Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мақсаты: нәжістің және газдардың шығарарылу нәтижесіне жету.

Мақсаты: емдеу.

Құрал - жабдықтар:

- көз тамшылары;

- мензуркадағы залалсыздандырылған тамызғыштар;

- залалсыздандырылған мақта дөңгелектері;

- пинцет;

- бүйрек тәрізді лоток (2 дана);

- қолғап;

- бетперде;

- ҚЖК;

- медициналық құжаттар.

Мідетті шарттар: көз тамшыларының температурасы, бөлме температурасына сәйкес болуы қажет.

Іс – шара алгоритмі:

1. Анасын/баланы емшара мақсатымен таныстырңыз;

2. Керек құрал жабдықтарын дайыдаңыз;

3. Қолды жуып, кептіріп, қолғапты киіңіз;

4. Баланы жөргектеу столына жатқызыңыз;

5. Көзде іріңді бөлінділер болған жағдайда, мақта тампонымен 1:5000 фурациллин ерітіндісіне малынған, көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай өңдеңіз, әр көзге жеке тампондар қолданыңыз. Жоғарыдағыдай көздің өңделуіне сәйкес құрғақ тампондармен құрғатыңыз.

6. Пинцет арқылы сол қолға мақта тампонын салыңыз;

7. Дәрілік зат тамызғыштың резинка бөлігіне қүйылмас үшін, тігінен ұстап, емдеу ерітіндісін тамызғышқа жиіп алыңыз;

8. Оң қолға пипетканы алып, маңдайға орналастырып, баланың басын алақан қырымен нақтылап ұстау. Пипетканы 400 бұрышында ұстау қажет.

9. Төменгі қабағын томпонмен тартыңыз.

* Ескерту: балаларда физиологиялық блефароспазм жағдайында, екі қабағында ашу қажет;

10. Дәрілік заттың бір тамшысын, көздің ішкі бұрышына қарай тамызыңыз. Бір неше секундтан соң, екінші тамшыны тамызыңыз.

11. Тампонды қолданыста болған материалына арналған контейнерге тастаңыз.

12. Бөлек тампонды қолданып, жоғарғыдай екінші көзге тамызыңыз;

13. Қолданыста болған пипетканы зарарсыдандыруға жіберіңіз;

14. Қолғапты шешіп, контейнерге тастап, қолды жуып, кептіріңіз;

15. Дәрілік затының еңгізілуін, пациенттің реакциясы жөнінде медициналық

құжаттарына жазыңыз.

6. Стандарт: «Мұрынға тамшылар тамызу техникасы»

Мақсаты: емдік

Құрал- жабдықтар:

- бір рет қолдануға арналған қолғаптар;

- залалды тамызғыш немесе ұштығы бар тамызғыш;

- мақта шариктері;

- кішкене спринцовка;

-ҚЖК;

Іс – шара алгоритмі:

1.Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Қолды жуып, кептір, антисептикпен өңдеңіз, қолғап киіңіз.

3. Баланы жарыққа қаратып отырғызыңыз.

4. Дәрілік затты қолданар алдында ыстық суы бар ыдысқа салып жылытыңыз. Дәрілік заттың температурасын тексеру үшін білезіктің ішкі бөлігіне тамызып тексеріңіз.

5. Тамызуды көмекші көмегімен жүргізу керек, кішкентай балаларды көмекші жартылай жатқызып ұстайды. Үлкен жастағы балаларға дәрілік затты жатқызып немесе отырғызып, басын шалқайтып тамызуға болады.

6. Дәрілік затты тамызар алдында мұрын жолдарын шырыштан және қатпадан тазарту керек. Нәрестелерге мақта шиыршығының көмегімен тазалау, үлкен жастағы балалар өз бетімен сіңіруі керек. Әр мұрын қуысына жеке шиыршық қолданылды. Екі мұрын қуысын бір мезетте тазалауға болмайды. Емшек жастағы нәрестелердің мұрын қуысының шырышын резиналы балонмен сорып алыңыз.

7. Дәрілік затты тамызғышқа алыңыз.

8. Мұрын ұшын сол қолдың бас бармағымен ұстап, сәл жоғары көтеріңіз.

9. Басын бір жағына бұрыңыз,оң жаққа тамызғанда солға, сол жаққа тамызғанда оңға.

10. Тамызғышты мұрынның шырышты қабығына жанастырмау керек, екі үш тамшыны енгізіңіз.

11. Баланың басын сол қалыпта 30-60 секундқа сол қалпында ұстаңыз. Ол дәрілік заттың мұрынның шырышты қабатына толық жайылуын қамтамасыз етеді.

12. Қолғапты шешіңіз, контейнерге тастаңыз

13. Қолды жуыңыз, кептірің 14. Емшараның орындалуын тіркеңіз.

7. Стандарт: «Құлақ тамшыларын тамызу»

Мақсаты: емдеу.

Көрсеккіші: құлақтың қабынуы.

Құрал - жабдықтар: дәрілік зат, мензуркаға салынған залалсыздандырылған пипетка,

дәке дөңгелектері және шиыршықтары, лоток, пинцет, бетперде, қолғап, дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь, ҚЖК.

Іс – шара алгоритмі:

1. Баланың анасына емшара мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2. Дәрілік заттың мерзімін, жарамдылығын тексеріңіз.

3. Қолды гигиеналық тұрғыдан жуып, кептіріп, қолғап киіңіз.

4. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндігемалынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

5. Дәрілік затты 36 – 37С су моншасында жылытыңыз.

6. Баланы жөргектеу үстеліне жатқызып, басын бір жақғына бұрыңыз, сау құлағы төменге қарауы керек.

7. Құлақта бөліністер болған жағдайда шиыршықпен тазалап алыңыз.

8. Дәрілік затты пипеткаға жинап алып білекке 1 тамшысын тамызып көріңіз.

9. 2 жасқа дейінгі балаға құлақ қалқаншасын артқа және төмен қарай тартып, ересек баланың құлақ қалқаншасын артқа және жоғары қарай тартып дәрігер тағайындаған мөлшерде дәрілік затты пипеткамен тамызыңыз.

10. Тамызғын соң бірнеше рет құлақ бұртігіне басыңыз.

11. Есту жолын мақта тампонымен жауып қойыңыз, сол куйде бала 15 – 20 минут жатуы қажет (анасына түсіндіріңіз).

12.Пипетканы, пинцетті дез. ерітіндісі бар лотокка салыңыз, мақта шариктермен шиыршықтарды контейнерге тастаңыз.

13.Қоғапты шешу, контейнерге тастаңыз.

14. Қолды жуып, кептіріңіз.

