Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


НҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




Кіріспе

 

Өндірістік тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 23 мамыр – 26 маусым аралығында өндірістік тәжірибеден өттім. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

— филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

— әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

— филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;

— филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.

Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:

— бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;

— ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және еңбекақының алғашқы есебімен танысу;

— меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;

— кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;

— ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.

 

 

Нан өндірісінде бидайды үнға өндейтін ЖШС «Алиби» кәсіпорны өңдеу қуаттылығы жағынан ең негізгі кәсіпорын болып табылады. ЖШС «Алиби»-де мельзавод қуаттылығы 500т/сағ, ол жылына 15000т бидай өңдеуге мүмкіндік береді, ал жалданған кәсіпорындар есебі бойынша қуаттылыгы 280000т.

ЖШС «Алиби» - өзінің тарихи қызметтерін казіргі тұжылымдамадағы өндірістермен біріктіретін кәсіпорын. Осы уақытқа дейін жаңа технологиялардың пайда болуы арқылы кәсіпорын көлемі 4 есеге өсті. Зауытта өндірісті дамытуда ұзақ уақытты бағдарлама енгізілді. Ұн - әр турлі әдіспен дәннің нәтижесінде алынатын тағамдык азық. Ұн бидай, қара бидай, гречка, сұлы, арпа, тары, жүгері, күріш сиякты дәнді дақыл сұрыптарынан жасалуы мүмкін. Ұнның негізгі массасын бидай алады. Бидай нан жасағанда маңызды орын алады. Бидайдын нан жасайтын ұн сұрыптары жоғарғы, бірінші, екінші деп бөлінеді.

 

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

ЖШС «Алиби» өндірісі шығаратын бидайды ұнға өңдейтінөндірісіөндеу қуаттылығы жағынан ең негізгі кәсіпорын болып табылады. ЖШС «Алиби»-де мельзавод қуаттылығы 500т/сағ, ол жылына 15000т бидай өңдеуге мүмкіндік береді, ал жалданған кәсіпорындар есебі бойынша қуаттылығы 280000т.

Қалған барлық дирімендер және т.б. 100 т/тәулік және одан аз қуаттылықта өңдейді.

Осы нан өнідірісіне басқа да өндірістер тек қана өндірістің саны жағынан ғана емес, сонымен катар ұн шығару сапасы жағынанда қарсылас болып табылады. ЖШС «Алиби» өндірісінің негізі ТМД бойынша аса жоғарғы өнімдік жабдық диірмен болыпсаналады.

Диірмен барабаннан, арту-тиеу, түсіру-төгу құрылғыларынан, арту камерасын, негізгі және қосалқы қозғалтқыш жүйелерінен тұрады. Осыдан нан және кондитер өнімдері өндірістері үшін маңызды, ең жоғарғы сападағы дайын өнімді (3 түрлі ұн сұрыптары) алады.

Диірменнен шыққан ұн 74 %- ға дейін жетеді. Бұл сәйкесінше мынадай сұрыптарға келеді:

· жоғарғы сұрыпты ұн - 30 %,

· 1 сүрыпты ұн - 36 %,

· 2 сұрыпты ұн - 8%,

· кебек -23%.

Нан өндірісінің мұндай жоғарғы технологиялылығы және өндірімділігі тұтынушылармен бағаланған. Қоймада калатын дайын өнімнің калдығы диірменде күнделікті, тәуліктік шығарылатын өніммен тең. ЖШС «Алиби»-ге дәндер көбінесе Қазақстанның солтүстік аудандарынан, әсіресе Ақмола облысынан т/ж көліктері аркылы жеткізіледі. Ақмола облысындағы ЖШС «Алиби»-дің өзінің сыйымдылығы 140 мың тоннасақталатын элеваторлары бар.

Біздің өнімнің негізгі тұтынушылары Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ұсақ және орташа бизнес өкілдері және шекаралас Өзбекстан облыстарында біздің кәсіпорынға ашылған өкілдіктері болып табылады. ЖШС «Алиби» штаты жоғарғы білімі бар және нарықтык экономикада өндірістік, коммерциялық кызметтерге тәжірибесі бар мамандар мен менеджерлерден құалған.

 

 

ЫЗМЕТІ

Ұн - дәнді, гречканы, бұршақ тұқымдарын (соя, бұршақ) үгіту арқылы алынатын өнім. Ұн азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары нан, кондитер және макарон өнімдер үшін шикізат болып табылады. Аз мөлшерде ұн өнеркәсіп шикизаттары ретінде айдаланады.

