Кезең – тестілеу
Кезең – тәжірибелік дағдылар
Тәжірибелік дағдыларды бағалау шарттары:
1. Репликация, транскрипция, трансляция, репарация, гендер экспрессиясының реттелуінің және т.б.сызбасын дұрыс сызып түсіндіру.
2. Аллельді және аллельді емес гендердің хромосомада дұрыс орналасуының сызбасын сызып түсіндіру. Тәуелсіз және тіркес тұқым қуалаудың механизмдерін, мутация типтерін және олардың пайда болу механизмдерін көрсету.
3. Аутосомды және гоносомды хромосомалық синдромдардың кариотиптерін жазу және негізгі клиникалық белгілерін көрсету.
4. Шежіре құру және тұқым қуалау типтерін, генотиптерін және ауру балалардың туылу қаупін анықтау.
Коммуникативтік дағды құзыреттілігін бағалау шарттары:
1. Ойын дұрыс құрастыру және өз көзқарасын дәлелдеу.
2. Өз іс-әрекетін және эмоциялық жағдайын талдай алу қабілеттілігі.
3. Көкейкесті сұрақтарды ашық түрде талдауға қабілеттілігі.
Аралық бақылау
Баға | Білім –тест жүргізу Макс. 100 б. | Тәжірибелік дағды Макс. 100 б. | Коммуникативті дағды және үш тілділікті бағалау Макс. 100 б. |
90-100 б. | 10 дұрыс жауап | 1. Студент сызбаны дұрыс сызады,билеттің екі сұрағында түсіндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді дұрыс шығарады. 3.Барлық сұраққа терең жауап береді. 4. Дұрыс қорытынды жасайды, түсіндіреді. | - студентеш қиындықсыз оқытушылармен, студенттермен еркін әңгімелесіп, ауқымды ой-өрісін айғақтайтын нақты сұрақтарға жауап береді және сұрақтың мәнін түсінеді; ағылшын тілінде пікір таластырып, өз ойын дәлелдей алады (В2 және Upper Intermediate: - лексикалыө сөз қоры ортадан жоғары, яғни, сирек айтылатын арнайы терминдерді біледі, ауыз екі тілдегі сөз тіркестерін еркін айтады, грамматикалық құрылымдары дұрыс, тыңдағанын түсінеді, жазбаша елеусіз ғана қана болады, бірақ кейбір терминдерді қоспағанда бәрін түсінеді) және екінші тілде С1 деңгейінде (Advanced: жалпы лексикалық сөз қоры және арнайы сөз қоры жоғары академиялық деңгейде; грамматиканы тамаша меңгерген, сөйлеуі өте жақсы, интонацияны сақтайды және т.б., тақтада қатесіз жазады, мәтіндегі тапсырмалар бірден бейімделіп, түсінгенін іркілместен айтып береді) - студент байсалды, ақжарқын, оқытушылармен және студенттермен тілдеседі, сұрақтың мәнін түсінеді және сұраққа нақты жауап береді, ағылшын тілінде және екінші тілде В2 деңгейінде айтылуда және грамматика бойынша елеусіз қателіктермен пікірталасқа емін-еркін араласып, өз ойын айта алады. |
80-89 б. | 9 дұрыс жауап | 1.Студент сызбаны дұрыс сызады,билеттің екі сұрағында түсіндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді дұрыс шығарады. 3.Барлық сұраққа жеткілікті жауап береді, бірақ аздаған қателіктермен. 4. Дұрыс қорытынды жасайды, түсіндіреді. | -студент байсалды, ақжарқын, оқытушылармен және студенттермен тілдеседі, сұрақтың мәнін түсінеді және сұраққа нақты жауап береді, ағылшын тілінде және екінші тілде В1 деңгейінде пікірталасқа араласып, өз ойын айта алады (Intermediate – лексикалық қоры кәсіби негізде сөйлем құрастыруға жеткілікті, ал жалпы сөздерді айту барысында сөздердің жетіспеушілігі байқалады, грамматикалық құрылымдары дұрыс, бірақ грамматикалық құрылымдардың барлығын қолданбайды, сөйлегені дұрыс, терминдерді жазу барысында елеусіз қателіктер жібереді, мәтінді баяу оқиды, бірақ бәрін түсінеді) - студент байсалды, ақжарқын, оқытушылармен және студенттермен тілдеседі, сұрақтың мәнін түсінеді және сұраққа нақты жауап береді, ағылшын тілінде және екінші тілде В1 деңгейінде пікірталасқа араласып, айтылуда біраз қателіктер жібереді. |
