Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс. Су астында құбырларды орналастыру. Терминалдар.Стингер.




 

Құбырдың ұзындығы өскен сайын баржа бірнеше километрге алдыға жылжиды. Баржа орын ауыстырған сайын пісірілген, рентгеноскопиядан өткен, оқшауланған құбырдың жаңа бөлігі арнайы «стингер» деп аталатын еңіс алаңы бойымен төмен суға түсіріледі. Стингер құбырды бірнеше арақашықтықта су астында устап, оны бір белгілі бұрышпен теңіз түбіне бағыттайды.

Құбыр орналастырғыш баржаның қозғалуымен ол өзінің соңына осы заттарды сүйреп, теңіз түбінде траншеяны қазады. Құбыр осы траншеяға түсіп, оның үсті теңіз толқуынан құммен себіліп, әртүрлі заттардан қорғалады. Құбырларды орнату үрдісінде су жүзгіштері стингер мен құбырды үнемі тексереді. Олар теңіз түбіндегі бөгеттерді, құбырдың дұрыс орналасуын және стингердің орнын бақылап отырады. Платформаға құбырды орналастырғаннан кейін су жүзгіштер оны тұраққа жалғап, одан кейін теңіз түбінен палубаға көтерілетін құбыр бөлігіне жалғайды.

Құбырды пайдалануға дейін ол пресстеліп, тығыздыққа тексерілуі тиіс. Сол сияқты палубадағы барлық жабдықтар, құбыр, жетек, қақпақтар және өшіргіштер, шикі мұнайды жерден алатын сораптар, жағаға мұнайды ығысрытатын жүйелер адам және қоршаған ортаға зиянын келтірмей, дұрыс жұмысын жүргізу үшін бірнеше рет бақыланып, тексерілуі керек.

Кейін терең суларда құбырларды орнату үшін жаңа технология қолдана бастады. Оның маңызы- теңіз түбіне құбырды батыру үрдісінде құбырда болатын кернеулерді реттеу үшін бағыттайтын құрылғы –стингердің орнына арнайы понтондар қолданады. Ны қолдану құбырдың майысуын азайтып, қатаң гидрометеорологиялық жағдайларда қауіпсіз оларды түсіріп орнату мүмкіндгін береді.

Құбырлы әртүрлі орындарға орналасуы мүмкін. Олар теңіз жинау станцияларына апарып, онда мұнай мен газ ары қарай бөлініп, содан кейін кері қарай құбырға бағытталып, жағаға апарылып қосымша өңдеуге жіберіледі. Кейбір құбырлар үлкен мұнай базалары бар жағада тоқтап, мұнда көмірсутектер ары қарай мұнай өңдейтін зауыттарға тарату үшін сақталады. Көмірсутектер мұнай өңдеу зауытына жер асты құбырлар бойымен тікелей тасымалданады, немесе теңіз терминалдарынан танкерлерге салынып, басқа жерлерге жеткізіледі.Терминалдан бірнеше танкерлер жүктелініп, немесе жүктерін босатуға болады. Көппричалды терминалдар ауа-райы нашар жерлерде жасырын зоналарда орналасады.

Якорлеу жүйесі бойынша танкер ірі диаметрлі шарнирлі қосылуы бар штангамен жалғанады. Ағымдар мен толқындардың әсерінен болатын кеменің орын ауыстыруына қарамай осы жалғанудың еркін орын ауыстыруы мұнайды жүктеуге мүмкіндік береді. Танкерлерден неменсе жағадағы мұнай базаларынан шикі мұнай немесе табиғи газ жағадағы зауытқа жеткізіліп, онда олар мұнай, газ және химиялық кәсіпшілік өнімдеріне өңделеді. Осы зауыттарда көмірсутектер біз күнделікті қолданатын көптеген өнімдердің ингредиенттері болып келеді. Олар бензин және мотор майы, синтетикалық маталар және желімдер (пласстмассалар), асфальт, әрбір үйге қажетті жанармай болып шығарылады.

 

Негізгі әдебиет: 1. [263-269], 5. [469-473]

Бақылау сұрақтары:

1. Құбырларды ең алғашқы рет қалай орналастырады?

2. Жағадағы монтажды-пісіру алаңында не орындалады?

3. Құбырларды орналастыру үшін нені қолданады?

4. Стингер деген не және не үшін қажет?

СЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ

Негізгі әдебиет

1. Сулейманов А.Б. и др. Эксплуатация морских нефтегазовых месторождений. М. Недра 1986 г.

2. В.Ф. Соколов и др. Морские инженерные сооружения. С.-Петербург «Судостроение»,2003 г.

3. Скрыпник С.Г. Техника для бурение нефтяных и газовых скважин на море. М. Недра, 1982г.

4. Гусейнов Т.И., Алекперов Р.Э. Охрана природы при освоений морских нефтегазовых месторождений М. Недра, 1989 г.

5. А.Б. Золотухин, О.Т. Гудместад, А.И. Ермаков и др. «Основы разработки шельфовых и нефтегазовых месторождений и строительство морских сооружений в Арктике» - М.: ГУБ Изд-во «Нефть и газ»,2000г.-770с.

6. И.Т.Мищенко, В.А. Сахаров и т.д. Сборник задач по технологии и технике добычи. М: Недра, 1984 г.

Осымша әдебиет

1. Гусейнов Ч.С., Иванец В.К., Иванец Д.В. Обустройство морских нефтегазовых месторождений. – М.: ГУБ Изд-во «Нефть и газ»,2003г

2. Мицевич В.И. и др. Разведка и эксплуатация морских нефтегазовых месторождений.

3.З.Капустин Х.Я. Строительство морских трубопроводов М. Недра, 1982 г.

4. Кулиев Н.П. Основные вопросы строительство нефтяных скважин в море. Баку. Азернефть, 1958 г.

5. Никитин Б.А. и др. Расчет устойчивости морских нефтегазопромысловых инженерных сооружений гравитационного типа, РГУ им. И.М. Губкина, 2005 г.

6. Юрчук А.М., Истомин. Расчеты в добыче нефти. М.Недра,1979г.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 984 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2343 - | 2067 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.