Соңғы кезде скринингті байқау кезінде сау адамдардың, өкпе патологиясы бар науқас адамдардың сыртқы тыныс алу функцияларын зерттеу тыныс алу мүшелері ауруларын анықтау, дифференциалды диагностикалау мақсатында, емдеу тиімділігін, еңбекке жарамдылық экспертизасын бағалауда кең қолдау табуда.
Ірі бронхылар деңгейінде ғана патологияны диагностикалауға мүмкіндік беретін ертеде қолданылып жүрген функционалды диагностика бөлмелеріндегі спирографтардың орнына аса жетілдірілген аппараттар қолданылады. Олар «ағын- көлем» қисығы бойынша дем тартудың жылдамдатылған көлемдік жылдамдығын анықтауға, зерттеу жүргізіп, тыныс алудың алынған параметрлерін автоматты режимде өңдеуге мүмкіндік береді.
" спирометра "МАС-1" (см. рис)
Отандық автоматтандырылған көп функционалды "МАС-1" спирометрінің көмегімен сыртқы тыныс алу функцияларының мынадай параметрлерін анықтауға болады(жақша ішінде параметрлердің халықаралық белгіленулері мен өлшем бірліктері көрсетілген):
ЖЕЛ (VC,л) - өкпелердің тіршіліктегі сыйымдылығы (дем тартудағы);
РОвд (JRV, л) – дем тарту бойынша резервті (қор) көлем;
РОвыд (ERV, л) – дем шығару бойынша резервті көлем;
ДО (TV, л) – тыныс алу көлемі;
МОД(л) – тыныс алудың минуттық көлемі;
ЧД (BF, в 1 мин) – тыныс алу жиілігі;
ФЖЕЛ (FVC, л) - өкпелердің тіршіліктегі жылдамдатылған сыйымдылығы;
ОФВ1 (FEV1, л) - 1 с ішіндегі жылдамдатылған дем шығарудың көлемі;
ИТ (FEV1/VC, %) - индекс (тест) Тиффно;
ПОС (REF, л/с) – шекті көлемдік жылдамдық;
МОС25 (MEF25, л/с) – дем шығарғандағы максимал көлемдік жылдамдық 25% ФЖЕЛ;
МОС50 (MEF50, л/с) - дем шығарғандағы максимал көлемдік жылдамдық 50% ФЖЕЛ;
МОС75 (MEF75, л/с) - дем шығарғандағы максимал көлемдік жылдамдық 75% ФЖЕЛ;
МВЛ (MVV, л/мин) - өкпелердің максимал ауа алмастыруы.
Спирометрде универсалды есептеуіш қондырғысы- сериясы 1810ВМ86 процессор қолданылған. Құрылысының тұтастығына, пайдаланудың қауіпсіздігіне, құралдың энергиялық және материалдық сыйымдылығына жету үшін индикатор ретінде сұйық кристалдағы монохромды дисплей қолданылған, ал 84 клавишті клавиатура сандық және әріптік мәліметтерді енгізуге мүмкіндік береді. Ауыстырмалы магнит дисксіндегі жинақтауыш зерттеу нәтижелерін ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін спирометрмен байланысқан сыртқы компьютерден де жазуға (есептеуге) болады. Жазу қондырғысын пайдаланып, өлшеулер мен есептеулерді кәдімгі қағазға тіркеуге болады. Программада пациенттің сыртқы тыныс алу функциясының зерттеу мәліметтерін сәйкес параметрлердің тиісті (қалыпты) шамаларымен салыстыру қарастырылған.
Спирометрдің жұмысын басқарушы бағдарлама оның электрондық тораптарын автоматты тестілейді, оператордың көмегімен өлшеулер жүргізеді, тыныс алу параметрлерін автоматты есептейді, нәтижелердің дұрыстығы мен анықтылығын талдайды, оларды көп таралған бірнеше жүйе бойынша қалыпты параметрлермен салыстырады, қосымша қорытындыны шығарады, нәтижелердің архивте ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Программалық қамтамасыз етуді қолданушының талаптары мен тілегі бойынша өзгертуге болады.
Универсал процессорлық қондырғының, көп клавишті клавиатураның, жақсы айыру қабілеті бар дисплейдің, баспа қондырғысының болуы спирометрді дәрігердің тәжірибелік жұмысында арнайы компьютер ретінде қолдануға мүмкіндік береді, және де ғылыми есептеулер, зерттеулер мен іс- қағаздарын жүргізудің нәтижелерін статистикалық өңдеуге мүмкіндік береді.
Өлшеулер «Флейш түтігі» түріндегі құралмен жүргізіледі. Зерттеу барысында ауаның тыныс алу ағыны өлшеуіш қондырғысы арқылы өтеді, содан соң қайтадан атмосфераға келеді. Есептеуіш қондырғысы өлшеу түтігінің ұшынан түйіндесу модулінде алдын- ала сандық түрге түрленген сигналды қабылдайды, оны өңдеп, тыныс алу параметрлерін анықтайды, және оларды «реал уақыт» режимінде дисплейде көрсетеді, бұл өлшеу үрдісін операторға қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Зерттелген науқастардың өкпелерінің ауа алмастыруының әртүрлі параметрлерін сипаттайтын қорытынды және Отандық аппараттартардың мәліметтерін салыстырған кезде, анықталған айырмашылық шынайы болмаған (Р>0,05) және берілген патология үшін сандық мәнінің шегінде жатқан (кесте 2). Сөйтіп, жүргізілген зерттеулердің негізінде «МАС-1» спирометрі тыныс алу функциясының жоғарыда аталған параметрлері бойынша, «ағын- көлем» қисығының түрі бойынша тыныс алу мүшелерінің патологиясының сипаты мен аурудың клиникалық диагнозын дұрыс бейнелейтіндігі анықталған.