8. Стандарт: «Нәрестені зонд арқылы тамақтандыру»

Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру

Көрсеткіші: жұту және сору рефлексі болмаған жағдайда

Құрал - жабдықтар: - резиналы қолғап; - колпак, бетперде, алжапқыш;- валик, залалсыздандырылған салфеткалар; - резиналы баллон; - бір реттік тамақтандыруға арналған өлшенген ана сүті;- бір реттік қолданысқа арналған асқазан зонды;- қысқыш, пинцет; - құралдарға арналған залалсыздандадырылған лоток;- 20 мл – шприц; - ҚЖК; - медициналық құжаттар;

- 40 – 60С лотокта су;

Іс – шара алгоритмі:

1. Анасын емшараның, мақсатымен таныстырыңыз.

2. Бетпердені киіңіз.

3. Лотоктағы 40 – 60С суға саулған ана сүтін 36 – 37С жылытыңыз. Қолды жуып, кептіріп, қолғапты киіңіз.

4. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндіге малынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

5. Баланы жөргектеу үстеліне бір жақ бүйіріне жатқызып, кеудесіне алжапқыш жабыңыз.

7.Тамақтандырар алдында мұрын құысын тексеріп, қажет болған жағдайда резина баллоны арқылы тазалаңыз.

8. Зондтың жарамдылығын тексеріп, ашыңыз.

9. Пинцет арқылы зондты ұстап, еңгізу тереңдігін құлақ сырғалығынан, мұрын ұшына және мұрын ұшынан семсер тәрізді өсіндісіне дейін өлшеп, белгілеңіз.

10. Зондты 7 – 8 см соқыр ұшынан қалам тәрізді ұстап, мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз (егер бала шашалған немесе жөтелген жағдайда, зонд тыныс жолдарына түскендігін білдіреді.Зондты алып тастап, ылғалды оттегін беріңіз, процедураны қайтадан қайталаңыз).

11. Зондты лейкопластырдың жолағымен баланың бетіне жабыстырып қойыңыз 12.Шприцке жылы сауылған ана сүтін сорып алыңыз.

13. Зондтың канюлясын ашып, шприцты жалғап, зондты жоғары көтеріп сүтті ақырын нәрестенің асқазанына еңгізіңіз.

14. Шприцты зондтан ажыратып, канюляны жабыңыз.

15. Зондты оң қолдың сұқ және басбармағының арасына 2 – 3 см қашықтықта қысып, салфетка арқылы ауыз қуысынан алып тастаңыз.

16. Баланың басын жоғарылатып жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.

17. Қолданған шприцты, зондты, салфеткаларды ҚЖК- ға тастаңыз.

18. Қолғапта шешіп, контейнерге тастаңыз.

9. Стандарт: «Нәрестені қасықпен тамақтандыру»

Мақсаты: нәрестені тамақтандыру.

Көрсеткіші: сору рефлексінің болмауы, нәресте аурулары (асфиксия, гемолитикалық ауру, бассүйекішілік жарақаттар).

Құрал - жабдықтар: резина балоны, алшапқыш, пинцет, чай қасығы, сауылған ана сүті, лоток 40 – 60 С суымен, ҚЖК, дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь;

Іс – шара алгоритмі:

1. Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндір, келісімін алвңыз.

2. Бетперде киіңіз..

3. Лотоктағы 40-60С су сауылған ана сүтін қойып жылытыңыз 36-37 С дейін.

4. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндігемалынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

5. Баланы жөргектеу үстеліне жатқызып,кеудесіне алжапқыш жабыңыз.

6. Қолды гигиеналық тұрғыдан жуып, кептіріп, қолғап киіңіз.

7. Мұрын қуысын тексеріп, керек болған жағдайда тазалаңыз.

8. Біліктің алақан бетіне бірнеше тамшы тамызу арқылы, сүттің температурасын тексеріңіз.

9. Қасықтың 2/3 бөлігіне сүтті алып, баланың аузына жоғарыдан төмен қарай жақындатыңыз, төменгі ерініне тигізіңіз (бала рефлекторлы аузын ашады), қасықты аузына еңгізіп, тіліне тигізіп, сүтті құйыңыз.

10. Қасықты жоғарғы ерніне қысып, ауыздан алып шығыңыз.

11. Келесі қасықты сүтпенаузына жақындатып, алдынғы порцияны жұтқанына көз жеткізіп, сүтті тіліне құйыңыз.

12. Тамақтандырудың соңында баланың аузы бос екендігіне көз жеткізіп, салфеткамен сүртіңіз.

13. Алжапқышты алып тастаңыз.

14. Баланы оң қырына басын жоғарынқырап жатқызыңыз.

15. Қолданған салфеткаларды контейнерге тастаңыз.

16. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

17. Қолды жуып, кептіріңіз.

10. Стандарт: «Шала туған баланы жылытуға жылытқышты қолдану»

Мақсаты: шалатуылған баланың қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету

Көрсеткіші: ай-күні жетілмей туған нәресте

Құрал - жабдықтар: резеңке жылытқыштар-3; температурасы 60-65 С су; ж өргектер-3, термометр, көрпе, қолғап, бетперде, ҚЖК, дез ерітіндісі бар ыдыс, ветошь.

Іс – шара алгоритімі:

1. Анасына(туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

2. Керекті құралдарды дайындаңыз.

3. Бетперде киіңіз, қолды гигиеналық әдіспен жуыңыз, құрғатыңыз, қолғап киіңіз.

4. Нәрестені жөргектеп, төсегіне жатқызыңыз.

5. Жылытқышты температурасы 60-65 С сумен 2/3 бөлігіне дейін толтырыңыз.

6. Жылыткышты қолмен жайлап басу арқылы одан ауаны шығару, ауызын мықтап жабыңыз.

7. Жылытқыштың ауызын төмен қараты, аузының толық жабығанын тексеріңіз.

8. Сол әдіспен тағы да екі жылытқышты дайындаңыз.

9. Жылытқыштарды 4 қабатталған жөргектермен ораңыз.

10. Жөргектелген баладан 10см қашықтықта жылытқыштарды қою: екеуін денесінің екі жағына, табанының жанына.

11. Баланы жылы көрпешемен жабу(көрпе астындағы ауа температурасы 28-30 С кем болмау керек), астына термометрді салыңыз.

12. Жылытқыштардағы суды суығанына байланысты ауыстыру, міндетті түрде кезекпен.

13. Көрпе астынан термометрді алып шығып ағынды сумен жуу,құрғатып сүртіп қорапшаға салыңыз.

14. Жылытқыштардан суды төгіу, олардың сырт жағын дез.ертіндімен заласыздандыру.

15. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

16. Қолды жуыңыз, құрғатыңыз.

 

11. Стандарт: «Кувездің дезинфекциясы (инкубатордың)»

Мақсаты: дезинфекция, санитарлық-гигиеналық тәртібін ұйымдастыру.

Көрсеткіштері:

- Жаңа кувезді қолдануға пайдалану алдында

- Әрбір үш күн сайын

- Жаңа нәресте түскенде

- Қолданыста 5 күн болмаса

Құрал - жабдықтар: кувез, жууға арналған дез ерітіндісі бар ыдыс, дистеленген суы бар ыдыс, халат, бактериоцидтік шам, залалсыздандырылған ветошы бар бикс, қолғап, ҚЖК, қалам, этикетка.

