Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Диабет кезінеде аяқты қалай күтесіз?




Диабеттік табан. Диабеттің қатерлі асқынуы, ол қандағы глюкоза деңгейі жеткілікті бақыланбайтын науқастардың көпшілігінде байқалады. Бұл ауру болған кезде кесіп тастауды болдырмау, аяғын сақтап қалу үшін пациентке арнаулы күтім жасау қажет.

1. Аяқ башпайларындағы тырнақты абайлап қырқыңыздар (бәрінен де тырнақтарды абайлап егеген дұрыс). Егер де сіздер бұл ретте мұнымен башпайдың жұмсақ тіндеріне зиян келтіруге тәуекел етсеңіздер, онда тырнақтық беттердің бұрыштарындағы тырнақтарды қырықпаңыздар. Аяқтардың жұмсақ тіндерінің кез келген, тіпті мардымсыз зақымдануының өзі жараға бастама болуы мүмкін екендігін есте ұстаңыздар.

2. Жалаңаяқ жүрмеңіздер, аяқтарды өткір заттардан мүмкін болатын барлық жарақаттардан қорғаңыздар.

3. Спорттан бас тартыңыздар, бұл кезде сіздер аяқтарыңызды жарақаттауға тәуекел етесіздер.

4. Аяқтарды ылғалдаушы креммен майлаңыздар және аяқ терісінің құрғамауын және жарықшақтанбауын қадағалаңыздар.

5. Аяқтарды күн сайын жылы сумен сабындап жуыңыздар. Аяқтарға компресстер салмаңыздар.

6. Қызарулар, іріңдеулер немесе шағын жаралар айқындалған кезде дереу дәрігерге жүгініңіздер.

Диабеттік табан синдромы дамуын болдырмау оны емдеп жазудан анағұрлым оңайырақ. Диабет – созылмалы ауру, сондықтан аяқтарға мұқият күтім жасау күн сайынғы әдетке енуі тиіс. Қолайлы және қолайсыз аяқ киім Диабетпен ауыратын науқас үшін басты проблема аяқ киім таңдау болып табылады. Пациенттер жанасушылық сезімталдықтың төмендеуінен жылдар бойы терінің зақымдануын сөзсіз туындататын тар, қолайсыз аяқ киім киеді.

Диабетпен ауыратын науқас аяқ киім таңдауы тиіс критерийлер: табиғи тері, жұмсақ, ішінде өрескел тігістері болмауы тиіс (қолмен тексеріңіздер), толықтығы, өлшемі және көтерілім биіктігі бойынша еркін, сай келетін, башпайлар қысылып қалмас үшін, кең, жабық тұмсықтары бар аяқ киім. Жабық өкшесі мен тұмсығы бар үй тәпішкелері, өкше нәлден биік болуы керек. Аяқ киімді мақта-маталық шұлықпен кию, 1-ден 4 см-ге дейінгі өкше. Аяқ киім жүре келе қолайлы болады деп үміттенуге болмайды, аяқ киім сатып алынған сәтінен бастап қолайлы болуы тиіс. Аяқ киімді үнемі алмастырып тұру. Аяқ киімді күннің екінші жартысында сатып алу ұсынылады. Аяқ киімді ісінген, шаршаған аяққа таңдаған дұрыс, сонда ол кез келген уақытта тура келеді. Аяқ киімді таңертең ертерек өлшеп көру мен сатып алудың қажеті жоқ.