70-79 б. | 8 дұрыс жауап | 1. Студент сызбаны дұрыс сызады,билеттің екі сұрағында 70-79 %.түсіндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді толық шешпейді. 3. Барлық сұраққа жеткіліксіз жауап береді. | - студент оқытушылармен және студенттермен бірден тілдеспейді, бірақтың сұрақтың мәнін жақсы түсінеді және сұраққа жауап береді, ағылшын тілінде және екінші тілде А2 деңгейінде пікірталасқа араласып, өз ойын айта алады (Pre – intermediate: - жалпы сөздерді айтуға қажетті лексикалық қоры бар, бірақ кәсіби коммуникация жүргізе алмайды, тыңдалымда сұрақ қоймайды, жазбаша түрде көрсетпейді, кәсіби терминдерді жазуда қателіктер жібереді, мәтіннің кейбір бөліктерін айту барысында қиналады) - студент оқытушылармен және студенттермен бірден тілдеспейді, сұрақтың жалпы мәнін жақсы түсінеді және сұраққа толық жауап бермейді, ағылшын тілін Elementary деңгейінде меңгерген (лексикалық қоры кәсіби терминдерді пайдалануда және жалпы сөздерді пайдалануда да шектеулі, лексикалық қателіктер жібереді, сөз арасына ана тілінің сөздерін қосады, қарапайым (1-3) грамматикалық құрылымдарды пайдаланады, тыңдалымды нашар түсінеді, қысқа сұрақтарды қайта сұрайды, жазбаша жаза алмайды, барлық терминдерді қатемен жазады, кәсіби мәтінді түсінбейді (A1қаз/орыс) |
60-69 б. | 7 дұрыс жауап | 1. Студент сызбаны толық сызабайды,билеттің екі сұрағын да түсндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді толық шешпейді. 3. Барлық сұраққа жеткіліксіз жауап береді. 4.Оқытушының бағыттық сұрақтарынан кейін дұрыс қорытынды жасайды, түсіндіреді. | - студент сұрақтарға сенімсіз жауап береді, ойы шашыраңқы, оқытушылармен және студенттермен бірден тілдеспейді, сұрақтың жалпы мәнін түсінеді және сұраққа толық жауап бермейді, ағылшын тілін Elementary деңгейінде меңгерген, (A1қаз/орыс) - студент сұрақтарға сенімсіз жауап береді, ойы шашыраңқы, оқытушылармен және студенттермен тілдесуде қиналады, сұрақтардың 50 пайызына жауап береді; ағылшын тілін Elementary деңгейінде меңгерген, бірақ сөйлеуде қателіктері бар (A1қаз/орыс) |
50-59 б. | 6 дұрыс жауап | 1. Студент сызбаны толық сызабайды,билеттің екі сұрағында 50-59 %.түсндіреді және сипаттайды. 2. Есептерді толық шешпейді. 3. Барлық сұраққа жеткіліксіз жауап береді. 4. Дұрыс қорытынды жасалынбады, оқытушының бағыттық сұрақтарынан кейін қорытындыны түсіндіреді. | - студент сұрақтарға сенімсіз жауап береді, ойы шашыраңқы, оқытушылармен және студенттермен тілдеспейді, сұрақтардың 25 пайызына жауап береді; ағылшын тілін Beginner деңгейінде меңгерген, сөйлесуге араласпайды, таңдалымды түсінбейді, лексикалық қоры төмен, сөйлеуде өрескіл грамматикалық және лексикалық қателіктер жібереді (A1-ден төмен, қаз/орыс). - студент сенімсіз жауап береді, ойы шашыраңқы, тілдесуге араласпайды, сұрақтардың 25 пайызына жауап береді, ұсынылған тілдің бірінде жұмыс істеуден бас тартады, екінші тілде қиыншылықпен сөйлейді, жекелеген сөздерді іркіліспен айтады |
40-49 б. | 5 дұрыс жауап | 1. Студент сызбаны сызады,билеттің екі сұрағын да түсндірмеді және сипаттамады. 2. Есепті қателіктермен шығарады. 3. Бір сұраққа ғана жауап береді. | -студент сабақтың негізгі кезеңінде белсенді емес, оны сабақ барысында жұмысқа тарту сәтсіздікпен аяқталды, ағылшын тілін әжне екінші тілді білмейтіндігін көрсетеді. - студент тіпті ана тілінде әңгімеге араласып, коммуникация жүргізуден бас тартады |