Іс – шара алгоритмі:

1. Кувезді тоқтан ажыратыңыз, кувезді зарарсыздандыру бала бөлмесінен тыс және арнайы желдетілетін және бактериоцидтік шамы бар бөлмеде жүргізу керек. Кувезді 2 күн сайын, баланы басқа кувезге жатқызып зарарсыздандырады.

2. Кувезді тазалауға және дезинфекциялауға дайындаңыз: оттегі шлангларын ажыратып, ылғалдандыратын ыдыстан суды төгіңіз, матрасты алып қараңыз, фильтрді шешіңіз.

3. Арнайы киімдерді киіңіз: халат, қолғап.

4. Кувездің ішкі жағын, матрастың астын, полкаларын, ұстағыштарын, кувездің сыртын 15минут аралықпен жууға арналған дез ерітіндіге малынған ветошпен сүртіңіз.

5. Кувезді жабыңыз, 1 сағатқа қалдырыңыз.

6. Халатты, қолғапты ауыстырыңыз.

7. Кувездің камерасын ашып, 2рет сол кезекпен дистеленген суға малынған залалды ветошпен сүртіңіз.

8. Залалды ветошпен құрғағанша сүртіңіз.

9. Фильтрлерді өңдеңіз, дистеленген сумен шайыңыз, залалды ветошпен кептіріп, салыңыз.

10. Кувезді құрастырыңыз, камераларын ашыңыз.

11. Бактериоцидтік шамды қосып, кувезден 0,5-1м аралықта қою.Сәулелену уақыты 60минут.

12. Кувездің ылғалдандырғыш системасына дистелденген суды құйыңыз.

13. Кувездің камерасын жауып, 5 сағатқа «Тазалау» бағдарламасын қосыңыз.

14. «Свет» деңгейіндегі қосқышты нөлге әкеліп, тоқтан суырыңыз.

15. Кувезге дезинфекцияланған күнін, дезерітіндісінің атауын, мейірбикенің қолы қойылған этикетканы жапсырыңыз.

16. Кувезді баланың бөлмесіне апарып, қосыңыз.

17. Дәрігердің белгілеген көрсеткіштерін қосыңыз: температура, ылғалдығы, оттегін беру жылдамдығын.

18. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

19. Қолыды жуып, құрғатыңыз.

12.Стандарт: «Ылғалданған оттегін мұрын катетірі арқылы беру»

Мақсаты: тіндегі гипоксияны азайту, қанды оттегімен қамтамасыз ету.

Көрсеткіші: шала туған бала, тыныс алу жолдарының аурулары, қантамырлар аурулары.

Құрал - жабдықтар: Бобров аппараты, залалсыздандырылған мұрын катетірі, пинцет, залалсыздандырылған қайшы, салфеткалар, дистилленген су, лейкопластыр, ҚЖК, таза жөргек, қолғап, дез. ерітінді, ветошь, қантамырларды жиыратын ерітінді.

Іс – шара алгоритмі:

1. Нәресте анасына емшара мақсатын түсіндір, келісімін алыңыз.

2. Қолды гигиеналық тұрғыдан жуып, кептіріп, қолғап киіңіз.

3. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндіге малынған ветошпен сүртіп, таза жөргек төсеңіз.

4. Бетперде киіңіз.

5. Баланы жөргектеу үстеліне басын жоғарынқырап жатқызыңыз.

6. Бобров аппаратын дайындаңыз (мейірбике ісі пәнінен өткен тақырып), оттек көзіне жалғаңыз.

7. Мұрын қуысын тексеріп, керек болған жағдайда тазалаңыз.

8. Мұрын катерірінің жарамдылық мерзімін тексеріңіз, қорабын залалсыздандырылған қайшымен кесіп ащыңыз, катетірді пинцетпен лотокқа салыңыз.

9. Пинцетпен катетірдің ұшынан ұстап құлақ бүртігінен мұрының ұшына дейін өлшеңіз, лейкопластірмен белгі қойыңыз.

10. Катетірді еңгізетін ұшынан 3 -5 см аралықта қаламсап тәрізді ұстап, басын дистирленген суға немесе изотоникалық ерітіндіге малыңыз.

11. Катетірді бетке перпендикулярлы ұстап, төменгі мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз.

12. Катетірдің дұрыс еңгізілгенің тексеріңіз: шпателмен тілдің тұбін басу арқылы – катетердің ұшы тілшіктен 1 см төмен тұру керек.

13. Катетердің төменгі жағын лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырып қойыңыз.

14. Катетердің төменгі жағын резиналы түтікше арқылы Бобров аппаратының қысқы түтікшесіне жалғаңыз, сұйықтықтан жоғары орналасқан.

15. Оттек берудің жылдамдығын анықтаңыз (дәрігердің тағайындауы бойынша), уақыт белгілеңіз.

16. Оттек беріліп біткен соң, катетірді салфетка арқылы алып тастаңыз. Мұрынға 2 – 3 тамшы қантамырларды жиыратын ерітінді тамызыңыз.

17. Дез. ерітіндісі бар лотокқа шпатель, пинцет, қайшы және катетірді салыңыз.

18. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

19. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

Оттектерапия ұзак жүргізілгенде, әр 30 – 60 минут сайын катетірді келесі мұрын жолына ауыстырып тұру керек.

13. Стандарт: «Әр жастағы балаларда тыныс алу жиілігін санау»

Мақсаты: диагностикалық

Көрсеткіші: бақылау

Құралдар - жабдықтар: секундомері бар сағат, қалам, температура парағы.

Іс – шара алгоритмі:

1. Баланың анасын емшараның жолымен таныстырыңыз.

2. Қолды жуып, кептіріп, жылытыңыз.

3. Баланың кеудесін және ішін бақылау үшін баланы ыңғайлап жатқызу (емшектегі баланың тыныс алуын ұйықтағада санаған жөн).

4. 1минут ішінде кеуде құысының және іштің қозғалысын бақылаңыз.

5. Қарағанда тыныс алу жиілігін есептеу мүмкін болмаса, қолыңызды баланың кеудесіне немесе ішіне қойыңыз, бір минут ішінде санаңыз.

- 1жасқа дейінгі балалар ішпен дем алу.

- 1-2 жас аралас дем алу.

- 3-4 кеудемен дем алу

- Қыздарда ішпен демалу.

6. Зерттеу нәтижесін температура парағына тіркеңіз.

7. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: ерте жастағы балаларда тыныс алу жиілігін есептегенде фонендоскоп қолдануға болады.

Тыныс алу жиілігі:

- жетіліп туылған балада - 40-60 в 1 минут;

- ай-күні жетілмей туған балада - 60-80 в 1 минут;

- 1-2 жас аралығындағы балада – 30-35 в 1 минут;

- 5 жастағы балада – 20-25 в 1 минут;

- 10 жастағы балада – 18-20 в 1 минут;

- 10 жастан жоғары баладарда – 16-18 в 1 минут.

