Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәрістік сабақтар




Пән бойынша мәліметтер

Курс атауы мен коды: СР 2207 «Когнитивті психология»

Кредит саны: 2

Сабақтың өткізілу уақыты мен орны: ОӘБ бекітілген кестесі бойынша оқу

ғимаратында өткізіледі.

Консультациялық сағаттар: оқытушының жетекшілік етуімен СОӨЖ кестесіне

және кеңес кестесі бойынша кафедрада өткізіледі.

 

Оқытушы туралы мәлімет

Аты-жөні: Өткізу уақыты және орны Байланыс тел.
  Дәріс СОӨЖ  
Молдахметова Гауһар Молдабекқызы Тіркеу офисі кестесі бойынша Кафедра кестесі бойынша

 

3. Пәннің қысқаша сипаттамасы (кіріспе)

Когнитивті психология ақыл-ой, парасатты ғылыми зерттейді. Ол біздің айналадағы ақпараттарға қалай зейін аударатынымызды және ол ақпараттарды қалай жинайтынымызды, мәселелерді қалай шешетінімізді, тіл көмегімен қалай ойлайтынымызды, тұжырымдайтынымызды сондай-ақ миымыздың алынған ақпараттарды қалай өңдейтіндігін зерттейді. Когнитивті психология түйсінуден бастап, қабылдауға дейінгі үрдістерді, нейрығылымды, паттерндерді тануды, зейінді, есті, ойлау, қиял, инттелект тәрізді барлық психикалық процестерді қамтиды.

Когнитивті психология курсында адамзат психикасы жайлы заманауи түсініктер, әр түрлі психологиялық тұжырымдамалар мен тағлымдар, жаңа нейрокогнитивті зерттеу мәселелері қарастырылады. Аталмыш курста когнитвиті психология жайлы жаңа, заманауи мағлұматтар мазмұндалмаған, сондай-ақ бұл курс студенттерде когнитивті психологияның негізгі қағидаларының динамикасы арқылы психологиялық ойлауды, пайымдауды қалыптастырады.

Когнитивті психология студенттерге тұлғаның танымдық процестері жайлы қажетті білімдерді баяндай отырып, студенттерді кәсіби жұмысқа теориялық және практикалық даярлау міндеттерін шешеді.

Курс мақсаты:

- когнитивті психология саласы туралы түсініктерді дамытып, пән мазмұнын ашу.

Курс міндеттері:

- адамзат ақыл-ойын, зердесін қазіргі жаңа ғылыми позицияларға негізделе отырып, оқып-зерттеу;

- негізгі когнитивті психологиялық ұғымдармен және оның анықтамаларымен танысу;

- адамның перцептивті, мнемикалық және ойлау процестерін анықтау;

- нейроғылым, паттерндерді тану, зейін, сана, үйрену, ес, ұғымдарды қалыптастыру, ойлау, қиял, есте сақтау, тіл, интеллект, эмоция және әртүрлі психикалық процестердің даму заңдылықтары мен механизмдерін терең талдау.

Когнитивтіпсихология курсы психолог және педагогтарды кәсіби даярлауда басты пәндердің бірі болып саналады. Когнитивті психология мәселелері келесі пәндермен тығыз байланысты: жалпы психология, анатомия, физиология, психофизиология, әлеуметтік психология, педагогика т.б.

Студенттер пәнді оқу нәтижесінде мынадай білімдер алулары қажет:

- пәннің мақсаты, міндеттері және оның мазмұны жайлы;

- негізгі когнитивті психологиялық ұғымдар және оның анықтамасы туралы.

Студенттер аталмыш пәнді оқу нәтижесінде келесі іскерліктерді, дағдыларды игерулері керек:

- негізгі когнитивті психологиялық ұғымдардың, анықтамалардың мәнін және мазмұнын түсіну;

- оқу-танымдық іс-әрекетте алған білімдерін өз бетінше ой талқысына салу;

- эксперименталды, зерттеу жұмыс дағдыларын игеру;

- психологиялық зерттеу материалдарын жинау, өңдеу және интерпретациялау тәжірибесін игеру;

- болашақ практикалық іс-әрекетте психологиялық білімдерді қолдану;

- ойлау, өзіндік жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыру мәдениетін игеру.

Пәннің пререквизиттері мен постреквизиттері

Курстың пререквизиттері: «Психология және адамның дамуы», «Психофизиология», «Психология тарихы», «Эксперименталды психология», «Әлеуметтік психология.

Курстың постреквизиттері: «Практикалық психология», «Коррекциялық психология», «Басқару психологиясы», «Конфликтология».