Кәсіпорынның ассортименті

Бидай сұрыпты ұны

Наубайханалық бидай ұны

Жоғарғы сұрып

Бірінші сұрып

Екінші сүрып

Ортақ мақсатта пайдаланатын бидай ұны

М 55-23 үлгілі

М 75-23 үлгілі

М 125-20 үлгілі

 

ЖШС «Алиби» тұрақтылығымен, сенімділігімен, тыңғылықтығымен сипатталады. Қазақстанда бұл зауыт дән өңдеу кәсіпорындарының ішінде өндіру көлемі жағынан алдыңғы орынды алады. «Ұн» термині оның түрлері, үлгілері және сұрыптары бойынша толықтырылады. Ұнның түрлері дәннің бидай, қара бидай деген сияқты тұқымдарына байланысты болады. Қазақстанда негізгі ұн түрі бидай ұны, екінші орында қара бидай ұны.

Кәсіпорында өнімнің ассортиментінің жұмыстары кең ауқымда жүргізіліп отырады. Ең көп шығарылатыны элиталық бидай ұны. Жоғарғы сұрыпты ұны сатып алушыларға ыңғайлы 1,2,5,10 және 25 кг тұтыну қаптамасында ұсынылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік жоспарлы экономика нарықтық қарым катынастарға көшуіне байланысты, әрбір кәсіпорын өз жұмысын жоспарлауда және өнімдерін сатуда еркіндік алды.

Тұтынушы ұн түрін және өндірушіні ерікті түрде таңдаған кезде, оның сұранысы өнімнің сапасы мен бағасына негізделеді. Өндірілетін өнімнің тұрақты жоғары сапасы және бәсекеге түсе алатын баға ұн зауытының тиімді жұмысының негізі болып табылады.

Ұн - ең бағалы дәнді ұнтақтау арқылы алынған өнім. Бұны нан пісіруде, макарон, кондитерлік өнімдерді және тағы басқа тамақ өнімдерін жасауға пайдаланылады. Ұннан жасалған өнімдердің тағамдык кұндылығы өте жоғары болады және жеңіл сіңіріледі, сондықтан ұннан ең көп жасалынатын өнім - нан, адамның тамақтануында ең басты орын алады.

Әр түрлі ассортименттегі және сападағы үнды өндеу үшін дәннін әр түрлі ұн тартуларын пайдаланады. Ұн тарту дегеніміз берілген ассортиментте және сапада бидайды ұнға тартуоперацияларымен технологиялык процесстердің бір ізді, үйлесімді жиынтығы. Әр ұн тарту өнімді өңдеудің бөлек кезеңдерінен және жүйелерінен тұратын белгілі құрылыммен сипатталады.

Шикізатты рационалды пайдалану, астықты дайындау және ұнтақтау технологиялык схемасын дамыту, технологиялык процесстердің барлықкезеңдерінде жоғары өнімділікті жабдықтарды орнату, оларды реттеу жэне тиімді пайдалануды үйымдастыру, энергетикалык және еңбек ресурстарын дұрыс пайдалану арқылы кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуін камтамасыз етуге болады.

 

НІМ ТІЗІМІ

Казақстандық ұн наубайхананың жоғарғы және тұрақты сапа жетістіктеріне ие болады. 2005 жылдан бастап Қазақстанның ұн тарту зауыттарының барлық өнімдерінің ГОСТ Р ИСО 9001-2008 талаптарына сәкес сапа менеджмент жүйесі сертификаты бар.

Жоғарғы сұрыпты бидай ұны

ГОСТР 52189-2003,

ГОСТРИСО 9001-2008

Түсі ақ,

Ылғалдылығы 14,5%-дан көп емес,

Ағартқыш 54.0 кем емес,

Болжырлығы 28.0% көп емес,

Құлау уақыты 185 с,

Қаптамада (50 кг).

 

Бірінші сұрыпты бидай ұны

ГОСТР 52189-2003,

ГОСТРИСО 9001-2008,

Түсі ақ сарғыш түсті,

Ылғалдылығы 14,5%-дан көп емес,

Ағартқыш 12.0 кем емес,

Болжырлығы 25%көп емес,

Құлау уақыты 160 с,

Қаптамада (50 кг).

