Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың негізгі бағыттары




Тіс жегісі этиологиясы мен патогенезініңқазіргі заманғы концепциясына сәйкес тіс жегісін біріншілік алдын-алудың стратегиясы құрылды (қара сур.5.3). Тіс жегісі пайда болуының қауіп факторларының бөлігі («жалпы» деп аталатын) обьективті жағдайлармен байланысты, сондықтан оларға науқастың немесе стоматологтың күшімен әсер ету шектеулі сәттілікті береді. Науқастың жүріс тұрысына байланысты және өз өзіне көмектесу шараларына негізделген, ауыз қуысындағы тіс жегісінің дамуына «жергілікті» қауіп факторымен толық реттелуі стоматологқа ең мәліметті болып келеді. Тәжірибе бойынша барлық тістердің денсаулығын сақтау - әртүрлі тиімді алдын-алу заттары мен әдістері жеткізіледі.

Сур. 5.3. Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың негізгі объектілері.

 

Тіс жегісінің этиотропты алдын-алуы зақымдаушы микробты фактормен күреседі: инфицирленуді болдыртпайды, патогенді колонизация масштабтарын шектейді, физикалық, химиялық және биологиялық әдістерді қолданып, тіршілік ету жағдайында жегіленген микрофлора үшін қолайсыз жағдай жасайды. Этиотропты алдын-алуды жүзеге асырудың негізгі әдісіне қазіргі кезде тұрғындардың санитарлы ағарту болып табылады: тұрмыстық және диеталық әдеттерді түзету, тиімді заттарды қолданып, ауыз қуысының гигиеналық күтімін мотивациялау және т.б.

Тіс жегісін біріншілік алдын-алудың басқа бағыты «қожайынның» жегіге төзімділігінің жоғарғы деңгейін ұстап тұру және қалыптастыру мәселелерін шешеді. Эмальдың сапасы көп жағдайда тіс жарып шыққанға дейін ол қандай жағдайда қалыптасқанына (преэруптивті кезеңде деп аталатын) және жарып шыққаннан кейін жетілгеніне (постэруптивті кезеңде) байланысты, сондықтан жүйелі және жергілікті деңгейде гомеостаздың энергетикалық, пластикалық және минералды қамтамасыз етілуінің жоғары алдын-алу маңызы бар. Эмаль тұрақтылығын қамтамасыз етуде фторидтер маңызды роль атқарады, оларды ішке тамақ құрамында, сонымен қатар ауыз қуысында жергілікті сықпа, гель, лак түрінде қолдануға болады.

Ауыз қуысы сұйықтығының қасиеттерін бақылау - тіс эмалінің табиғи қорғаушысы – сілекей бөлінудің стимуляциясын, оның физико-химиялық және биологиялық сипаттамаларын дұрыстауды жорамалдайды (минералдар құрамы, буферлік қасиеттері, қышқылдылығы, тұтқырлығы).

Эмальдың қатпарларында - фиссуралар мен шұңқырларда дамитын тіс жегісін алдын-алу жеке мәселені құрайды. Бұл зоналарды сақтаудың арнайы шаралары бар.

Жалаңаштанған түбір тіндерінің тіс жегісі – тұрғындардың өмір ұзақтығына байланысты өзгереді. Түбірдің тіс жегісін алдын-алу шаралары жегіленген шабуылға ұшырайтын (цемент, дентин) тіндер қасиеттерінің ерекшеліктерін және қарт науқастардың өзіне көмектің шектеулі мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, өңделеді.

Алдын-алу міндеттерін тәжірибелік шешу оңай шаруа емес. Бұл мәселені оң мәнде шешу үшін науқас пен дәрігердің арасында терең түсінушілік болуы керек. Соның нәтижесінде оң көрсеткішке ие болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 770 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2394 - | 2271 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.