Диабет кезінде аяқтарға күтім жасаудың тағы да бірнеше маңызды ережелері бар: кез келген кесіп алулар, сыдырып алулар, күйіктер мен аяқ терісінің ең мардымсыз зақымданулары – бұл маманға жүгіну үшін себептер. Аяқтарды, оның ішінде қолжетімділігі қиын жерлерін күн сайын қарап шығу жаңадан пайда болған жараны өз уақытында айқындауға мүмкіндік береді. Аяқтарды мұқият жуу мен кептіру – күн сайынғы міндетті рәсім. Аяқтардағы сезімталдық бұзылған кезде шомылатын кездегі су температурасын мұқият бақылау керек. Күйіп қалуларға жол бермеу үшін ыстық ванналар қабылдауды, қыздырғыштарды пайдалануды болдырмау. Қатты мұздау да аяқтар терісінің жай-күйінен залалды көрінісін табады. Қыс айларында қатты мұздауға жол беруге болмайды. Әрбір күн аяқ киімді қарап шығудан басталуы тиіс. Ұсақ тастар, құм қиыршықтары, қағаз ұзақ уақыт әсер еткен кезде елеулі трофикалық жараларға әкеледі. Аяқ киімді киерден бұрын, онда бөгде заттардың жоқ екендігіне көз жеткізген жөн. Шұлықтар мен ұйықтарды алмастыру күніне екі рет жүргізілуі тиіс. Қатты қысатын резеңкесіз, табиғи материалдардан жасалған шұлықтарды сатып алған жақсы, шұлықты жамалғаннан кейін пайдалануға болмайды.Табандардың сезімталдығы төмендегендіктен, диабеттен зардап шегетін адамдарға жағажайда, орманда және тіпті үйде де жалаң аяқ жүру ұсынылмайды, өйткені табанда пайда болған жарақатты байқамай қалуға болады.

Қант диабеті кезінде жарақаттарды өңдеудің өз ерекшеліктері бар. Табандағы жарақаттарды спирттік ерітінділермен (йод, жасыл дәрі), сондай-ақ марганцовкамен, жемір заттармен және малмалық әсері бар және оттекті өткізбейтін жақпа майлармен (Вишневский жақпа майы) өңдеуге болмайды. Егер олар таза болса, онда сыдырылған жерлерді фурацилин ерітіндісімен; егер жарақат іріңді немесе ластанған болса, онда – сутек асқын тотығымен өңдеуге болады. Диабет кезіндегі мінсіз заттар мирамистин мен хлоргексидин болып табылады. Зақымданған жерді өңдегеннен кейін таза мәрлілік таңғыш байлаған немесе дәріханадан арнаулы таңғыштарды сатып алған жөн – олар жұмсағырақ, ылғалдылық пен стерильділікті жақсы сақтайды. Солкосерил сірнесін пайдалану ұсынылады, ол жарақаттардың жазылуына септігін тигізеді, оттек өткізетін үлдір түзеді. Сондай-ақ ируксол, актовегин жақпа майларын қолдануға болады. Қант диабеті кезінде сөзсіз пайда болатын сүйелдерді өткір жүздері бар қайшылармен алып тастауға болмайды: қант диабеті кезінде сезімталдықтың төмендеуі теріні кесуге және жарақаттардың пайда болуына жағдай жасауы мүмкін. Тырнақтар алуды түзу сызық бойынша, бұрыштарын шеңберлеусіз жүргізу керек. Өсіп кеткен тырнақтар проблемасын шешуді дәрігерге ғана сеніп тапсыруға болады. Жұмсартушы бұласырларды пайдалануға жол берілмейді – олар ауа өткізбейді, ал оттек жоқ болған кезде зақымданған жерде анаэробты бактериялардың көбеюі мүмкін, олар оттексіз ортада өздерін тамаша сезінеді және анаэробты іріп-шірудің дамуына септігін тигізеді. Терінің шамадан тыс құрғақтығы майлы кремдердің немесе жақпа майлардың көмегімен кетіріледі. Бұлар - балалар кремі мен құрамында шырғанақ майы бар кремдер. Башпайлардың аралығын креммен өңдеуге болмайды. Жоғары механикалық қысым болған жерлердегі гиперкератоз (терінің мүйізденуі) жара түзілу тәуекелінің арандатушы факторы болып табылады. Сондықтан олардың дамуының алдын алу табанның проблемалық аймақтарын өңдеуді, иперкератозды кетіруді, аяқтарға арналған қоректендіруші және ылғалдаушы кремдерді пайдалануды қамтиды. Мүйізденген жерлерді тек дәрігер – скалермен немесе скальпельмен тері қабатын жарақаттамай, механикалық жолмен кетіреді. Қант диабеті кезінде пайдалануға болатын кремдердің құрамында әртүрлі мөлшердегі несепнәрлер бар: бальзамед, альпресан болады. Олар терінің жазылуын тездетеді, қабыршақтанудан сақтандырады, құрғақтықты кетіреді, ауырсынуды төмендетеді және өкшелер мен сүйелдерде жарықшақтардың пайда болуын тоқтатады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1842 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2282 - | 1988 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.