Отандық «МАС-1» спирометрі ықшамды, қарапайым, жұмысқа ыңғайлы, оны пульмонологиялық профильді бөлімдерде, емханалардағы функционалдық диагностика бөлмелерінде қолдануға болады.
Осы құрал сыртқы тыныс алудың функцияларының күйі жайында алынған мәліметтердің нақтылығы мен көлемі бойынша шетелдің құралдарына жол бермейді.
Спирограф СП- 3000 (38 параметрлерлі)
- пневмотахометрияның көмегімен ересек адамдардың да, балалардың да сыртқы тыныс алу функцияларын зерттеуге арналған компьютерлі диагностикалық медициналық құрал. Оны емханаларда, стационарларда, басқа да медициналық мекемелерде қолдануға болады.
Спирографтың қолданылуы мүмкін болатын облыстары: тәжірибелік дәрігерлік жұмыста сыртқы тыныс алу функциясын зерттеу, ғылыми және амбулаторлық және стационарлық жағдайларда, өкпе ауруларының ағынын болжау, операция алдында зерттеу, операцияның қауіптілік дәрежесін бағалау, скрингілі зерттеулерде, дәрігерлік- еңбекті экспертиза, спорттық медицина, кәсіби ауруларда, емдік шаралардың тиімділігін бақылау, астма- мониторинг, дәрмекті жекеше талғау.
СП- 3000 спирографы көп жағынан дәстүрлі жылулық жазатын аппараттарға ұқсас, бірақ оның қолданылу мүмкіндігі кең.Микроэлектрониканың соңғы жетістіктерін, көп функционалды бағдарламалық қамтамасыз ету қажетті мәліметтерді іздестіру, сақтау функцияларын, есептеулердің барлық жинағын, зерттеу нәтижелерін басып шығаруды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Графиктер мен тестілердің берілгендері компьютер экранында бейнеленеді, және бір мезгілде қатаң дискіде сақталады.Кезкелген уақытта тестілер берілгендерін жылдам тауып, қайтадан есептеп, қарап, принтерде басып шығаруға болады. СП- 3000 спирографы өкпенің тіршілік сыйымдылығының, өкпенің жылдамдатылған тіршілік сыйымдылығының тестілерінің нәтижелерін, өкпелердің максимал ауа алмастыруын, тыныс алудың минуттық көлемін талдау үшін қолданылады.
СП-3000 компьютерлі спирографы CD-ROM сияқты компьютерге енгізілетін және компьютерге USB арқылы қосылатын берілгендерді алу модулінен, ауа ағынын түрлендіргіштен (тыныс алу түтігінен) және программамен қамтамасыз етуден тұрады.
Программамен қамтамасыз ету Windows-98/2000/XP- мен жұмыс істейді.
СП-3000 компьютерлі спирографтың мүмкіншіліктері:
СП-3000 спирографы ЖЕЛ (VC), ФЖЕЛ (FVC), МВЛ (MVV) и МОД (LVV)тестілерінде тыныс алу функцияларының 38 стандартты көрсеткіштерін және тиісті мәндерді, ағын- көлем, уақыт- көлем графиктерін береді. Спирометрлік есептеулер дәлдігі жоғары.
Тиісті шамалар мен ауытқуларды есептеу. Тиісті шамалар ECCS, ITS, KNUDSEN, Клемент стандарттарына сәйкес есептеледі.
Компьютердің жадысында сақталатын мәліметтер 50-ден кем болмайды. Зерттеу нәтижелері деректер қорында сақталады.
Зерттеу нәтижелері қағазға басып шығарылады.
СМП-21микропроцессорлы компьютерліспирографы өкпенің функцияларын тексеруге арналған тиімді жүйе. Ол инспираторлы, экспираторлы спирометриямен үйлесімді жұмыс кезінде ыңғайлы және өкпелердің белсенді кедергісін анықтауға мүмкіндік береді.
Қолданылу аймағы: функционалды диагностика бөлімі; пульмонологияда емдеу мен реабилитациялық шаралардың тиімділігін қадағалау, астма-мониторинг; спорттық, авиациялық-космостық медицина; дәрігерлік- еңбекті экспертиза; дем тарту мен дем шығару кезінде өкпелердің ауа алмастыру функциясының 21 көрсеткішін өлшеу; өлшеу нәтижелерін принтерге басып шығару; пациенттің жекелей қалыпты мөлшерлерін есептеу; қосымша қорытынды шығару; Жадыда 30 пациенттің мәліметтерін сақтау; ингаляция сынақтарын жүргізу мүмкіндігі; стационарлық және амбулаториялық жағдайларда қолданылу мүмкінділігі.
ИВЛ SLE-2000 аппараты клиникалық ауруханаларда, перзентханаларда, балалардың ғылыми- зерттеу институттарында реанимациялық шараларды жүргізу кезінде жаңа туған нәрестелер мен балалардың өкпелерінің басқарылатын жасанды ауа алмастыруын жүргізуге арналған.
Аппарат дамқылдандырғышпен, тыныс алу контуры бар мониторингпен, компрессормен жабдықталуы мүмкін.
Аппарат салмағы 500гр-нан 20 кг-ға дейінгі болатын пациенттердің ауа алмастыруын жүргізуге мүмкіндік береді.
Осы аппараттың мерзімі жеткен және мерзімі жетпей туған нәрестелер өкпелерінің жасанды ауа алмастыруын жүргізуге қажетті параметрлері бар.
Өкпелердің жасанды ауа алмастыруына арналған «Фаза» аппараттары.