 

14. Стандарт: «Әр жастағы балаларда пульстің жиілігін санау»

Мақсаты: диагностикалық.

Көрсеткіші: бақылау.

Құрал - жабдықтар: секундомері бар сағат, температура парағы, қалам.

Іс – шара алгоритмі:

1. Баланы /анасын емшарамен таныстырыңыз.

2. Қолды жуып, кептіріңіз

3. Баланы ыңғайлап отырғызу немесе жатқызу, бұл кезде қолы салбырамауы керек.

4. Зерттеушінің 2,3,4 саусақтарымен кәріжілік артериясын жайлап басу, артерияның пульсациясын сезу.

5. Сағатты алып, қатаң 1 минутта пульстің жиілігін санаңыз.

1. Зерттеу нәтижесін температура парағына тіркеңіз.

2. Қолды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Балалардың пульсі бір минут ішінде тыныштық жағдайында санаған жөн, пульсі өте өзгермелі (жасына байланысты ерекшеліктері бар),мазасыздану, жылау пульстің жиілеуіне әкеледі.

- Жаңа туған балада - минутына 120-140

- Емшек жасындағы балаларда – минутына 110 – 120;

- 2 – 4 жаста – минутына 100-105;

- 11-14 жаста - 80-85

15. Стандарт: «Нәрестінің және ерте жастағы баланың асқазанын жуу»

Мақсаты: емдеу (асқазадағы токсикалық еселі заттарды шаю)

Көрсеткіштері: баланың улануы.

Құрал - жабдықтар: залалсыдандырылған асқазан зонды №6,8,10 пинцет, салфеткалар, алжапкыш, лотоктар, ыдыста қайнатылған суытылган су 20 – 22 С, Жане шприцы, жаялық, қолғап, шайынды суға арналған ыдыс, ҚЖК, дез. ерітіндісі бар ыдыс, ветошь.

Іс – шара алгоритмі:

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз, келісімін алыңыз.

2. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резенке қолғап киіңіз.

3. Жөргектеу столдың үстін дез. ерітіндіге матырылған ветошпен сүртіңіз, таза жөргек төсеңіз.

4. Пинцетпен зондты қорабынан алып, жарамдылығын тексеріп, зондты еңгізетін терендігін аңықтаңыз- құлақтың бүртігінен мұрының ұшына дейін және семсер тәрізді өсіндіге дейін, лейкопластырмен белгі қойыңыз.

5. Бала ауыр жағдайда болса алжапқыш тағып, бір қырынан етбетіне қаратынқырап жатқызыңыз.

6. Зондты ұшынан 7 – 8 см қашықтықта қалам тәрізді ұстап, мұрын жолына белгіге дейін еңгізіңіз (егер бала қақалып, ентігіп, жөтеліп жатса зондты алып тастап, кейін процедураны қайталаңыз).

7. Баланың аяқ жағына шайынды суға арналған ыдысты қойыңыз.

8. Шприцке (Жане шприцына) 20-80 мл қайнатылған t-20-22 С сорып алып,зондқа жалғаңыз, шприцті жоғары көтеріп, суды ақырын асқазанға еңғізініз.

9. Зондтың екінші жаған шприцпен бірге төменге қарай түсіріңіз, асқазандағы шайынды суды шприцпен сорып алыңыз да, ыдысқа төгіңіз.

10. Бұл әрекетті асқазаннан таза су шыққанша қайталаңыз.

11. Зонтты шприцтен ажыратып, салфетка арқылы асқазаннан алып тастаңыз.

12. Алжапқышты шешіп, аузын салфеткамен сүртіп баланы анасына беріңіз.

13. Зондты контейнерге тастаңыз, пинцетті дез. ерітіндіге салыңыз.

14. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз.

15. Қолды жуып, кептіріңіз.

16.Стандарт: «Ауыз қуысын ойылып-уылған балаларға күтім жүргізу»

Мақсаты: емдік

Көрсеткіштері: стоматиттер

Құрал-жабдықтар: 2% натрий гидрокарбонат немесе 10-20% натрий тетракарбонатын, саңырауқұлаққа қарсы препараттар, резина баллоны жұмсақ ұштарымен немесе шприц, қолғап, маска, алжапқыш, шпатель, стерильді материал (мақта шариктері, дәкелер, мақта тампоны бар ағаш таяқшалар),лоток 2 (біреуі стерилді заттарға арналғын, екіншісі қолданыста болған заттарға арналған), стерильді ыдыс, дез ерітіндісі бар ыдыс, инструменттерге арналған үстел, ҚЖК.

Мүмкін болатын асқынулар: шырышты қабаттың қосымша зықымдалуы.

Іс – шара алгоритмі:

1. Бала/анасына ем-шаранының өткізу мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз

2. Қолды жуып, өңдеп, қолғап киіңіз

3. Керек жабдықтарды дайындаңыз

4. Шаюға арналған дәрілік ерітіндіні дайындаңыз: 1 шай қасық ас содасын 200мл суға.

5. Ауыз қуысын серилді дәке немесе мақтасы бар таяқшамен шаю:

- баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз, көмекші баланы ұстап тұруға көмектеседі

- қысқышқа дәкені орап алып, дәрілік ерітіндіге малыңыз, қысқышты жаймен қозғалтып, ауыз қуысын өңдеңіз.

6. Ауыз қуысын резиналы балонмен (шприцпен) шаю:

- Баланы көмекшінің алдына отырғызып, сол қолымен маңдайын ұстайды, оң қолымен баланың қолдарын ұстайды.

- Баланың мойнына және кеудесіне алжапқыш жабыңыз, иектің астына лоток қойыңыз.

- Резина баллонға (шприцке) дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз, баланың аузын ашып, баллонды (шприцті) ауыз қуысына енгізіңіз.

- Баллонды басып, ағымын қатты таңдайға басып жіберіңіз

- Баллонның басын бір жаққа қаратып, кейіннен екінші жағына қаратып еңкейтіңіз.

7. Баланың бетін кептіріңіз

8. Қолданыста болған құралдарды дез ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз

9. Жұмыс орнын дез ерітіндісімен өңдеңіз

10. Қолғапты шешіп контейнерге тастаңыз, қолды жуып кептіріңіз.

17. Стандарт: «Энтеробиозға қырынды алу техникасы»

Мақсаты: энтеробиозға зерттеу. Құрал - жабдықтар: - заттық әйнек –2 дана; - 50% глицерин ерітіндісі; - тамызғыш; - әйнек таяқшасы; - жолдама; - стеклограф; - резиналы қолғап;

- ҚЖК; - крафт-қағазы, резиналы сақина

 

Міндетті шарттар: зерттеу алдында баланың жынысын жумау.

 

Іс – шара алгоритмі:

1. Баланы /анасын зерттеу жолымен таныстырып, жақсы қарым қатнасын орнатыңыз.

