Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Улы токсиканттардың биологиялық әртүрлілікке әсерін сипаттаңыз.




Токсикология (грекше toxіkon – у және logos – ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы. Токсикологияның бірнеше саласы бар. Мысалы: § әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология; § ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді. Қазіргі токсикологияда үш негізгі бағыттары бар: - теориялық; - профилактикалық (гигиеналық); - клиникалық;
Теориялық токсикология - экзогенді химиялық огенттермен осы жүйенің араласу процесстері байқалатын, тірі жүйедегі әртүрлі түр өзгерістерінің жоғалуын немесе дамуын, араласу механизмі мен заңдылықтарын, формасын, түрін, оқытады.Қоршаған ортаның химиялық компоненттерінде адамзатқа қолайлы экологиялық бағыттардың жасалуы оның жетістіктеріне жатады. Профилактикалық токсикология – адам айналасындағы өндірісті немесе өндірісті емес ортаның химиялық құрамының антропогенді және табиғи өзгеруі адамда химиялық этнология (химиялық аурулар) ауруларының пайда болуын ескертетін бағыттар. Профилактикалық токсикология ҚО әртүрлі химиялық қосылыстардың токсико-гигиеналық әдістері мен принциптерін, сонымен қатар тікелей немесе жанама байланыс жасайтын ғылыми негізді құрайды және зерттейді.

 

11. Қоршаған ортаны қорғау туралы ООН-ның Стокгольм конференциясына (1972 ж.) жасаған сараптаманы сызба нұсқа түрінде беріңіз;

Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Адамдарды қоршаған орта проблемалары жөнiндегi конференциясы қабылдаған (Стокгольм, 1972 ж.) және Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының ХХҮII сессиясында қанағат сезiмiмен назарға алынған Iс-қимыл жоспарының 32-ұсынысын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, мына төмендегiлер жайында келiстi: I бап. Айқындаулар II бап. Негiзгi принциптер III бап. Құрып кету қаупi төнген қоныс аударатын түрлер: IV бап. Келiсiмдер нысанасы бола алатын қонысаударатын түрлер: V бап. Келiсiмдердiң нысаналы шеңберлерi VI бап. Таралу аймағының мемлекеттерi; VII бап. Тараптар КонференциясыҮ: VIII бап. Ғылыми кеңес: IX бап. Хатшылық: 1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн: а) "қоныс аударатын түр" - едәуiр бөлiгi ұлттық юрисдикцияның бiр немесе бiрнеше шекарасынан ауық-ауық және бұлжымас айқындықпен өтетiн жабайы жануарлардың кез келген түрлерiнiң немесе олардың кез келген неғұрлым төменгi таксондарының бүкiл таралымын немесе географиялық тұрғыдан оқшауланған бөлiгiн бiлдiредi;
b) "қоныс аударатын түрдiң сақталу мәртебесi" - осы қоныс аударатын түрдiң таралуына және санына әсер етуi мүмкiн ықпалдардың жиынтығын бiлдiредi; с) "сақталу мәртебесi", егер; 1) таралым серпiнi туралы деректер қоныс аударатын түр ұзақ мерзiм бойына өзiнiң экологиялық жүйелерiнiң тiршiлiк етуге қабiлеттi бөлiгi болып қалатынын көрсетсе; 2) қазiргi кезде қоныс аударатын түрдiң таралу аймағы тарылмаса немесе ұзақ мерзiмдiк негiзде мұндай таралуы екiталай болса; 3) қазiргi кезде осы қоныс аударатын түрдiң таралымын ұзақ мерзiмдiк негiзде сақтау үшiн жеткiлiктi тiршiлiк ортасы бар болса және ол таяу болашақта да болатын болса;
4) осы қоныс аударатын түрдiң таралуы мен саны тiршiлiк ету кеңiстiгi және көлемi бойынша ықтимал жарамды экологиялық жүйелер орын алатын деңгейде және бұл тiрi табиғатты ақылға қонымды сипатта басқаруға сәйкес келетiн деңгейде тарихи қалыптасқан жағдайларға жақындап қалған болса, "қолайлы" деп саналады;

 

Радиацияның, тұқым қуалау қасиетінің құрлымына әсер ету нәтижесінде мутацияға (рак, генетикалық аурулар) әкелуін түсіндіріңіз

Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды. Мемлекеттердің кейбір құжаттарында радияцияның нағыз мөлшері белгіленген. Халықаралық деңгей бойынша қазіргі кезде адамдарға радияциялық доза 0,1 бэрден аспауы керек. Профессионал мамандар дайындау оқу орындарына ППД-ның (предельно допустимая доза) 5 бэрден аспауы тиіс, иондалған сәуле тарататын аймақта да тұратын адамдардың ағзасында радиацияның мөлшері 0,5 бэр болуы мүмкін. 70 жыл өмір сүрген адам радияциялық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы мүмкін. Бұл көрсеткіш ағзаларға онша қауіп төңдіре қоймайтыны анықталған. Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде жылына 250-400 м бэр радияция алатыны сөзсіз Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радияциялық ластану болып қалып отыр. Радиактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдістері де, басқа да механизмдері де жоқ. Қоректік тізбек бойынша тарала отырып (өсімдіктерден жануарларға) радиоактивті заттар азық-түлік өңімдерімен бірге адам ағзасына түсіп, адам денсаулығына зиянды мөлшерге дейін жиналуы мүмкін. Мутация [1] (латын тілінде mutatіo – өзгеру) – табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде организмнің белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар. ' Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі. [2]. Бұл тосыннан, кейде сыртқы факторлардың әсерінен болуы мүмкін (қараң. Мутагендер). Генетикалық кодты анықтайтын жүйедегі бір азоттық негіздің орнын басқа біреу алмастырса немесе бір немесе одан да көп негіздер генге енгенде немесе геннен жоғалғанда гендік мутация пайда болады. Мутациялардың көбі зиянсыз; оларды үнемі қалыпты доминанттық ген (қараң. Доминанттық) жауып тұрады. Кейбір мутациялар айтарлықтай салдар туғызады; мысалы, ата-анасының екеуінен де тұқым қуалақшылықпен берілген белгілі бір мутация Орақ-жасушалы анемияның пайда болуына әкеп соғады. Ұрпаққа жыныстық жасушаларда (аналық жасушасы немесе аталық ұрық) пайда болған мутациялар ғана беріледі. Әдетте, бұндай мутациялар ағзаға қауіпті. Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады. Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады. Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар: *моногендік; *хромосомалық; *мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 667 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2267 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.