Лекция 6
ЭС – да бу қазандықтары турбиналарды айналдыратын бу (жұмыс денесі) жасауға және электрэнергиясын алуға қолданылады.
Бу қазандықтары екі типке бөлінеді – барабанды және тіке ағатын (прямоточные). Біздің елде негізінде ЖЭС – де барабанды типті қазандықтар қолданылады.
Тіке ағатын қазандықтар
Барабандылардан барабанның жоқтығымен айырмашылығы бар, будың пайда болу процесі судың циркуляциясынсыз жүреді. Бусулы қоспа экран құбырларынан бірден бу қыздырғышына ақырында буға айналып, асқын қызып, өтеді.
Бұл қазандықтар энергетикада күрделі автоматикасы болғасын және турбинаға судың кіру қаупіне байланысты кеңінен қолданылып жүрген жоқ.
ЖЭС бу қазандығының сұлбасы
1 - ошақ камерасы (ошақ);
2 - жатық газ жолы;
3- конвективтік шахта;
4 - ошақ экрандары;
5 - төбе экрандары;
6 – жіберу құбырлары;
7 - барабан;
8 – радиациялық - конвективтік бу қыздырғышы;
9 - конвективтік бу қыздырғышы;
10 - су экономайзері; 14 - шлак комоды;
11 – ауа қыздырғышы; 15 – суық коронка;
12 – үрлеуші желдеткіш; 16 - жанарғылар.
13 – экрандардың төменгі коллекторлары;
Сұлбада кұл ұстағыш пен түтін сорғыш көрсетілмеген.
Турбина (фр. turbine, лат. turbo құйын, айналу)— жұмыс органы (ротор) айналатын қозғалтқыш, келтірілетін жұмыс денесі – бу, газ, су көмегімен кинетикалық энергияны механикалық жұмысқа түрлендіреді. Жұмыс денесінің ағыны ротор шеңберінде бекітілген қалақшаларға әсер жасайды да оны жылжытады.
Генераторды айналдыруға және жылу және атом электрстанцияларында электр тогын алу үшін, теңіз, жер және ауа көліктерінде қозғалтқыш ретінде, гидродинамикалық берілістің құранды бөлігі ретінде қолданылады.
Газ турбинасы
Радиалды өстік гидротурбинаның
жұмыс дөңгелегі
Білігі жатық орналасқан шөмішті гидротурбина
Электр генераторы — бұл механикалық энергия электрлікке түрленетін құрылғы.
1832 жылы Майкл Фарадей электрмагниттік генераторлардың жұмыс қағидасын ашты. Ол «Фарадей дискі» деп аталатын бірінші электрмагниттік генераторды құрастырды. Ол аз ғана тұрақты кернеу мен токты өндірді.
Синхронды машина — бұл роторының айналу жиілігі ауа саңлауындағы магнит өрісінің айналу жиілігіне тең айнымалы токтың электр машинасы.
Кез – келген генератордың әсер қағидасы электрмагниттік индукция құбылысында негізделген. Егер біртекті В магнит өрісінде бірқалыпты жақтау айналып тұрса, онда жиілігі жақтаудың айналу жиілігіне тең айнымалы ЭҚК пайда болады. Біз жақтауды магнит өрісінде немесе магнит өрісін жақтаудың айналасында немесе жақтау ішінде магнит өрісін айналдырсақ та нәтиже бір болады - гармоникалық заңмен өзгеретін ЭҚК.
Синхронды генераторларды айнымалы ток көздері ретінде пайдаланып, электрстанцияларда және электр қондырғыларында орнатады. Роторлары бу (турбогенератор) немесе су (гидрогенератор) турбиналарымен айналатын өндірістік жиіліктегі токты алу үшін синхронды генераторлар кеңінен тараған.
Синхронды генераторлар газ турбиналарының, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жел немесе электрқозғалтқыштардың жетегінде болады.
Синхронды генераторлар роторының орамдары ортақ білікте орналасқан бөлек генератордың (қоздырғыштың)тұрақты тогымен қоректенеді.
Ротор айналғанда оның магнит өрісі статордың үшфазалық орамында айнымалы ЭҚК тудырады.
Тез айналатын синхронды генераторлардың (турбогенераторлардың) полюстер жұптарының саны аз (р = 1, 2), ал жәй айналатын (гидрогенераторлардың) р бірнеше ондықтарға жетеді. ЭҚК шамасы ротор орамындағы токты өзгертумен реттеледі. n = 60f / p
Гидрогенератордың роторы
Турбогенераторлар
Қуат бойынша турбогенераторлар негізгі үш топқа бөлінеді: 2,5 - 32 МВт, 60 - 320 МВт және 500 МВт жоғары.
Айналу жиілігі бойынша төрт полюсті (1500 және 1800 айн/мин айналу жиілігіне) және екі полюсті (3000 және 3600 айн/мин айналу жиілігіне) 50 және 60 Гц торап жиілігіне сәйкес турбогенераторларды айырады.
Жетектейтін турбинаның түрі бойынша турбогенераторларды бу турбинасынан және газ турбинасынан айналатындарға жіктейді.
Салқындату жүйесі бойынша турбогенераторлар ауа, жанама сутегі, тікелей сутегі және сұйық салқындату машиналарына бөлінеді.