30-39 б. | 4 дұрыс жауап | 1. Студент сызбаны қателіктермен сызады,билеттің екі сұрағында түсіндірмеді және сипаттамады. 2. Есепті қателіктермен шығарады. 3. Барлық сұрақтарға да жауап жоқ. | Студент тіпті ана тілінде әңгімеге араласып, коммуникация жүргізуден бас тартады. |
20-29 б. | 3 дұрыс жауап | 1. Студент сызбаны сызбады,билеттің екі сұрағында түсіндірмеді және сипаттамады. 2. Есепті қателіктермен шығарады. 3.Барлық сұрақтарға да жауап жоқ. | Студент тіпті ана тілінде әңгімеге араласып, коммуникация жүргізуден бас тартады. |
10-19 б. | 2 дұрыс жауап | 1. Студент сызбаны сызбады,билеттің екі сұрағында түсіндірмеді және сипаттамады. 2. Есептер шығарылмады. 3.Барлық сұрақтарға да жауап жоқ. | Студент тіпті ана тілінде әңгімеге араласып, коммуникация жүргізуден бас тартады. |
9-0 б. | 0-1 дұрыс жауап | Студент жауап беруден бас тартты. Альбомы жоқ | Студент тіпті ана тілінде әңгімеге араласып, коммуникация жүргізуден бас тартады. |
Бж | Аралық бақылауда болмады. | Аралық бақылауда болмады. | Аралық бақылауда болмады. |
3. СӨЖ – барлығы 100 балл, бұл 100% -ке сәйкес келеді.
СӨЖ әрбір түрінің бағалау шарттары СӨЖ-дің әдістемелік нұсқауларында беріледі.
3.1. Реферат
Баға | Реферат мазмұның тақырыбына және қойылған міндеттерге сәйкестігі | Тақырыпты ашу және логикалық толықтығы | Материалды қорыту, қорытынды жасау | Ақпарат көздерімен жұмыс жасау қабілеті | Реферат бойынша сұрақтарға жауап беру қабілеті | Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі |
90-100 б. | Реферат мазмұны толығымен тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкес келеді | Тақырып мазмұны толығымен ашылған, материал сауатты жазылған, бағдарламада қарастырылған арнаулы терминология мен символдардың логикалық жүйелігін сақтай отырып теориялық ережелерді дәлелдейтін сапалы иллюстрациялар (кесте, сұлба, сызба) бар | Материалға шолу жасалынған, нақты анық және қорытынды бар | Заманауи ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде пайдаланылған, библиографиялық сілтемелер сауатты берілген | Студент тақырып материалдарын еркін игерген, қойылған сұрақтардың барлығына негізді әрі дұрыс жауап береді | Рефератты рәсімдеу толығымен кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді |
80-89 б. | Реферат мазмұны толығымен тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкес келеді | Тақырып мазмұны толығымен ашылған, материал бағдарламада қарастырылған көлемді қамтиды, логикалық жүйелігінде аздаған кемшіліктер бар, теориялық ережелерді дәлелдейтін сапалы иллюстрациялар (кесте, сұлба, сызба) бар | Материалға шолу жасалынған, дұрыс қорытынды бар | Заманауи ақпарат көздері пайдаланылған, библиографиялық сілтемелер сауатты берілген | Студент тақырып материалдарын жақсы игерген, қойылған сұрақтарға әрі дұрыс жауап береді | Рефератты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді |
70-79 б. | Реферат мазмұны толығымен тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкес келеді | Тақырып мазмұны толығымен ашылған, материал бағдарламада қарастырылған көлемді қамтиды, логикалық жүйелігінде аздаған кемшіліктер бар сақталынған, теориялық ережелерді дәлелдейтін сапалы иллюстрациялар (кесте, сызба) бар | Материалға шолу жасалынған, қорытынды нақты емес жасалынған | Заманауи ақпарат көздері берілген | Студент тақырып материалдарын игерген, қойылған сұрақтарға әрі дұрыс жауап береді | Рефератты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді |
60-69 б. | Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкестілігі толық емес | Тақырып мазмұны толығымен ашылмаған, иллюстрациялар кестелер, сызбалар ақпараттылығы аз | Материалға шолу жасалынған, қорытынды нақты емес қателіктермен жасалынған | Ақпарат көздері аз пайдаланылған, көбі ескірген | Студент тақырып материалдарын нашар игерген, жеңіл сұрақтарға жауап береді | Рефератты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға сәйкес келемейді |
50-59 б. | Реферат мазмұны тақырыпқа және қойылған міндетке сәйкестілігі толық емес | Тақырып мазмұны толығымен ашылмаған, иллюстрациялар кестелер, сызбалар ақпараттылығы аз, сапасы төмен | Материалға шолу жасалынбаған, қорытынды жоқ | Ақпарат көздері берілмеген | Студент тақырып материалдарын нашар игерген, тек оңай сұрақтарға жауап береді | Рефератты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға сәйкес келемейді |
0 б. | Реферат жоқ |
2. Презентация
Баға | Тақырыпты ашудың толықтығы мен логикалығы | Ақпарат көзімен жұмыс жасау қабілеті | Материалды қорыту, қорытынды жасау қабілеті | Презентацияны ұсыну және сұраққа жауап беру қабілеті | Рәсімдеу талаптарына сәйкестігі |
90-100 б. | Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылды, слайдтар арнаулы терминология мен символдарды орынды қолданып логикалық тізбек бойынша құрастырылған. Слайд мәтіні мәнді, идеялар нақты түсіндірілген, құрылымдық формада қысқа түсіндірілген | Заманауи ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған, библиографиялық сілтемелер сауатты берілген | Материал қорытылған, нақты әрі түсінікті қорытынды жасалынған | Студент презентация материалдарын еркін игерген, ғылыми терминдерді пайдалана отырып анық, нақты ретімен баяндайды. Қойылған сұрақтардың барлығынада өз ұстанымын ұстайды,сынды дұрыс қабылдайды | Слайдты рәсімдеу толығымен кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді.Титульдік слайд атуы,презентация жоспарымен пайдаланған әдебиеттер тізімі және интернет көздері көрсетілген барлық слайдтар көркемделген, мәтіні шағын, сауатты әзірленген. Слайд мәтіні аудиторияның кез келген бұрышынан анық көрінеді |
80-89 б. | Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылды, слайдтар арнаулы терминология мен символдарды орынды қолданып логикалық тізбек бойынша құрастырылған. Слайд мәтіні мазмұнды, идеялар нақты түсіндірілген, құрылымдық формада қысқа түсіндірілген | Заманауи ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған, библиографиялық сілтемелер сауатты берілген | Материал қорытылған, нақты әрі түсінікті қорытынды жасалынған | Студент презентация материалдарын еркін игерген, еркін баяндай алады, сұрақтарға дұрыс жауап береді | Слайдты рәсімдеу кафедра қойған талаптарға толығымен сәйкес келеді |
70-79 б. | Презентация мазмұны тақырып пен қойылған міндеттерге сай. Тақырып толығымен ашылмады, слайдтардың логикалық реті сақталынбаған | Заманауи негізгі ақпараттық көздері қолданылған | Материал қорытындысы толық емес қателіктермен жасалынған | Студент презентация материалдарын игерген, баяндай алады, берілген сұрақтардың көбіне дұрыс жауап береді | Слайдты рәсімдеу барысында аздаған қателіктері бар |
