Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Модульдер бойынша пӘнніҢ таҚырыптыҚ жоспары. Пәннің қысқаша сипаттамасы




Түсініктеме хат

Пәннің қысқаша сипаттамасы

Қазақстан Республикасының жоғары мектеп жүйесі дамудың жаңа кезеңдерін бастан кешуде. Қоғамның барлық деңгейі мен саласында жетілдіру мен сапаландыру процесі жүргізіліп жатқан бұл кезең талабынан жоғары мектептегі дидактикалық процесс те тыс қала алмайды.

Жоғары бiлiм беру Қазақстан Республикасының үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi аса маңызды құрылымдық буын болып табылады. «Жоғары бiлiм беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Бiлiм беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына негiзделедi.

Қазақстандық жоғары мектептердің алдына қойылған маңызды міндеттерінің бірі - жоғары басқыш болып саналатын магистратураның оқу процесін жүйелі, дұрыс арнаға түсіру. Ол үшін магистратуралық оқу процесін сапалы ететін оқу-әдістемелік, дидактикалық материалды мол, әрі мазмұн жағынан толыққанды етіп шығаруды қолға алу керек. «Жоғары оқу орындарында пәнді оқыту әдістемесі» пәні магистратурадағы негізгі пәндердің бірі болып саналады.

Жоғары оқу орнында алған базалық білімнің сапасы маманның өмірлік және кәсіби жолын белгілеп береді. Бүгінде функционалдық білімге негізделген мықты мамандарға деген қажеттілік жоғары. Бұл ретте пәндерді оқыту әдістемесін меңгертуде магистранттың кәсіби даярлығының жоғары болуы шешуші фактор ретінде белгіленген.

Соған байланысты білім берудің қазіргі талаптарын тірек ете отырып, «Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту әдістемесі» пәнінің бағдарламасын жасауда магистранттарға қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың өзіндік заңдылықтарын кең түрде таныту бағыты ұсталынды.

Пәннің мақсаты:

Әлемдегі әдістеме ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып қазақ тілін оқытудың бағыттары мен ұстанымдарын анықтау, педагогтің шеберлігін дамыту.

Пәннің міндеттері:

1. Кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған,теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, ұлттық менталитеті жоғары маман даярлау.

2. Магистранттардың қазіргі қазақ тілінің негізгі салалары мен әдістемесінен алған теориялық білімдерін тереңдетіп, іс-тәжірибе жүзінде бекіту, қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту;

3. Болашақ маманның зияткерлік және мәдени жағынан жетiлудегi, пәнді оқытудағы әдістемелер мен технологияларды меңгерудегі қажеттерiн қанағаттандыру;

4. Әдістеме саласындағы тың өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарынүйрету;

5. Пәнді оқыту әдістемесінің методологиялық-теориялық негіздерін меңгерту;

6. Оқу-әдістемелік кешендерді оқып-талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді құрастыра алу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

7. Пәнді оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп-тану қабілеттерін дамыту;

8. Педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістемелерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімді-тиімсіздігін анықтай білуге дағдыландыру, өз бетімен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу мен оларды талдай білу дағдыларын жетілдіру.

9. Қазақ тілін оқытып, үйретуде қолданылатын инновациялық-ақпараттық технологияларды меңгерту.

Пререквизиттер

Аталған пәнді меңгеру үшін пререквизиттерұсынылмайды

Постреквизиттер

Аталған пәнді меңгеру барысында игерілген білім мен дағдылар келесі пәндерді меңгеруге қажет болып табылады «Қазіргі тіл біліміндегі әдістемелік мәселелер».

 

Оқу жоспарынан көшірме

Курс Семестр Кредит саны
     
Сабақ түрі Жалпы сағат саны
Дәріс  
Тәжірибелік сабақ -
Семинар сабақ  
Лабораториялық сабақ -
Студиялық сабақ -
БӨЖ  
Барлығы  

МОДУЛЬДЕР БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

(академиялық сағатта)

