Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Салауатты өмір салты.




Р кредиттері / ECTS кредиттері

Практикалық – 45 сағат

БАОӨЖ – 25 сағат

БАӨЖ – 65 сағат

Барлығы – 135 сағат

Бақылау түрі – емтихан

 

Кафедра отырысында талқыланды «___» _________ 2016 ж. № __ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі: _________ Г.Г.Қаржауова

 

Пәннің сипаттамасы

1.1. Пәннің пререквизиттері:

Курстың мақсаты қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;қоғамдық, саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; мамандыққа байланысты мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрету: мамандыққа қатысты мәтінді оқу негізінде ойлау логикасын дамыту. Мамандыққа сәйкес білімді игеруде тіл үйренушінің жалпы дүниетанымын кеңейту. Тіл үйренушінің мемлекеттік тілге құрмет сезімін күшейту, қызығушылығын арттыру, жалпы адами құндылықтар мен отаншылдыққа баулу.

Курстың негізгі міндеті берілген сұрақтарға өзінің сөздік қорын пайдалана отырып, дұрыс жауап беруге үйрету; белгілі бір тақырып бойынша өз ойын дұрыс, жүйелі түрде айта алатын дәрежеге жеткізу; мәтінмен жұмыс істеу барысында көлемді мәтінді оқып түсінуге, мәтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе білуге дағдыландыру; естігені бойынша қабылдаған мәліметті қорытып, өз ойын айта білуге үйрету, т.б.

 

1.2. Пәнді оқытудың мақсаты:

Пәннің мақсаты мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілінің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру. Қазақ тілін оқытудың қарастырылып отырған деңгейлеріне сәйкес лингводидактикалық үлгі негізінде, бірыңғай әдістемені жүйелі жетілдіру. ЖОО-да қазақ тілін қарым-қатынас құралы деңгейіне айналдыру дағдыларын қалыптастыру. ЖОО түлектерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, тілдік біліктілігі жоғары маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасау. Пән бойынша білім игертіп қана қоймай, өмірлік проблемаларды шешуге қажетті білік-дағдыларды меңгеруге бағыттау.

 

1.3. Міндеттері:

Пәннің міндеті қамтылған тілдік деңгейлер аясында қатысымдық (коммуникативтік) және танымдық (когнитивтік) міндеттердің орындалуы барысында жүзеге асырылады. Атап айтқанда:

- орта көлемді және көлемді мәтіндерді жатық әрі шапшаң түсініп оқу;

- тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөз мағыналары мен салалық терминдер ұғымын түсініп қолдану;

- монолог, диалог, полилог түрінде (хабарлама, таныстырылым (презентация), баяндама, дискуссия және т.б.) әңгімелеу, сұхбат жүргізу;

- жазба жұмыстарын (эссе, аннотация, түйіндеме, жоспар, тезис, мәлімдеме, пресс-релиз, өтініш, хат, аударма, реферат, мақала және т.б.) орындау;

- қазақ тілінің функционалдық грамматикасы аясында тілдік дағдыларды шыңдай отырып, тілдік тұлғаның қазақ тілінде жүйелі талдау жасауға, өз ойын еркін жеткізуге және ұсынылған материалдар бойынша сипаттама, салыстырма, қорытынды жасай білу сияқты т.б. тілдік біліктіліктерін жетілдіре дамыту.

- әлеуметтік және кәсіби маңызды ақпаратты жеткізу, болашақ қызметінде қазақ тіліндегі деректерді қолдану дағдысын қалыптастыру.

 

1.4. Пәннің қысқаша мазмұны:

Оқыту барысында білім алушыларға қазақ тілі грамматикасының басты заңдылықтары туралы ақпарат беріліп, лексикалық тақырыптар типтік бағдарламада келтірілген игерілуі тиіс танымдық, тілдік және қатысымдық дағдылар шеңберінде беріледі. Пәннің мазмұны төрт модульден тұрады.

Тілге құрмет-Отанды сүюден, отбасынан басталады.

Уақыт және адам.

Салауатты өмір салты.

4.Ұлттық байлық және ұлттық құндылықтар.

 

1.5. Оқыту нәтижелері:

А (білім және түсіну) тілдік жүйе мен оның амалдарын мәдени-танымдық қатысымдық әрекеттер арқылы меңгерту;

В (білім және түсінгенін қолдану) Дайын күйіндегі сөйлесім мен қатысымды төмендегідей әрекеттер арқылы жүзеге асыру:

- өнер мен мәдениет (театр, фильм, кітап, музыка және т.б.) мәселелеріне айланысты өтілген тақырыптарды баяндау, мақұлдау, алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіру, дәлелдеу;

- белгілі бір тақырыпты (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени сала) талқылауға өз қабылдауы бойынша баға беру;

- күнделікті тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылау (нақты, өзіне таныс жағдаяттарға дайындықсыз араласып, әңгімені қолдау, қажет жағдайда қайта сұрау, өз көңіл күйін білдіру (өкіну, мұңаю, қызығушылық таныту немесе танытпау).