2. Қолды жуып, кептіріп, қолғап киіңіз. 3. Стеклографпен заттық әйнегін белгі қойыңыз. 4. Заттық әйнегіне глицериннің тамшысын тамызыңыз. 5. Баланы сол бүйіріне жатқызып, жоғарғы аяғын тізе буынында бүгіп, жоғыры қарай бұрыңыз.

6. Cол қолдың саусақтарымен бөксесін ашып, жазып ұстап тұрыңыз. 7. Заттық әйнегіне тамызылған глицерин тамшысына әйнек таяқшасын малып, тік ішектің төменгі бөлігінің анальді қыртысынан қырындыны алыңыз. 8. Заттық әйнегіндегі глицерин тамшысында әйнек таяқшасымен жағынды жасаңыз.

9. Бірінші әйнекке екінші әйнекті салып, резиналы сақинамен біріктіріп, крафт-қағазына ораңыз.

10. Тезірек материалды зертханаға жеткізіңіз.

11. Қолғапты шешіп, контейнерге тастаңыз;

12. Қолды жуып, кептiрiңіз.

18. Стандарт. «Ерте жастағы баланың зәрін жинау (арнайы зәр жинағыш капқа

Мақсаты: Зәрдегі паталогиялық өзгерістерді анықтау.

Құрал - жабдықтар:

- Резинкалы қолғап;

- Сүлгі;

- Зәр жинағыш;

- Бланк жолдама;

- ҚЖК;

Міндетті шарттары: зәрдің ұзақ уақыт сақталуын шектеу, пішінді элементтердің ыдырауы байқалады, зәрдің реакциясы өзгереді, осының салдарынан зерттеу нәтижесі қатты өзгереді.

Іс – шара алгоритмі:

1. Анасын ем шараның жолымен мақсатымен таныстыпу және келісімін алыңыз;

2. Керекті құрал жабдықтарды дайындаңыз;

3. Клиникалық зертханаға жолдама толтырыңыз;

4. Қолды гигиеналық тұрғыдан жуыңыз;

5. Қолғапты киіңіз;

6. Төсекке жөргекті төсеңіз;

7. Баланың жыныс мүшесін ағынды су астында жуыңыз;

8. Жыныс мүшелерін сүлгі арқылы кептіріңіз;

9. Баланы арқасына жатқызып аяғын ашып, шат аралығының құрғақ екеніне көз жеткізіңіз;

10. Зәр жинағышты қолға алып жабысқақ бетінен қорғаныш қабығын алңыз;

11. Ұл баланың жыныс мүшесін зәр жинағыштың аузы арқылы еңгізіңіз,

12. Жабысқақ жағын жыныс мүшесінің айналасына,шат аралығына жабыстырыңыз;

13. Жабысқақ жолақты зәр шығаратын аймаққа тығыз жабыстырыңыз;

14. Зәр жинағышты орнатқаннан кейін, баланың зәр шығаруын күтіңіз;

15. Зәрді анализге жинаған соң, баланың жыныс мүшесін жуып, кептіріңіз;

16. Қолғапты шешіңіз, контейнерге тастаңыз;

17. Қолды жуып, кептіріңіз;

18. Алынған материалды бір сағаттан кешіктірмей зертханаға жеткізілуін ұйымдастырыңыз.

19. Стандарт: «Ауыз арқылы регидратация өткізу алгоритмі»

Мақсаты:

- э ксикозды жою оның қайталануының алдын алу

Көрсеткіші: диарея

Құрал - жабдықтар:

- глюкозо-тұзды ерітінді (регидрон, глюкосолан);

- 1 литр бөлме температурасындағы қайнаған су;

- өлшегіш стакан;

- стакан және қасық;

- қағаз, ручка;

Іс – шара алгоритмі:

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндірңіз.

2. Керекті құралдарды дайындаңыз.

3. Қолды гигиеналық әдіспенжуып, өңдеп, құрғатңыз.

4. Біріншілік регидратацияны өткізуге арналған ерітіндінің мөлшерін есептеу.

5. Құрғақ препараттың керекті мөлшерін анықтау және қайнаған судың мөлшерін еріту.

6. Өлшегіш стаканмен дайын ерітіндінің есептелген мөлшерін алу және дайындалған ыдысқа құю. Балаға немесе анасына ішуге беру.

7. Ерітіндіні эксикоздың дәрежесіне байланысты шай қысықпен 4-6 сағат көлемінде балаға ішкізу. 1 чай қасықпен 1 – 2 минут сайын емшеш жасындағы балаға, ересек балаларға 1 – 2 ас қасықпен 3 – 5 минут сайын, немесе аз көлесде ішу.

8. Анасына бала ішке сұйықтықты және зәр, нәжіс, құсықтың көлемін тіркеуін түсіндіріңіз. жоғалтудың есебін жалғастыру.

9. 4 (немесе 6) сағаттан кейін баланың жағдайын бағалау (тері, шырышты қабаттары, еңбегі), А және Б жоспары бойынша емнің тактикасын анықтаңыз.

10. Анасыны түсіндіріңіз 4 – 6 сағат өткеннен кейінде баланға сұйықтықты беруді жалғастыру қажет, құсу мен диарея тоқтағанға дейін.

20.Стандарт: «Ауыз арқылы регидратация терпия бұрышы»(ААР)

Мақсаты: сусызданымен күресу және оның алдын - алу

Көрсеткіші: диарея

Ауыз арқылы регидратация (ААР)бұрышы –бұл медицина мекемесіндегі, балалардағы диареяны емдеу мақсатында, ауыз арқылы регидратация жүргізетін арнайы орын.

Іс – шара алгоритмі:

1. ААР бұрышын медицина қызметкерлеріне науқас баланы бақылауға, анасына кеңес беруге және қодауға ыңғайлы жерде ұйымдастырыңыз.

2. ААР бұрышы жақсы желдетілетін және дәретхана мен қолжуғышқа жақын орналасуы қажет.

3. ААР бұрышын жабдықтаңыз:

- балаға арналған төсек;

- сұйықтықтар дайындауға және керекті заттарға арналған стол;

- анасына арналған орындық;

- медициналық таразыға арналған тумбочка;

- ыңғайлы кішірек стол немесе тумбочка, анасы ыдыспен ААР арналған сұйықтықтар қоятын, қағаз және қалам;

- жыбдықтарға арналған шкаф (пакеттер, ААР арналған дәрілік заттар,бір литрлік банкалар, өлшегіш стакандар, кесе, қасықтар и т. д.);

- раковина және қол жууға арналған сұйық сабын;

- ҚЖК.

4. Анасының ААР бұрышында өткізген уақытын санитарлық ағарту жұмысына арнаңыз:

А) ақпарат плакатрын іліңіз;

- диареяның және сусызданудың алдын алу, емдеу жайлы;

- ААР бұрышы жайлы, таза су пайдалану туралы, ана сүтімен тамақтандыру жөнінде;

- ана сүтінің артықшылықтары жайлы;

- қашан баламен медицина мекемесіне қайтып келу жөнінде;

Б) анаға арналған ескертумен, анасын таныстыру.