№ апта Модульдің және бағдарламалық материалдардың атауы Сағат саны
Модуль 1. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  Дәрістер  
  1.1 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында пәнді оқыту әдістемесін оқытудың маңызы мен мәні Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Пәнді оқыту әдістемесі ғылымының әдіснамалық ғылыми-теориялық және қолданбалық сипаттағы негізгі арналары мен зерттеу көздері, зерттеу әдістерінің өзіне тән ерекшеліктері, ғылыми теориялық мәселелер мен практиканың бірлігі, бір тұтастық болмыс. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, дискуссия  
  1.2 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында филологиялық білім берудің міндеттері Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Кәсіби құзыреттілік деңгейі жоғары, болашақ маманның зияткерлік және мәдени жағынан жетiлуi, пәнді оқытудағы әдістемелер мен технологияларды меңгерудегі қажеттерiн қанағаттандыру, инновациялық-ақпараттық технологияларды меңгерту. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, пікірталас  
  1.3 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында пәнді оқытудың дидактикалық-әдіснамалық негіздері Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Әдістеме және педагогика ғылымдары. Дидактика және әдістеме: ортақ мәселелер мен арнайы заңдылықтар. Әдістеме — интеграциялық ғылым. Философия және әдістеме. Педагогика және әдістеме. Тәрбие - білім - қасиет. Ұлттық қасиет, ұлттық тәрбие, ұлттық дәстүр. Психология және әдістеме. Мәдениеттану және әдістеме. Мәдениет — Білім — Тұлға. Ұлттық үрдіс, ұлттық мәдениет, ұлттық менталитет. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дөңгелек үстел  
  1.4 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында пәнді оқытудың қатысымдық-танымдық бағдары. Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Қатысымдық бағдардың оқу үдерісінің алдына қойған мақсаттарын айқындауға септігін тигізуі, коммуникативтікке бағытталған ұстанымдар жүйесі, ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас түрлері, тәсілдері, қатысымдық әдістер жүйесі. Танымдық бағдарға негізделген оқыту жүйесі, тілдік тұлғаның әлемнің тұтас бейнесін қабылдау мүмкіндігін арттыру, қазақ тілі мен әдебиетті танымдық тұрғыдан оқытудың мақсаты мен міндеттері, тіл білімі мен әдебиеттанудағы танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгерту. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, дискуссия  
  1.5 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында пәнді оқытудың психологиялық негіздері Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Тіл - адамның дүниетанымын танытатын ақпараттық-танымдық күрделі құрылым. Ол студенттің ойлауы, санасы, пайымдауымен тығыз байланысты. Ақпарат алдымен студенттің миында сақталады, жинақталады, өңделеді. Санада бейнеленген ақпарат студент жадында сақталады да, оны ол қажет кезінде алып қолданады. Адамзат санасының қызметі қоршаған әлемнің жалпы заңдылықтары, өзара байланыстары туралы мәліметтерді, білім негіздерін жүйелеуге мүмкіндік беретіндіктен, кез-келген адам оның көмегімен алдына мақсат қоя білуге, жоспарлы әрекет етуге, табиғи және әлеуметтік орталарда өзін-өзі ұстауға дағдыланады. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, сұрақ- жауап;әңгімелесу  
  1.6 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында пәнді құндылық бағдарлы оқыту Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, оқытудың аксиолингвистикалық ұстанымы, қазақстандық тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, пікірталас  
  1.7 Сабақ тақырыбы.Жаңа білім парадигмасында инноватор оқытушыға қойылатын талаптар Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.Оқытушының атқаратын қоғамдық қызметі, қоғам міндеттеп отырған талаптар, белсенді оқу әрекетін қалыптастыру, қатысымдық уәждемені, танымдық қажеттіліктерді, қызығушылықты арттыру. Оқытушының білім, білік, дағды қалыптастыруы. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, дискуссия  
  Тәжірибелік (семинар) сабақтар  
1-2 1.1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің бүгінгі жай-күйі Жоғары мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалімін даярлау ісінің күрделі құрылымдық тұтастығын құрайтын салалары: қазақ тілі пәні бойынша жеткілікті теориялық білім; қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориясы; қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесін іс жүзінде пайдалана білу дағдысы; қазақ тілін оқыту құзіреттілігі. Қазақ тілін оқытудың әлеуметтік мәні. Үштұғырлы тіл мәселесі. Тілдік жаһандану құбылысы.  
3-4 1.2 Пәнді оқытудың әдіснамалық негіздері Жоғары оқу орындарында пәнді оқытудың дидактикалық, педагогикалық, психологиялық негіздері. Пәнді оқытудың аксиологиялық, акмеологиялық, антропологиялық мәселелері.  
