Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады. Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе баска өндірістсрге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен катар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады. көптеген қалалардағы ластанудың өсуі, ластағыштардың қоршаған орта мен адам организміне түсуі; қала аумақтары мен қала халқы санының өсуі, халықтың тығыз орналасуы, мегаполистердің халық саны ондаған миллионға жететін одан да ірі урбоареалдарға айналуы; табиғатты ығыстыру, табиғи ландшафтардың жасанды ландшафтарға ауысуы;адамның табиғатпен тікелей байланысының (көзбен, иіс сезу, түйсік, дыбыс арқылы) жоғала бастауы, табиғи сезім мүшелерінің жағымсыз жасандыға ауысуы және олардың қарқынды түрде өсуі; адамның табиғи биологиялық ырғағына әсер (түннің шектен тыс жарық болуы, шуыл, ұйықтау орнына түнде жұмыс істеу және т.б.).
37 Эльтонның «экологиялық жарылыс» түсінігіне анықтама бере отырып оны мысалдармен талдаңыз. Жауар жалпы жарылыс жайлы
Советтік дәуірде радиодан Жаңа Жерде (Новая Земля) немесе Семей полигонында ядролық жарылыстар өткізілгені туралы хабарлағанда, әрдайым бұның халықтың игілігіне жасалып жатқанын қосып айтатын еді. Ал нақты қай игілігіне атомдық зарядтар жарылып жатқаны туралы сұрақ әдетте қозғалмайтын. Маңғыстау облысында Үстірт платосында 1969 және 1970 жылдары үш жерасты ядролық жарылыс жасалған. Ол кездері бұл жарылыс жұмыстары жасанды су қоймаларын құру қажеттілігімен түсіндірілген. Халық тұрмайтын шөл далада сол сулы жерлердің кімге керектігін және Маңғышлақтың құрғақ климатында оларда қайдан су пайда болатынын ешкім ашып айтқан жоқ. Нәтижесінде тереңдігі 20 метр және диаметрі 300 метр болатын екі опырылған ойыс пайда болған жарылыстар орындарында мүмкін емесжоғары радиоактивті фон тұрғаны жөнінде облыста отыз үш жыл бойы әңгіме жүріп жатты. Бірақ сонда да ешқандай зерттеулер жүргізілген жоқ. Сақтық шараларының барлығы тек жарылыстар жерлерін қоршап, қауіп жөнінде ескерту жазылған белгілер іліп қоюмен ғана шектелді. Бұл қоршаулар адамдарды қорқытқан жоқ, керісінше назар аударғызды – шопандар дуалды қой үшін ашық қора ретінде қолданды. Міне, көптен күткен зерттеулер жақында ғана жүргізілді. Жарылыс орындары мен оның аймағындағы жерлер учаскілерін Курчатов қаласының ұлттық ядролық орталығының мамандары тексерді. Топырақ, су, сонымен қатар өсімдік қабатының бөліктері сынау жүргізу үшін алынды. Радиоактивті қауіпсіздік пен экология институтының ақпаратты-аналитикалық бөлімінің бастығы Юрий Стрильчуктың айтуы бойынша барлық зерттеліп жатқан үш аймақта радионуклидтер анықталды. Радиоактивті бүлінудің бірінші учаскесі Ақтоты жерінде. Диаметрі 30 метр болатындай радиоактивті ластанудың кішігірім дағы кезінде жер астына ядролық заряд енгізілген скважинаның дәлме-дәл үстінде орналасқан. Топырақ бетіндегі доза қуаты сағатына 60 микрорентгенге дейін жетеді – ал бұл фонның қалыпты жағдайдағыдан төрт есе жоғары болуы. Демек адамдар мен жануарларға бұл жерде үш айдан астам уақыт болуы аса қауіпті. 6-Т скважинасына таяу орналасқан екінші опырылған ойыстың радиоактивті ластануы сағатына 30 микрорентгеннен аспайды. Бірақ скважинаның дәл басында бұл шама сағатына 1,5 мың микрорентгенге дейін шұғыл өседі. Мамандар басты қатерді, сирек болса да, осы аймақтарда болатын жергілікті тұрғындар арқылы радиоактивті ластанудың орын ауыстыру мүмкіндігінен көреді. Сважина үстіндегі кіріс жері (устье) зақымдалған жағдайда, радиоактивтік ластану үлкен территорияға таралуы мүмкін. Мамандар айтуы бойынша, топырақ бөлшектерінің шаң-тозаңмен орын ауыстыруымен байланысты екінші ретті ластанудың анық қауіп-қатері бар, сондықтан осы учаскелердің рекультивациясын, яғни ластанған топырақ бетін жинап алып, көміп тастап, ал 6-Т скважинасының бастауын бетонмен жауып тастауды, өкізуді ұсынады. Мұндай қауіптену өте негізделген. Облыстың радиологикалық бақылауы жүргізілу кезінде Ақтау қаласы территориясы мен жақын жатқан аудандардағы табылған радиоактивті ластану көздерін мұнда адамдардың жеткізгені анықталды, және де ең қатты радиоактивті сәулелерді мұнай кен орындарынан ұрланған металл құбырлар мен Маңғыстау химиялық кешенінің қалдықтарынан ұрланған жабдықтар бөліктері шығарады. Металды адамдар қаылдау пункттарына тапсырды да, бұрғылар құбырларын өз саяжайларында пайдаланылады. Саяжайларда құрылған осы сияқты кейбір «бұйымдар» сағатына 1,5 мың микрорентген сәуле шығарды – ядролық жарылыс ауданындағы скважинадағыдай. Бұл радиоактивті сәуле шығару көздерін жергілікті тұрғындардан тәркілеп, арнайы полигондарда көмеді. Бірақ кейде ойламаған жағдайлар болады. Мысалы, осындай оқиға болды: саяжайлардың біреуінде сағатына 700 миллирентген сәуленетін тоттанбайтын метал қағазы табылды. Оның қожасын темірге жақындамауы және мамандар келіп оны алып кететіні туралы ескертті. Бірақ мамандар келгенде жаңағы радиоактивті металдан оның фоны ғана қалғаны анықталды. Радиация бар да, ал метал жоқ. Қайда? Сөйтсе, саяжай иесі оны үйдің жарына қадап, оның үстінен кілем іліп қойған. Радиоактивті болса да, өз дүниесімен қоштасқысы келмеген ғой.