 

21. Стандарт: «Жаңа туған және емшектегі балаға тазалау клизмасын қою техникасы»

Мақсаты: нәжістің және газдардың шығарарылу нәтижесіне жету.

Көрсеткіштері: іш қату, улану, операцияларға дайыдау, газ шығару түтігін қою және емдеу клизмасын жүргізер алдында, рентген, эндоскопиялық зерттеулеріне дайындық, ҚЖК.

Қарсы көрсеткіштері: «өткір іш жағдайына» кудіктену, тік ішектің жарығы және түсуі, асқазан-ішектен қан кету, тік ішек ісігінің ыдырау кезеңі.

Міндетті шарттар: қайнатылған суытылган су, емшектегі балаларына (24-260 С), үлкендеу жастағы балаларына (22-240 С) температурасындағы су қолданылады.

Құрал - жабдықтар:

- орау столы;

- резина қолғабы, алжапқыш;

- жаялықтар;

- сүлгі;

- қайнатылған суытылган суга толы ыдыс;

- залалсыздандырылған (№ 1-6) жұмсақ ұштарымен резина баллондары;

- зарарсыздандырылған өсімдік майы;

- лоток;

- қолданыста болған заттарға арналған контейнер;

- медициналық құжаттар;

- горшок.

- ластанған жаялықтарға арналған қап.

Іс – шара алгоритмі:

1.Анасын/баланы емшараның мақсатыментаныстырыңыз;

2. Керек құрал жабдықтарын дайындаңыз;

3. Орау столының үстіне жаялықты төсеңіз;

4. Столдың шетіне, емшараның соңында баланы құрғату үшін сүлгіні дайындап

Қойыңыз;

5. Қолды жуып, кептіріп, алжапқышты, қолғапты киіңіз;

6. Резина баллонын оң қолға алып, ішіндегі ауасын шығарыңыз;

7. Баллонға керек көлеміндегі суды жинап, толтырыңыз;

Ескерту: керек судың көлемі:

а) жаңа туған балаға 25-30 мл;

б) 6 айға дейінгі балаға 50 мл;

в) ересек балаға әр жасына 100 мл есебімен есептеп алады.

8. Баллонның ұшын залалсыздандырылған өсімдік майымен өңдеңіз;

9. Баланы сол бүйрені жатқызып, аяғын тізе, ұршық буындарында бүгіп, ішіне

қарай бұгіңіз;

Ескерту: 6 айға дейінгі баланы арқасына жатқызып, аяғын жоғары қарай көтеруге

болады.

10. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен баланың анусын ашып, осы күйде

ұстаңыз.

11. Резина баллонын оң қолдың 2 және 3саусақ аралығына қойып, оң қолдың

үлкен басбармақтарымен төмен жағынан басыңыз.

12. Резина баллонын басылған күйінде, абайлап ұшын анальды тесігіне еңгізіп, тік ішікке қарай қозғалтыңыз, алдыменен кідікке қарай, соңынан сфинктерден өткізіп, құйымшаққа паралельді бағытта.

Баллонның ұшының еңгізілу тереңдігі:

1 жасқа дейін 1-3 см;

3 жасқа дейін 3-4 см;

5 жасқа дейін 4-5 см.

13. Баллонның төменгі жағынан ақырын басып отырып суды жіберіп, басулы

күйінде ұшын тік ішектен алып шығарыңыз (балонды қолданыста болған заттарға

арналған лотокқа салыңыз).

14. 3-5 минут баланың анусын сол қолмен қысып ұстаңыз.

15. Баланы арқасына жатқызып, жаялықпен жабыңыз, ересек баланы

горшокқа отырғызыңыз (нәжістің шығуына дейін).

16. Ішектің толық босауын қамту үшін, ішіне сағат тілі бағытымен массаж

жасаңыз

17. Баланың нәжісімен былғанған жаялығын алып тастап, құйрығын жуып,

сүлгімен жайлап кептіре сүртіңіз.

18. Қолданыста болған сүлгіні, ластанған жаялықтарды арнайы қапқа салыңыз.

19. Баланы ораңыз (киіндіріңіз).

20. Алжапқышты шешіп дез. ерітіндіге салыңыз, қолғапты шешіп контейнерге тастаңыз.

21. Қолды жуып, кептіріңіз.

22. Стандарт: «Ерте жастағы балаларға жел шығаратын түтікше қою»

Мақсаты: ішекке жиналған газды шығару

Көрсеткіші: іш кебу

Қарсы көрсеткіштер: ішектен қан кету, тік ішектің қабынуы, тік ішектегі жара

Құрал - жабдықтар: өсімдік майы, резеңке қолғап,алжапқыш, к леенка,жөргек, стерильді ж ел шығаратын түтікше (№1-6), суы бар ыдыс, стерильді мақта, стерильді дәкелер, дез ерітіндісі бар ыдыс, горшок, шпатель, ҚЖК.

Іс – шара алгоритмі:

1. Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

2. Керекті құралдарды дайындаңыз.

3. Қолды гигиеналық әдіспен жуып құрғатыңыз,резеңке қолғап және алжапқыш киіңіз.

4. Жөргектеу үстеліне клеенка, оның үстіне жөргекті төсеңіз.

5. Жел шығаратын түтікшенің енгізу тереңдігін белгілеңіз:

- 1 жасқа дейін 5-8см

- 1-3жас 8-10см

- 3-7жас 10-15см

- 7 жастан жоғары 20см

6. Жел шығарғышты түтікшкнің бітеу жағын өсімдік майымен майлаңыз.

7. Алты айға дейінгі баланы арқасына, алтын айдан кейінгі баланы сол жақ қырына,тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызыңыз. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпты бекітіп ұстаңыз.

8. Жел шығарғыш түтікшенің бітеу жағын қысып ұстаңыз. Ақырындап,күш салмай анусқа енгізу және жайлап жылжытыңыз: 1-2см кіндікке қарай,одан әрі омыртқа жотасының бойымен.

9. Жел шығарғыш түтікшенің екінші жағын суы бар ыдысқа салыңыз.

10. Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің бөлінуі тоқталғаннан кейін салфетканың көмегімен түтікшені алып тастаңыз.

11. Жел шығаратын түтікшені 30-60минутқа қалдырыңыз.

12. Жел шығаратын түтікшені орау арқылы салфеткамен сүртіп, шығарыңыз, дез ертіндіге салыңыз.

13. Клеенка және жөргекті алып дез.ертіндіге салыңыз.

14. Дәкемен құрғатып сүрту, абиғи қыртыстарын майлаңыз.

15. Алжапқышты шешіңіз, дез.ертіндіге салыңыз.

16. Қоғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

17. Қолды жуыңыз, кептіріңіз.