60-69 б. | Тақырып толығымен ашылмады, слайдтардың логикалық реті сақталынбаған, слайдтар мәтінмен толтырылған | Ақпарат көздері аз пайдаланылған, көбі ескірген | Материал қорытындыланбаған, қорытындыда қателіктер бар | Студент презентация материалдарын игермеген, баяндау барысында презентация мәтінін оқып береді, берілген сұрақтардың көбіне жауап бере алмайды | Слайдтар көркемділігі әртүрлі стилде қателіктермен жасалынған |
50-59 б. | Тақырып ашылмады | Ақпарат көздері ретінде тек интернет ресурстары ғана пайдаланылған | Материал қорытындыланбаған, қорытынды жоқ | Студент презентация материалдарын нашар игерген, берілген сұрақтарға қиналып жауап береді | Слайдтар көркемділігі қойылған талаптарға сай емес |
0 б. | Презентация жоқ |
3. Глоссарий
Баға | Берілген тақырып бойынша әдебиет көздермен танысу және ақпаратты өңдеу. | Глоссарий құрастыру | Глоссарийді рәсімдеу |
90-100 б. | Тапсырылған тақырыпқа ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша оқулықтарды (негізгі және қосымша) оқыған және өңдеген. Өзге де заманауи ақпарат көздері пайдаланылған, оның ішінде отандық және шетелдік ақпарат көздері де бар. Глоссарий соңында ақпарат көздерінің тізімі дұрыс рәсімделген | Таңдалынған және студент өз бетімен таңдаған барлық терминдер тақырыпқа толығымен сәйкес келеді, мазмұнды түгел қамтыған | Глоссарийді рәсімдеу талаптарға толығымен сәйкес: 50 астам терминдер дұрыс таңдалынған (тақырыпқа сай); қысқа, нақты, түсінікті, қосымша түсініктемелерсіз, анықтама 2-3 сөйлемнен тұрады; терминдер сауатты, нақты мағынасы заманауи түсінікке сәйкес жасалынған; қабылдау мен түсінуді жақсарту қажет болғанда кейбір терминдер иллюстрация түрінде беру |
80 - 89 б. | Тапсырылған тақырыпқа ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша оқулықтарды (негізгі және қосымша) оқыған және өңдеген. Глоссарий соңында ақпарат көздерінің тізімі дұрыс рәсімделген. | Таңдалынған және студент өз бетімен таңдаған барлық терминдер тақырыпқа толығымен сәйкес келеді, мазмұнды түгел қамтыған | Глоссарийді рәсімдеу талаптарға сәйкес келеді, аздаған қателіктермен нақты емес, кейбір терминдер түсініктемесінің көлемі көп және артық түсіндірме сөздер кездеседі |
70 – 79 б. | Тапсырылған тақырыпқа ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша оқулықтарды (негізгі және қосымша) оқыған және өңдеген. Глоссарий соңында ақпарат көздерінің тізімі рәсімделген. | Таңдалынған барлық терминдер тақырыпқа толығымен сәйкес келемейді, мазмұнды түгел қамтымаған | Көптеген терминдер заманауи түсініктемелерге сай емес,грамматикалық қателіктермен жасалынған |
60-69 б. | Тапсырылған тақырыпқа ұсынылған әдебиеттер тізімі бойынша оқулықтарды (негізгі және қосымша) оқыған және өңдеген. | Таңдалынған терминдер тақырып мазмұнын түгел қамтымаған | Глоссариды рәсімдеу барысында қателіктер көп |
50-59 б. | Ақпарат көздерінің тізімі жоқ | Таңдалынған терминдер тақырып мазмұнын 50 % қамтыған | Глоссариды рәсімдеу барысына қойылған талаптарға сай емес |
0 б. | Глоссарий жоқ |
Баға жіктелуінің шкаласы
Әріп жүйесі бойынша бағалау: | Баллдардың сандық эквиваленті | Пайыздық құрамы % | Дәстүрлі жүйемен бағалау |
А | 4,0 | 95-100 | ҮЗДІК |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | ЖАҚСЫ |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | ОРТАША |
С | 2,0 | 65-69 | |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0-49 | ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚСЫЗ |
Кеңестер және емтихандар уақыты:
Кеңесті оқытушылар кестеге сай СОЖӨЖ уақытында өткізіледі.
Емтихандар кестеге сай циклды өткеннен кейін жүргізіледі.
ДӘРІСТІК КЕШЕН
Дәріс