$$$007
Пневмококты пневмонияға ЕҢ сәйкес келетін патоморфологиялық көрініс қандай?
А) Өкпелер деструкциясы
В) Фиброзды қабыну
С) Көптеген некроз ошақтары
D) Инфаркт тәрізді өкпе некрозы
E) Интерстициальді зақымдану
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}=1
{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И. 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=ZO
$$$008
Ер адам 48 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,80С, тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінде оң жақ IV қабырғааралықтан төмен дыбыстың тұйықталуы, аускультатияда ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммда: оң жақ S6, S9 сегменттерінде домалақ формалы, диаметрі 3 см сұйықтық деңгейімен екі қуыс анықталды. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.
Аталған микроорганизмдер ішінде көрсетілген аурудың ЕҢ ықтимал қоздырғышы қайсысы?
А) Staphylococcus aureus
В) Steptococcus pneumoniae
С) Klebsiella pneumoniae
D) Micoplasma pneumoniae
Е) Haemophilus influenzae
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$009
39 жасар әйел, ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, еріндері көгерген. Тыныс алу жиілігі минутына 32 рет. Өкпесінде екі жақ жауырын асты аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда: крепитация естіледі. Жалпы қан талдауы: эритроциттер – 8х1012/л, гемоглобин – 150 г/л, лейкоциттер – 16х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Рентгенограммада – өкпе негізінде күңгірт шыны тәрізді ошақты өзгерістер, ұсақ кистозды түзілістер анықталады.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
А) Өкпе ісігі
В) Фиброздаушы альвеолит
С) Туберкулез
D) Актиномикоз
E) Саркоидоз
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$010
Ер адам 70 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 40,10С. Тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінің оң жақ жоғарғы бөлімдерінде дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің (S2) сегментінде сұйықтық деңгейімен домалақ формалы қуыс анықталады. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер -18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде этиологиялық критерилері бойынша ЕҢ ықтимал болжам диагноз қайсысы?
А) Стафилококты пневмония
В) Пневмококты пневмония
С) Фридлендерлік пневмония
D) Микоплазмалық пневмония
Е) Гемофильді пневмония
{Дұрыс жауап}=C
{Күрделілігі}=2
{Оқулық}= (Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=FM
$$$011
Ер адам 47 жаста, күшті жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, тырналған іздер бар. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйіндерінің өлшемі 1 см, тығыз. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет. Оң жақ өкпеде үшінші қабырғааралықтан төмен өкпе дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген. Жалпы қан талдауы: эритроциттер–3,2х1012/л, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер–8,6х109/л, ЭТЖ 34 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі болып табылатын қайсысы?
А) Ультрадыбысты зерттеу
В) Рентгенографиялық зерттеу
С) Компьютерлік томография
D) Өкпе бронхоскопиясы
E) Радиоизотопты сканирлеу
{Дұрыс жауап}= D
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА
$$$012
Ер адам 56 жаста, қақырықпен жөтелге, түнгі тершеңдікке шағымданады. 2 апта бұрын құрт инвазиясы анықталған. Қарап тексергенде: терісі бозғылт. Тыныс алу жиілігі минутына 28 рет. Өкпесінде оң жақ IV қабырғаарлықтан төменгі бөлікте дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада оң жақ өкпенің S6 сегментінің төменгі бөлігінде инфильтрация анықталады. Қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, эозинофильдер 12%, ЭТЖ 28 мм/сағ. Қақырық талдауында эозинофильдер бар.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді дәрілік препараттар тобы қайсы?
А) Макролидтер
В) Цефалоспориндер
С) Фторхинолондар
D) Аминогликозидтер
E) Жартылай синтетикалық пенициллиндер
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=3
{Оқулық}=(Внутренние болезни 1 том, Мартынов А.И., 2005)
{Курс}=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының болжамды білімі}=РА