Кіріспе
Негізгі бөлім
1) Педагогикалық іс- қасиетті іс
2) Қазіргі білім беру саласындағыбасты міндет
3) Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы
Орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби
Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар, ол – арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс -деген сөзін еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп және оның мұғалімі.
Педагогикалық іс- өте нәзік, қасиетті іс. Ол тәрбиешіден сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді.
Бүгінгі мектептің басты міндеті- өзіндік ой- көзқарасын ашық айта алатын, өмірге бейім тұлға қалыптастыру болса, оған мұғалімнің шәкіртіне деген сүйіспеншілігі, оны тұлға ретінде бағалауы баланың адамдық қасиеттерінің дамуына басты кепіл бола алады.
Кәсіпқой мұғалім өз пәнін жетік біліп қана қоймай, әрбір қатынасушының педагогикалық үдерістегі орнын білуі керек. Оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыра алуға қабілетті болып, оның нәтижелерін алдын-ала болжамдап көре білуі тиіс, болуы мүмкін ауытқушылықтарды дер кезінде түзете алуы, яғни құзыретті тұлға болу керектігіне назар аударылады.
Жаңа тұрпатты мұғалім үш түрлі құзыреттілікке ие болуы тиіс: әдіснамалық, жалпымәдени, пәндік-бағыттылық. Педагогикалық қызметтің шығармашылық бағытталуы, біріншіден, мұғалімге мамандығы үшін мәні бар күшті және әлсіз жақтарын (өзін-өзі тануын, эмоционалдық қалпын, коммуникативтік және дидактикалық қабілеттерін және т.б.) бағалай алуы; екіншіден, зияткерлік мәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, зейін), мінез-құлық, қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық қарым-қатынасты меңгеруі; үшіншіден, қазіргі интеграциялық үдерістер, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алу сияқты мәселелерді қарастырумен байланысты.
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. «Жаңашыл мұғалімдер «педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек».
Жаңа тұрпатты мұғалім ұғымын психологиялық-педагогикалық әдебиеттерден жаңа типті мұғалім, жаңа буын мұғалімі терминдері түрінде кездестірдік.
Жаңа тұрпатты мұғалім анықтамасы 2005 жылғы 18 тамызда жарияланған «ҚР жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы» және «ҚР жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында» бір мәселеге деген екі түрлі көзқарас көрсетілген. Екі тұжырымдама авторлары бір мәселені екі түрлі шешуді ұсынады.
Дегенмен, бұларда бірін-бірі қайталайтын тұстар да баршылық. Жаңа тұрпатты мұғалімдерге қойылатын талаптардың «Жоғары педагогикалық білім» және «Жоғары педагогикалық білім беру құрылымы» бөлімдерінде олар бір-бірін қайталаған. Егер бірінші тұжырымдама негативті факторлар ретінде «бірін-бірі жалғастырып жататын білім беру стандарттары мен бағдарламаларын құруға ғылыми негізделген ұстанымның болмауын» атаса, екінші тұжырымдама авторлары «стандарттардың, типтік оқу бағдарламаларының жетілдірілмегендігін...» атайды. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан, осы екі тұжырымдама негізінде біреуін жасау қажеттігі сөзсіз.
Педагогикалық білім берудің ең жоғарғы мақсаты - жаңа тұрпатты мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуының үздіксіз жүргізілуі деп есептейміз. Бұл мақсатты жүзеге асыру кезінде маман-адам, азамат пен оның кәсіби білімі, іскерліктері мен дағдылары арасындағы үзіліп қалған байланыс қайта жалғасын табуы керек. Болашақ маманның жеке тұлғалық позициясын, оның кәсіби білімі мен іскерліктерін біріктіру жүзеге асуы жөн. Бұл біріктіру жалпы қосынды емес, сапалық жағынан жаңа құрылым болып, тұтастығы мен ішкі құрылымы жаңа типті мұғалім даярлау мен қалыптастыру мақсатын қоюға болады. Педагогикалық білім беру мақсаты, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қызметінің инвариантты, идеалданған көрсеткіштері біліктілік сипаттамасының негізіне қойылатын профессиограммада ашылады. Біліктілік сипаттамасы типтік кәсіби педагогикалық міндеттер жүйесі түрінде құрылып, мұғалім тұлғасы мен кәсіби қүзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарды құрайды.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.