23. Стандарт: «БЦЖ-вакцинасын егу алгоритмі»

Мақсаты: туберкулездің алдын алу

Көрсеткіші: жаңа туған нәрестелер, 6-7 жасындағы Манту сынамасы теріс балалар.

Қарама қарсы көрсеткіштері: дене салмағы 2000г төмен шала туған балалар.

Құрал - жабдықтар: Мақта шариктері,салфеткалар,пинцет бар стерильді үстел, резеңке қолғап, БЦЖ вакцинасы және ертіндісі(физиологиялык ертіндісі) 2.0мл, мензурка, қ ара қағаздан жасалған қорғайтын конус, 2 шприц(туберкулин шприці және 2мл), ҚЖК, 70% спирт, дез ерітіндісі бар ыдыс,ветошь.

Іс – шара алгоритмі:

1. Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

2. Керекті құралдарды дайындаңыз.

3. Қолды гигеналық әдіспен өңдеу,құрғатыңыз.Резеңке қолғап киіңіз.

4. Қораптан вакцина,ертіндісі бар ампулаларды алып,мойын 70% спиртке малынған мақта шаригімен сүртіңіз.

5. Стерильді салфеткамен жауып сындырыңыз.

6. Қолданылған мақта шариктерін,салфетканы ҚЖК-ға тастаңыз.

7. Ампуланы мензуркаға қойыңыз.

8. 2мл шприцтің қорабын ашыңыз.Шприцке қалпағымен инені кигізу және канюляға бекітіңіз.Иненің қалпағын шешіп ертіндісі бар ампуладан шприцке 2мл сорып алыңыз.

9. Ертіндіні вакцинасы бар ампулаға енгізіңіз(жайлап,кабырғасының бойымен).Вакцинаны шприцпен сорып-жіберу аркылы араластырыңыз.

10. Шприцті ҚЖК-ға тастаңыз

11. БЦЖ вакцинасының дайын ертіндісін 5-6мин бойы мензуркаға бетіне стерильді салфетка және конус жауып қалдыру,одан кейін вакцинаны жарық көзінде тексеріңіз.

12. Туберкулин шприцінің қорабын ашыңыз.Шприцке қалпағымен инені кигізу және конюлаға инені бекіту,қалпағын шешіңіз.Ертілген БЦЖ вакцинасы бар ампуладан 0,2мл вакцинаны сорып алыңыз.

13. Қалған вакцинаны бар ампуланы мензуркаға қойып,стерильді дәкемен және конуспен жабыңыз.

14. Шприцпен ауаны стерильді мақтаға 0,1мл дейін шығарыңыз (мақтаның ҚЖК-ға тастаңыз). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қойыңыз.

15. Баланың сол жақ иығының жоғарғы 1/3 бөлігі 70%спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеңіз.Спирт кепкенше тосыңыз.

16. Сол қолдың 1және 2 саусақтарымен теріні керуі,иненің кесіндісін жоғары қаратып,шприцтің бұрышын 10-15 градуста ұстап,жәйлап тері ішіне вакцинаны енгізіңіз (белгісі лимон қабықшасы).

17. Инені алыңыз.Инъекция орны спиртпен өңдеуге болмайды. Туберкулин шприцін ҚЖК-ға тастаңыз.Қолғапты шешіңіз, контейнерге салыңыз.

18. Қолды жуыңыз, кептіріңіз.

19. Баланың даму тарихына, егу журналына, 063у формасына тіркеңіз.

20. Егуден кейін 3 күн бақылауға алыңыз. Дәрігерге егуден кейін асқыну болған жағдайда хабарлаңыз.

24. Стандарт. «Манту сынамасының техникасы»

Мақсаты: нақтамалау.

Құрал-жабдықтар:

- Залалсыдандырылған стол, мақта дөнгелектері, салфеткалар, пинцет;

- Қолғап;

- Стандартталған туберкулин;

- Мензурка, ампуланы салуға арналған;

- Туберкулин шприцы;

- ҚЖК;

- дез. ерітінді;

- 70 % этил спирті;

 

Іс – шара алгоритмі:

1. Анасына(туыстарына)шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз.

2. Керекті құралдарды дайындаңыз.

3. Қолды гигиеналық тұрғыдан өңдеңіз, қолғап киіңіз;

4.Қораптан туберкулин ампуласын алыңыз;

5.Ампуланың мойнын 70% спиртке малынңан мақта дөңгөлегімен сүртіңіз;

6.Кескішпен кесіп, сындырып, қолданған мақма дөнгелегін утилизаторға тастаңыз;

7.Ампуланы мензуркаға салыңыз;

8.Туберкулин шприцының қорабын ашыңыз;

9.Туберкулины бар ампуланы алып, шприцке 0,2мл препаратты алыңыз;

10.Ампуланы қалған туберкулинімен мензукаға салып залалсыздандырылған дәкемен жабыңыз;

11.Шприцтің ауасын 0,1мл шығарыңыз;

12.Шприцті залалсыздандырылған столға салыңыз;

13.70% спиртке малынңан мақта дөңгелегімен білектің ортаңғы алақан бетін өңдеңіз;

14.Сол қолдың 1-2саусақтарымен салатын орынның терісін тартыңыз;

15.Инені жоғары қаратып көз бақлауымен, лимон қабықша пайда болғанша 10- 150 тері ішіне енгізіңіз;

16.Инені суырып алңыз;

17.Ине орнын спиртпен өңдемеңіз;

18.Туберкулин шприцін ҚЖК-ға тастаңыз;

19.Қолғапты ҚЖК-ға тастаңыз.

 

 

25. Стандарт: «Анафилактикалық шок кезінде балаларға көмек көрсету»

1. Еңгізіліп жатқан препаратты тоқтатыңыз,егер препарат көк тамырға енгізілсе инені шығармай келесі ем шаралар сол ине арқылы жүзеге асырылады.

2. Аллергеннің организмге түсу уақытын, науқастың шағымдарын және клиникалық белгілерін белгілеңіз.

3. Дәрігерді шақырыңыз.

4. Пациенттің аяқ жағын көтеріп, басын бір жағына бұрып жатқызыңыз.

5. Науқастың жағдайын бағалаңыз. Пульсін, АҚҚ, температурасын өлшеңіз, тері және шырышты қабатын қараңыз. АҚҚ жасының көрсеткішінен 20% төмендесе анафилактикалық реакция пайда болуына күмәндануға болады.

6. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз немесе оттегін беріңіз.

7. Егер иньекция қолына салынса, жгутты жоғарырақ байлаңыз

8. Иньекция орнына мұзды мұйық қойыңыз.

9. Аллергиялық препарат мұрын немесе көз арқылы енгізілсе, сумен шайып, 1-2 тамшы 0.1% адреналин ерітіндісін енгізіңіз.

10. Препарат тері астына енгізілсе сол жердің маңайына 0,1% адреналин ерітіндісін айналдыра шаншып салыңыз (1мл 0.1% адреналин ерітіндісін 10мл физиологиялық ерітіндісіне).

