Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


БЕТ ЖӘНЕ МҰРЫН СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНЫҚТАРЫ




Бет сүйегі -бет қаңқасының бүйір бөлімін құрайтын жұп сүйек.

Оның латералды — ұрттық беті шығыңқы болады. Бет сүйегі үш өсіндісі арқылы маңдай, самай, жоғарғы жақ сүйектерімен жалғасады, осыған байланысты сүйектердің жалғасқан жерлері жіктеп аталады (бет-маңдайлық, бет-жоғарғы жақтық, бет-самайлық). Бет сүйегінің көздік беті көз ұясының латералды қабырғасын, жартылай оның түбін құрайды, ал артқа қараған са-май беті, самайасты шұңқырын құрайды.

Бет сүйегі доғасын құрауға самай сүйегінің самай өсіндісі қатысады. Бұл доға жұмсақ тіндермен өте жұқа қапталған және ең шығыңқы жері, осыған байланысты көп жарақаттанады.

Бет сүйегінің және оның доғасының сынуы тұрмыстық, спорттық, транспорттық және өндірістік жарақаттарға байланысты. Оның 3 тобын ажыратады: 1). Бет сүйегінің жылжыған, жылжымаған және жоғарғы жақ қуысының қабырғаларының жарақаттануымен болатын сынығы; 2). Бет сүйегі доғасының жылжыған және жылжымалы сынығы; 3). Бет сүйегінің және доғасының қосарлана жылжымай, жылжып, жоғарғы жақ қусының қабырғаларын жарақаттаумен сынуы (Р. Ф. Низова).

Бет сүйегінің және доғасының сынығы ашық және жабық, сызықты және жарқыншақты болуы мүмкін. Жиі жағдайда сынған сүйек төмен, ішке, және артқа, сирек жағдайда — жоғары, ішке және артқа жылжиды, Сынық фрагменті тек өс бойымен бұрылуы мүмкін.

Бет сүйегінің сынықтары кейбір жағдайларда орта немесе ауыр дәрежелі мидың жабық жарақатымен қосарланып жүреді.

Бұл аумақта нерв және қан тамырлары өрімдерінің көптігі және олардың құрылысының күрделілігіне байланысты, жарақаттанған кезде әртүрлі өзгерістер пайда болады. Осы зақымдардың барлығы „Пурчер синдромы" немесе жарақатты ринопатия және ангиопатия деп аталады. Бул синдромға жарақаі алғаннан соң 1—2 тәуліктен кейін көрудің нашарлауы көз торының тыртықтанып, сылынуы кіреді.

Клиникалық көрінісі. Бет-орбиталды комплексі жарақаттанган науқастар, аузын ашқанда ауыратынына, көзасты нерв тармақтарындағы (көзасты, жоғарғы ерін, мұрын қанаты) және жоғарғы тіс өрімінің (қызыл иек, тістер), паростезия немесе анестезиясына, бейненің қосарланып көру ретіне (диплопия), көрудің нашарлағанына шағымдайды.

Сырттан қарап тексергенде, тері, теріасты, клетчаткасычың ісінуі салдарынан беттің мұрыннан қан аққаны (жоғарғы жақ, қуысынан), энофтальмия (көздің шүңіреюі), жалған көзілдірін белгілері анықталады.

Саусақпен басып тексергенде көз үясының төменгі қырының және бет альвеолды қырының рельефтерінің бұзылғаны, „текпішек" белгісі, екі шпатель белгісін — бет сүйегінің жалпаюы (Р. Ф. Низов) анықталады. Егер гаймор қуысының қабырғалары жарақаттанса (Е. С. Малевич) жарылған құмран белгісі, осымем қатар теріасты эмфиземасы және сүйектің сықырлауы байқалады.

Бет сүйегі доғасының сынығы әдетте жылжып ішке қарай кіріп кетеді. Осының салдарынан төменгі жақтың тәждік өсімдік қысылып қалады да ауыз ашу шектеледі.

Ренттенографиялық зерттеу, арқылы анықталатын симптомдар.

1) Бет-альвеолды өсіндінің, көз ұясының төменгі қыр бірлігінің бұзылуы, гаймор қуысына қан кетудің салдарынан қуыстың рентген суретте анықтығының төмендеуі, көз ұясы көлемінің тігінен үлкеюі (бет сүйегінің немесе жоғарғы жақ сүйегінің бет сүйегімен бірге төмен жылжып түсуіне байланысты).

2) Бет сүйек доғасының V- тәріздес болып самайасты шұңқырына қарай жылжуы.

Бет-сүйегінің және доғасының сынығына анамнез, сырттай қарап және саусақпен басып тексеру, аксиалды және сагиталды (мұрын-иектік) проекцияда жасалған рентген суреттерінің мәліметтеріне сүйене отырып диагноз қойылады.

