Лекции.Орг


Поиск:




Негізгі ұғымдар:Алым, тіркеу, лицензия




1. Алымдар салық төлеушілерге белгілі бір құқықтық мәртебе берілгенде немесе белгілі бір қызмет түрін бастар алдында төленеді. Алым да төлем болып табылады.

Алымдардың салықтардан айырмашылығы:

1) Алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни, мемлекет заңды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды, ал, салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;

2) Салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады.

3)Алым бір жолғы төлеи блып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, қашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;

4)Салық төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс-шараларын қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: Бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.

Тіркеу алымдары – уәкілетті мемлекеттік органдар тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.

Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Тіркеуші органдар тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.

Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Салық салу объектісі. Алымдар мынадай тіркеу іс-әрекеттеріүшін алынады:

- заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны) және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ қайта тіркегені;

- дара кәсіпкерлерді;

- жылжымайтын мүлікке және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды;

- жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе салынып жатқан кеменің ипотекасын;

- радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды;

- көлік құралдарын, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

- дәрілік құралдарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

- туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды, сондай-ақ оларды қайта тіркегені;

- мерзімді баспа басылымын және ақпарат агенттігін мемлекеттік тіркегені (есепке қойғаны).

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып есептеледі

2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру мен қызметін тоқтатуды мемлекеттік (есептік) тіркеу, оларды қайта тіркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын алуы кезінде алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіпен және жағдайлардда уәкілетті органдар жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін заңды тұлғалар, сондай-ақолардың филиалдары мен өкілдіктері алым төлеушілер болып табылады.

3. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады.

Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік жүзеге асырады.

Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.

Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып белгіленеді.

1) * лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:

- мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану –АЕК-тің 500 еселенген мөлшері;

-тау-кен, мұнай-химия, химия өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральды газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану – АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;

2) ** лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:

- азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау –АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;

- азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газды қару мен оның патрондарын сатып алу – АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;

3) *** лицензиялық қызмет үшін лицензиялық алым ставкалары:

- азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, өткізу –АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;

- азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу –АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;

4) **** банк операцияларына байланысты қызметті лицензиялау үшін лицензиялық алым ставкалары:

- екінші деңгейдегі банктер үшін –АЕК-тің 80 еселенген мөлшері;

- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін АЕК-тің 40 еселенген мөлшері.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1307 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

819 - | 738 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.