11. Дәрігер келгенше 400мл физиологиялық ерітіндіге 2мл, 5мл 5-6 дана шприц, адреналин, глюкокартикостероидтар дайындаңыз.

12. Дәрігердің нұсқауымен баланың 1жасына 1мл 0.1% ерітіндісін физиологиялық ерітіндіге ерітіп тамшылатып енгізіңіз. Гипотония сақталса 20мин кейін қайталаңыз.

13. Айналымдағы қан көлемін физиологиялық ерітіндісімен толтырып отырыңыз. Сағатына 20-40мг/кг. АҚҚ нормаға келгенде инфузия енгізу жылдамдығын төмендетіңіз.

14. Глюкокортикоидтар: преднизалон 5-10мг/кг немесе гидрокартизон 10-15мг/кг.

15. Реанимация бөлімшесіне дәрігер реаниматологпен бірге, үнемі инфузия жүргізіп және өмірге маңызды көрсеткіштерін бағалай отырып жеткізіңіз.

 

26. Стандарт: «Гипертермия кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету» Мақсаты: дене қызуын түсіру. Іс – шара алгоритмі:

1.Баланың төсекке жатқызыңыз..

2. Кеудесін қысып тұрған, киімін шешіп босатыңыз. 3.Таза ауамен қамтымасыз етіңіз. 4.Дене қызуын өлшеңіз:

а) егер дене қызуы 37,0 – 37,5С болса, көп мөлшерде сұйықтық ішкізіңіз;

б) егер дене қызуы 37,5 – 38,0 С болса:

- баланы шешіндіріп, физикалық суыту жүргізіңіз: 1:1 қатнаста спирті сумен араластырып, баланың денесін сүртіп, жауып қойыңыз;

- маңдайына суық компресс қойыңыз;

в) егер дене қызуы 38,0 – 38,5 С немесе одан жоғары болса, - дене қызуын түсіретін препараттар беріңіз – панадол, парацетамол, ибупрофен т.б.

5. Оксигенотерапия жүргізіңіз..

6. Көмек көрсетіліп басталғаннан алғашқы 20 – 30 минут ішінде баланың зәр шығаруын қамтамасыз етіңіз.

7. Әр 20 – 30 минут ішінде дене қызуын өлшеп тұрыңыз.

8. Қайталау термометрияның көрсеткішіне байланысты, көрсетілген көмекті бағалаңыз.

27. Стандарт: «Тырысу кезінде балаларға жедел көмек көрсету»

1. Баланы жұмсақ тегіс жерге жатқызып, жарақат алатын заттарды алып тастаңыз.

2. Кеудесін қысатын киімді босатыңыз.

3. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз, мүмкіндік болса ылғалданған оттегін беріңіз.

4. Азу тістер тіс аралығына бинтке оралған пательді салыңыз.

5. Дәрігердің нұсқауымен көк тамырға немесе бұлшықетке келесі препараттарды еңгізіңіз:

– реланиум(сибазон, брюзепам) -0,1 мл/кг;

– дроперидол 0,1 -0,2 мл/кг әр бір жасына;

– 25 % магнезия сульфат ерітіндісі 0,1-0,2 мл/кг;

– ГОМК 50-100 мг/кг.

6. Тырысудың себебін анықтап, емдеу.

28. Стандарт: «Стеноздаушы ларингит кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету»

1. Тыныштық жағдай орнатыңыз.

2. Баланың бас жағын көтерікі етіп, жатқызыңыз.

3. Кеудесін қысатын киімінен босатыңыз.

4. Таза ауамен қамтамасыз етіңіз.

5. Алдамшы терапиясын жүргізңіз (кеудесіне немесе балтырына қыша қағазын қойыңыз, аяқ ваннасын өткізңіз, аяғына жылытқыш қойыңыз).

6. Булы ингаляция жүргізңіз: 2% натрия бикарбонат ерітіндісімен(туймедақ тұмбасымен, шалфей, мать и мачеха, эвкалипт тұмбаларымен).

7. Жылы сілтілі сүйықтық берңіз (сүт, минералды су «Боржоми».Аз мөлшерде, жиі ішу керек).

8. Ингаляция жүргізіңіз - адреналин ерітіндісімен(эпинефрин ерітіндісімен стеноздың 2-3 дәрежесінде).

9. Оксигенотерапия жүргізіңіз.

10. Азрозоль түрінде ингаляция жүргізіңіз: сальбутамол немесе биротек (2 рет).

11. Бұлшық етке немесе көк тамырға преднизолон, эуфиллин, супрастин еңгізіңіз.

12. Әсер болмаған жағдайда гипоксия өршісе стеноздың 3- 4 дәрежесінде көмейдің интубациясын жүргізіңіз.

13. Жедел ауруханаға жеткізіңіз.

29. Стандарт: «Әр жастағы балаларға жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу»

 

Жүрек өкпе реанимациясы АВС сатысы Софара ережесі бойынша жүргізіледі.

А сатысы – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін орнына келтіру

В сатысы – өкпеге жасанды дем беру

С сатысы – жүрекке тікелей емес массаж

А сатысы:

1. Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызыңыз. Көмекке шақырыңыз.

2. Иық астына валик салыңыз, басын артқа шалқайтып, иегін төмен тарту.

3. Ауыз қуысын шырыш, құсық массасынан тазарту: электроотсоспен, резенке балонмен немесе дәкемен.

В сатысы:

4. Баланың аузына және мұрнына дәке салыңыз.

5. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузының және мұрынының үстіне (бір жасқа дейінгі балаларға);баланың аузының немесе мұрнының үстіне (ересек жастағы балаларға)

6. Жеткілікті мөлшердегі ауа көлемі баланың кеудесі ақырын көтерілгенге дейін.

7. Қайталап дем беруді өздігінен дем алғанға дейін жалғастырады.

С сатысы:

8. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызыңыз.

9. Қолды төс сүйегіне орналастыру орны:

а) жаңа туған балаға – үлкен

басбармақтың алақан бетін төске,

басқа саусақтарын арқасына қою;

б) 1-12 айлық балаға - 2 және 3 саусақ

ұштарын төске қояды;

в) 6-7 жастағы балаға – бір алақанның

проксимальды бөлігін төске қояды;

г) 7 жастан жоғары балаға – екі алақаның

проксимальды бөліктерін, айқастырып, көбелек тәрізді төс сүйегіне қояды.

10. Төс сүйегіне төмен басу арқылы 0.5 сек ұстап тұрыңыз.

11. Жүрекке тікелей емес массаждың нәтижесін бір минут ішінде бағаланады (нәтижесі оң болса, жүрек соғысы қалыпқа келеді, қарашықтары кеңійеді, цианоз жойылады)

12. Балаға ылғалды оттегін беріңі



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Распределите слова в две колонки произносится только e, произноситься только е | Что должны знать родители о ФГОС
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1228 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2538 - | 2233 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.