Лекции.Орг


Поиск:




Щетканың басының конфигурациясы




1960 ж дейін щеткалардың бастары тікбұрышты формалы және ұзындығы 2,5-тен 4 см–ге дейін болды, бұл сүт, аралас және тұрақты тістесудегі тіс доғаларының тік сызықты аймақтарының ұзындығына салыстырмалы сәйкес келді. Кейін қимылдарын жоғарылатуға және щетка басының жарақаттылығын азайту мақсатындағы модификациялар пайда болды. Егер басының өлшемі кішкене болса, щетканы басқару және «тар» кеңістіктерге кірудің өзі де оңай, сондықтан бірінде кішкене қысқа басы бар щеткаларды тұтынуға кеңес береді. Тазартудың тиімділігін сақтай отырып, дистальды тістерге ену мүмкіндігін жақсарту үшін бастың ұшын үшкірлеп, оған торпеда, ромб, сопақша формасын береді. Щетканың атравматикалығының басты белгісі басының ұштары контурларының жазықталуы болып табылады. Басының формасы таға тәрізді (магнитті немесе 3 секциядан құралған) бір ұзындықтағы талшықтары ортаға қарай бағытталған щеткалар да осы мақсатқа арналған (сур. 5.23).


Сур. 5.23. Тістердің үш беткейін бір уақытта тазарту үшін тіс щеткалары.

 

Дегенмен клиникалық зеттеулер жұмыс алаңы конфигурациясының ерекшеліктері тістерді тазартудың жалпы тиімділігі үшін шешуші мәнге ие болмайтындығын көрсетеді.

Щетканың басы жайлы әңгімені аяқтай отырып, оның бактерицидті вариантын еске түсірейік: тіс тазарту үрдісінде ионды формада бөлінетін, жоғары құрамды күмісі бар металлды негізі бар щетканың ауыспалы бастары жасап шығарылған.

Щетканың сабы

Тіс щеткасының сабы тістердің беткейлеріндегі түрлі манипуляциялар негізінде щетканы қолда ұстап тұру үшін қызмет етеді. Сондықтан щетканың сабы иілуге берік, сықпа компонеттеріне және ылғалға төзімді, әрі сырғанамайтын болуы керек.

Ертедегі щеткалардың сабы ағаштан жасалатын болған, бұл ең қол жетімді, бірақ сенімсіз материал болған: щеткалар сынатын немесе ылғалданып бұзылатын болған. Тіс щеткасының өнеркәсіптік өндірісі ірі қара малдың сан сүйегін жеткілікті күшті көтеретін және суда бұзылмайтын материал ретінде қолданады. 1900 жылдардың басында целлулоидтың химиялық өндірісі жөнделе бастады, оны жайлап щеткалардың сабын жасау үшін қолдана бастады. Бірінші Дүниежүзілік соғысында жазылғандай щеткалардың синтетикалық негізге ауысу үрдісін тездетті, өйткені жануарлардың сүйектері арзан сорпаларды дайындау үшін қажет болды. 1930 жылдың соңына таман біршама қатты және щеткалар жасап шығаруға сәйкес келетін пластиктер пайда болды, олар қазір ең танымал материал болып шықты. Соңғы жылдары базарда полипропиленнен, стирол сополимерінен жасалған щеткаларды кездестіруге болады.

Щеткалар эволюциясындағы маңызды қадам 1990 жылғы көлемді «сырғанамайтын» рельефті «жолақтарымен» және «тікенектері» табалдырықтар қырлары бар саптардың жасап шығарылуы болды, олар саусақтар үшін сүйеніш қызметін атқарды.

Тісті тазарту үрдісінде шоғырлар негізінде беріліп тұратын сабында ауыз қуысы гигиенасына арналған сұйық заты бар 1 немесе 2 контейнер (сұйық сықпа, шайғыш) орналасқан щеткалар сипатталған.

Щетканың мойны

Щетканың мойны - амортизатор ретінде болуы мүмкін, ол щетканың басына түсетін күшті иілгіштігінің күшімен азайтады, осы арқылы тіндерді жарақаттардан қорғайды. Ыстық суда ұстау арқылы пластикалық щетканың мойнының иілгіштігін ұлғайтуға болады. Соңғы уақытта өзектер аймағында резиналық «өткелдер» немесе пластикалық қатпар серіппелер пайда болған (сур 5.24).

 

Сур. 5.24. Саптың щетканың басымен байланысуы: а – эластикалық шар түрінде; б – серіппе-қатпар түрінде.

Өте жұмсақ мойынның тіндерді жарақаттан соншалықты жақсы қорғайтынымен, ол щетканың тістерді тазарту үшін тиімді қолданылуын азайтатынан есте ұстау керек. Бұдан басқа жұмсақ мойын тісті тазаларту үрдісінде басы мен сабы арасындағы иілуді өзгертуге мүмкіндік береді, бұл кезде тіс доғасының ыңғайсыз жерлеріне қылдардың енін жақсартады.

1940 жылдарда бекітілген иілістері бар, яғни басы мен сабы бір-біріне (≠1800) бұрышта орналасқан щеткалар пайда болды. Жиі басы щеткалардың алақандық беткейіне иілген бұл доғаның дистальды аймақтарының вестебулярлы беткейімен щетканың қозғалысын жақсартады, сирек – оральды дистальды беткейлерге енуге көмектесу үшін «шалқайған». Сондықтан бұрыштық щеткалар тікелеріне қарағанда тиімсіз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 584 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

803 - | 764 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.