Бет сүйегі және оның доғасының сынықтарының емі сынған жердің орналасуына, бағытына, ығысу дәрежесіне, қосалқы зақымдарына (мидың зақымдануы) және оның айланасындағы жұмсақ тіндердің жарақаттануына байланысты.

Емі. Консервативті және хирургиялық жолмен емделеді. Консервативтік ем жақын арада болған және сынық бөліктері аз ғана жылжығанда көрсетіледі. Жалпы тыныштық, гематоманың және ісінудің алдын алу үшін 2 күн 10— 15 мин жергілікті мұз қою. Ауыздың ашуын шектеу, сұйық тамақ тағайындалады.

Гаймор қуысының бүтіндігі бұзылмай, сынық бөліктері азғана ығысқан бет сүйегі сынығында үш тәулікке дейін сынықты ауыз қуысының ішінен (саусақты, Буяльский күрекшесімен) орнына салуға болады.

Саусақты тәсіл хирург сұқ саусағын немесе үлкен саусағын ауыз қуысы кіреберісінің артқы бөлігінің жоғарғы жағына кіргізіп, ал екінші қолының саусақтарымен сынықтың дұрыс салынғанын бақылай отырып сынықты орнына салады.

Қазіргі кезде бет сүйегінің және оның доғасының сынықтарының көптеген оперативтік ем тәсілдері баршылық. (Дубов, Е. Ю. Брагин, Матас-Берини, Ходарович, және Баринова В. Н. тәсілдері). Біз жиі қолданатын хирургиялық ем тәсілдеріне тоқталайық.

1. А. А. Лимберг тәсілі 10 тәулік ішінде қолданылады. Орнынан жылжыған бет сүйек және оның доғасының сынығын, терідегі тілік арқылы арнайы көлденең орналасқан сабы бар ілмекпен іліп алып сыртқа және жоғары тартып орнына салады (44-сурет).

44-сурет. Лимберг ілмегімен бет сүйегінің сынығын репозиция жасау.

2. Бет сүйегі және көз ұясының төменгі қабырғасының сынығын айбат шүңқыры және жоғарғы жақ қуысы арқылы орнына салу.

Айбат шұңқырының аймағында, өтпелі қатпарда тілік жасап шырышты сүйек қабығынан тұратын қиындыны ілмекпен жоғары көтеріп айбат шүңқырын ашады. Гаймор қуысының алдыңғы бүйір қабырғасынан тесік жасап, ол арқылы қуыстағы қан ұйындысын, майда сүйек жарқыншақтарын алып тастайды. Сонан соң саусақпен қуыстың қабырғаларын тексеріп оның сынған жерін және көз ұясының қабырғасы қаншалықты қуысқа кіргенін анықтайды. Гаймор қуысы қабырғаларын, бет сүйегі сынығын, антибиотиктер ерітіндісі, май сіңген дәкемен қуысты толтыру арқылы орнына салынады. Колдуэлл-Люк тәсілімен гайморотомия операциясындағыдай қуыста жұмсақ резинадан түтік қалдырады, оның бір ұшын мұрын қуысынан шығарып қояды.

Өтпелі қатпардағы жараға тігіс салып, 2 күннен кейін тампонды алып тастайды.

Қарағанды медициналық институтының хирургиялық стоматология кафедрасының клиникасында гайморотомия операциясынан соң қуыстың қабырғаларын гетерогенді іш пердемен қаптап үрмелі балонның көмегімен ұстатып қояды. А. В. Клементов, Б. Я. Кельман т. б. қуысты йодоформды тампондауды ұсынады.

3. Сүйекке тігіс салу. Бет сүйегінің сынығын самай немесе ауыз қуысының ішінен жасалған тілік арқылы распатормен орнына салған соң бет-маңдай және бет-жоғарғы жақ аумақтарында қосымша 2 тілік жасап, сынық сызығының екі жағынан бормен тесіктер жасап, одан диаметрі 0,4—0,6 мм болат сым өткізіп ұштарын бір-біріне байлау арқылы сынық бөліктерін бекітуді ұсынады. 4. Н. А, Шинберев бет сүйегі сынығын Лимбергтің бір тісті ілмегімен гипстелген бас қалпағына бекітуді ұсынады.

5. Матас-Берини тәсілімен сынықты сым тұзақпен салу. Бассинидің иілген үлкен инесімен жіңішке сым тұзақты самай етінің аралығына кіргізіп сынықты тұзаққа іліп алып орнына салып бекітеді.

Нәтижелері. Сынық бөліктерін уақтылы, орнына дұрыс салып бекіткен жағдайда асқыну болмайды.

Функционалды өзгеріске ұшырамаған сүйек сынығына 1 жылдан астам уақыт өтсе косметикалық ақауын жою үшін контурлы пластика жасаған жөн.

Ал бет сүйегі сынып төменгі жақ сүйегінің қызметі бұзылғанына 1 жылдан асқан жағдайларда тәжді өсіндінің резекциясы немесе бет сүйегінің доғасына остеотомия операциялары жасалады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 455 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

2282 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.