Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып. Ежелгі жазба мұралардағы халық тәрбиесі




Жоспар

1. « Ұлы Жасақ» тәрбие туралы

2. Я.А.Коменский және халықтық тәрбие

3. К.Д.Ушинский халықтық тәрбие туралы

 

1. «Ұлы Жасақ» тәрбие туралы. Халықтық педагогика тәрбиелеудің тәжірибесі ретінде, көпшілік халықтың педагогикалық творчествосы ретінде, жазу пайда болғанға дейін өте ертеде пайда болды, жалпыадамзаттық мәдениеттің дамуында өте үлкен рөл атқарды және педагогиканың ғылым ретіндегі алғашқы баспалдағы болды. Өзінің көпғасырлық тарихында әрбір халық балалар мен жастарды тәрбиелеудің өте бай тәжірибесін жинақтады. Адамдардың әрбір жаңа ұрпағы халықтық педагогиканы өздерінің жаңа идеяларымен, адам және оның тәрбиесі туралы көзқарастарымен байытуға өз үлестерін қосты. Тарихи дамудың барлық кезеңдерінде тәрбиенің халықтық тәжірибесін зерттеу барлық уақытта және барлық халықтардағы педагогтардың ғылыми зерттеулерінің бір тақырыбы болды, олар өз шығармаларында халықтық тәрбие тәжірибесіне сүйенді, халықтық кемеңгерліктің көрінісі ретінде халықтық педагогиканың үлгілерін кеңірек пайдаланды. Шыңғыс хан (моңғ. Чингис Хаан; өз аты — моңғ. Тэмүүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен Барыс жылы (1206) барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түркі тілдеріндегі «теңіз» деген сөзден шыққан деп есептеледі) лауазымын алды. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (Ұлы жасақ) ережелерін бекітті.1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібірмен Шығыс Түркістан ды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды. Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды.

2.Я.А.Коменский және халықтық тәрбие. Ян Амос Коменский (1592-1670)- ұлы чех педагогы- демократ, өз отанының патриоты, өз дәуірінің жарқын ойшылдарының бірі, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы, халықтық тәрбиенің құнды жақтарына біріншілердің бірі болып назар аударған. Оның педагогикалық жүйесі славян халықтарында қалыптасқан халықтық тәрбиенің теориялық негізі және дамытушысы болды. Халықшылдығына байланысты ол бүкіл әлемдік, жалпы адамзаттық символға айналды. Ол өзінің «Ұлы дидактикасын» «Чех дидактикасы», «Чех грамматикасы», «Чех поэзиясы», «Кәрі чехтардың даналығы» атты еңбектерінен кейін жазды. Чех халықтарының ғасырлық даналығынсыз «Адамдардың ісін түзету туралы жалпы кеңес» атты еңбегі де болмас еді. Әлемнің барлық халықтарын бір мемлекетке жинауға Шыңғыс хан да талпынған еді. Алайда оны жүзеге асыруға олар әр түрлі әдістерді таңдап алды: біреуі күш қолдану арқылы, екіншісі рухтың күшімен. Я.А.Коменскийдің педагогикалық идеясының өзегі – пансофизм- өркениеттердің жинақтаған білімін қорытындылау және ол білімді барлық адамдарға мектептер арқылы өз тілінде жеткізу. Ғалым адамзатты барлығына бірдей даналыққа, нақты білімге – пансофияға– үйретуді армандады және пансофиялық мектеп, яғни жалпыға бірдей даналық мектебі жобасын құрастырды. «Білу, әрекет ету және айту– міне осы даналықтың тұзы», – деп ал дана болу дегеніміз – ол заттардың айырмашылыған білу, барлық жерде жамандыққа қарсы адалдықты артық көру – деп түсіндірді».Ұлы педагог- гуманист халықтың балаларын оқытушылар шынайы халықтық болуын талап етті. Оларға қойылатын ең бірінші және басты талап- өз ана тілін, халықтың ауызша шығармашылығын сүю. «Халық және халықтар тілі керемет жек көрушілік жағдайда, осы арқылы ұлы реніш тудыруда». Я.А.Коменский халықтың рухани мәдениетінде ана тілі- анағұрлым құнды қазыналардың бірі деп білді, ол халықтың педагогикалық мәдениетіне, ана тіліне терең құрмет білдірілген. «Кім ғылымда үлгеріп, адамгершілік жағынан артта қалса, сол адам озғаннан бұрын артта қалады»,- деп ол халық мәтелін қайталап, адамгершілік тәрбиесінің аса қажеттілігін атап көрсетеді.

2.К.Д.Ушинский тәрбиенің халықтығы туралы. Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870)- ұлы орыс педагогы, Ресейдегі халық мектебінің негізін қалаушы, терең, түзу педагогикалық жүйені құрушы, танымал оқулықтардың авторы, педагогикалық теорияда алғаш рет «халық педагогикасы» ұғымын қолданушы. Өзінің «Қоғамдық тәрбиедегі халықтық туралы» деген мақаласында Ушинский халықтық рухында тәрбиелеуге терең талдау жасайды. Халықтық дегенді ол халықтың өзі құрған және халықтың бастауымен құрылған тәрбие деп ұғады. Халықтың тарихы, оның сипаты және ерекшеліктері, мәдениеті, географиялық және табиғи жағдайы өзінің құндылықтарымен және идеалдарымен тәрбиенің бағытын анықтайды. «Әр кезде тәрбиені солардікі деп таңуға болатын барлығына бірдей ортақ тума бейімділік бар: ол біз атап айтатын халықтық... халықтың өзі құрған және халықтың бастауымен құрылған тәрбие, ол абстрактілі идеялаға негізделген немесе басқа халықтан алынған одан да күшті жүйелерде жоқ, өте күшті тәрбие» - деп жазды К.Д.Ушинский өзінің «Қоғамдық тәрбиедегі халықтық туралы» атты мақаласында (1857). К.Д.Ушинскийдің халықтық принципі оның мыналарды сақтауға ұмтылуымен сипатталады деп көрсетті: 1) ұлттық «мен», жетілген адам идеалында көрсетілгендей: а) тілі, б) сана- сезімі, в) мінезі; 2) ерекшелігі; 3) сабақтастық: а) тарихы, б) мәдениеті, в) халқы; 4) халықтың бірлігі. «Туған сөз» мақаласында халық және оның отаны тілімен рухтанады, тіл – көнені, қазіргіні және болашақты байланыстыратын ең жанды байланыс; ана тілі адамның рухани, адамгершілік және ақыл- ой дамуының жеңіл және тиімді құралы болып табылады. К.Д.Ушинский тәрбиенің әртүрлі жақтарының ішінен ең басты орынға адамгершілікке тәрбиелеуді қойды. Ол адам физикалық жағынан, білімі және адамгершілігі жағынан жетілген болуы керек, үйлесімді дамыған болуы керек деп есептеді. Сондықтан ол тәрбиені жеке тұлғаның гармониялық негізде дамуының мақсатты, саналы қалыптасуының процесі ретінде анықтады. Ол: «біз батыл түрде тәрбиенің басты мақсаты- адамгершілікке тәрбиелеуді, жалпы ақылдың дамуынан да, бастың біліммен толуынан да аса маңызды деп білеміз». Өткеннің Ұлы педагогтары: Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және басқалары, өз халықтарының отбасылық дәстүрлерін зерттей келе, отбасылық педагогиканың теориялық негізін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1950 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1032 - | 878 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.