Заманауи электроникада үздіксіз әсерлі құрылғылармен бірге импульсті деп аталатын құрылғылар да қолданылады. Олардың принципиальді ерекшелігі, оларда әсер ететін сигнал үздіксіз уақыт функциясын емес дискретті уақыт функциясын көрсетеді.
Автоматика және телемеханика құрылңыларының көбінің жұмысы импульсті әдіске негізделген.
Импульсті құрылғыларды ойлап табу келесідей қажеттіліктерден туындаған:
-көптеген өндірістік үрдістердің жұмысының периодтылығынан;
-технологиялық жеке операцияларға бөлу қажеттілігінен;
-түрлі ақпараттарды жеке байланыс каналы арқылы беру қажеттелігінен;
-цифрлық есептеу техникасында импульсті әсер принципін қолданатын көптеген құрылғылардың пайда болуынан.
Импульсті техниканың дамуына өнеркәсіптік себептерден басқа импульсті жұмыс режимінің қасиетіне тән ерекшеліктер де әсер етті, олар:
-орташа қуат қатысты түрде аз болғанда импульстегі сигналдың үлкен қуаты жеткілікті болуынан;
-аналогты құрылғылармен салыстырғанда импульсті құрылғылардың ПӘК жоғары болуынан (импульстердің арасында энергия тұтылмағандықтан);
-импульсті құрылғыларда жұмысында қолданылатын аспаптардың параметрлерінің таралу әсері аз болғандықтан олардың бөгеттерге қорғанысы аз болады, электронды құрылғылардың дәлділігі жоғары, әрі сенімді болғандықтан;
- импульсті әдістерді қолданылатын байланыс каналдарында өткізу бейімділігі және ақпарат беру жылдамдығының жоғарылығы.
Импульсті сигналдар
Импульсті техникада түрлі формадағы импульстер қолданылады: тік бұрышты, ара тәріздес, экспоненциалды және т.б.
Импульсті сигналдар келесідей параметрлермен сипатталады және олардың негізгілері қолданысқа көп ие болған түрі тік бұрышты импульске тән:
Um- импульс амплитудасы;
– импульс ұзақтығы;
tП – импульстер арасындағы үзіліс ұзақтығы;
T - қайталау периоды, T= tu + tП;
f – қайталау жиілігі, f =1/Т;
Q- импульс тығыздығы, Q =Т/ tu.
Шынайы импульстерді сипаттау үшін жүру tж және құлау tқ ұзақтығы деген түсінік бар. Бұл көбіне tж - tқ импульстің 0,1 –ден 09 Um дейінгі жүру немесе құлау уақыты болып саналады. Әдетте ол . Қажет кезінде тік бұрышты импульстер құлау шегі және оның қатысты шамасы деген түсінік еңгізуге болады, ондағы коэффициент
Модуляция түрлері
Тік бұрышты импульс түріндегі үздіксіз сигналдар жайлы ақпарат беру үшін импульс тізбегіндегі бір немесе бірнеше параметрлер өзгереді, яғни модуляция жүзеге асады. Амплитуда-импульсті (АИМ), ендік-импульсті (ЕИМ), жиілікті-импульсті (ЖИМ), фаза-импульсті (ФИМ) модуляция түрлері болады. Дәлділікті және бөгеттерден қорғануды жоғарылату үшін кодты-импульсті модуляция қолданылады, онда ақпараттар сан түрінде болады және оларға анықталған импульс (код) жинағы сәйкес келеді.
Импульсті құрылғылар есептеу техникасында, автоматикада, түрлендіру техникасында, ақпараттық өлшеу техникасында, байланыс жүйелерінде кеңінен қолданылады.