Сонымен жаңа тұрпатты мұғалім ұғымы соңғы жылдары жарияланған шетелдік және қазақстандық педагогика оқулықтарында, ғылыми зерттеулерде «жаңа типті мұғалім», «мұғалім идеалы», «шебер мүғалім» түрінде берілсе, «жаңа тұрпатты мүғалім» термині терең қарастырылмаған. Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Жоғары мектеп педагогикасы теориясында зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – педагогикалық модельдеу мәселесі. Жоғары білім беруді модернизациялау ең алдымен оның мазмұнын терең жаңартумен байланысты. Тек қана информатика пәнінің мұғалімі ғана емес, сонымен бірге кез келген пән мұғалімінің ақпараттық технологияны меңгеруі - жаңа тұрпатты мұғалімге тән басты белгі деп айтуымызға болады.
Акыл-ой тәрбиесін берудің негізгі құралы — мектептегі оқыту. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат-міндеттер оқыту процесінде іске алады. Ол мақсат-міндеттер мыналар:
— оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру;
— білім беру негізінде оқушыларда ғылыми көзқарасты қалыптастыру;
— баланың таным қабілеттерін дамыту;
— оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді әдіс-амалдарын орынды меңгеруге үйрету;
— балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру;
— ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетін арттыру. Бұл міндеттерді отбасы мен мектеп тығыз байланыста болғанда ғана ойдағыдай орындап шығуға болады, сонда ғана балаларға берілетін ақыл-ой тәрбиесі нәтиже береді.
В.А.Сухомлинский ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудың негізгі мынадай жолдарын атап көрсетеді. Мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай-ақ, мектептегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялық және әдістемелік құраддары мен тиімді жоддары туралы жан-жақты оқыту тәжірибесше қарағанда, мұғалімдердің қызметінде дидактикалық қиындықтардың кездесетіні анықталып отыр.
Мұғалімдердің қызметіндегі дидактикалық қиындықтар, негізінен, олардың мынадай іс-әрекетінен байқалады:
— оқушылардың танымдық, әрекетін қалыптастырудағы іс-әрекетінде;
— дарында балалармен, үлгермейтін оқушылармен дара жұмыс істеудегі әрекетінде.
Мұғалімдердің ұстаздық қызметке тән іс-әрекеттің негізгі түрлерін (құрамды бөліктерін) жеке меңгере алмағандығын өмір көрсетіп отыр. Оған мыналар жатады:
— ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;
— білімнің мазмұнын игеру ісі;
— оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін алдын ала (диагностикалау) ісі;
— сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;
— оқушылармен жақсы қарым-қатынас жасай білу ісі (коммунативтік әрекет);
— оқушыларды білімге ынталанды-ру, қызықтыру іс-әрекеті;
— оқушылардың білім дағдыларын бақылау және бағалау іс-әрекеті.
Мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мынылар:
— оқыту процесінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиыңдықтар;
— оқушылардың оқу әрекетін, дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар;
— дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиындықтар
Инновациялық іс-әрекет — педагогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертетін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инновациялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:
♦ өзінің жеке касиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инновациялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау қабілеті;
♦ жаңа ғылыми идеялар мен басқалардың тәжірибесінен хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну қажеттілігінен;
♦ жаңа ғылыми зерттеулер, олардың әдістемелік жүзегс асуын үздіксіз тәжірибеге енгізумен;
♦ педагогикалық инновацияның жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасаумен;
♦ педагогикалық кертартпалықпен, догмамен, артта қалушылықпен белсенді күрес жүргізумен.
Айтылғандарды есепке алғанда, педагогтың өнімді инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері мыналар:
♦ педагогикалық еңбектің тиімділігі;
♦ оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың педагогикалық талаптары мен бағыттарының бірлігі;
♦ жеке тұлғаның шығармашылық тұлғасының қалыптасуы;
♦ мұғалім беделінің өсуі;
♦ оқушылардың істі талдау әдіс-тәсіліне, диалектикалық ойларға үйренуі;
♦ оқу және тәрбие үрдісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет үлгісіндегі ашылулары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д.
Қазақ Энциклопедиясы,VII-том
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын.