Дірістік технологиялық іс тәжірибелік есеп
Орындаған: Омархан А.
Тексерген: Рғынбаева Р.Ж.
Талғар 2016
Мен Омархан Адай Талғар Политехникалық колледжінің 30-топ студенті өндірістік технологиялық іс тәжірибемді Кербұлақ ауданы Нұрым ауылы Нұрым орта мектебі мемлекеттік комуналдық мекемесінде өттім. Мектеп барлық техникалық талаптарға сай жабдықталған. Мектепте спорт зал, лингофонды кабинет, бастапқы әскери дайындық кабинеті, тарих кабинеті, математика кабинеті, физика кабинеті, химия-биология кабинеті, қазақ тілі кабинеті, ағылшын тілі кабинеті, кітапхана, 4 бастауыш сынып кабинеті, технология кабинеті және информатика кабинеті, асхана, мұғалімдер бөлмесі, директор кабинеті, психолог кабинеті, медбике кабинеті, 3 лобороториялық кабинет, «Балбөбек» шағын орталығы бар. Аталған кабинеттер заманауи компьютерлермен және проэкторлармен жабдықталған. Сонымен қатар кітапханада 1 дербес компьютер және 9 ноутбук, директор кабинетінде 1 моноблок және 1 дербес компьютер, мұғалімдер бөлмесінде 4 дербес компьютер және информатика кабинетінде 17 дербес компьютермен қатар соңғы үлгідегі проэктор бар.Негізгі жұмыс жасаған жерім «Информатика» кабинеті болды.
Онда маған тапсырылған жұмыстар тізімі:
Компьютерге Windows ОС 7/8,1 операциялық жүйесін орнату;
Слайдтар жасау;
Компьютер арасында желіні орнату;
Мектептегі компьютерлерге техникалық қызмет көрсету;
Мектептегі ақпараттық технологияларға яғни принтерлер, проэкторларға, сканерлерге техникалық қызмет көрсету;
Microsoft Office Word редакторында жұмыс істеу;
Microsoft Office Excel редакторында кесте құру;
Adobe Photoshop бағдарламасында жұмыс жасау.
Corel Draw бағдарламасында жұмыс.
Интернетте жұмыс істеу.
Windows 7 операциялық жүйесі орнатылған компьютерлер арасында желі байланысын орнату.
Microsoft Visual FoxPro бағдарламасында жұмыс істеу.
Ауіпсіздік техникасы ережелері
1.Кабинетке сырт киіммен кіруге болмайды.
2.Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерді қосуға болмайды;
3.Компьютерлер тұрған үстелге асынуға, оның үстіне ауыр зат қоюға болмайды;
4.Компьютерлер тұрған бөлмеде жүгіруге,басқа да жұмыстармен айналысуға болмайды;
5.Компьютерде су немесе дымқыл қолмен жұмыс жасауға болмайды;
6.Компьютер алдындағы арақашықтық 70-80см болуы қажет;
7.Компьютерде жұмысты біткеннен кейін орныңнан тұрмай көз жаттығуларын жаса.
8.Егер компьютерден белгісіз жағымсыз иіс шығып жатқанын сезсеңіз дереу арада мұғалімге хабарлау.
Есептеу техникасының құрылымы және бағдарламалық қамту
Мектептегі барлық компьютерлерде Windows 7 Maximal Операциялық жүйесімен (ОЖ) қамтылып келген болатын, бірақ технологиялық іс тәжірибені өту барысында кейбір бағдарламалардың орнатылмауына байланысты (антивирустар, принтердің бағдарламалық қамтуы, және т.б.), операциялық жүйені Windows XP операциялық жүйесіне ауыстырдық және технологиялық іс тәжірибені бітіргенше компьютерлер орнатылған ОЖ жұмыс істеп тұрды.
Жасаған жұмыстарым:
Microsoft Power Point бағдарламасында жасаған слайд.