5-6 1.3 Ғылыми-әдістемелік еңбектер Пәндерді оқыту әдістемесіне қатысты ғылыми-әдістемелік еңбектермен жұмыс. Іріктеу, саралау, талдау, негізгісін ала білу. Ғылыми-әдістемелік мақалалармен жұмыс жасау дағдысын игеру  
  1.4 Пәннің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі Оқытушыға ақпараттық-әдістемелік көмек ұйымдастыру жолдары. Әдістемелік сайттар, сапасы, ақпараттық қамтамасыз етілуі.  
  БӨЖ  
1-2 1.1 Тақырып: «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің бүгінгі жай-күйі». Тапсырма: Мәселеге SWOT талдау жасау. Тапсыру мерзімі: 1-2 апта  
3-4 1.2 Тақырып: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу еңбектер». Тапсырма: Зерттеу еңбектерге жазбаша талдау жасап, ауызша қорғау. Зерттеу еңбектердің электронды нұсқасын дайындау. Тапсыру мерзімі: 3-4 апта  
5-6 1.3 Тақырып: «ЖОО-нда қазақ тіл білімінің салаларын оқыту әдістемесі бойынша жазылған зерттеу еңбектер». Тапсырма: Зерттеу еңбектерге жазбаша талдау жасап, ауызша қорғау. Зерттеу еңбектердің электронды нұсқасын дайындау. Тапсыру мерзімі: 5-6 апта  
  1.4 Тақырып: «Әдіскерге ақпараттық-әдістемелік көмек». Тапсырма: Әдістемелік сайттарға шолу жасау. Тапсыру мерзімі: 7 апта  
  Модуль 1 бойынша барлығы  
Модуль 2. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ПӘНДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
  Дәрістер  
  2.1 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында пәнді оқыту әдістемесін оқытуда қолданылатын оқу-әдістемелік кешендер Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің құрамы, СӨЖ, ОСӨЖ, пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуы, оқулық жазу ісі, авторлары. Оқу хрестоматиясы, оның түзілісі. Арнаулы курс, өзіндік сипаты, бағдарламасы, оқулықтары, пәндердің оқу-әдістемелік кешендеріне талдау жасау. Мемлекеттік стандарт, типтік бағдарлама, жұмыстық жоспар. Жұмыстық жоспардың мазмұны, бөлімдері, талаптары, жасалу әдістері. Жұмыстық жоспарда дәрістік, семинарлық сабақтардың тақырыбы мен мазмұнының берілуі. Сағат санының көрсетілуі апта санының берілуі. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінің берілу талаптары. Бағалау шкаласы, тапсырмаларды тексеру мерзімінің көрсетілуі. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, пікірталас  
  2.2 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында жүргізілетін мамандық пәндері бойынша оқу құралдары Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.Мамандық пәндерінің оқу құралдармен қамтамасыз етілуі. Оқу-әдістемелік құралдар, жаттығулар жинақтары. Жоғары оқу орындарында бiлiм беру мемлекеттiк стандарттары негiзiнде әзiрленген және Бiлiм беру министрлiгi бекiткен немесе белгiленген тәртiппен келiсiлген үлгi оқу жоспарларына сәйкес оқу құралдары. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, дискуссия  
  2.3 Сабақ тақырыбы.I-IVкурстардағы пәндер жүйесі Дәріс сабағының қысқаша мазмұны.Мамандық бойынша жүргізілетін пәндер жүйесі, базалық пәндер, кәсіптік пәндер, таңдау бойынша пәндер жүйесі, қазақ тілінің негізгі салалары. Жоғары оқу орындарында бiлiм беру мемлекеттiк стандарттары негiзiнде әзiрленген және Бiлiм беру министрлiгi бекiткен немесе белгiленген тәртiппен келiсiлген үлгi оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылуы. Бiлiм мазмұнын нақтыландыру жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерi бекiтетiн жұмыс оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен белгiленуi. Жоғары оқу орындарында жүргізілетін мамандық пәндері Мамандық бойынша жүргізілетін пәндер жүйесі, базалық пәндер, кәсіптік пәндер, таңдау бойынша пәндер жүйесі, қазақ тілінің негізгі салалары. Бiлiм мазмұнын нақтыландыру жоғары оқу орындарының ғылыми кеңестерi бекiтетiн жұмыс оқу жоспарларымен және бағдарламаларымен белгiленуi. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дөңгелек үстел  
  2.4 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында мамандық пәндері бойынша жүргізілетін сабақтар Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Жоғары оқу орындарында жүргізілетін мамандық пәндері бойынша жүргізілетін сабақтардың түрлері мен типтері, лекция, семинар, зертханалық сабақтар, лекцияның құрылымы және оның сапалылығын бағалау, семинар және лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру формалары, зертханалық жұмыстарды жүргізу тәсілдері. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, сұрақ-жауап;әңгімелесу  
  2.5 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында пәнді оқытудың әдістер жүйесі Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Білім беру әдістері, оқушылардың білім мен білігін, практикалық дағдысын қалыптастыру, оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті, тиімді тәсілдер жүйесі. Әдіс – ілім, зерттеу жолы, көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, дискуссия  