 

Пәннің тақырыптық жоспары

 

  Тақырыптар атауы Сағат саны
  дәріс семинарлық СОӨЖ СӨЖ
  Когнитивті психологияға кіріспе          
  Когнитивті нейроғылым          
  Қабылдау және зейін          
  Паттерндерді тану          
  Сана          
  Ес: құрылымы және процестері          
  Сөйлеу және тіл          
  Когнитивті даму          
  Ойлау және шығармашылық          
  Жасанды интеллект          
Барлығы:        

 

 

  1. Пән мазмұны

Дәрістік сабақтар

Тақырып атаулары Сағат саны Апталар
  Когнитивті психологияға кіріспе Когнитивті психология пәні, міндеттері. Когнитивті психология сферасы. Когнитивті психологиядағы зерттеулердің негізгі бағыттары. Паттерндерді тану. Зейін. Сана. Ес. Білімдерді репрезентациялау. Қиял. Тіл. Даму психологиясы. Ойлау және ұғымдарды қалыптастыру. Адами және жасанды интеллект. Когнитивті психологияның даму тарихы. Нейроғылым және когнитивті психология. Эволюциялық когнитивті психология.   1-2
  Когнитивті нейроғылым Миды зерттеу және картаға түсіру. Нейрокогнитология. Психика және тән мәселесі. Когнитивті психология және нейроғылым. Нерв жүйесі. Нейрон. Бас миы. Нервтік торлар (сети). Ми және компартментализация. Бас миы анатомиясы.   3-4
  Қабылдау және зейін Түйсік және қабылдау. Түйсік теориялары. Түйсіктің рефлекторлық негізі. Түйсіктің жіктелуі. Түйсік түрлері. Мидың сенсорлық бейімділігі. Қабылдау және оның түрлері. Қабылдау қасиеттері. Қабылдау көлемі. Иконалық сақтау. Эхоикалық сақтау. Зейін. Зейіннің физиологиялық негіздері. Зейін түрлері және процестері. Өткізуші қабілет және зейін таңдамалығы. Есту сигналдары. Зейін таңдамалығы моделі. Автоматты өңдеу. Зейіннің нейрокогнитологиясы. Зейін және адам миы.   5-6
  Паттерндерді тану Паттерндерді тану ұғымы. Қабылдау теориялары. Қабылдау формалары. Көру паттерндерін тану. Көру. Гештальт теориясы. Каноникалық перспективалар. Ақпараттарды өңдеу принциптері: «төменнен жоғары», «жоғарыдан төмен». Эталонмен салыстыру. Геондар теориясы. Көз қимылдары және паттерндерді қабылдау. Прототипті салыстыру. Көру ақпараттарын абстракциялау. Псевдоес.   7-8
  Сана Сана ұғымы. Сананы зерттеу тарихы. Когнитивті психология және сана. Эксплециттік және имплициттік ес. Ұйқы және амнезия. Ұйқы және түс көру. Сананың қазіргі теориялары. Сана қызметтері. Сана түрлері.    
  Ес: құрылымы және процестері Ес ұғымы. Ес теориялары Естің физиологиялық негіздері. Ес түрлері. Ес процестері: есте қалдыру және оның түрлері. Есте сақтау. Еске түсіру. Тану. Ұмыту. Ұмыту түрлері. Реминисценция. Проактивті тежелу. Ретроактивті тежелу. Мнемоника. Интенференция. Естің бұзылуы.    
  Сөйлеу және тіл Сөйлеу, оқу ұғымдары. Тіл және нейроғылым. Тану және нейроғылым. Лингвистика. Фонемалар. Морфемалар. Синтаксис. Хомский бойынша грамматика теориясы. Психолингвистикалық аспектілер. Сөйлеу қызметтері. Сөйлеудің дамуы. Сөздерді тану, түсіну.    
  Когнитивті даму Когнитивті процестердің дамуы. Ж. Пиаже және Л.Выготскийдің когнитивті даму теориялары. Ж. Пиаже және Л.Выготский теорияларын салыстырмалы талдау. Ассимиляция және аккомодация. Ақпараттарды алу дағдыларының қалыптасуы. Адамдардың бет-жүзін қабылдау кезіндегі зейін.   12-13
  Ойлау және шығармашылық Ойлау және ұғымдардың қалыптасуы. Тапсырмаларды шешу. Гештальт психология және тапсырмаларды шешу. Шығармашылық. Шығармашылық процесі. Адам интеллектісі. Интеллект анықтамалары. Интеллектуалды мінез-құлық компоненттері.    
  Жасанды интеллект Жасанды интеллект туралы түсінік. Компьютерлер және жасанды интеллект. Жасанды интеллект және адамзаттық таным. Жасанды интеллект және шығармашылық.    

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 711 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2181 - | 2101 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.