қаза болды ма, әлде мас адамның іс-әрекетінен өлді ме, зерттелу негізінде әртүрлі жағы қолданылады.

Қайсыбір заң зұлымдық жолына тосқауыл койып, оны бұзушыларға күш жұмсау, қамау арқылы, калған адамдардың бейбіт өмірін сақтайды. Сонымен табиғаты бұзылған адамдар заңның күші арқылы, алғашқы уақытта сырттай оның талаптарына көнеді, жүре келе ол әдетке айналады. Мүмкін, олар соңында ізгі адамдарға айналуы да ғажап емес. Олай болса, қайсыбір заң тек қана қоғамды зұлымдықтан қорғау ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік қызмет атқарады.

Адам - міні көп, кемеліне келмеген пенде. Заңның керектігі осы іргетасты қағидадан шығады. Адамның барлық кемшіліктерін есептеп оны заң арқылы тежеу мүмкін емес. Ал, бірақ бүкіл қоғамға, басқа адамдарға кеселін тигізетіндерін заң арқылы тежеу керек. Мысалы, адам өлтіру, ұрлық жасау - ол бүкіл қоғамның өміріне қауіп туғызады. Оларға заңдық тосқауыл қойылуы қажет.

Аса көңіл аударатын нәрсе - егер адамдардың шығарған заңы табиғи заңға қайшы келсе, - ол заңдық мәртебесін жояды. Қайсыбір заңның негізінде әділеттік жатуы керек, басқаша жағдайда, біз түгел шарпыған жемқорлыққа келеміз. Мүмкін, бүгінгі кең етек жайып кеткен жемқорлықтың себептерінің ішінде осы да болса керек. Фома Аквинскийдің осы ойлары бізді моральдық, адамгершілік мәселелеріне әкеліп тірейді. Заңның моральдық құндылығы табиғи заңмен байланысты. Әділетсіз заң зорлық-зомбылыққа жеткізеді.

Адам заңы Құдай заңына қайшы келсе, одан үзілді-кесілді бас тарту керек. Тиранияға қарсы кетерілісті де ақтау керек, өйткені одан артық зұлымдық қоғамда жоқ.

Фома Аквинскийдің айтуына қарағанда, монархиядан артық билік формасы жоқ, ол – тәртіп пен мемлекет бірлігінің кепілі. Ең жаман билік формасы - ол тирания, өйткені ол зорлық-зомбылыққа, заңсыздыққа негізделген, қоғамға зұлымдық әкеледі. Бұл билік күшейген сайын, оның зұлымдығы да арта түседі.

Мемлекет адамдарды игілік жолына бағыттап, бұзылған адамдарды тәрбиелеп, ізгілікке сілтейді. Адамдардың жасаған заңдары арқылы қоғам өмірінде тәртіп орнап, адамдар бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі.

«...Бірақ мемлекет адамдардың барлык рухани ұмтылысын мақсаттарын өтей алмайды. Табиғи заңдар да, адамдардың жасаған заңдары да оған жеткіліксіз. Сондықтан Құдай адамдарды сүйіп, оларға аянмен берілген зандарды ұсынды. Сол себепті адамның басшылыққа алатын заңдарын әрқашанда Библиядағы заңдармен толықтырып отыруымыз керек», - деп қорытады Фома Аквинский.

Фома Аквинский философия тарихында өзінің ерекше ізін калдырды. Оның сәулелі ойы, мөлдір логикасы, Құдайға деген шын ниеті, адамды сүюі осы күнгі заманға дейін үлгі болып, қазіргі адамзаттың рухани өміріне әсерін тигізуде.

Уильям Оккам ілімі

Орта ғасырдағы ой-пікірдің көрнекті өкілдерінің бірі Уильям Оккам (1280-1349жж.) Оксфорд университетін бітірген. Негізгі еңбектері: «Логика жинақтары», «Құпиялықтар жөніндегі трактат», «Сұхбаттар» т.с.с.

Егер Фома Аквинский схоластикалық философияда өзінің ен биік шыңына жетсе, Уильям Оккамнан бастап, оның тек құлдырауы басталады. Біріншіден, сенімнің ақыл-ойдан дербестігі оларды бір-бірінен ажыратады. Уильям Оккам сенім мен ақыл-ойды бір-бірінен айырып алыстатуға тырысады.

Логикаға негізделген ақыл-ой сезімдік дүниені тануға мүмкіндік береді, оларды тексеруге, дәлелдеуге болады.

Сенім ақиқаттарына келер болсақ, оны ақыл-ой арқылы түсіну де, дәлелдеу де мүмкін емес. Аян ақиқаттарын біріктіретін логика емес, Сенім ғана. Мысалы христиан дінінің үштік қағидасына Уильям Оккам мынандай баға береді: «ол қайсыбір мән-мағына, ақыл-ойдан басым». Сондықтан ақыл-ой сенімге тірек бола алмайды. Сезім, ақыл-ой мен діни қағидаларды талдаудың өзі күнәға жақын, өйткені Құдай бізді сүйіп, өзінің аянын сыйлады, оны біз сол күйінде іштей қабылдауымыз керек.

«Егер Құдайдың құдіретті күші сондай шексіз, ал біздің Дүние оның ерікті түрде тудырған мүмкіндігінің бірі ғана болса, онда Құдай мен шектелген өтпелі Дүниенің арасында Құдайдың жасампаз еркі мен құдіретті ақыл-ойынан басқа не бар?» - деген өткір сұрақ қойып, өзі қойған сұраққа: «Олай болса, Августиннін универсалды мәндері жер мен Құдайды дәнекерлік етіп жалғастырып тұратын ол адамның бос тәкаппарлығы емес пе! - деп ашық жауап береді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 531 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2155 - | 2045 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.