  2.6 Сабақ тақырыбы.Жоғары оқу орындарында пәнді оқытуда қолданылатын инновациялық-педагогикалық технологиялар Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Қазіргі қоғамдық әлеуметтік сұраным және әдістеме ғылымындағы негізгі тендеңциялар. Әдістеме ғылымы дамуының негізгі факторлары. Педагогикалық неология, педагогикалық аксиология, педагогикалық ираксиология. Оқушының өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттырудағы оқу технологияларының рөлі. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, пікірталас  
  2.7 Сабақ тақырыбы.Педагогтік практика Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Пассивті және активті практикалар. Практикаға дайындық кезеңі. Іс тәжірибені өткізу. Практикаға жетекшілік. Педагогтік практиканың мақсат-міндеті. Ұйымдастырылу жолдары. Жалпы білім беретін орта мектеп түзілісі, ондағы тіл және әдебиет пәндері, бағдарламаларының құрылысы, оқу құралдары. Студент жургізетін сабақтар, қоғамдық-тәрбие істері, оларға профессор-оқытушылардың, әдіскер-ұстаздардың басшылығы. Студент жұмысын бағалау, қорытындылау. Оқытудың әдістемесі мен формасы:дөңгелек үстел  
  2.8 Сабақ тақырыбы.Студенттің ғылыми-ізденушілік құзыреттілігі Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Қазақ тілінің салаларына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау, өзектілігін, болжамын анықтау. Жоспарын құру, библиографиямен жұмыс. Курстық, бітіру жұмыстарды жазу. Қорғауға ұсынылатын тұжырымдарды айқындау. Оқытудың әдістемесі мен формасы: дәріс, дискуссия  
  Тәжірибелік (семинар) сабақтар  
  2.1 ЖОО оқытушысының кәсіби құзыреттілігі Педагогика ғылымындағы құзырет, бір салаға қатысты хабардарлық, беделділік, дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу, адамның жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыруы, табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығы, әлеуметтік сұраныс, іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті, тұлғалық қасиет.  
  2.2 Қазақ тілінің салаларын оқытуға арналған пәндердің оқу-әдістемелік кешені. ОӘК мазмұны, бөлімдері, талаптары, жасалу әдістері, сабақтардың тақырыбы мен мазмұны, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, бағалау шкаласы, БӨЖ тапсырмалары  
  2.3 I-IVкурстардағы пәндер жүйесі, бағдарламасы мен оқу құралдары Пәннің үлгi оқу жоспарлары мен бағдарламалары. Пәннің жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары  
  2.4 ЖОО-нда оқылатын дәріс сабағы Лекцияның негізгі дидактикалық мақсаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Лекцияға қойылатын талаптар: Лекция мен лекция оқудың адамгершіліктік, ізгіліктілік (гуманистік) жағы; Ғылымилығы мен ақпараттылығы; (қазіргі кездегі ғылыми деңгейі) Дәлдігі мен дәлелділігі. Әдебиеттер тізімінің нақтылығы, қолжетімділігі, толықтығы, жаңартылып отыруы.  
  2.5 Қазақ тілінің семинар сабақтары Дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерді (аудио, видео, интерактивті мультимедиалық кұралдар т.с.с.) пайдалану. Семинар сабағының құрылымы және оның сапалылығын бағалау.  
  2.6 Қазақ тілін дәстүрлі және жаңаша-жаңғырта оқыту Жоғары оқу орындарында пәнді оқытудың әдістер жүйесі. Жоғары оқу орындарында пәнді оқытуда қолданылатын инновациялық-педагогикалық технологиялар.  
14-15 2.7 Лабораториялық сабақтар. БӨЖ, БОӨЖ. Ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдері.  
  БӨЖ  
  2.1 Тақырып: «Қазақ тілінің инноватор оқытушысы». Тапсырма: Инноватор оқытушының моделін жасау. Тапсыру мерзімі: 8 апта  
  2.2 Тақырып: «Оқу-әдістемелік кешен». Тапсырма: Пәннің оқу-әдістемелік кешеніне талдау жасау. Тапсыру мерзімі: 9 апта  
  2.3 Тақырып: «Мамандық бойынша жүргізілетін таңдау пәндері». Тапсырма: Таңдау пәндерінің каталогына талдау жүргізіп, ұсыныс енгізу. Тапсыру мерзімі: 10 апта  
  2.4 Тақырып: «ЖОО-нда оқылатын дәріс сабағына қойылатын талаптар». Тапсырма: Бір пән бойынша дәріс дайындап, қорғап шығу. Тапсыру мерзімі: 11 апта  
  2.5 Тақырып: «ЖОО-нда оқылатын семинар сабағына қойылатын талаптар». Тапсырма: Бір пән бойынша семинар сабағының жоспарын дайындап, қорғап шығу. Тапсыру мерзімі: 12 апта  
  2.6 Тақырып: «Қазақ тілін оқытудың дәстүрлі әдістемесі мен инновациялық технологиялары». Тапсырма: Тақырып бойынша дебат өткізу. Тапсыру мерзімі: 13 апта  
14-15 2.7 Тақырып: «Қазақ тілі сабағында мәтінді меңгертуге арналған тапсырмалар жүйесі». Тапсырма: Мәтінді меңгертуге арналған тапсырмалар жүйесін құрастыру. Тапсыру мерзімі: 14-15 апта  
  Модуль 2 бойынша барлығы  
  БАРЛЫҒЫ  




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 500 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

3810 - | 3583 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.