 

Екінші сұрыпты бидай ұны

ГОСТР 52189-2003,

ГОСТРИСО 9001-2008

Түсі ақ сүр түсті,

Ылғалдылығы 14,5%-дан көп емес,

Ағартқыш 12.0 кем емес,

Болжырлығы 25% кем емес,

Құлау уақыты 160 с

Каптамада (50 кг).

 

Экстра сұрыпты бидай ұны

ГОСТР 52189-2003,

ГОСТРИСО 9001-2008

Түсі ақ,

Ылғалдылығы 14,5%-дан көп емес,

Ағартқыш 12.0 кем емес,

Күлділігі 0.45%-дан көп емес,

Болжырлығы 28.0%-дан кем емес,

Құлау уақыты 185 с

Қаптамада (50 кг).

 

Жалпы мақсаттағы М 55-23 үлгілі ұны

ГОСТР 52189-2003,

ГОСТРИСО 9001-2008

Түсі ақ

Ылғалдылығы 14,5%-дан көп емес,

Ағартқыш 54.0 кем емес,

Болжырлығы 23.0%дан кем емес,

Құлау уақыты 185 с

Қаптамада (50 кг).

 

Жалпы максаттағы М 75-23үлгілі ұны

ГОСТР 52189-2003,

ГОСТРИСО 9001-2008

Түсі ақ сарғыш түспен

Ылғалдылығы 14,5%-дан көп емес,

Ағарткыш 36.0 кем емес,

Болжырлығы 23.0%дан кем емес,

Құлау уакыты 185 с

Қаптамада (50 кг).

 

Жалпы мақсаттағы М 125-20 үлгілі үны

ГОСТР 52189-2003,

ГОСТРИСО 9001-2008

Түсі ақ сұрғылт түспен

Ылғалдылығы 14,5%-дан көп емес,

Ағартқыш 12.0 кем емес,

Болжырлығы 20.0%дан кем емес,

Құлау уакыты 185 с

Қаптамада (50 кг).

 

Қара бидай ұны

ГОСТ Р52809-2007,

ГОСТРИСО 9001-2008

Сұрғылт ақ түсті,

Ылғалдылығы 14,5%-дан көп емес,

Ағартқыш 6 кем емес,

Құлау уақыты 185 с

Қаптамада (50 кг).

 

Жарма ботқалы М маркасы

ГОСТ 7022-97,

ГОСТРИСО 9001-2008

Крем түсті,

Ылғалдылығы 15.5%-дан көп емес,

Күлділігі 0,60%-дан көп емес

Қаптамада (50 кг),

 

Кебек

ГОСТ 7169-66,

ГОСТРИСО 9001-2008

Қылыз-сары түсті,

Ылғалдылығы 15,0%

Үйіндімен,

Қаптамада (әр түрлі ауқымда)

 

НҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Ұнның сапасын бағалау әдісі МЕСТ9404-60 көрсетілген. Онда физика-химиялық көрсеткіштері бойынша МЕСТ171-69 сәйкес келуі керек. Қышқылдығы, ылғалдығы, қамырдың тез көтерілуі, сақтауда дрождың мықтылығы. Престелген дрождың сезгіштігі МЕСТ-те қарастырылмаған. Нан өндірісіндегі бидай ұнының сапа көрсеткіштері.: МЕСТ26574-84«Нан өндірісіндегі бидай ұны.Техникалық талаптар» стандартында көрсетілген. Қара бидай ұнының сапа көрсеткіші 7045-54 МЕСТ.Бидай-қара бидай ұнының сапа көрсеткіші 704554 МЕСТ.Бидай-қара бидай ұнынын сапа көрсеткіштері 12183-6 МЕСТ бойынша бекітілген. Нанның құндылығын тек оның химиялыққұрамына карап қоймай,сонымен катар оның дәмі,иісі, нанның жұмсақтығы,сыртқы пішініне де карап бағалайды.

Қара бидай ұнының ферментті солодының сапасын оргонолептикалык және физика-химиялык көрсеткіштері бойынша бағаланады. Ол СТІ8-219-75 сәйкес келуі керек. Оған дәмі, иісі, түсі,физика-химиялық көрсеткіштерге-ылғалдылығы, экстративтілік, қышкылдығы жатады.

Өндіріске келіп түсетін шикізаттар МЕСТ талаптарына сәйкес келуі керек. Нан өндірісіндегі бидай және қара бидай ұны.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 885 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2418 - | 2130 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.