С (пікір айтуды қалыптастыру) Монолог түрінде:

- әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби оқу саласында жағдаяттарды немесе оқиғаларды рет-ретімен өз көзқарасы бойынша сипаттау;

- кітап немесе фильм сюжетін мазмұндау және дәлелдер арқылы өз көзқарасын білдіру;

- берілген тақырып бойынша алдын ала дайындалған, аса күрделі емес баяндама жасау.

Жазбаша түрде:

- қарапайым өзара байланысты мәтіндерді:

- тақырыптар мен тақырыпшалар аясындағы нақты жағдайларды немесе таныс заттар/объектілерді сипаттау;

- белгілі бір тақырып бойынша қысқа, аса қиын емес эссе жазу;

- күнделікті өмірдегі фактіге құрылған мәліметтер мен оны түсіндіруге қажетті әрекеттерге қысқаша баяндама жасау;

Д (коммуникативтік мүмкіндіктер) Ауызша және жазбаша қатысым түрлерінде:

- мәліметтерді беруге дайындығы мен қабілеттілігі, әңгімелесушіге жеткізе алуы, қызығушылық танытуы, мәліметтерді сұрау, қайталап сұрау; кеңес беру, нұсқау беру; нандыру, байқампаздық таныту; көңілі толуын-толмауын, қызығушылығын, немқұрайлылығын білдіру.

- сұхбат кезінде әріптесінің әңгімесіне көңіл аудару; қызығушылық таныту.

Е (оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік) Оқылым дағдылары:

- электронды және қағаз түріндегі мәтіндерді қарап, қажетті мәліметті ала білу;

- күнделікті материалдардан (хат, қысқа ресми құжаттар) қажетті ақпараттарды табу және түсіну;

- мәтін тақырыбындағы негізгі идеяны табу;

- газет материалындағы таныс тақырып бойынша негізгі ережелерді көрсете білу;

- қызығушылық танытқан тақырыбы бойынша қарапайым мәтіндегі нақты ақпараттарды оқу және түсіну;

- қарапайым тілде жазылған техникалық ережелердің (қауіпсіздік техникасы) мазмұнын түсіну;

- буклет, каталог, даңғыл, ас мәзіріндегі, кестедегі қажетті мәліметтерді оқи алу және оны қолдана алу.

1.6. Пәннің постреквизиттері: «Кәсіби қазақ тілі» курсы

 

 

Оқу жылының I семестріне күндізгі оқыту нысанындағы барлық факультеттер мамандықтарының I курс білім алушыларына арналған қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Апта Модуль және тақырып атауы Пр. БАӨЖ БАОӨЖ Сағат көлемі
  Модуль 1. Тілге құрмет-Отанды сүюден, отбасынан басталады        
1. Тақырып 1. Қазақ тіл –мемлекеттік тіл, ұлт тілі, әдеби тіл. Қазақ тілінің тілдік құрылымы және ерекшеліктері. Жай сөйлем және оның түрлері        
2. Тақырып 2. Мемлекеттің әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі. Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот. Сұрау мәнді сөйлем        
3. Тақырып 3. Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары. Бөгде сөз        
4. Тақырып 4. Экономика. Ішкі және сыртқы сауда. Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта. Болымсыздық категориясы          
  Модуль 2. Уақыт және адам        
5. Тақырып 5. Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық ұйымдар. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Сан-мөлшер категориясы          
6. Тақырып 6. Отбасы. Неке. Баспана. Бала тәрбиесі. Анықтауыштық қатынас          
7. Тақырып 7. Білім. Кәсіби бағдар. Оқу орындары. Мамандық. Көмекші есімдер қызметі          
8. Тақырып 8. Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тәртібі. Еңбек демалысы. Меншік мәнді сөйлем          
  Модуль 3. Салауатты өмір салты        
9. Тақырып 9. Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы. Қимыл есімдерінің қызметі          
10. Тақырып 10.Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар. Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем          
11. Тақырып 11. Тағамтану. Ұлттық тағам. Мейрамхана бизнесі. Тыйым мәнді сөйлем        
  Модуль 4. Ұлттық байлық және ұлттық құндылықтар        
12. Тақырып 12.Жеке кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес. Іскер адамдар. Етістік жіктелуі        
13. Тақырып 13.Ғылым және инновациялық технология. Танымал ғалымдар. Есімше категориясы. Көсемше категориясы        
14. Тақырып 14.Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері. Етіс категориясы        
15. Тақырып 15.Дін және таным. Діни мерекелер. Көмекші етістіктер.        
  Барлығы        

 

Пәннің мазмұны





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 655 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2189 - | 2074 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.